Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 11:54, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 4 Нормативтік қаулысына сәйкес:
Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстық істерді тергеуде және қарауда біркелкілікті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай саралауды ұсынады.
Зорлау деп әйел жынысты адаммен оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып табиғи нысанда жасалған жыныстық қатынасты түсіну керек.
Әйел немесе еркек жынысты адамға табиғи емес нысанда жасалған жыныстық құштарлықты қанағаттандыруды (еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы және т.с.с.) өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері деп түсіну керек.

Вложенные файлы: 1 файл

инф.docx

— 38.37 Кб (Скачать файл)

2.3 Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 4 Нормативтік қаулысына сәйкес:

 

      Зорлау және өзге  де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш  қолдану әрекеттерімен байланысты  қылмыстық істерді тергеуде және  қарауда біркелкілікті қалыптастыру  мақсатында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай саралауды ұсынады.

 

     Зорлау деп әйел жынысты адаммен оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып табиғи нысанда жасалған жыныстық қатынасты түсіну керек.  
      Әйел немесе еркек жынысты адамға табиғи емес нысанда жасалған жыныстық құштарлықты қанағаттандыруды (еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы және т.с.с.) өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері деп түсіну керек.

 

      Зорлау және өзге  де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш  қолдану әрекеттерін саралау  кезінде жәбірленушінің моральдық  келбеті, әлеуметтік мәртебесі, мінез-құлқы, кінәлі адамның және жәбірленушінің  бұрынғы өзара қарым-қатынастары  маңызды емес.

 

      Күш қолдану деп  жәбірленушінің қарсылығын басуға  бағытталған, мысалы, ұрып-соғу, тыныс  алу жолдарын қысып жабу, аяқ-қолдарын  ұстап жібермеу, киімін жырту, және  с.с. әрекеттер жасауды түсіну  керек.  
      Зорлау, өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау немесе оларды жасауға оқталу кезінде жәбірленушілердің денсаулығына қасақана жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК)  120 немесе ҚК  121 бап диспозициясымен қамтылады және қосымша саралау керексіз. 
      Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Сот-медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру ережесіне сәйкес алынған сараптамалық қорытынды негізінде анықталады. Зорлау не өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау барысында немесе аталған қылмыстарды жасауға оқталу кезінде не болмаса олар аяқталғаннан кейін жасалған қылмысты жасыру немесе көрсетілген қарсылық үшін кек алу мақсатында жәбірленушіге құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру ҚК 96 екінші бөлігінің к) тармағы және ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының тиісті бөліктері бойынша саралануы керек. Қылмыстық процесті жүргізуші орган кінәлілердің көрсетілген әрекеттерін саралаған кезде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің к) тармағында, сондай-ақ басқа да тармақтарында, ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының тиісті бөліктерінде көзделген барлық анықталған саралау белгілерін көрсетуі тиіс.

 

      Зорлау үстінде не  өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы  күш қолданып әрекеттерді жасау  үстінде қорқыту деп жәбірленушілердің  қарсылығын басу мақсатында кінәлінің  жәбірленушілердің өздеріне немесе  олардың жақындарына күш қолданылатынының шынайылығын білдіретін әрекеттері мен сөздерін түсіну керек. Қорқыту ҚК 120 және ҚК 121-баптарының диспозициясында көрсетілген зорлау, өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үстінде қарсылықты басудың бір тәсілі болып табылатындықтан кінәлінің әрекеттерін ҚК 112-бабы бойынша қосымша саралау.  
      Өлтірумен, денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, сондай-ақ адамға басқа да ауыр түрдегі күш қолданумен немесе мүлкін өртеу, жарылыс жасау жолымен жою немесе өзге жалпыға қауіпті тәсілмен қорқыту, зорлау немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері жасалғаннан кейін, мысалы, жәбірленушілерді қорқыту және жасалған әрекеттің жария болуын болдырмау мақсатында жүзеге асырылса, олар осындай қорқытушылықты орындайды деп сескенуге жеткілікті негіз болса, ҚК  112 бабы бойынша дербес саралануға, ал осы әрекеттер тұтастай көрсетілген қылмыстық нормамен және ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының тиісті бөлігінің жиынтығы бойынша саралануға жатады.

