Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2015 в 08:07, дипломная работа
Спортшының техникалық, тактикалық және психологиялық дайындығы жоғары деңгейде болуы үшін спортшының дене шынықтыруына тікелей тығыз байланысты. Спортшының денесі неғұрлым шымыр болса, соғұрлым оның шеберлігі өте жоғары болады.
Дене шынықтыру ағзаның функционалды мүмкіндіктерімен байланысты. Оның жанжақты дамуымен денсаулығын күшейтуіне әсер етеді.
Спортшының дене шынықтыру деңгейі оның үлкен ауыртпалыққа қарсы төзімділік қасиетін арттырады және дайындық кезінде кейбір жаттығулардан кейін немесе жалпы дайындау жаттығуларынан кейін тез арада өз спорттық қалпына келеді. Спортшының шымырлығына дене шынықтырудың басқа спорт түрлерімен жаттығу өте үлкен әсері бар екенін біз атақты спортшылардан білеміз.
Қапшықпен жаттығу. Құммен толтырылған қапшық қаптан ұқсастығы басым. Құм және апилка толтырылған қапшық - өте ауыр және қатты; бұршақ толтырылған - жеңілдеу және жұмсақтау, қозғалмалы, үлкен амплитудадағы қозғалып, онымен ең күшті жалғыз, екі немесе сериялы соққыларды беруге болады, бұндай қапшықтармен жаттығу ара қашықтықты сезінуге көмектеседі.
Бокс құралының әр түрлі салмағы мен тығыздығы боксшының өз әрекетін құбылтуға, керекті қашықтықты табуға үйретеді және соққыны дәл беруді дамытады. Бір қапшықпен дайындалу сериялы нысаналы соққыларды дәл беруге жаттықтырса, ал басқасы соққы беруді жетілдіреді. Әдетте,бұл үш түрлі қапшықтар бір-біріне жақын ілінеді, боксшы раунд кезеңінде соққыларға бірінен екіншісіне ауысып жаттығады. Қапшыққа соққы беруді боксшы барлық жағдайда жасай береді.
Қабырғадағы жастықпен жаттығу. Бұл жаттығу көбіне жаңа бастаған боксшылар тобында пайдаланылады. Бұл құрал тура соққы беру үшін қолданылады. Құралдың үсті көлбеу болғандықтан және қозғалмайтындықтан соққы ұзақтығын жеңілдетеді. Қабырғадағы жастыққа орнында немесе бір адым алға, кейде бүйірінен соққы беруге болады.
Резинадағы доппен жаттығу (пинчбол). Допқа резина бекітіліп, оның бос жағы аяғынан кронштейннің жоғарғы жағына бекітіледі, ал екінші жағы сол қашықтықта сәкіге бекітіліп, нәтижесінде доп көлдеңенінен тербеліп тұрады. Допқа тиген соққы оны ілгері – кейін жылжуға мүмкіндік жасайды. Тура соққы дайындық жағдайында бір қолымен немесе кезектестіріліп (оң немесе сол) бүйірінен соғылады. Доптың ырғақты қимылы боксшыны қарқынын сақтауға мәжбүр етеді, соққы арнайы күшпен және жиілілікпен беріледі. Соққы допты қуу арқылы, яғни доп амплитуданың ортасына немесе одан сәл әрірек болғанда өткізіледі. Бұл ара қашықтық сезінуді дамытып, соққыны дәл және дұрыс беруді, бағдарлануды тұспалдауды қалыптастырады, бұл тәсілдер шапшандықты дамыту үшін, артқа немесе алға еңкеюді орындау үшін пайдалануға болады. Бүйірінен оң және сол жағынан жалғыз соққы беруге де болады, бұлар оң және сол жақ астынан, сол сияқты қысқа соққылар беруді жетілдіреді.
«Боксшы» макетімен жаттығу соққыны дұрыс және дәл таңдауды, ара қашықтықты сезіне білуді дамытады.
