Ақша нарығы және оның қаржы құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 11:48, контрольная работа

Краткое описание

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады.Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.

Содержание

1. Ақша нарығы туралы түсінік және оның функциясы
2. Ақша нарығының құрылымы мен қаржалақ құралдары
3. Ақша нарығының төлем құралдары

Вложенные файлы: 1 файл

Ақша.docx

— 31.82 Кб (Скачать файл)

Төлем тапсырмасымен  есеп айырысу шаруашылық жүргізуші  субъктілердің арасындағы есеп айырысуларды жүзеге асырудың ең қарапайым тәсілі болып табылады.Бұл құжат шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі  бір соманы өзінің шотынан басқа  субъектінің шотына аудару туралы тапсырмасын  білдіреді.Ол жазылған күнімен бастап 10 күн жарамды болып табылады.Мұнда оның жазылған күні есепке алынбайды, яғни есеп айырысуға қабылданылмайды.Егер банк пен шот иесі басқа нәрселерді кірістірмесе, онда төлем шотта қаражат болғанда ғана орындауға төлеушіден қабылданады.Төлем тапсырмалары мерзімді,мерзімінен бұрын және мерзімі ұзартылған болуы мүмкін.

Мерзімді  төлем мына нұсқаларда орындалады:

  • Аванстық төлем,яғни тауарды жөнелткенге дейінгі төлем;
  • Тауарды жөнелткеннен кейінгі төлем, яғни тауардың тікелей акцепті жолымен болатын төлем;
  • Ірі мәмілелердегі біртіндеп төленетін төлем.

Біршама керісінше сызба банкке соқпай, сатып  алушыға бағытталатын тауар келісімшарты бойынша жеткізілгендер құнының  есеп айырысуы және жөнелтім құжаттарының негізінде сатушының талабын  қамтитын есеп айырысу құжаты –  төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысуды білдіреді.Төлеуші алынған  төлем талап-тапсырманың төлем  мүмкіндігін анықтап, бұл құжатты  сатушының есеп айырысу шотына өзіне  акцептелген соманы аудару үшін өзіне  қызмет көрсетуші банкке табыстайды.Төлем  талап-тапсырмасымен есеп айырысу  төмендегідей жүзеге асырылады.

Аккредитив ( неміс тіліндегі akkreditiv – сенімділік деген мағынаны білдіреді) сатушының  пайдасына сатып алушының тапсырмасы бойынша оған берілетін банктің  шартты ақшалай міндеттемесін білдіреді.Ол бойынша банк (эмитент банк) шот  ашып, сатушы төлемін жүзеге асыра  алады немесе аккредитивке қарастырылған  құжаттар бар болғанда ғана және аккредитивтің  басқа шарттары орындалатын болса  ғана банкке өкілеттілік бере алады.Аккредттивтің  көмегімен есеп айырысудың “ЛС жүйесі бойынша есеп айырысу” дейтін тағы бір атауы болады ( ағылшынша Letters of credit – аккредитив).

Аккредитивтер мыналарға бөлінеді:

  1. Ақшалай және құжаттандырылған.

Ақшалай аккредитив – эмитент-банктің басқа  банкке жөнелтетін және белгілі бір  мерзімде сатып алушыға ақшаны төлеу  туралы бұйрықты қамтитын атаулы құжат.Есеп айырысуда құжаттандырылған аккредитив қолданылады.

  1. Қайтарылып алынатын және қайтарылып алынбайтын.

Қайтарылып  алынатын – бұл, мысалы, келісімшартта  қарастырылған шарттар сақталмаса, эмитент-банк сатушымен алдын-ала  келісіп жатпай-ақ өзгертуі немесе күшін жоюы мүмкін немесе эмитент-банк аккредитив бойынша төлемге кепілдік беру мерзімінен бұрын бас тартқан  жағдайда өзгертілуі немесе күшін жоюы мүмкін аккредитив.

Қайтарылып  алынбайтын аккредитив тұлғаның келісімінсіз өзгертілмейді немесе күшін жоймайды,өйткені  ол оның пайдасына ашылған.Сатушының, егер оның шартында қарастырылған болса,аккредитивті орындау мерзімінен бұрын бас  тартуға құқығы бар.

3.Расталған  және расталмаған.

Расталған аккредитив басқа банк тарапынан  қосымша кепілдікке ие болады.Оны  растайтын банк, егер эмитент-банк төлемді  жүзеге асырудан бас тартатын болса,аккредитивтің  шартына сәйкес құжаттарды төлеу  міндеттемесін өз мойнына алады.Расталмаған  аккредитивтің көрсетілген кепілдігі  болмайды.

4.Аудармалы  ( трансферабельдік) – бірнеше төлеуші-шаруашылық  жүргізуші субъектілер толық  немесе бөліп пайдалануы ықтимал  аккредитив.

5.Жаңартпалы (ағылшынша revolver - айналдыру) немесе  жаңғыртпалы әдетте келісімшартта  тіркелген график бойынша жүзеге  асырылатын тұрақты,қысқа жеткізімдер  үшін есеп айырысуда қолданылады.Ол  төлемнің толық сомасына емес, оның бөлігіне бола ашылады  және тауарлардың кезекті партиясы  үшін болатын есеп айрысулардың  шамасына қарай автоматты түрде  жаңғыртылады.

6.Өтелген  ( депозитке салынған) және өтелмеген  ( кепілдендірілген).

Өтелген – бұл аккредитивті ашу барысында  эмитент-банк төлеушінің өзіндік қаражатын  немесе оған берілген несиені эмитент-банк міндеттемесінің барлық әрекет ету  мерзімінде «Аккредитивтер» жеке баланстық  шотына, сатушы банкісінің өкіміне  аударады.

Өтелмеген аккредитивтердің  ақша  қаражатын өтеу нұсқауы болмайды.Ол бойынша жабдықтаушыға төленетін төлемде банк кепілдік етеді.Бұл жағдайда төлеуші өзіне кепілдігі бар аккредитив қоюы үшін өз банкіне өтініш береді.Эмитент-банк әдетте аккредитвті,корреспонденттік қатынастарды банк пен оның арасында орындайтын шартты белгілеумен төлем қабілеті бар, бірінші сыныпты клиенттерге қатысты оның өтінішін қанағаттандырады.

Аккредитивтің «қызыл ескертпелі» аккредитив дейтін түрі болады. Оған белгілі бір сомаға дейін сатушыға атқарушы банкінің аванс  беруін қарастыратын аккредитивтің  кез келген түрі жатуы мүмкін.Эмитент-банк «қызыл ескертпелі» аккредитивті аша  отырып, төленген аванстардың сомасын, тіпті егер осыдан кейін жөнелтім болмаса да атқарушы банкке өтеуге міндеттенеді.Банктер мұндай аккредитивті қамтамасыз етілмеген несие түрі ретінде бағалайды және оны сирек  жағдайларда ғана береді.

Осылайша,  ақша   нарығының  төлем құралдары  ақша  ресурстарын қайта бөлуді және ауыстыруды жүзеге асыруда үлкен рол атқарады.Олар арқылы ел ішінде де, одан тысқары жерлерде де ақша  айналымының негізгі үлесін қамтитын қолма-қол  ақшасыз  айналым жүзеге асырылады.


Информация о работе Ақша нарығы және оның қаржы құралдары