Қазақша күрес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 12:55, реферат

Краткое описание

Қазақша күрес әлемдегі ең тарихы терең спорт түрлерінің бірі ғой. Қазақтың ешбір ұлы тойы мен мерейлі мерекесі онсыз өтпеген. Сонау ықылым замандардан бері қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, үлт қуаттылығын, ел қүдыретін танытар өнер иесі деп қадір тұтқан. Алайда осы өнеріміз күні кешеге дейін Қазақстан аумағынан аса алмады. Кеңес тұсында да ол кеудесінен басылып тұрды. Бұл ретте оның ашылмай тұрған тағы бір тынысы бардай сезілетін. Содан еліміз егемендік алып, ел еңсесін көтере бастаған тұста, Штаттағы ұлттық командалар дирекциясын басқарып тұрған маған қазақ күресінің басы-қасында жүрген ағаларымыз қолқа салды.

Содержание

1. Қазақша курес және оның даму тарихы
2. Қазақша күрестің техникасы және әдіс тәсәлдері

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақша курес.doc

— 104.00 Кб (Скачать файл)

Жоспары:

1. Қазақша курес және оның даму тарихы

2. Қазақша  күрестің техникасы және әдіс  тәсәлдері

Қазақша күрес

Қазақша күрес әлемдегі ең тарихы терең спорт түрлерінің бірі ғой. Қазақтың ешбір ұлы тойы мен мерейлі мерекесі онсыз өтпеген. Сонау ықылым замандардан бері қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, үлт қуаттылығын, ел қүдыретін танытар өнер иесі деп қадір тұтқан. Алайда осы өнеріміз күні кешеге дейін Қазақстан аумағынан аса алмады. Кеңес тұсында да ол кеудесінен басылып тұрды. Бұл ретте оның ашылмай тұрған тағы бір тынысы бардай сезілетін. Содан еліміз егемендік алып, ел еңсесін көтере бастаған тұста, Штаттағы ұлттық командалар дирекциясын басқарып тұрған маған қазақ күресінің басы-қасында жүрген ағаларымыз қолқа салды. Осы күрестің қыр-сырын білетін Бауыржан Жаналин, Марат Жақитов, Диқанбай Биткөзов, Бақытжан Жаңбырбаев секілді ағаларымыз: «Өзің қазақша күресті жақсы білесің, сосын барлық күрес түрлерін басқарып отырсың. Демек, осы ұлттық спорт түрін жаңа биік деңгейге шығару қолыңнан келеді. Елде экономика өрледі емес пе, енді рух та көтерілсін!» деп ой тастады. Өзімді де осы ой мазалап жүрген болатын, сөйтіп, төлтума спортымызды тар шеңбер мен шекарадан асырып, әлемдік деңгейде шарықтатуға тэуекел жасап, бел будық. Бұл жолда, ең алдымен, оны сырттан таңылған, кірме ұғымдардан аршып алу қалсет еді. Ол кезде Кеңес тұсынан қазақ күресінде «бір балл, екі балл» деген сияқты орысша бағалау терминдері, сосын еркін күрестен алына салынған айла-тәсіл атаулары араласып жүрген, олардан арылу керек болды. Содан төрешілік бұйрықтарды, әдіс-айла атауларын, күрес тәсілдерін қайтадан қазақшалауға кірістік. Мәселен, «бір балл, екі балл» дегеннің орнына қазақи қалыппен «жамбас», «бүк» сияқты баға айту керектігін белгіледік. Анау жапондар мысалға, өз күрестерінде - дзюдода «иппон», «кока», «юка» деп бекіткен, орысың да, ағылшының да әрқайсысы өз тіліне тартпай, тілін бұрап, осылай жапонша атайды. Бізде де солай болуға тиіс. Мысалға, жапондар «хаджиме!» дейді, қазақша күресте біз «баста!» дедік. Сосын оларда— «иппон», ал бізде - «таза жеңіс». Оның сыртында, біз «тоқта!», «жартылай жеңіс» сияқты көптеген бұйрықтарды бекіттік. Қиын ештеңесі жоқ, қазір мұны бәрі үйреніп алды.

Күрестің ұлттық түрі «қазақ күрестің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

«Қазақ күресі» бойынша  бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы  аймақтары арасындағы спартакиада  аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді.

Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.

2004 жылы Қазақтардың  Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында  конференция болып, сонда «Қазақ  күресі» бойынша халықаралық  федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті – Төкеев Серік Адамұлы.