Боксшы табанына жаттығу. Боксшы табанымен жаттығу шапшаң қимыл реакциясын және дәлдікті, тұспалдай білуді жетілдіреді. Бұл жаттығу боксшыны дайындаудың барлық кезеңінде пайдаланылады. Табанды ұстап тұрған бапкер оны әр түрлі қашықтыққа қояды; алыста-тура, жақын мен ортаңғыда – астыңғы және қапталдан соғу үшін. Бұл кезеңде соққыны дұрыс беруді көздеу керек, дене салмағын екі аяққа кезек түсіру, орталық ауырлықты араластыру, соққы дәлдігі керек. Алдын-ала дайындалған табан бірнеше тура соққы беру мүмкіндігін, яғни бұрыс белгілі үйлесімділік бойынша беруді жетілдіреді. Үйлесімділік соққыны автоматизациялау мен басымдауға дейін жетілдіреді. Бапкер жаттығушыға бірнеше белгілі жағдайдағы комбинацияларды орындатады. Бапкер табанды ұстап, рингті айнала қозғала отырып, ара қашықтықты өзгертеді, сол арқылы оқушыны не артқа, не жанына немесе айнала жүргізіп, ара қашықтықты есепке алып соққы беруге мәжбүрлейді. Боксшының реакциясын дамыту үшін бапкер кенеттен табанның жағдайын өзгертеді, алақанды тура немесе қапталдан, астынан екі немесе үш соққы беруге бағыттайды. Бапкер қолына үлкен қорғаныс қолғабын киіп, боксшы табанының орнын ауыстыруға болады; бұл жағдайда ол оқушыға тек техникалық жолды емес, тактикалық жолды да ұсынады, жеңіл соққы арқылы шабуыл немесе қарсышабуылдағы ашық жерлерді көрсетеді. Мысалы бапкер шабуыл жағдайында тұрады да, оған бас жағынан солақай тура соққы береді, ал боксшы болса оң жаққа еңкейіп, сол жағынан қарсысоққы береді, яғни бапкердің айрықша шиеленісу аймағында қойылған қолғабына беріледі; бапкердің басына сол жағынан бүйір соққысына боксшы қарғып барып, оң жағынан бүйір соққысын жасайды, ол да бапкердің қойған қолғабына жасалады.
Боксшы табанымен жаттығу арқылы көптеген шабуыл кезеңіне сәйкес жағдайды қалыптастыруға болады.
Сонымен қатар, табанмен жаттығу жағымсыз әсер етуі де мүмкін, егер бапкер онымен жеткілікті түрде қолдануды білмей, оны соққыға қарсы немесе зақымдалған жерден әрі ұстаса, боксшы есепке алған ара қашықтықты сақтамаса, осынысымен оны оқшаулап тастайды. Табанмен жаттығуға көп көңіл бөлуге болмайды және оны қолғапты қарсыластың шабуыл жаттығуымен ауыстыруға болмайды. Жалпы дене дайындығы бойынша баптау жаттығулар үдерісіне арнайы бағыттағы және арнайы снарядтармен жаттығулар спорттық шеберлікке жетудің қажетті негізгі шарты болып табылады.
Жеке дене қасиеттерін дамытуда үлкен септігін тигізетін жаттығулар, олар залды жабдықтау құрамына кіретін құралдар болып табылады.
Автокөлік доңғалағына металл таяқпен немесе кувалдамен ұрып жаттығу. Бұл жаттығу бұлшық еттің жеке топтарының, әсіресе жоғарғы дене мүшелерінің төзімділігін арттыруға бағытталады. Соққыны әр түрлі салмақтағы таяқтармен немесе жеңілдетілген балғамен, әр түрлі жағдайда, әр түрлі бағытта, әр түрлі қарқында ұрып жаттығуға болады.
Батут соққыны дәл және шапшаң жасауға қалыптастырады. Допты оң немесе сол қолмен кезектестестіре соққылайды. Соққы күші доптың ұшу жылдамдығын анықтайды.
Универсалды «Геркулес» станогы – бұлшық еттің барлық тобын дамытатын тиімді құрал. Шапшандық-күштілігін және күш төзімділігін, қимыл бағдарын дамытуды қалыптастырады. Ережеге сай бұл станоктағы жаттығудан кейін жеңіл жаттығулар беріледі.
Әрбір спорттық дәрежесі бар боксшы өзі дене дайындығын жасай білуі қажет (бапкердің қатысуы мен қатыспауына қарамастан), әр түрлі жағдайларда, мейлі спорт залында болсын, қарапайым алаңда болсын, пәтерде немесе ашық таза ауада болсын өзін қалыпты сезінуге дағдылануы тиіс. Бұл үшін боксшы көптеген жалпы және бағытталғын сипаттағы жаттығуларды білуі шарт, сонымен қатар қай жаттығу қандай дене қасиетін дамытатынын білу тиіс, жаттығу барысында оларды дұрыс кезектестіріп, көлемі мен тиімділігін дұрыс анықтай біліп, дұрыс орындауы керек.
