Ұлттық банкінің ақша несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 18:13, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1. мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2. төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3. валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4. қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ
1.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫУ, МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ
1.3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
2 АҚША – НЕСИЕЛІК САЯСАТ
2.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕЛІК САЯСАТЫ
2.2 АҚША –НЕСИЕЛІК САЯСАТ
2.3 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ САЯСАТТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ МАҢЫЗЫ МЕН ЖҮРГІЗІЛУ МЕХАНИЗМІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

УЛТТЫК БАНК.doc

— 273.00 Кб (Скачать файл)

Ұлттық банк рыноктағы бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтiк шоттарынан тиiстi соманы ұстап қалады. Сөйтiп, банктерге несие берудi және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да,  тиiстi соманы банктердiң резервтiк шотына қайта аударады.

Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссиясы көлемiнiң кеңеюiне байланысты жүйесiз жүргiзедi. 

Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен ылғида байланыста болады. Егерде Ұлттық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсiз iшкi ақша саясаты болуы мүмкiн емес, өйткенi айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердiң көбеюi және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруiне әкеледi. ( Мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседi ). Салық-бюджет және ақша саясаттарын бiр-бiрiне сәйкес келтiру белгiлi қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттiк шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай iс-әрекеттердiң нәтижесi ақша саясатымен байланысты болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келгенде, бүгінде қаржы секторының барлық сегменттерінде құрылымдық реформалар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының банк жүйесі банк қызметтері бойынша әлемдік стандарттарға өтуді қолға алды. Еліміздің зейнетақы және төлем жүйелері ТМД елдері ішіндегі ең дамыған жүйелер болып отыр. Біздің қаржы жүйеміздегі Ұлттық банк басқа елдерге үлгі ретінде алынуда. Осылайша Қазақстан Ұлттық банкі ТМД елдерінің жалғыз орталық банкі қызметін атқаруда.

Еліміздің Ұлттық банкі бүгінде осы деңгейде сапалы түрде қысқа мерзім аралығында ақша-несие саясатының дамыған елдердегі стандарттарына өтуіне байланысты болып отыр. Оның негізі 2004 жылы 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі басты мақсаты бағаның тұрақтылығын сақтау, яғни ақша-несие саясатының басқа түрлері (айырбас бағамы, ақша агрегаттары) бастапқы мақсат болып табылмайды.

Ұлттық банк негізгі мақсатын орындаудағы міндеттері мемлекеттік ақша-несие саясатымен ұштасып, елдің төлем балансының функционалды дамуын қамтамасыз ету, валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүргізу, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық банктің ақша-несие саясатындағы негізгі мақсаты ретінде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өзінің алдағы уақыттардағы саясаттарын алдағы жылдарға белгіленген шамалар негізінде қатаң түрде жүргізуге бағытталып отыр. Осы саясат негізінде инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін және Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу бойынша Еуропалық кеңістіктің стандарттарына өту барысындағы шараларын айтып кетуге болады.

Қазіргі таңда ақша-несие саясатын жүзеге асыруда онымен бірге орын алып отырған мәселелер тобын айта кету қажет, олар өздеріне ерекше оларға экономиканың перегреві, шетел капиталдарының жоғары ағылымы, қаржы рыногының өтімділігінің азаюы. Осыған байланысты инфляция тек қана Ұлттық банк бақылауында ғана анықталып қоймай, ол кең мақсатта еліміздің ішкі және сыртқы жағдайларына тәуелді болып отыр. Макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция арасындағы байланысты есеке отырып Ұлттық банк оларды реттеудегі трансмиссионды механизм – комплексті шараларға әсер ету әдістерін қолдануда. Сондықтан жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін ақша-несие саясаты құралдарының бірі пайыз саясатын қысқа мерзімдегі негізде өсіру қолға алынып отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк 2005 жылы ақша-несие саясаты арқылы реттеуді кеңейтті. Оларға: ақша-несие саясаттарын оптимизациялау, салымдардың тартылу мерзімдерін белгілеу, қысқа мерзімді ноталардың айналысқа шығуы, қайта қаржыландыру операциялары. Осы қайта қаржыландыру елдегі инфляцияны төмендету мақсатында пайыздарды өсіруді қолға алды. Қаржы рыногын қайта қаржыландыру пайыздары арқылы кварталдар бойынша бақылап, оны реттеп отыруа ақша-несие саясатының белгіленген бағыттары бойынша қызмет етуге мүмкіндік береді. Еліміздегі жоғары экономикалық өсуге байланысты Ұлттық банктің қатаң ақша-несие саясатын қолдануға мәжбүр болуы, ол 2005 жылы қайта қаржыландыру пайыздарының біртіндеп өсуімен байланысты: 2005 жылы 1 ақпанда 7%-дан 7,5%-ға және 1 шілдеде 8%-ға өсуімен байланысты. Алайда инфляциялық процестердің аяқталуына байланысты Ұлттық банктің алдағы уақыттарда ақша-несие саясаты бойынша басқа да пайыздардың өсуін қарастырады.

Сондықтан ендігі уақыттарда еліміздің Ұлттық банкі экономикалық толқулардан қорғану мақсатында қысқа мерзімді пайыз қойылымдарын өзгерту немесе жоғарлату негізінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру саясатын атқаруды қолға алды. Ұлттық банк қаржы рыногындағы реттеу шараларының бірі қысқа мерзімді банк ноталарын шығару. Бұл өз кезегінде экономикадағы ақша айналысын төмендетуге септігін тигізеді. Осы жағдайда басты құрал болып Ұлттық банктегі банктердің депозиттары болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде, төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің өңдеу салаларының құлдырауы, шаруашылық байланыстарының нашар дамуы және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексельге деген сұраныс арта түсуде. 

Сондықтан алдағы уақыттарда еліміздің есеп айырысудың қолма-қолсыз түрлерімен жүргізілетін опрерацияларға сұраныстың өсетіндігін және осыған орай еліміздің қаржы саласы мен Ұлттық банкі бірлесе отыра шетелдік тәжірибелер негізінде отандық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесін дамытуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулык. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. — 368 бет.   
  2. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
  3. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. 
  4. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.  
  5. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. 

 


Информация о работе Ұлттық банкінің ақша несие саясаты