Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2014 в 19:59, лекция
1. Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынажәне үлгілік оқу жоспарларына сәйкес оқу уақытында және оқудан тыс уақытта жүзеге асырылады.
2. Дене тәрбиесi: мектепке дейiнгi ұйымдарда – аптасына кемiнде үш сағат, жалпы бiлiм беретiн мектептерде – аптасына кемiнде үш сағат, колледждерде – аптасына кемiнде төрт сағат, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарында бірінші және екінші оқу жылдарында білім алушылар үшін аптасына кемінде төрт сағат көлемінде жүргiзiледi.
Денсаулығы нашар білім алушылар мен тәрбиеленушілер арнайы медициналық топтар мен емдiк дене шынықтыру топтарында айналысады.
Дене мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар мен тәрбиеленушілер бейімдік дене шынықтыру мен спорт құралдарын пайдалана отырып айналысады.
15-бап. Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесi және спорт
1. Білім беру ұйымдарындағы
дене тәрбиесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынажәне үлгілік оқу
2. Дене тәрбиесi: мектепке дейiнгi
ұйымдарда – аптасына кемiнде үш сағат,
жалпы бiлiм беретiн мектептерде – аптасына
кемiнде үш сағат, колледждерде – аптасына
кемiнде төрт сағат, жоғары білім беру
бағдарламаларын іске асыратын жоғары
оқу орындарында бірінші және екінші оқу
жылдарында білім алушылар үшін аптасына
кемінде төрт сағат көлемінде жүргiзiледi.
Денсаулығы нашар білім алушылар мен
тәрбиеленушілер арнайы медициналық топтар
мен емдiк дене шынықтыру топтарында айналысады.
Дене мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар
мен тәрбиеленушілер бейімдік дене шынықтыру
мен спорт құралдарын пайдалана отырып
айналысады.
3. Мектепке дейiнгi білім беру
ұйымдары, жалпы бiлiм беретiн мектептер
мен басқа да білім беру ұйымдары білім
алушылар мен тәрбиеленушілердің дене
тәрбиесiмен айналысу мақсатында дене
шынықтыру машықтарын қалыптастырады,
оларды спортпен айналысуға тартады, дене
шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар
өткiзедi және қоғамдық бiрлестiктер мен
басқа да заңды тұлғаларға мектеп жасына
дейiнгi балалардың, білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің қатысуымен спорттық
iс-шараларды ұйымдастыруға және өткiзуге
жәрдемдеседi.
4. Сабақтан тыс уақытта спортпен
айналысу үшiн спорт клубтары, секциялар
мен мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру
ұйымдары құрылады, олардың қатарына әртүрлі
спорт мектептерi, балалар-жасөспiрiмдердің
дене шынықтыру даярлығы клубтары, тұрғылықты
жерi бойынша балалар мен жеткіншектер
клубтары және қызметi мектеп жасына дейiнгi
балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің
дене тәрбиесi мен спорттық даярлығына
бағытталған басқа да заңды тұлғалар кiредi.
5. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарында
спорт резервін даярлау мақсатында жергілікті
атқарушы органдармен келісу бойынша
жалпы білім беретін мектептер базасында
тереңдетілген оқу-жаттығу процесі негізінде
әртүрлі спорт түрлері бойынша білім алушылар
мен тәрбиеленушілердің спорттық даярлығын
жүзеге асыратын мамандандырылған спорт
сыныптары мен топтары құрылады.
6. Спорттағы дарынды балаларға
арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарда,
олимпиадалық резервтің мамандандырылған
мектеп-интернат-колледждерінде спортшыларды
даярлау білім беру саласындағы уәкілетті
органмен келісу бойынша дене шынықтыру
және спорт саласындағы уәкілетті орган
белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Білім беретін оқу орындарында
спортшыларды даярлау дене шынықтыру
және спорт саласындағы уәкілетті орган
бекіткен қағидаларға, бағдарламалар
мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
8. Мектеп жасына дейінгі білім
беру ұйымдарында, мектептен тыс дене
шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және
басқа да білім беру ұйымдарында дене
тәрбиесі үшін қажетті жағдайлар жасау
жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.
9. Білім беру ұйымдарында студенттік
және мектеп спортын дамыту мақсатында
спорт клубтары, студенттер және оқушылар
лигалары, білім алушылар мен тәрбиеленушілер
арасында спорт түрлері бойынша федерациялар
құрылуы мүмкін.
10. Студенттік және мектеп спорты
саласындағы қызметті жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғалар студенттік және
(немесе) мектеп спорты лигасының мүшелері
болуы мүмкін.
11. Студенттер және оқушылар лигаларын
қалыптастыру, студенттер және оқушылар
лигалары арасында спорттық іс-шараларды
ұйымдастыру және өткізу тәртібін дене
шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті
органмен келісу бойынша білім беру саласындағы
уәкілетті орган айқындайды.
Информация о работе Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесi және спорт