Жаттығуларды орындауда болатын жағдайларды да ескерген дұрыс. Мысалы, толтырылған допты лақтыру жаттығуын жылдамдықты, төзімділікті, бағдарлану мен дәлдікті дамытатын жаттығулармен кезектестіру; қолдың әр түрлі қимылдағы жаттығуларын төзімділік пен бағдарлануды дамытатын жаттығулармен ауыстыруға болады. Кешенді және жан-жақты қимылдар жаттығуға қызығушылық тудырады, спортшыны шаршатпайды. Жалпы және арнайы дене дайындығында өзіндік сабақты өткізуге боксшыны спорттық жолға келгеннен бастап үйрету қажет. Ғылыми жұмыскерлер, дәрігерлер, бапкерлермен келісе отырып, норматив мінездемесін жасайды. Ол жоғарғы дәрежелі боксшының дене салмағына орай арнайы жалпы дене жаттығуына негізделген. Ережеге сай,боксшылар бір көрсеткіш арқылы жетістікке жетсе, екіншісі бойынша қалыс қалады,сол арқылы бірін-бірі толықтырады. Бұл қасиет арқылы боксшының жеке тәсілі мен жұдырықтасу мәнері айқындалады. Сонымен қатар, боксшы өзінің нашар дене қасиетін дамытып, жетілдіріп отыруға тиісті.
Психологиялық дайындықтың міндеттері
Спорт психологиясы спорт жұмысының ерекшеліктерін зерттейді. Спорт жұмысының барлық психологиялық күрделілігін түсінбей тұрып, оның сан түрлі шартты байланыстарын білмей, ғылыми және педагогикалық талапқа сай, жаттығудың тиімді әдістемесін құру мүмкін емес. Жаттығу мен жарыс кезіндегі үлкен қобалжулар шешуші фактор болып, ол спортшыға моральдық қасиетті тәрбиелеуге, тактикалық және техникалық жағынан дене мүмкіндіктері көрсеткішін көрсетуге әсер етеді.
Боксшыны психологиялық дайындау жаттығу мен жарыс кезінде өзіндік маңызы бар, үнемі шабуыл кезіндегі күшті соққылаудың болуы, турнир күрделілігі, шабуыл кезеңіндегі аз ғана үзілісте ағзаны қайтадан қалпына келтірудің мүмкіндігінің болмауы, турнир көп мөлшерде болатындығы, бір жылдағы жекпе-жектің көп болуы, дене салмағын қалпында ұстап тұру сияқты т.б. мәселелерді қамтиды.
Спортшының психологиялық дайындығын тиімді және жалпы бағытта өткізу үшін, оның жеке ерекшелік қабілетін білген жөн; оларға биохимиялық, психологиялық, психодинамикалық, физиологиялық, дене, жеке, әлеуметтік ерекшеліктер жатады.
Спотшының психологиялық дайындығында оның дүниеге көзқарасы, сонымен қатар тұрақтылық, жігерлілік, батылдық, шешім қабылдаушылық, күш жігері, өзін-өзі игеруі, белсенділігі және т.б. оң қасиеттері ескеріледі.
Психологиялық дайындық психодиагностикалық жақтан байқалады – мінез –құлықтың көрінуі, жарыс және жаттығу шарттарындағы спортшының дене қасиеті, нақты психологиялық дайындықта спортшыға бапкердің психологиялық сезіміне әсер етуі және оның өз жағдайын өзі басқара алуы мен жарыс, жаттығулар шартындағы спортшы тәртібі жатады.
Мұндағы маңыздысы психологиялық реттеу болып табылады . Бұл боксшының спорт жұмысындағы жұмылдыру мен алаңдатуда өз эмоциясын басқара алуы. Бұдан шығатыны бапкердің алдына қоятын мынадай міндеттер:
Психологияны оқыту ұғымдары: а) психологиялық үрдістер; ә) тұлғаның психологиялық ерекшелігі; б) адамның іс-әрекетіндегі психологиялақ ерекшелігі. Психологиялық іс-әрекетке сезім, қабылдау, елестету, ойлау, ес, зейін салу, көңіл күй, тілек және т.б. жатады.
Тұлғаның психологиялық ерекшелігі – тұлғаның бағыттылығы, қарқыны, мінез, қабілеті мен көзқарасы. Тұлғаның іс-әрекетінің психологиялық ерекшелігі – қабылдау ерекшелігі – ойлауы, психологиялық үдірістер мен қиялы, белгілі жұмыс түрімен байланысы.
Психологиялық үдірістер мен тұлғаның психологиялық ерекшеліктері мен адамның іс-әрекетін жинақтағанда, оны ақыл, ес дейді, көлемді түрде психика деп атайды.
Психологиялық ерекшелік психологиялық үдерістер мен ерекшеліктер күшті ақыл және дене қобалжуларында білінеді, ол қоршаған ортаның үнемі өзгеруінде, спортта, оның ішінде жекпе-жекте байқалады.
