Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 18:32, реферат
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері
Бастауыш сынып окушыларының қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы оқушылар жатады.
Бастуыш сынып жасындағы оқушылардың дене тэрбиесі міндеттері төмендегі дей
1. Денсаулықты нығайту,шынықтыру, жан жақты дене дамуына көмектесу, жалпақтабандылық ауруының алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқа орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру.
Бастауыш сынып оқушылары дене тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің
міндеттері
Бастауыш сынып окушыларының
қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы
оқушылар жатады.
Бастуыш сынып жасындағы оқушылардың
дене тэрбиесі міндеттері төмендегі дей
1. Денсаулықты нығайту,шынықтыру,
жан жақты дене дамуына көмектесу, жалпақтабандылық
ауруының алдын алу, бала ағзасының жағымсыз
сыртқа орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру.
Таза ауада дене тәрбиесі жаттығулармен
айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы
тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады,жүрекқан
тамыры жүйесін, дем алу жүйесін, сүйек
тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады,шынықтырады.Баланың
мүсін,тұлға түзүлігі қалыптасады.Сондықтан,
мектептің міндеті балаларды дене тәрбиесімен
жүйелі, белсенді шұғыландыру.
2.Дене тәрбиесі жаттығулары,гигиеналық
дағдылары, күн тәртібі туралы арнайы
білім беру.Ол білімдер дене тәрбиесі
жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері,гигиеналық
әрежелер. Тамақтану,демалу, жұмыс тәртіптері.
Дене шынықтыру
Дене
тәрбиесінің қазіргі тұжырымдамасына
тән белгілердің бірі оқушының дене тәрбиесін
ойдағыдай қалыптастырудың жағдайын анықтаушы
есебінде білім беру бағытының рөлін арттыру
жағына басымдық берілуде. Тренинг (немесе
белсенді демалыс) сөзсіз басты болып
табылатын оқушылар дене тәрбиесінің
өзге де түрлерінің аясында дене шынықтырудың
интеллектуалды компоненті қажетті болып
табылады. Ұйымдасқан түрде өткізілетін,
сондай-ақ, әсіресе дербес жүргізілетін
жаттығу сабақтарының тиімділігі себепті-қажеттілік
саласының қалыптасуына және осы интеллектуалды
компоненттің басты құраушысы болып табылатын
арнайы білімдердің деңгейіне тікелей
тәуелді болып келеді. Сөйтіп, мұғалім
әрбір кезеңнің басталуында сабақтың
міндеттерін, қайсыбір қимыл-қозғалыстарды
және оған сәйкес келетін жүктемелерді
теориялық тұрғыдан негіздеу үшін уақыт
бөлуі тиіс. Алайда, сабақтың өту тығыздығына
қойылатын талаптарды есептей отырып,
мұғалім пәнаралық байланыс жүйесін пайдалануы,
әріптес пән мұғалімдерімен (бәрінен бұрын
адам анатомиясы мен физиологиясы, валеология,
биология, өмір қауіпсіздігі негіздері,
алғашқы әскери даярлық, физика, химия,
әдебиет және басқа пәндердің) бірлесе
қайсыбір оқу пәндері тұрғысынан дене
жаттығуларының сауықтыру мәнін сипаттайтын
мысалдарды дайындауы керек. Дайындықтың
әрбір түрі әдістемелік сабақ түрінде
басталуы тиіс. Ол жеке тұлғаның қасиеттерін
қозғалыс қабілеттерінің деңгейін көтеру,
денені жетілдіруге қол жеткізу мақсатында
дене шынықтыру мен спортта дербестікті
дамытуға себепші болатын оқу, кәсіби
және өмірлік мақсаттарға жету үшін дене
шынықтыру-спортық қызметтің әдістері
мен тәсілдері жөнінде түсініктерді кеңейтеді.
Осында дене жаттығуларымен шұғылдану
кезінде өзін-өзі бақылау әдістері жөнінде
де білім беріледі.
«Дене
шынықтыру» оқу пәні орта жалпы білімнің
мемлекеттік білім беру стандартының
маңызды компоненті есебінде «Дене шынықтырудың»
білім беру саласына кіреді. Оқу пәнінің
нысаны – пән арқылы дамитын және әлеуметтік
ортамен өзара әрекет ететін дамып келе
жатқан бала организмі. Дене шынықтыру»
оқу пәні –бұл қазіргі қоғамның жалпы
мәдениетінің бөлігі есебіндегі дене
шынықтыру мен спорттық құндылығы туралы
білімдер жүйесі. Ол дене және психикалық
саулықты, сондай-ақ салауатты өмір салтын
қалыптастыру мақсатында қозғалыс белсенділігінің
мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.
Пәннің мақсаты оқушыларда оңтайлы қозғалыс
белсенділігіне қажеттілікті тәрбиелеу
және өзінің дене және психикалық саулығын
нығайтуға деген себептерді қалыптастыру
болып табылады.
Оқу
пәнінің міндеттері:
–
дененің және психиканың дамуы мен оларды
жетілдіру жөніндегі білім негіздеріне
үйрету;
–
сыртқы ортаның жағымсыз әсерлеріне организмнің
қарсылығын арттыру үшін шынығу тәсілдеріне
үйрету;
–
оқушылардың жас және жыныстық ерекшеліктеріне
сәйкес келетін деңгейге дейін организмінің
функционалдық қабілеттерін арттыру;
–
түрлі мақсатқа бағытталған дене жаттығуларын
орындауда қозғалыс тәжірибесін бойға
жинақтау және оның ауқымын кеңейту;
–
денсаулықты нығайтуға қажеттілік пен
оңтайлы қозғалыс белсенділігі үшін себептерді
қалыптастыру.