Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2015 в 16:37, сочинение
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу проблемасын шешу ішкі істер органдары алдындағы ғана емес, бүкіл қоғам, мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің бірі екендігі белгілі.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы: Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарының алдын-алу жолдары
Жұмыс түрі: Эссе
Семей 2015
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды проблемасы болып табылады.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың негізгі себептеріне: отбасындағы жайсыздықтардың кері әсері, ата-ананың материалдық жағдайларының төмендігі, ортаның – достарының, үлкендердің, оқу орындарының кері әсері т.б. жатады.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуда отбасының, ата-ананың рөлі өте зор. Қазіргі таңда ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, ата-ананың қарауынсыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбеюде.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттің бағытының бірі білім беруді жетілдіру, оқу орындарында тиісті білім мен тәрбинің берілуін бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алудың неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез-құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының лидерлерін дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағытты әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады, себебі кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытын да ұйымдастырылатын әр түрлі қызметтеріне байланысты. Мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарлама болуы тиіс.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ оныңда кемшіліктері жетерлік. Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағанадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар мұнын өзі келешек ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіреді. Сондықтан БАҚ-ы өз бағдарламаларын дер кезінде түзетуі аса қажет, олардағы ақпарат балалар мен жасөспірімдердің ақылын кемітпей, қатыгез етпей, дұрыс бағдар беруі тиіс.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу проблемасын шешу ішкі істер органдары алдындағы ғана емес, бүкіл қоғам, мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің бірі екендігі белгілі. Себебі білімді, тәрбиелі, адамгершілігі мол, дені сау және рухани жан-дүниесі бай салауатты жастар ғана мемлекеттің болашаққа деген сенімін нығайта алады.
Информация о работе Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарының алдын-алу жолдары