Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 15:40, курсовая работа
Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелілігін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке соңғы жылдары ерекше мән беріп жүр.
Менеджменттің негізгі мақсаты-басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен, қатаң бәсекелестік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.
Кіріспе.......................................................................................................................2
I тарау Банктік қаржы менеджментіне жалпы сипаттама
1.1. Банктегі қаржы менеджментінің түсінігі және қажеттілігі......................3-8
1.2. Қаржы менеджментінің негізгі бағыттары.............................................9-13
II тарау Банктердегі қаржылық басқару процессіне сипаттама.
2.1. Банктердегі басқаруды ұйымдастыру.....................................................14-18
2.2. Банктерді басқару принциптері ..............................................................18-24
III тарау Банктік менеджментті жетілдіру жолдары..............................25-29
3.3.КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қорытынды ......................................................................................................30-31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................32
10. Функционалдық және басқарушылық міндеттерді шешетін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігі
Банк қызметкеріне менеджмент негізін
білу өте маңызды. Ең алдымен
банк экономисі (кәсіпорын, ұйым кооператив)
банктің клиенті болып
Шетелдік экономикалық әдебиеттерде кәсіпорындарда қаржылық тұрақтылығының, олардың несиені өтеу қабілетінің жоғарылығының маңызды факторы менеджмент сапасы болып табылады дегенді жазып жүр. Германияда шамамен 40% фирма және жеке кәсіпорындар менеджмент сапасының нашарлығына байланысты банкротқа ұшырады. Соңдықтан менеджмент деңгейін бағалау клиенттің несиені өтеу қабілетін талдаудың және онымен несиелік қатынасқа баруда тәуекел деңгейін анықтаудың құрамдық әлементтерінің бірі болып табылады.
Германияның коммерциялық банк қатарында практикалық (тәжірибелік) қызметінде тиісті фирманың менеджментті 10 балдық жүйе бойынша рейтінгілік бағалау қолданылып жүр.
Мәселен, 1 балл - барлық салада жоғары кәсіби және жеке біліктілік; 3 балл - жақсы біліктілік, әсіресе жекелеген салада; 5 балл - орташа біліктілік; 7 балл - жекелеген салаларда айқын әлсіздік; 10 балл - төмен деңгей.
Балдардың өсуі қауіп-қатер дәрежесінің білдіреді, ең көп шамадағы балда фирмамен несиелік қатынас орнату проблемалы болып саналады.
Ақша нарығының ұдайы өзгеріп отыратын жағдайыда жұмыс істейтін банк үшін міндетгерді сәтті шешуге мүмкіндік беретін менеджменттің орны бөлек.
Банк менеджментінің ерекшеліктері менеджментінің қоғамдық еңбек бөлінісі бөлімшесінің қызметімен байланысты нақты өзіндік ерекшелігі болады.
Айтылып кеткендей, банк бизнеспен айналасатын өзгешелігі бар кәсіпорын ретінде алға шығады Ол несие ресурстарын қосымша ақшалай қаражатқа мұқтаж кәсіпорынға ұйымдарға, кооперативке, халыққа, мемлекетке төлем негізінде беретін кәсіпорын болып табылады.
Сонымен қатар, банк басқа біреулердің (бөтен) ақшасымен «жұмыс істейді». Онда айналым шеңберінен босаған әр түрлі меншік иелерінің, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, акционерлік кәсіпорындар мен қоғамдардың, кооперативтердің, жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары шоғырланады. Осының нәтижесінде банк қоғамдық капиталды бөлуші әрі сақтаушы ретінде алға шығады. Бұл клиенттерге тиесілі ақшалай қаражаттардың сақталуына банктің жауапкершілігін арттырады әрі банктің қоғамдағы маңызды орнын айқындайды.
Сонымен, банк тек өзінің немесе жекеше шыққандардың ғана емес, сонымен бірге, қоғамның мүддесін де танытатын кәсіпорын ретінде көзге түседі. Банк мүдделерді ұштастырып отырмаса баланстың өтімділігін қамтамасыз ете алмайды әрі осыған байланысты банктің ақша нарығындағы позициясы тұрақты болмайды.
Банк
қызметінде серіктестік сипатқа
ие келісім шарттық катынас
Жеке және ұжымдық мүдделердің ұштасуы банк менеджментінің ментінің мазмұнында қалайша көрініс табады? Ең алдымен, ол банк менеджменті алға қоятын мақсатгардың өзіндік анықтайды:
3) іскер байланыстың тұрақты болуына әрі ұзаққа созылуына септігін тигізетін банк қызметіның ауқымы, құрылымы және сапасы арқылы клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру
4) ұжымның өндірістік, коммерциялық және әлеуметгік проблемаларының сәтті шешілуін ұштастыру;
5) әлеуметті мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды дайындаудың, қайта дайындаудың және орналастырудың тиімді жүйесін құру. Аталмыш мақсаттарға сәйкес банк менеджменті сандық, салалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланады. Сандық көрсеткіш банк қызметін басқарудың барлық саласына қатысты, қызметтің жалпы нәтижелерін талдау және бағалау үшін пайдаланылады әрі ол мыналарды қамтиды: - банк клиентгері мен олардың шоттарының саны, депозиттердің, несие салымдарының, инвестицияның мөлшері;
-банк
орындайтын операциялар мен
Сапа көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
1. Банктің
кірістері мен шығыстарына
2. Қаражат айналымының жылдамдық көрсеткіші, операцияларды орындауға кететін шығынның еңбек сыйымдылығының көрсеткіші, құжаттарды өңдеуден өткізудің жылдамдық көрсеткіші.
