Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 18:36, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының 2001 жыл 11 шілдедегі Заңымен бекітілген сот шешімдерін шағымдану және наразылык білдіру тәртібі бұрынғы кассациялық және апелляциялық өндірістің жеке элементтерін біріктірді. Яғни, бұл жерде бұл шағымдану, наразылық білдіру тәртібінің жаңадан туылғандығы жөнінде айтуға болады.
Аппеляциялық шағымның немесе наразылыктың мазмұны ҚР АІЖК-нің бабында көрсетілген. Бұл кұкьқтық кұжатта міндетті түрде келесІ бөлімдер болуы тиіс.[7]
1. Шағым, наразылық жолданып отырған соттың атауы.
Істі екінші инстанцияда қарауға уәкілетті сот соттылықтың жалпы ережелері.
Аудандық және оларға теңестірілген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне аппеляциялық шағымдарды, наразылықтарды облыстық және соларға теңестірілген соттардың кылмыстық істер жөніндегі алқасы карайды.
Осыған сәйкес, аппеляциялық шағымда жіберілетін соттың толық және нақты атауы көрсетілуі тиіс.
2.Іс жүргізілгендегі жағдайы,
түрғылыкты жері немесе жүрген
жері
көрсетіле отырып, шағым жасаған немесе
наразылық келтірген адам туралы деректер.
Деректер анык, нақты және дұрыс көрсетілуі тиіс. Шағымданушының тегі, аты-жөні, құқықтық мәртебесі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы, тіркелген тұрғылықты жерінің мекен-жайы, егер прокурордың наразылығы болса, оның қызметі және шені, сыныбы міндетті түрде көрсетІлуі тиіс.
Сонымен қатар, байланыс (үй немесе қызметтік) телефонын көрсеткен дұрыс болады. Бұл мәліметтерді келтіру шағымның, наразылықтың мазмұнын тексеруге. шағымданушы туралы қосымша мәліметтер алуға. істің материалдарына қажетті толықтырулар енгізуге, сондай-ақ шағымданушыға немес прокурорға шағымның, наразылықтың мәні бойынша іс жүргізушіік әрекеттер туралы хабарлау үшІң кажетті.
3.Шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырған үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы.
Шағымдалып отырған үкімді ғана емес, істің кысқаша фабуласын :еткен көрсеткен дұрыс болады. Бұл аппеляциялық сатыдағы соттың бағдарландырылуына, жасалған әрекеттің жағдайлары туралы алғашқы көзқарас тудыруға, қажетті мәліметтерді толық ашуға көмектеседі.
4.Үкімге, қаулыға толық
немесе онын бір бөлігіне
наразылық келтіріліп отырғанын көрсету.
Бұл бөлім осы іс бойынша аппеляциялық өндірістің пәнін және шегін дәл анықтауға мүмкіндік береді, үкімнің орындалуын токтату мәселесін дұрыс шешуге, бұлтартпау шарасына, қосымша куәларды шақыруда, сараптама тағайындауда және іс бойынша объективтік шындықты орнатуға көмектеседі.
5. Шағым, наразылық келтірген
адамның пікірінше сот
қаулысьның дүрыс еместігі неде екендігі
жөнінде дәлелдері және оның өтінішінің
мәні.
Шағымның бұл бөлімі шағымданушының (наразылық білдірген прокурордың) позициясын келтіруге арналған. Бастамашы шағымданушының қортындылары анық, кезектілікпен, және логиялық тұрғыдан дұрыс келтірілуі тиіс. Автор бірінші инстанциялы соттың үкімінің қай бөлмдерімен және қандай себептермен келіспейтіндігін нақты және аргументті көрсетуі тиіс және ол заң бүзушылыктық немесе фактілік қатені жоюда не ұсынатын өтінішін нақты көрсетуі тиіс. Өтініш құқықты, орындалатын және негізді болуы тиіс.
6. Арыз беруші өз талаптарына
негіз ететін, соның ішінде бірінші
сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер.
Шағымның (наразылықтың) бұл
бөлімінде шағымданушының
қорытындыларын куәландыратын
барлық
фактілік мәліметтерді, материалдарды
және кұжаттарды келтіру керек.
7. Шағымға, наразылыққа қоса тіркеліп отырған материалдардың тізбесі. Аппеляциялық шағымды, наразылықты тізбелеу тәртібінде барлық құжаттар және материалдар шағын мәтінінде көрсетіледі. Тізбеде шағымның наразылыктың) нұсқаларының саны, анықтамалар, мінездемелер, тексеру немесе ревизия актілері, сараптама қорытындысы. бұрын жауап алынбаған тұлғалардың арыздары немесе түсініктемелері және т.б. шағымданушыда бар құжаттар көрсетіледі. Аппеляциялық шағымға немесе наразылыққа белгілі бір құжаттың көшірмесІн қосуға болады, бірақ істі аппеляциялық өндірісте қарау барысында шағымданушы құжаттың түпнұсқасы көрсетілуі қажет немесе басқа әдіспен көшірменің дұрыстығы фактісін дәлелдеу қажет.
