Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 09:52, курсовая работа
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын оның орындайтын құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық басқа да құқық салалары сияқты белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттейді.
І. Кіріспе бөлім
Қылмыстық құқық туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
Қылмыстық құқық жүйесі
Қылмысты болдырмау және алдын-алу шаралары
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қылмысты туғызатын себептер
Қолданылған әдебиеттер
Жоспар
І. Кіріспе бөлім
Қылмыстық құқық туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
Қылмыстық құқық жүйесі
Қылмысты болдырмау және алдын-алу шаралары
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қылмысты туғызатын себептер
Қолданылған әдебиеттер
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын оның орындайтын құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық басқа да құқық салалары сияқты белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұлар – мемлекет атынан жүзеге асатын құқық қорғау органдары және қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасаған адамдардың арасындағы қоғамдық қатынастар.
Қылмыстық құқық реттеу қызметімен қатар адамды, қоғам мен мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау қызметтерін де атқарады. Бұл қызметтер белгілі бір әрекеттер жасауға қылмыстық-құқықтық тыйым салуды заңда баянды ету арқылы, сондай-ақ реттеу қызметін жүзеге асыру арқылы қылмысы үшін кінәлі адамдарға жазақолданужолымен іске асырылады. Қылмыстық құқық сонымен қатар, жалпы және арнайы ескерту (превенция), Осы сияқты жазаның заңда белгіленген мақсаттарына жете оырып, қоғамдық қатынастарға аса ауыр зиян келтіретін басқа да қылмыстарды болдырмау немесе олардың алдыналу қызмттерін де атқарады (Қылмыстық кодекстің 38-бабының екінші бөлігі). Басқаша айтқанда қылмыстық реттеуші және қорғаушы қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты.
Қылмыстық –құқықтық реттеу және қоғамдық қатынастарды қорғау-мәжбүрлеуден, яғни қылмыстық заңда көрсетілгенықпал ықпал ету шараларын қолданудан, қылмысы үшін кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тартудан тұратын негізгі әдістер арқылы жүзеге асады. Бұларға қоса қылмыстық құқық қылмыстық заң мен қайшылыққа келіп қалған адамның, сол қайшылықтан шығып кету мүкіндігін қамтамасыз ететін қолдау (көтермелеу) әдісін де қолданады.
Мемлекет заңмен мақұлдаған реттерде, өз кезінде кінәлі адамның үлгілі тәртібін ескертуді, оны жауаптылықпен жазадан толық немесе ішінара босатуды, немесе оның жазасын жеңілдетуді (қылмыстық – жауаптылық пен жазадан босату негіздері көрсетілген нормаларды, жауаптылықпен жазаны жеңілдететін мән-жайларды белгілеу арқылы және т.б ) міндетіне алады.
Қылмыстық құқықтың өзгешіліктері мен мазмұны оның алдында тұрған міндеттерімен шарттасып, байланысып жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабының бірінші бөлігінде осы кодекстің мынадай міндеттері айқындалған адам мен азаматтың құқықтарын мен заңды мүделерін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұзушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу. Осы баптың екінші бөлігіне сәйкес,аталған міндеттері жүзеге асыру үшін Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп,жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалған және оларды жасаған үшін жазалармен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленген.
Сонымен, қылмыстық құқықтың
негізгі міндеттері-жоғарғыда
Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықтың тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Біздің мұнымен келісуіміз керек сияқты. Себебі, азаматтардың бойына заң құрметтеушілік дағдысын, мораль талаптарына жауап беретін тәртіп қалыптастыру барлық құқық салаларының алдында тұрған міндет. Сондықтан, қылмыстық құқық – азаматтық, әкімшілік тағы басқа да құқық салаларындай тәрбиелік мәні бар әсер ету шараларын қолдануы қажет. Қылмыстық кодекстің 2-бабында кодекстің осы аталған міндеттері тікелей көрсетілмеген. Алайда, Қылмыстық кодекстің 38-бабының екінші бөлігін талдай отырып, қылмыстық құқықта әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандырудан көрінетін тәрбиелік сипаттағы шаралардың бар екендігін нақты аңғаруға болады. Бұл міндеттердің жүзеге асуы азаматтарға сөзсіз тәрбиелік әсер етеді.
Қылмыстық құқықтың жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімнен тұратын өзінің иерархиялық құрылымымен сипатталады.
Жалпы бөлім Қазақстан Республикасы қылмыстық заң нормаларының міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс пен жаза ұғымын, қылмыстық заңның түсінігін анықтайды; қылмыстық жауаптылықтың негізгі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлардың түсінігі, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары, қылмысқа қатысу ұғымы және нысандары, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындау немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату мәселелерін және т.б. мәселелерді зерттейді.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және қылмыс құрамдары бар әрекет жасағаны үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.
Жалпы және Ерекше бөлім
өзара тығыз байланыста. Осы екі
бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты
құрайды. Жалпы бөлімнің институттары
қылмыстық-құқықтық нормаларды қолданудың
жалпы ережелерін бекітетіндіктен,
бүкіл қылмыстық құқық
Бұларды білмей Ерекше бөлімнің бірде-бір бабын қолдану мүмкін емес. Мысалы, кінәнің не екенін, оның нысандарын, жазаның түрлерін, оларды тағайындау негіздерін білмей – қылмыстық әрекетті саралау немесе қылмысқа жаза тағайындау мүмкін емес. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану арқылы Ерекше бөлімнің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады.
Қылмыстық құқық – құқық жүйесіндегі жеке саланың бірі және басқа құқық салаларымен тығыз байланысты, сондай-ақ өзінің бағыты, атқаратын ролі, мәні және құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан бөлектеніп, ажзыратылады.
Қылмыстық құқық – қылмыстық істер жүргізу құқығымен өзара тығыз байланыста. Қылмыстық мұндай әрекеттердің қылмыс екендігін және оларға қандай жаза қолданылатындығын белгілесе, қылмыстық істер жүргізу құқығы қылмыстық жауапқа тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істі тергеудің және оларға сотта қараудың тәртібін белгілейді, яғни бұл жерде қылмыстық құқық пен қылмыстық істер жүргізу құқығы мазмұны мен оның нысанының өзара байланысы ретінде көрінеді. Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықты іске асырудың нысаны болып табылады.
Қылмыстық құқық қылмыстық атқару құқығымен де тығыз байланысты. Қылмыстық атқару құқығының пәні сот үкімі бойынша күшіне енген қылмыстық жазаны орындауға, сотталғандарға түзеу ықпалын жүзеге асыруға, оларды қылмыс істеуден сақтандыруға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке келтіру болып табылады. Қылмыстық-құқықтық қатынастар негізі – заңды күшіне енген айыптау үкімі болып табылады.
Бұл қатынастардың субъектілерінде де айырмашылықтар бар. Қылмыстық-құқықтық қатынастар субъектісі – қылмыс істеген, есі дұрыс, заңда көрсетілген белгілі бір жасқа толған адам болса қылмыстық-атқару қатынастарының субъектісі – бір жағынан сот үкімі бойынша сотталғандар және басқа жағынан қылмыстық жазаны орындау мекемелерінің және соттардың атынан мемлекет болып табылады.
Қылмыстық құқық әкімшілік құқықпен де жақын жанасады. Екі құқық саласы да қоғамға қауіпті іс-әрекет – құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізеді.Қылмысқа қарағанда әкімшілік құқық бұзушылықта іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі төмен болады, яғни мұнда қылмыстық жаза қолданылмайды. Әкімшілік органдар қылмыстық жаза емес әкімшілік шара қолданады. Әкімшілік шара сотталғандық атаққа қалдырмайды.Қылмыстық құқықтың әкімшілік құқықпен өте тығыз байланыста болғандығы, әсіресе 1959 жылғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексі күшінде тұрған кезде байқалған (ҚК-тің кейбір баптарында қылмыстық жауаптылыққа тартудың міндетті шарты әкімшілік преюдиция болатын, яғни құқық бұзушылық қылмысы үшін кінәлі болса да, бірақ қылмысы қоғамға аса қауіпті болмағандықтан қылмыстық жауаптылықтан босатыла отырып әкімшілік жауапқа тартылатын). Бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мұндай институттар қарастырылмаған.
Құқық саласы ретіндегі қылмыстық құқықты, қылмыс пен жазаны тарихи дамудағы құбылыстар ретінде қарастыратын, қылмыстық заңды және оны қолдану тәжірибесін формальды-логикалық, диалектикалық, нақты әлеуметтік және басқа да зерттеу әдістерін қолдана отырып зерттейтін қылмыстық құқық ғылымынан ажырата білуіміз керек.
Бүгінгі таңдағы мемлекеттің жаңа қылмыстық-құқықтық саясаты қалыптасуы кезеңіндегі мейлінше тиімді әдіс – алыс-жақын шет елдердегі біртектес қылмыстық-құқықтық институттарды салыстыруды талап ететін және олардың қылмыспен күрес мәселелерін шешудегі оңды тәжірибелерін өзімізде пайдалануға мүмкіндік беретін салыстырмалы-құқықтық зерттеулер әдісі болып отыр.
Қылмыстық құқық ғылымы қылмысты туғызатын себептер мен жағдайларды, қылмыскердің тұлғасын, сондай-ақ қылмыстылықтан сақтандыру шараларын белгілейтін ғылым саласы – криминологиямен тікелей байланысты. Қылмыстылықпен күресу сияқты ортақ міндетке ие бола тұра бұл ғылымдар бір-бірінен пәні және зерттеу әдістері бойынша ерекшеленеді. Егер қылмыстық құқық жекелеген қылмыстық-құқықтық институттарды қылмыс оқытып үйретсе, ал криминология – жалпы қылмыстылықты оқытады.
Бұл ғылымдар бірін-бірі өзара толықтырып отырады.Қылмыстық құқық криминология бұларсыз ештеңе тындыра алмайтын – қылмыс, кінә, қылмыс субъектісі, жаза секілді және басқа да ұғымдарды қалыптастырады. Криминологиялық деректер қылмыстылықпен күресудегі қылмыс динамикасын, қылмыстық заңдардың тиімді жақтарын береді.
1.Қылмыстық құқық. Жалпы
2.Қылмыстық кодекс. Жалпы бөлім. Оспанов С.Д.Алматы 2003 жыл.
3.Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Абдірев Н.А. Алматы 2002 жыл.