2005 жылы Ресейде (Алтай  өлкесі) «Қазақ күресі» бойынша  І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы  қарашада Астанада ҚР Президентінің  жүлдесіне «Қазақ күресі» күресі  бойынша ірі халықаралық турнир  болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-дене аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар.

2006 жылы Алматы қаласында  қазақ күресінен 1-ші әлем біріншілігі  өткізілді, оған 36 мемлекеттің балуандары  қатысты. Бұл жарыста Қазақстанның 4 балуаны әлем чемпионы атанды, атап айтсақ  Бауыжан Тәліп, Мәди Құрымбаев,Бақтыбай Қисықов,Бейбіт Ыстыбаев.

2008 жылы Ресейдің Орск  қаласында 2-ші әлем біріншілігі  өткізілді, оған 42 мемлекеттің балуандары  қатысып, Қазақстанның 4 балуаны  алтын,2-і күміс медальмен оралды. 

2010жылы Елордамыз Астана  төрінде 3-ші әлем біріншілігі  туын желбіретті, 46 мемлекеттен 300-ден  астам балуандар қатысты. Қазақ  балуандары бұл бәсекеде намысты  қолдан бермей 5 алтын 1 күміс 1қола  медаль иеленіп командалық есепте  бірінші орынды алды.

2011 жылы 20-шы тамызда  Қазақ барысы жүлдесі өткізілді,оған  әр обылыстан 4 балуаннан , барлығы  64 балуан қатысып бас жүлдені  сарапқа салды.  Бұл сайыста 1-ші орынды Қызылордалық балуан Рысқұл Ұлан иеленіп 150 000 АҚШ долларын алды ,2-ші орынды Жамбыл обылысының балуаны Ыстыбаев Бейбіт иеленіп жүлдеге 30 000 АҚШ долларын алса, 3-ші орын Шығыс Қазақстандық Жоламанов Шалқарға бұйырды, тиісінше 10 000 АҚШ долларын алды. 

2012 жылдың  15 қыркүйегіне Қазақ барысы жүлдесі сарапқа салынбақшы жалпы жүлде қоры 320 000 АҚШ долларын құрайды, мұндай үлкен сый тағайындау арқылы бүкіл әлемге қазақ күресін насихаттау.

«Қазақстан барысы-2012»  Бейбіт Ыстыбаев  «Қазақстан барысы» атанды. Ал, күміс жүлдеге Шалқар Жоламанов ие болды. Қола медальды алған Айбек Нұғымаров. Ең жас палуан Рустам Жұмаев «Көрермен көзайымы» атанды. Еске сала кетейік, биылғы «Қазақстан барысы-2012» турниріне  әр облыс пен Астана, Алматы қалаларынан 32 палуан іріктелген еді. Сондай-ақ былтырғы «Қазақстан барысы» Ұлан Рысқұл мен  Олимпиада ойындарына қатысушы Ержан Шынкеев іріктеуден тыс қатыстырылды. Алайда, Ержан Шынкеев қола жүлде үшін бәсекеде Айбек Нұғымаровтан, Ұлан Рысқұл Батыс Қазақстандық Арман Әбеуовтен жеңілді.

  2013 жылдың 30 маусым күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» турнирі өтті. Еліміздегі 14 облыс пен республикалық маңызы бар 2 қаладан финалдық сынға жолдама алған 32 балуан «Қазақстан Барысы» атанып, ұлттық күрестің көшін бастау үшін кілемге шықты. 

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға дейін ел халқының 30 пайызы бұқаралық спортпен шұғылдануы керектігін ескертіп, Қазақстан халқына жолдауында спортқа ерекше басымдық береді. «Қазақстан Барысы» жобасы да халықтың салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты серік етуіне, өзінің ұлттық құндылықтарын жоғары қойып, төл спорттың тынысын ашуға серпін беріп келеді. Одан бөлек, «Қазақстан Барысы» жобасы арқылы бүгінге дейін босағадан сығалап, тек ас пен тойдың көркі болып келген қазақ күресінің мәртебесі асқақтады. «Қазақстан Барысы» жобасы арқылы қазақ күресінің Олимпиада ойындарының бағдарламасына ену мүмкіндігі де молайды. Себебі, «Қазақстан Барысында» чемпион атанған спортшы еліміздегі Олимпиада жеңімпаздарымен тең дәрежеде құрметтеледі.

  Биылғы «Қазақстан  Барысы» турнирінің іріктеу сындарына  жалпы есебі 100 мыңға жуық балуан  қатысты. Сол жүз мыңға жуық  спортшының арасынан екшеліп  шыққан шын мықты, яғни үздік  33 балуан финалда күресу құқын  жеңіп алды. Финалға жолдама алған балуандардың ішіндегі ең ауыр салмақтысы – Жұманазар Ерсұлтанов. Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Жұманазардың салмағы – 159 келі. 

 

Турнирдегі ең жеңіл  салмақты балуан – Сұңғат Закарияев. Атырау облысынан қара үзіп шыққан 20 жастағы спортшының салмағы – 83 келі. 

 

Ал, турнирдегі ең бойы ұзын балуан – Солтүстік Қазақстан  облысының өкілі Рустам Жұмаев. Рустамның  бойы 198 сантиметр. 

 

Жобадағы ең аласа  бойлы балуан – Сұңғат Махамбетов. Сұңғаттың бойы 173 сантиметр. 

  2013 жылы «Қазақстан Барысы» турнирінде Шығыс Қазақстан облысының бас балуаны, жобаға үш жыл қатарынан қатысып, былтыр қола жүлде жеңіп алған Айбек Нұғымаровтың шоқтығы биіктеді. Айбек алғашқы белдесуінде павлодарлық Дархан Жоламановты, екінші айналымда атыраулық Сұңғат Закарияевті, үшінші айналымда Алматы облысының балуаны Айдос Қаңлыбаевты, жартылай финалда Оңтүстік Қазақстан облысының бас батыры Жұманазар Ерсұлтановты жеңді. Ал, финалдық сында Қарағанды облысының балуаны, Лондон Олимпиадасының қатысушысы, дзюдодан 2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Ержан Шынкеевті таза жеңді. Осылайша, үшінші мүмкіндігінде Айбек Нұғымаров «Қазақстан Барысы» атанып, ұйымдастырушылар тарапынан 150 мың АҚШ доллары, алтыннан құйылған Тайтұяқ, автокөлік және алтын белбеуге ие болды. Екінші орынға Ержан Шынкеев табан тіресе, үшінші орында оңтүстік балуаны Жұманазар Ерсұлтанов шаппай алды. «Қазақстан Барысы» жобасының демеушісі Алматы қаласының балуаны Виктор Демьяненконы жеңіске деген жігері үшін номинациясы бойынша марапаттап, оған Будапештте өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатын тамашалап қайту үшін арнайы жолдама тарту етті. 

 

2013 жылы «Қазақстан  Барысы» жобасын ұйымдастыру  ісінде біршама алға жылжушылық  бары байқалды. Себебі, турнирді  ТМД аймағына тарайтын «Боец»  және Грузияның кабельді «GMG» арналары тікелей эфирде көрсетті. Турнир идеясының авторы Арман Шораевтың мәлімдеуінше, «Боец» телеарнасы арқылы «Қазақстан Барысы» турнирінің биылғы финалдық сынын Ресейде 1,5 миллион, ТМД мемлекеттерінде 1,5 миллион көрермен тамашалапты. Сондай-ақ, «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «КТК» телеарнасы арқылы 6 миллион көрермен финалдық бәсекені жіті қадағалаған. Одан бөлек, республикалық «Сарыарқа» велотрегіне финалды арнайы көру үшін 12 мыңға жуық жанкүйер жиналды. Мұның бәрі қазақ күресіне деген халық ықыласының, балуандар назарының оң екендігін көрсетеді. 

 

«Қазақстан Барысы»  жобасын «Қазақстан Барысы» қазақ  күресін дамыту қоры ұйымдастырады. Енді санаулы айлардан соң, еліміздің  бас барысын анықтау ісі қайтадан жаңа парағын ашады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Лондонда өткен 30-шы жазғы Олимпиада ойындарында зор жетістіктерге жеттік. Еліміз спорттық бәсекелерді ұйымдастыруда мол тәжірибе жинақтады. Былтырғы Қысқы Азия ойындары – осының айқын дәлелі. Сондықтан, «Қазақстан барысы» секілді ауқымды жарыстарды өткізуге барынша қолдау жасалуы керек. Сайыпқыран ерлерге сәттілік тілеймін!» деп батасын берген жоба ұлттық күресімізді ұлықтауды одан әрі жалғастырады!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақша күрестің техникасы

 

Қазақша күрес техникасы  дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әрі түрлі әрекеттер сараланып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттер деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттьфуға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Күрес техникасына нашар палуандар әдетте, өзіне қолайлы әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады. Сөйтіп көбінесе қарсыластарының бетін қайтаруға ғана күш салады. Ал мұндай амалдар шабуылдаушы жақтың күші басым болса ғана нэтиже береді. Техникасы жақсы палуандар көбінесе ісүші басым қарсыласын да жеңіп кетеді. Брі үшін олар түрліше қимылдар жасап, қорғанып, қарсы шабуылға шығып, не күш жағынан, не уақыт жағынан ұтады.

Күрес техникасын анықтау үшін күресушілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек.

Ең қарапайым қимылды  орындағанның өзінде де адам денесінің бірқатар органдары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес техникасын талдап анықтағанда жеке бұлшықет қызметі қарастырылмайды. Өйткені күресте оны қысу немесе тарту   күші   тарту   ұзақтығы,   шапшаңдығы   пайдаланылады.  Сонымен, палуандар қозғалысында әсер етуші күш ретінде мыналар ескеріледі:

· салмақ күші;

· бұлшықеттің тарту күші;

· дененің инертті (қимылсыз тұрған кездегі) қарсылығы.

Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әртүрлі жағдайға түседі, оның жеке бөліктерін рычак ретінде қарастыру ыңғайлы.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақша күрестегі техникалық  тәсілдері

 

Күрес жеке-жеке қарапайым  қозғалыстан (ол қозғалыс кеңістік және уақыт арқылы бір-бірімен байланысты) тұратын тұтас әрекет болып табылады. Яғни әрбір әдіс, қол, аяқ, дене арқылы жасалатын қарапайым қозғалыстан тұрады, ол қарапайым қозғалыс деп аталады. Күресте шартты түрде қозғалыстар былайша бөлінеді:

1.  қолдардың қозғалысы - ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тұю, тарту, тіреу, басу, т.с.с.

2. аяқтардың қозғалысы - қою, аттау, кейін қою, адымдап кету, бүгу, жазу  йіліп шалу, қағу, үстіне салу, т.с.с.

3. дененің    қозғалысы  еңкею,   тік көтеру, иілу, бұрылу,  қысу,  итеру,  құлату, т.с.с.

Палуанның қимылдарының біразы бір мезгілде, біразы бірінен соң бірі орындалады.Барлық әдістерді шапртты түрде қарапайым қозғалыс және қозғалыс фазасы деп бөлуге болады.

Күресушінің негізгі  жағдайы және қозғалыстары олардың  биомеханикалық талдауы (тіреу алаңы, жалпы ауырлық центрі).

Қазақша күрес те айқасудан  басталады. Сондықтан күресушілер қозғалған кезде тепе-теңдікті сақтау заңдылықтарын ескерулері қажет.

Күрес үстіндегі шабуылдағанда  күресушінің бірі екіншісін тепе-теңдіктен шығаруға, ал екіншісі жығылып қалмау үшін тепе-теңдігін сақтап, сондай жағдайда қарсыласын түсіруге тырысады. Бірақ қарсыласын тепе-тендіктен шығарғанда палуанның өзі де тепе - теңдікті сақтай алмайды. Өйткені ондай қимылдарды бір орында тұрып орындау мүмкін емес. Сөйтіп, күрес кезінде екі жақ та ұдайы тепе-теңдігінен айырылып және оны сақтап тұрады.

Күрескен кезде палуандар  көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі  табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанның  жағдайына қарай оның аяқтары тірейтін алаңы өзгеріп отырады. Әрине тіреу алаңы неғұрлым үлкен болса, срғұрлым палуанның берік түратындығы да табиғи нәрсе.

Жалпы ауырлық центріне түсетін түзу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық центрінің түзу сызығы тіреу алаңының ортасына жақын болуының маңызы зор.

Палуан денесінің белгілі  бір табиғаттағы орнықтылығы орнықтылық бұщрышы бойынша сипатталады. Орнықтылық бұрышы дегеніміз ауырлық сызығы және дененің ауырлық центрінің тіреу алаңының шетімен (дененің орщнықтылықдәрежесі анықталатын жақтағы) қосатын сызық арасындағы бұрыш. Орнықтылық бұрышы (X) дененің ауырлық центрі төмендеп, тіреу алаңы үлкейген сайын және ауырлық сызығы тіреу алаңының шетінен қашықтауына қарай үлкейе береді. Айқас кезінде аяқтарын алшағырақ қойып, аздап бүксе, палуан денесі орнықтырақ болады. Алайда аяқтарын тым алшақ қойып немесе көбірек бүгіп жіберсе, спортшы денесін шапшаң игере алмай қалады.

Информация о работе Қазақша күрес