8. Шағымдану, наразылық келтірген күн және шағым, наразылық келтірген адамның қолы болуға тиіс.
Шағымдану уақтысы аппеляциялық өндіріс сатысында іс жүргізушілік мерзіімдерді санау үшін қажет болғандықтан, үлкен маңызға ие болады. Шағым немесе наразылық берген тұлғаның қолы міндетті болып табылады. Өйткені, арыздың бұл түрі нақты персонифицирленген және ол тұлғаға іс жүргізушілік құқықтар мен міндеттердің толық кешені жүктеледі.[14]
Егер шағым немесе наразылық жоғарыда келтірілген талаптарға сай болмаса. істің каралуына кедергі туғызады, шағымдар белгілі бір тәртіппен тіркеуге алынуы тиіс. Шағым, наразылық берілген болып саналады. бірак судья оны шағымданушыға, наразылық берілген болып саналады, бірак судья оны шағымданушыға немесе прокурорға белгілі бір мерзім ішінде қайта рәсімдеуге жібереді. Егер, көрсетілген мерзім ішінде аппеляциялық шағым немесе наразылық түзетілген түрде берілмесе, шағым, наразылық берілмеген болып саналады. Кейбір жағдайларда шағым, наразылықта құқық бұзушылық туралы мәлімет болмайды, бірақ аппеляциялық өндіріс барысында олар анықталады. Істің қателіктері шағым берілмеген немесе наразылық білдірілмеген сотталушыларға да қатысты болуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, сотталушылар жоғарғы тұрған соттарға жазалау шарасы туралы шағымданады. Шағым, наразылықтың үкімінің әділдігі немесе әділ еместігі туралы қорытындыларына істің фактілік жағдайларына талдау жасамастан бұрын және материалдық құқық нормаларының колданылуының дұрыстығын анықтамастан бұрын жауап беру мүмкін емес. Тараптар әрекеттің саралану мәселелеріне әрқашан дұрыс мән бере бермейді, олардың шағымдарында заңға сілтеме көп бола бермейді, көбінесе істің фактілік жағдайларына көңіл бөлінеді. Сотталушылардың шағымының қорытындылары көбінесе кінәлі немесе кінәсіздігі туралы мәселелерге байланысты болады.
2.2. Аппеляциялық
сатыдағы өндірістің және
Істің қаралу орны мен уақытын бірінші саты сот тараптарға хабарлайды. Хабарлау тәсілі қарапайым - барлық іске қатысушыларға шақыру қағаздары жіберіледі. Сот отырысына жауапкерді шақыруды заңда бектілген тәртіппен аппеляциялық сатыдағы сот шешеді.
Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған адам жағдайының нашарлауы туралы мәселе қойылса, оның аппеляциялық сатыға қатысу туралы өтініші қанағаттандырылуға тиіс.
Аппеляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уакытылы хабарланған адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Аппеляциялық сатыға прокурордың қатысуы міндетті.
Үкіме шағымдану құкығы берілген сотталушы, ақталушы, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілі, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін тапсырма алушы сотталған (ақталган) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі соттың аппеляциялық отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша келтірілген шағымдарды немесе наразылыктарды не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.
Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау өндірісі соттың қалыпты жұмыс істеуін және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізіледі. Аппеляциялық соттың сырткы нысаны (ритуалдық жағы) бас сот отырысының тәртібін қайталайды. Бірінші сатыдағы соттағы секілді сот приставы немесе сот отырысынң хатшысы "Сот келеді" деп хабарлайды. Залдағылардың барлығы тұрады, одан соң төрағалық етушінің ұсынысымен отырады. Сот отырысына қатысушылар сотқа тұрып жауап береді. Бұл ережелерден ауытқуға тек төрағалық етушінің рүксатымен рұксат етіледі. Сот отырысында отырып жауап беру мүмкіндігі қарт кісілерге, науқастарға, мүгедектерге беріледі.
Сот отырысына қатысушы барлық тұлғалар сот отырысының төрағалық етушісінің сот отырысының тәртібін сақтау туралы нұсқауына мойын сұнуы міндетті.
Он алты жастан кіші тұлғалар, егер олар тарап немесе куә болып табылмаса сот отырысына жіберілмейді. Қажет болған жағдайда сот приставы азаматтан оның жасын куәландыратын құжат талап етуге құқылы. Сот залына сонымен қатар, мас күйіндегі адамдарға кіруге тыйым салынады.
Төрағалық етушІ сот отырысын ашады, қандай іс және кімнің апеляциялық шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын хабарлайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамадардың фамилиясын, сондай-ақ аудармашылардың фамилиясын хабарлайды.[13]
Төрағалық етуші отырысқа қатысушы адамдарға олардың аппеляциялық сатыда істі қараған кездегі іс жүргізу құқықтарын түсіндіреді. Төрағалық етуші тараптардан олардың бас тартуы мен өтінімдерінің бар-жоғын сұрайды, ал егер олар мәлімделсе, оларды қараудың нәтижелері бойынша қаулы шығарады. Істі қарау баяндамашының судьяның істің мәнін, аппеляциялық шағымдардың мазмұнын баяндаумен басталады. Аппеляциялық наразылықтың себептері мен дәлелдерін прокурор баяндап береді. Осыдан кейін сот тараптардың шағымдарда келтірілген өз дәлелдерін негіздеп, қарсы тараптың оларға қарсылықтарын айтып сөйлеген сөздерін тыңдайды. Сөз сөйлеу ретін іске қатысушы тараптардың пікірлерін ескере отырып, сот белгілейді.
Аппеляциялық шағымда немесе наразылықта келтірілген дәлелдерді растау немесе теріске шығару үшін сөз сөйлеушілер істі қарау басталғанға дейін аппеляциялық сатыға қосымша материалдар беруге құқылы. Қосымша материалдарды тергеу іс-әректтерін жүргізу жолымен алуға болмайды. Сотқа қосымша материалдар берген адам олардың кандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету кажеттігіне байланысты туындағанын көрсетуге міндетті. Қосымша метериалдардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы сот қаулы шығарады. Істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар қосымша тапсырылған материалдар, егер олардағы мәліметтер бірінші сатыдағы соттың қосымша тексеруі мен бағалауын керек етпесе, үкімді, қаулыны өзгеруге негіз болуы мүмкін. Өзге жағдайларды қосымша материалдар сот үкімінің, қаулысының күшін жойып, істі бірінші саты бойынша жаңадан қарауға жіберуге негіз бола алады.
Істі апелляциялық тәртіппен қараудың нәтижесінде сот өз қаулысымен апелляциялық шағымдарды, наразылықты қарау кезінде зерттелген қосымша материалдармен бірге бірінші сатыдағы сот зерттеген дәлелдемелерге негізделген мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Жоғарыда келтірілген сот шешімдерінің кез-келгені қорытынды кұжат, соттың қаулысымен рәсімделеді. Енді апелляциялық қаулының мазмұнына тоқталайық. Апелляциялық қаулы кіріспе, сипаттамалы-дәлелді және қарар бөлімдерінен тұрады. Қаулының кіріспе бөлімінде:
- қаулы шығарылған уақыт пен орын;
Қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлігінде берілген апеляциялық шағымдардың, наразылықтың, оларға қарсылықтардың дәлелдері, апелляциялық сатыдағы сотқа қатыскан адамдардың пікірлері, сондай-ақ қабылданған шешімнің себептері қысаша баяндалуға тиіс. Егер шағьмдар, наразылық қанағаттандырылмай қалдырылса, қаулының сипаттамалы дәлелді бөлігінде шағымдардың, наразылықтың дәлелдері негізсіз немесе елеулі емес деп танылған негіздеме көрсетілуге тиіс. Үкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда, қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық іс жүргізу заңының қандай баптарының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылық неден көрінетіні, бірінші сатыдағы соттың үкіміне өзгерістер енгізгендегі негіздер көрсетілуге тиіс.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, апелляциялық өндіріс сот және тараптар шағымдануға (наразылық білдіруге) заңда белгіленген әрекеттер жасау істің материалдарын зерттеу, шешімді қайта қарау, негізді және әділ шешім шығару сияқты қылмыстық іс жүргізу қызметінің бірнеше сатысынан тұрады. Бірінші саты, бірінші сатылы соттың шешіміне шағымдану, наразылық білдіруден тұрады. Екінші саты, апелляциялық өндірістің құрылымынан тұрады. Яғни, соттың шағымды, наразылықты қабылдауынан, заңда көрсетілген әрекеттер жасауынан тұрады. Үшінші саты шағымның, наразылықтың мәні бойынша істі қарау және ол бойынша шешім шығару. Апелляциялық өндірістің бұл сатыдағы басты бағыты берілген шағымды, наразылықты толық, жан-жақты қарау, келтірілген дәлелдемелерді зерттеу, тараптардың пікірлерін тыңдау және солардың негізінде негізді, әділ, объективті шешім шығару болып табылады.
2.3 Үкімнің күшін жою немесе оны өзгерту негіздері
Үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіздер мыналар:
1) сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі;
2) соттың үкімде (қаулыда)
айтылған түжырымдарының істің
нақты мән жайына сәйкес
3)азаматтық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуы;
5) жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуі бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға не оны өзгертуге негіз болып табылады (ҚІЖК-нің 412 6.).
Анықталған жағдайда істің дұрыс шешілуі үшін елеулі мәні болуы мүмкін мән-жайларды ашылмаған күйі қалдырған сот тергеуі біржақты немесе толық емес деп танылады.
Іс бойынша:
- айғақтарының іс үшін елеулі
мәні бар адамдардан жауап алынбаған
немесе заң бойынша жүргізілуі міндетті
болып табылатын сараптама жүргізілмеген,
сол сияқты елеулі мәні бар құжаттар
немесе заттай дәлелдемелер сұратып алынбаған;
Информация о работе Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулары