Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 01:13, реферат
XIX ғасырдың соңында Еуропа көшелерінде пайда болған электр шамының тарихы кім-кімді де қызықтырмай қоймас. Алғашында қала көшелері мен орталық алаңдарда орнатылған электр шамдары тез арада әрбір үй мен пәтерге көшіп, халық өмірінің айырылмас бөлшегіне айналды. Бұл – адам баласының ойлап тапқан тағы бір ерекше жаңалығы еді.
1.Электр шамының пайда болуы
2.Қазақстан 2020 жарғысында электр үнемдегіш шамдар жайлы айтылуы
3.Электр үнемдегіш шамдардың пайдасы
4.Электр үнемдегіш шамдарды қолдану кезіндегі абайсыздықта болған
жағдай кезінде қолданылатын сақтану шаралары
5.Электр үнемдегіш шамдардың адам денсаулығына зияны
6.Құрылысы
7.Өз пікірім
8.Зерттеу
Медицина саласында
Инфрақызыл сәулелер тері, артрит, ревматизм тәрізді ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Инфрақызыл
сәулелер денеге енгеннен кейін температураны көтеріп, ол жерде ылғал бар
болса, оны кептіріп жібере алады. Әсересе күйген жерде ылығалданып тұратын тері ауруларын
емдеуде таптырмас құрал. Жалпы ифрақызыл
сәулелерімен емдегенде олардың әсер
еткен жеріндегі температураны көтеретін
қасиеті пайдаланылады.
Адам немес жануарлар денесі шығаратын инфрақызыл сәулелерді
суретке түсіру немесе тіркеу арқылы диагностикалық термография жүзеге асып отыр. Инфрақызыл
фотография көмегімен қан тамырларындағы,
дененің тағы басқа да тұсындағы өзгерістерді
суретке түсіруге болады.
Ауыл шаруашылығында
Инфрақызыл сәулелермен ауыл шаруашылығы
өнімдерін кептіріп(бидайды, жеміс - жидекті), сонымен
қатар дезинфекциялауға болады. Бір қап бидайды 70 секунд ішінде 100°С-қа дейін қыздырғанда
бидай әрі кебеді, әрі дезинфекцияланады.
Сүтті инфрақызыл сәулесімен өңдегенде
оның құрамының өзгермейтіндігі және
сүттегі микрофлораның түгел жойылып кететіндігі
анықталған.
Инфрақызыл сәуле шығаратын құралды "соллюкс"
деп атайды. Соллюкс шамы әр түрлі қуатты
инфрақызыл сәулелерін шығара алады.
Мал дәрігерлігінде
Жаңа туған бұзаулар мен балапандардың тіршілігінің алғашқы кезінде қолайлы температура тудыру үшін инфрақызыл сәулелерін пайдаланады. Жылыту барысында, сәуле импульстары орталық жүйке жүйесіне беріліп, дененің температурасын реттеп отыруға "басшылық" етеді. Осының нәтижесінде дененің қан айналымы арта түседі де, ағзаның сырқауға деген төзімділігін күшейтеді. Тері температурасының жоғарлауы ферменттердің қызметін арттыра түседі. Ферменттер белоктарды уақтай бастайды. Соның нәтижесінде қанда ұнтақталаған белок өнімдері пайда бола бастайды. Соған орай бұлшық ет пен орталық жүйке жүйесінің жұмысы жақсарады.
Ультракүлгін сәуле шығару — жарық сәулелері спектрінің күлгін бөлігіне іргелес орналасқан, толқын ұзындығы 400—10 нанометр (нм) аралығына сәйкес келетін электрмагниттік сәулелер. Толқын ұзындығы қысқарған сайын мөлдір денелердің оларды сіңіруі күшейе түседі, ал ұзындығы 100 нм-ден кем сәулелер толық ұсталып қалады. Көптеген ғарыш денелері, әсіресе Күн ультракүлгін сәуле шығарады. Жерге түсетін ультракүлгін сәулелер А (толқын ұзындығы 400—320 нм), В (320-290 нм) және С (290-40 нм) болып бөлінеді. "А" ультракүлгін сәулесі Жер бетіне көрінетін сәулелермен (жарық сәулелерімен) қатар келіп жетеді, айтарлықтай фотохимиялық әсері бар, мысалы, теріпі "тотықтырады" (секпіл басып кетеді). "В" ультракүлгін сәулесінің едәуір бөлігі Жер атмосферасының озон қабатында тұтылып қалады, тірі протоплазманы жою қасиеті бар. Ол көп мөлшерде әсер еткен жағдайда теріні күйдіреді, қабыршақтандырады, тері обырының кейбір түрлерінің (базальдық клеткалар ісігі, терінің тікенек тәріздес клеткаларының обыры, меланома) себепші болады. Жер бетіне келіп жететін "С" ультракүлгін сәулесі толығымен дерлік атмосфера қабатында тұтылып қалатындықтан, Жер бетіне жетпейді. Ультракүлгін сәулелер организмнің иммунитетін төмендетеді, әр түрлі көз ауруларына себепші болады.