Боксшының психологиялық дайындық жағдайы қарсыласымен шешуші жекпе-жекте маңызды рөл атқарады. Ринг алаңына шығар алдындағы қозу үдірісін игере алмайтын, өз күшіне сенбейтін боксшы, жекпе-жек кезіндегі санасы іс-әрекет жасай алмайды және тез жұмылдырылса, керісінше, боксшы психологиялық жағынан дайындалған, сабырлы, өзіне сенімді, өз көңіл күйімен жеңіл басқара алса, ол өте күшті әсер ететін факторларда ( күшті соққы алғанда, шабуыл кезіндегі сәтсіздік т.б.) жұмылдыра алып, жағдайды дұрыс бағалайды, өзінің және қарсыласының мүмкіндігін есепке ала отырып, тактикалық және техникалық міндеттерді озық шеше алады. Боксшы турнирге қатысқан 12 күн ішінде 4-5 жекпе-жекке қатысады, сондықтан оның әрқайсысына психологиялық дайындық қажет.
Боксшының психологиялық дайындығы 2 кезеңнен тұрады – жалпы психологиялық және жарысқа психологиялық дайындық. Бұл екі кезең бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар, сондықтан әдістемелік сопрт жаттығуында оны ескеру қажет.
Жалпы психологиялық дайындық спортшының дүниетанымына, жеке қасиетінің мүмкіндігіне, ерік-жігеріне, психологиялық үдерістердің дамуына, оның алдында тұрған міндеттерді жетістікпен орындау қабілетіне бағытталады.
Боксшының психологиялық дайындығы алдында болатын жарыстардың міндеттеріне қарай, яғни нақты жарыста шешілетін мәселеге негізделеді.
Оларға бірқатар жайттар жатады:
Боксшының психологиялық дайындығының нәтижесі оның психологиялық дайындық жағдайынан көрінуге тиіс, яғни спортшының жарыс нәтижелілігіне барлық күш-жігерін беруіне байланысты болады.
Бокстың физиологиялық, психологиялық (мiнез-құлықтық) негізі
Бокста қозғалыстар ауытқыған шапшандықпен өтiп, жылдамдық пен күштiң бiрге қосылып жұмыс iстеу нәтижесiнде өте жоғары деңгейде көрсетедi. Боксшының қозғалысы, барлық iс-әрекеттерi қарсыласының қимылдарына байланысты рингте өзгерiп отырады.
Бокста кездесетiн
жалпы жағдай қарсыласынан
Бокспен шұғылдану барысында боксшы қимылды, күштi, шапшандықты, т.б. қабiлеттердi шыңдаумен бiрге, ол қан айналымы, тыныс алу, ас қорыту, т.б. мүмкiндiктерiн шыңдайды. Боксшыға ең қажеттiсi - бұлшық ет күшi, жылдамдық, төзiмдiлiк. Оған қажеттi қасиеттердi тәрбиелеу үшiн жаттықтырушы және боксшылар физиологиялық, биомеханикалық өзгерiстердi бiлулерi қажет.
Бұлшық ет күшi
оны өсiруге арналған
Боксшы күшiнiң өсу механизмiн қарайық. Күштiң көрсеткiшi бұлшық еттердiң физиологиялық көлденеңдiлiгiне және жұмысқа қатысқан бұлшық ет талшықтарының санына байланысты. Күш өсiру жаттығуларын пайдаланғанда боксшылардың бұлшық ет талшықтары өседi, олардың ұсақ қан айналымдары жақсарады, соның арқасында бұлшық ет талшықтары қанмен көптеп қамтамасыз етіледі. Ол бұлшық еттердiң көлденең өсуiне әсер етедi.
Әр бiр бұлшық етте нейрондық қозғалыс көрсеткiштерi бiрдей емес. Бiреулерi жылдам орындалатын қимылға, бiреулерi ұзақ қимылға арналады.
Бұлшық ет күшiнiң
ширақтығы ондағы рефлекторды
жұмыстың жүруiне, ал бұлшық еттердiң
күшi оған келiп түсетiн жүйке
қозғалысының молдығына, ал биохимиялық
тұрғыдан қарағанда, бұлшық ет
күшi ондағы қысқартатын
Шыдамдық деп, соққыны өте жылдам орындау есептеледi. Шыдымдық, әсiресе, ол тiзбектелген соққылар орындалса жүйке жүйесiнiң қозу жағдайынан бәсеңдесу жағдайына көшедi және керiсiнше болады. Қозғалыс жылдамдығының деңгейi орталық жүйке жүйесi жұмысының ерекшелiгiне және жүйке-бұлшық ет аппаратының жағдайына, бұлшық еттiң жиырылуы, оның созылғыштығына, қимылдардың үйлесiмiне, боксшының шеберлiгiне т.б. себептерге де байланысты.
Информация о работе Методика развития специальной выносливости в боксе