 

      Жәбірленушінің дәрменсіздігі  деп оның дене немесе психикалық  жағдайда (жастығына, қарттығына, дене  кемтарлығына, ақыл-есінің ауысуына, басқаша ауру немесе есінен  айырылу және т.с.с. жағдайларда) болуына байланысты кінәліге  қарсылық көрсету мүмкіндігінің  болмағандығын, соңғысының жәбірленушінің  тап осындай халде екенін біле  тұра, оны зорлауын немесе өзге  нәпсіқұмарлық сипаттағы күш  қолдану әрекеттерін түсіну керек.   Жас немесе кәмелетке толмағанды зорлағаны немесе осындай жастағы адамдарға қатысты жасалған өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін жауаптылық, тек кінәлі қылмыс жасағанға дейін жәбірленушілердің жасы жөнінде білсе ғана орын алуы мүмкін. Жәбірленушілердің дене бітімінің дамуы мен бет әлпетінің қалыптасуы оның нақты жасына сәйкес келмеуі кінәлінің жәбірленушілердің шын жасы жөнінде хабардар болуын куәландыратын басқа да мәліметтердің жиынтығымен бірге бағалануға жатады. Егер жәбірленушілердің мас халде болуы кінәліге қарсылық көрсетуіне мүмкіндік бермейтін дәрежеде болса, олардың мас халде болуы дәрменсіз жағдайда болды деп танылуы мүмкін. Бұл ретте жәбірленушілерді осындай жағдайға кінәлі адам келтірді ме, жоқ олардың дәрменсіз жағдайға түсуі кінәлінің еркінен тыс болды ма, маңызды емес.  
      Кінәлінің жәбірленушілерді дәрменсіз жағдайға келтіру үшін дәрі, есірткі, аса күшті немесе улы заттарды қолданғаны туралы мәліметтер болған кезде, сараптама тағайындау, мамандардан жауап алу және басқа да жолмен қолданылған дәрі-дәрмектің қасиеті мен олардың адам ағзасына тигізетін әсерінің сипатын анықтау шараларын жасау қажет.

 

      Зорлауға немесе өзге  нәпсіқұмарлық сипаттағы күш  қолдануға оқталу - бұл қасақана  тікелей ниетпен жасалған, жәбірленушімен  зорлық жыныстық қатынасына түсуге, өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы  күш қолдануға бағытталған, бірақ  кінәлінің еркінен тыс себептермен  көздеген нәтиже іске аспай  қалған әрекеттер.Зорлау - физиологиялық  мағынада жыныстық акт басталған сәттен бастап аяқталған деп саналады.  
      Өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері сол әрекеттер нәпсіқұмарлық сипатта жасалына бастаған сәттен бастап аяқталды деп саналады.  
      Зорлауға немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттеріне оқталуды басқа қылмыстардан ажырату кезінде кінәлі жәбірленушілердің еркінен тыс жыныстық акт немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттер жасау мақсатында әрекет жасады ма және күш қолдану осы мақсатқа жетудің тәсілі болды ма, анықталуы керек. Осындай мән-жайлар болмаса, адам зорлауға немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттеріне оқталғаны үшін жауаптылыққа тартылмайды.Адамның нәпсілік дәмелену және алдау тәсілі арқылы не өзге ұқсас тәсілмен жәбірленушілерді жыныстық акт немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттер жасауға күш қолданбаған не оны қолданамын деп қорқытпаған, жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланбаған әрекеттері ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарында көзделген қылмыстарды жасауға оқталу ретінде саралануға жатпайды.

 

      ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарында  көзделген қылмыстарды соңына  дейін жеткізуге адамның мүмкіндігі  бар бола тұра, зорлауға немесе  өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы  күш қолдану әрекеттеріне оқталу  сатысында өз еркімен осы әрекеттерден  бас тартса, қылмыс істеуден өз  еркімен бас тарту орын алады. орлаудан немесе нәпсіқұмарлық  сипаттағы күш қолдану әрекеттерінен  бас тартуға дейін жасалған  қоғамға қауіпті әрекеттер (ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіру, киімді  жұлып оны жарамсыз ету және  өзге де ұқсас әрекеттер), келтірілген  зардаптарға және басқа да  жағдайларға байланысты денсаулыққа  қасақана зиян келтіру, мүлікті  қасақана бұзу немесе жою және  басқалары үшін жауаптылықты  көздейтін ҚК баптары бойынша  сараланады.  
      Жыныстық акт жасауға физиологиялық мүмкіндігі жоқ және ол туралы алдын ала білген адам, сырттай зорлауға ұқсас әрекеттер жасағаны үшін ҚК 120-бабымен жауапқа тартылмайды. Оның әрекеттері нақты мән-жағдайларға байланысты өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін, бұзақылық, қорлау және басқаларды жасағаны үшін жауаптылықты көздейтін ҚК баптарымен саралануы мүмкін.

