Газ заңдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Июня 2013 в 10:09, лекция

Краткое описание

Жаңа ақпараттық технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол аштым. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін.

Вложенные файлы: 1 файл

Газ заңдары.doc

— 37.50 Кб (Скачать файл)

 

 

Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану- білім  сапасының артуына әкеледі.

Жаңа ақпараттық технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол аштым. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін.

Саналы да сапалы білім  алған оқушы ұлт келешегі.

 

Сабақтың тақырыбы: Газ заңдары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік  мақсаты: Оқушының жаңа білімді өзіндік ізденісі арқылы меңгеріп, практикада дұрыс қолдана білуіне ықпал ету.

Тәрбиелік мақсаты: Өз бетімен білім алуға жетелей отырып, адамгершілікті, достықты, адалдықты қадір тұтатын, өзі мен өзгенің іс - әрекетін бақылап, әділ бағалай білетін, өзін - өзі тәрбиелей алатын азамат болып қалыптасуға орта құру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушының логикалық ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін, ізденімпаздық, аңғарымпаздық, шығармашылық қабілетін, іскерлік белсенділігін шыңдауға жағдай жасау.

     Мазмұнға байланысты:  Газ заңдарын оқып үйрену;

СТО-ға байланысты: жаңа мәліметтерді бүгінгі өмірмен, өткен материалдармен салыстыруға, өзіндік пікірін, көзқарасын, ізденісін қорғауға бағыттау.

Топқа байланысты: оқушыларды жеке, жұпта, топта жұмыс жасай білуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

1. «Кубизм» стратегиясы негізінде шығармашылықпен жұмыс істей алады.

  2. Ұқсас, ұқсас емес материалдарды салыстыра, талдай біледі.

  3. Меңгерген жаңа білімін практикада іскерлікпен дұрыс қолдана алады.

     Сабақтың платформасы: оқушы газ заңдары туралы оқулықтағы мәліметтермен қатар қосымша ақпараттар арқылы ізденуі тиіс.

     Нәтижені бағалау: жазу арқылы.

Сабақтың көрнекілігі: сызба материалдар, салыстыру кестелері

Қажетті жабдықтар: ватман, түрлі – түсті маркерлер, кубик, түрлі түсті стикерлер.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың технологиясы: СТО

Сабақтың формасы: қалыптан тыс сабақ. Сыни ойлау мен жазуды дамыту.

Сабақтың әдісі: кубизм, топтастыру, Венн диаграммасы, еркін жазу стратегиялары негізінде іздену, талдау, шығармашылық еңбегін қорғау.

Пәнаралық байланыс: сызу, математика, пәнішілік байланыс, өмірмен байланыс.

 

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру  кезеңі (Сыныпта психологиялық қолайлы ахуал жарата отырып, сыныпты топқа бөлу. Оқушыларды топтағы орындарына отырғызып, сабақты бастау)

 

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру.

Сызықтық диктант

1. Макроскопиялық параметрлер

2. Менделеев-Клапейрон теңдеуі

3. Молекула-кинетикалық  теория

4. МКТ қағидалары

Жаңа сабақ

І саты. Қызығушылығын  ояту

  - Балалар, менің қолымдағы суретті көргенде ойларыңа не келді, бір – ақ сөзбен жеткізе аласыңдар ма?

  -   ...

     Оқушылардың  пікірін жаңа сабақтың тақырыбына бағыттау.

ІІ саты. Мағынаны ажырату.

Кубизм стратегиясы. Кубиктің 6 жағы бар. Иіргенде қай беті түссе, сол жағының тапсырмаларын орындайды. Сынып үш топқа бөлінеді, сондықтан  топтағы оқушылар кубиктің алғашқы  иірілген үш  жағы бойынша ізденіс  жұмысын жүргізеді.

1.  Суретте.

2.  Салыстыр.

3.  Елестет. 

4.  Зертте.

5.  Қолдан.

6. Талқыла.  Қолда. Қарсы шық.

      Оқушылардың  ізденісін қорғату. Кубиктің иірілмей  қалған үш беті негізінде   оқушылардың  іс - әрекет белсенділігі  мен уақытқа  қарай (1; 1-2; 1-2-3) бір айналым сөйлесім жүргізу. (Сабақта талдап үлгермеген тапсырмалармен ізденіс жұмысы үйге беріледі)

 

ІІІ саты. Ой толғау. Оқушылар өз таңдауымен тақтадағы тақырыптардың біріне шығармашылық жұмыс жазады.

1. Эссе. 

 

2. Тақырыпқа  арнау.

3. Өлең шығару.

 

     Сабақты қорыту.

    Өз ойларын ортаға салу .

Бүгінгі сабақтан алған  әсерлерін айту

 

Бағалау. Топ басшылары өздері толтырған бағалау парағындағы мәліметтерді жариялайды. Бағалаудың әділеттілігі жайлы мұғалімнің талдауы негізінде оқушы іскерлігі мен сабақ барысындағы еңбегіне қарай бағаланады. Бағаларды журналға түсіру.

 

Үйге тапсырма. 33 -жаттығу

 

 

 

Мұғалімдік мамандық-бұл  адамтану, адамның күрделі  де қызықты, шым –шытырығы мол рухани жан  дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық  шеберлік пен педагогикалық өнер- ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.

                                                                               В.Сухомлинский

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Газ заңдары