3. Көрсетілетін банк
қызметінің ауқымы, құрылымы және
сапасы бойынша клиентгер
Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби дайындығының дамығандығын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблеманы шеше білетін деңгейін сипаттайды.
Банк
менеджментінің өзге
Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне
басқару салаларының
Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторларды ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден корғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.
Банк операцияларының
Банк менеджментінің негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:
Осы салалардың әрбіреуі өз кезегінде бірнеше бағытқа ие. Олардың негізгілерінің мазмұнын қарастырайық.
1 Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігін жоспарлау жатады.
Бұл процесте келешектегі әрекетгі анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндетгерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының кұрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.
Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерінің келешекте қалайша өзгеретінін анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылықтарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор.
2. Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесінде біртұтас екі міндет алға қойылады - жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансынын өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.
Әр алуан активтердің банкке әркелкі пайда әкелетін және олардың қатер деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді қаражат салымының мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңде банк шешетін міндеттерді ерекшеліктері мен анықталады. Сонымен қатар, пассивтердің құрылымына қарай активтерді орналастырудағы тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жузеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді. Ақша нарығы дамыған елдерде қазіргі заман жағдайында акивтерді басқару белгіленген пайдалылық пен өтімділік нормативтерінде активтерді орналастыру мен пассивтер жағдайы арасындағы белгілі бір тәуелділікті белгілеуді ұйғаратын экономикалық -математикалық үлгінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл арада әр түрлі экономикалық ахуалдарға баламалы нұсқалар жасалады.
3. Пассивтерді басқару менеджменттің дербес бағытың білдіреді. Бұл процесте мынадай міндетгер шешімін табады:
-міндетті резервтерді қалыптастыратын бөлігін есептемегенде табыс әкелмейтін қаражатгың банкте болуын жол бермеу;
- банк өз
клиенттерінің алдындағы
- банктердің «арзан» ресурстар есебінен пайда алуын қамтамасыз ету.
Осы міндетгердің әрбіреуі мәселені шешудің айрықша тәсіліне ие. Осылардың ішінде депозитгік процент, оның салым мерзіміне қарай әртараптануы маңызды орын алады. Алайда мөлшерді арттыруды ғана емес, сонымен бірге түрлерді әр алуан етуді білдіретін пассивтік операциялардың дамуы ақша және қаржы нарығының алғашқы негізі ретінде болатын акция айналымының тұрақтылығын қажет етеді.
Менеджмент міндеттері:
1. Өзіндік банк
қаражатын басқару оның өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуде
айрықша маңызды орын алады. Банктің
активтік операцияларын ұлғайтуда әрі
депозит
мөлшерін өсіруде өзіндік банк капиталын
арттыру қажеттілігі пайда болады.
Өзіндік банк капиталын басқару оның жеткіліктілітілігін сондай-ақ осы жеткіліктілікті бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді таңдаудың өлшемдерін негіздеуді қажет етеді. Өзіндік банк капиталын басқарудың тиімді құралына банк шығарған акция бойынша дивидендтер саласындағы саясат жатады. Дивидентердің артуы акция бағасын өсіреді және осыған орай косымша акцияларды сатудың, өзіндік капитал өсуінің ықтималдығын тудырады .
2. Банк жұмысының
пайдалылығын басқару оның кірістері
мен шығыстарын, тартылған қаражат бойынша
шекті шығындарын
және несиелеу мен инвестициядан түсетін
шекті табысын, қаржылық нәтижелер
тұрактылығының камтамасыз етілуін, ысырап
қатерін бақылауды қажет етеді
Банк алатын пайданың шамасына әсерін
тигізетін банк қызметіндегі алаяқтық
операциялардың арту себебіне, күмәнді
және залалды операциялардың талдауына
айрықша назар аударылады.
3. Банк кызметіндегі
Банк қызметінде қатер әр түрлі
операцияларды орындау
Тәуекелдік болмаған жерде кәсіпкерлік болмайды, сондықтанда оны басқара білу кажет. Тәуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер:
Қауіп-қатерді (тәуекелдікті) басқару өткен шақта зиянның қалай пайда болғандығын зерделеуге, нақты клиент үшін оның пайда болу ықтималдығын болжауға, ескертудің немесе ықтимал зиянның орнын толтырудың тәсілдерін алдын ала негіздеуге құрылады. Біздің іс-тәжірибеде мәселе бұлайша алғаш рет қойылғандықтан өзіне айрықша назар аудартады. Осыған байланысты банк қызметіндегі ықтимал тәуекелдіктерді болжау мен бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу бірінші кезектегі міндет болып табылады.
Қатерлерді басқару проблемасы банк қызметін ұйымдастыру мен жауапкершілік жүйесімен және банк жұмыскерін еңбекке экономикалық тұрғыдан ынталандырумен тығыз байланысты.
Шетелдік іс-тәжірибеде жекелеген несие операциясын орындау кезінде негізі жоқ шешім қабылдау қатерін кеміту үшін құзырететтілікті шектеу принципі пайдаланылады. Мәселен, банк филиалы аса ірі мөлшерде кәсіпорынды несиелеу туралы шешім қабылдамайды немесе қатер деңгейі айрықша жоғары операцияларды орындамайды. Мұны көбінесе баскарудың ұжымдық органы орындайды.