 

      Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері адамдар тобымен жасалған деп алдын ала сөз байласу белгісінсіз, қылмысқа қоса қатысушы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен әрекеттері орын алса танылуы мүмкін. Егер қылмысқа қатысқан адамдар, оны жасау үшін алдын ала келіскен болса, зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен жасалған деп есептеледі.  
      Жоғарыда көрсетілген әрекеттер ҚК 120 немесе КҚ 121-баптарымен көзделген бір немесе бірнеше қылмыс жасауға алдын ала біріккен тұрақты адамдар тобымен жасалса, онда осындай әрекеттер ұйымдасқан топпен жасалған деп сараланады.   Өзі күш қолданып жыныстық актіні немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасамаған, бірақ жәбірленушілерге күш қолдану жолымен осы әрекеттерді басқалардың жасауына көмектескен адам, қоса орындаушы деп танылады. Өзі зорлауды немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасамаған және жасауға талпынбаған, бірақ осындай қылмысты ұйымдастырған немесе оны жасауға басқа адамдарды тартқан не оларға кеңестер, нұсқаулар беріп, жағдайлар жасаған немесе кедергілерді жойған қатысушы тиісінше ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші болып табылады, оның әрекеттері ҚК  28 бабын қолдану арқылы сараланады.Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін бір адамға қатысты бірнеше адаммен жасалған реттерде, сондай-ақ күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытқан кінәлілердің келісілген әрекеттерінің нәтижесінде әрқайсысы жыныстық актіні немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттерін бір немесе бірнеше жәбірленушіге қатысты жасаған, жасауға мүмкіндігі болған реттерде адамдар тобымен жасалынды деп танылуы тиіс. Зорлауды немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасаған қоса орындаушылардың біреуі есінің дұрыс еместігінен немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген жасқа толмағандықтан жауапқа тартылуы мүмкін болмаған жағдайда, осы қылмысқа басқа қатысушының әрекеті адамдар тобымен жасалынды деп есептелмейді.

 

      Жәбірленушілерді қорлау және мазақтау, оларды зорлау немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері барысында азаптау, сондай-ақ оларды қинап, ауру және қасірет шектіру мақсатында қасақана дене жарақаттарын келтіруді аса қатыгездік деп түсіну керек. Осы саралау белгісі бойынша жәбірленушілерді қинауды және зардап келтіруді тілеген немесе саналы түрде жәбірленушілерге немесе басқа адамдарға дене немесе моральдық қиналуды және күйзелісті келтірген кінәлілер жауапқа тартылуға жатады. Басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған деп мысалы, анасын балаларының алдында зорлау, күйеуінің алдында әйеліне нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану және тағыда басқа әрекеттерді жасау танылуы мүмкін.

 

      10. Саралау белгісі бойынша  бірнеше мәрте жасалған зорлау үшін ҚК-нің120 бабында көзделген, екі және одан да көп әрекеттерді жасаған, алайда солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған адам жауапқа тартылуға жатады. Бұл ретте аяқталған зорлау, оған оқталу, бірге орындаушы немесе қылмысқа басқа да нысанда қатысушы болу бұрын орын алған болса, зорлау бірнеше мәрте жасалған деп танылады.Егер кінәлі бірыңғай ниетпен, аз уақыт аралығында бір адамға қатысты бірнеше жыныстық акт жасаса, бұл әрекет бірнеше рет жасалу белгісін құрамайды, оны жалғаспалы қылмыс ретінде қарастыру керек 120 бабының бірінші және екінші бөліктерінде жауаптылық көзделген екі немесе одан да көп зорлау жасалған кезде, бұл әрекеттер ҚК-11 бабы бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес г) тармағы бойынша, ал негіздер болған кезде120 бабтың екінші бөлігінің тиісті тармақтары бойынша саралануға жатады. Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 №1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

