Шығындар баптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 22:12, курсовая работа

Краткое описание

Бірінші бағыты - өндірістік есеп, негізгі мақсаты өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнын анықтау үшін өндірісті шығындар және оны сатудан күтілетін табыс туралы есеп мәліметтерін алу болып табылады. Шығындардың тікелей және жанама болып бөлінуі, материалдардың қозғалысы мен олардың өндірісте қолдануының есебін ұйымдастыру, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу шығындарының есебі өндірістік үстеме шығындар есебі және олардың жеке өнім түрлерінің өзіндік құнына жатқызу тәртібі, сонымен қатар шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын кальқуляциялаудың жеке әдістерін қолдану - тапсырыстық, үрдіспе-үрдіс, қайта бөлу т.с.с - сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар, кешенді өндірістің жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялау және кысқартылған (тұрақты шығындарсыз), және шығындарды толық тарату калькуляциясын қарастырады.

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой шыгындар.doc

— 317.50 Кб (Скачать файл)
  1. натуралды көрсеткіштерді пайдалану әдістері;
  2. бөлу нүктесіндегі сату құны негізіндегі әдіс;
  3. сатудың таза құндық әдісі;
  4. жиынтық пайдадағы тұрақты үлес әдісі.

Натуралды көрсеткіштерді пайдалану әдісі – әрбір өнім бірдей табыс әкелгенде, кешенді шығындар әрбір өнімнің жалпы өндіріс көлеміндегі үлесіне сәйкес пропорционалды есептелгенде қолданылады.

Бөлу нүктесіндегі сату құны негізіндегі әдісінде кешенді шығындар бірге өндірілетін өнімдер бойынша сатудан алынған табытардың бағасына пропорционалды түрде таратылады. Мұнда жұмсалған жоғары шығындарға жоғары баға сәйкес келеді.

Сатудың таза құндық әдісі – өнімдер өндіруде кешенді шығындардан басқа қосымша бар өндірістерде пайдаланылады.

Жиынтық пайдадағы тұрақты үлес әдісінде кешенді шығындарды әрбір жеке өнім үшін жалпы жиынтық пайдадағы пайыздық үлесі бірдей болатындай етіп таратылады. 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Басқару бухгалтериясы шоттардың жоспарының 8-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Басқару есебі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді. Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастыурдың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.

Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады.

Өндірістік шығындар 4 элементтен тұрады:

-   тікелей материалдық шығындар;

  • еңбекті өтеуге шығатын тікелей шығындар;
  • аударымдар (әлеуметтік салық);
  • қосымша шығындар.

Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ынғайланған жабдыктардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады.

Сонымен, есеп өнімнің бір өлшемінің іс жүзіндегі өзіндік құнын есептеуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл әрбір калькуляциялық (есептік) объектке ашылған карточкалар немесе арналған ведомосы арқылы жүзеге асады. Осы ведомостарда (карточкаларда) шығындардың баптары, ал баяндауыш ведомостарда — айдың басы мен соңындағы цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ай ішіндегі шығындар, дайын өнімді, түпкілікті акауды, аяқталмаған өндіріс жетіспеушіліктерін, қайтымды қалдықтарды есептен шығару және басқа да есептен шығарулар көрсетіледі. Ведомостарға (карточкаларға) тиісті мәліметтерді жазу үшін қажетті кұжаттар мен талдамалық кестелер негіз болады. Ведомостар (карточкалар) бойынша жиынтық әр цех бойынша көрсетіледі, ал аякталмаған өндіріс қалдықтарының сомасы — Бас кітапта көрсетілген 8110-шот бойынша қалдықтарға тең болуға тиіс. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алу ведомостарының (карточкаларының) деректері бойынша шығарылған өнімнің нақты өзіндік кұны айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген кағаз (накладная) арқылы коймаларда кіріске алады. Өндірілген өнімнің кұнына 1320 -"Дайын өнім" шоты дебеттеледі және 8110-шот кредиттеледі. Ал көрсетілген қызметке 7010  шот дебеттеледі де, 8110 шот кредиттеледі.

Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни каржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.

 

Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде - жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады.

Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызмет көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.

Басқару бухгалтериясы шоттардың жоспарының 8-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.  ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы №234- Ш, 28.02.2007 ж.

2. Международные стандарты финансовой отчетности: полного официального текста МСФО принятых в ЕС по сост. На 1 января 2008 г. - М.: Аскери - АССА, 2008

3.   Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары, № 185 200/ жылдың 23 мамырындағы Қазақстан Республикасының: қаржы Министрінің бұйрығымен бекітілген.

4.   Вахрушина М.А.  «Бухгалтерский управленческий учет». Москва ЗАО «Финстатинформ», 2000

5.    Ә.Д.Дәулетбеков, К.Т.Тайгашинова, Т.А. Тасмағанбетов.

«Басқарушы - өндірістік есеп». Оқу құралы. Алматы, Принт 2000

6.   Друри К. «Управленческий и производственный учет» (перевод с англ.) М.: ЮНИТИ, 2003.

7.    Друри К. «Введение в управленческий и производственный учет». М.: ЮНИТИ, 2000

8.   Карпова Т.П. «Управленческий учет»: Учебник - М.:ЮГ ТИ, 2003

9.  Назарова В.Л., Жапбарханова  М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. «Басқару есебі». Оқулық - Алматы, Экономика, 2005.

10. Назарова В.Л. (жалпы ред. Н.Қ.Мамыров) «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Окулық. Алматы, Экономика, 2005

11. Төлегенов Э.Т. «Басқару есебі». Оқу құралы. Алматы, 2006

12. Хорнгрен .Ч.Т., Фостер Дж. «Бухгалтерский учет: управленческий аспект»: Пер.С англ./ Под ред. Я.В. Соколова. - М.: Финансы и статистика, 2000г.

13.   Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж., Ш.Датар. «Управлёнческий учет», Питер, 2007ж.                        

14. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. «Терендетілген басқарушылық есеп». Алматы, Экоиомика; 2008

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Шығындар баптары