 

      10-1. ҚК-нің 121 бабында көзделген екі және одан көп әрекеттерді жасаған, алайда, солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған не заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған адам бірнеше мәрте жасалған нәпсіқұмарлық сипатындағы зорлық әрекеттері деген саралау белгісі бойынша жауапқа тартылуға жатады. 
      Адамды зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттерді жасау қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуын құрамайды, олардың әрқайсысы ҚК-нің 120 және 121 баптарының тиісті бөліктері бойынша дербес саралауға жататын қылмыстардың жиынтығын құрайды.      Ескерту. Қаулы 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 №1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

 

      Кінәлі абайсызда жол берген жәбірленушілердің өлімі, денсаулыққа ауыр зиян (соның ішінде жәбірленушінің қылмыстан қорғану үшін таңдап алған тәсілі нәтижесінде, мысалы, биік ғимараттардан, жүріп бара жатқан көліктен немесе поездан секіру кезінде алған) келтіруі, ВИЧ/ЖҚТБ жұқтыруы, сондай-ақ басқа да ауыр салдардың орын алуы, тиісінше ҚК 120 немесе ҚК  121 баптарының үшінші бөлігімен қамтылады және қосымша саралауды талап етпейді.

 

     ҚК 120-бабының үшінші бөлігінде және ҚК 121-бабының үшінші бөлігінде көзделген өзге ауыр зардаптар деп қылмысты жасаудың нәтижесінде жүкті болуды немесе жүктіліктің үзілуін, жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруін, психикалық ауру және тағыда басқалардың орын алуын түсіну керек.

 

      Зорлау немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасаған кезде өзінде соз ауруы немесе ВИЧ/ЖҚТБ аурулары бар екенін білген кінәлі, ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарымен ғана емес, тиісті зардаптар келтірілген жағдайда - осы ауруларды жұқтырғаны үшін, сондай-ақ алдын ала басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ жұқтыру қаупін тудырғаны үшін жауапқа тартылады.

 

     Егер қылмыстық процесті жүргізуші орган жасалған әрекетті ҚК 120-бабының бірінші бөлігіне немесе ҚК 121-бабының бірінші бөлігіне қайта саралау қажет деген қорытындыға келетін болса, онда мұндай шешімді кінәліні жауапқа тарту туралы жәбірленушілердің тек қана істегі жазбаша өтініші немесе сот отырысында олардың ауызша өтініші негізінде қабылдай алады.

 

 

 

 

 

 

 

Зорлау- қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстардың ішінді аса ауыр қылмыстардың бірі болып саналады. ҚК 10 бабында көрсетілгендей бұл қылмыс орташа ауырлықтағы қылмыс болып саналады, ал зорлауда ҚК 2-тармағында көрсетілгендей-ауыр қылмыс, ҚК 3-тармағында көрсетілгендей- аса ауыр қылмыс ретінде жаза тағайындалған.

Қылмыс обьектісі болып әйел адамның жыныстық бостандығы, ал кәмелетке толмағандарды зорлау кезінде кішкентай қыздың жыныстық қол сұғылмаушылығы болып саналады. Және де зорлау кезінде денсаулығына қарсы күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытудың өзі ерекше орын алады.

Заң зорлауды жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрмнсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасауы деп анықтама береді.(ҚК ҚК 120бабының 1-тармағы). Бұл жерде ҚР ҚК 120бабының диспозициясы үш топқа бөлінеді және де олар өзінің сипаты бар обьекті бар деген ойға келуге болады:

  • Кәмелетке толған әйелді жәбірленушіге және де тағы да басқаларға күш қолданып немесе қолданамын деп қорқытып жыныстық қатынасқа мәжбірлеу.

  • Кәмелетке толған әйелдің дәрменсіз күйін қолданып жыныстық қатынасқа түсу

  • Он төрт жасқа толмағандармен жыныстық қатыннасқа түсу және кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу

Осы жоғарыда көрсетілгендердің өзіне тән қол сұғу обьектілерінің бар болғанына қарамастан мұның барлығын бір ҚР ҚК 120 бабына жинауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралау