Ақша қозғалысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 15:53, курсовая работа

Краткое описание

Ақшаның әрбір қызметі тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады:
1. құн өлшемі;
2. айналыс құралы;
3. төлем құралы;
4. қор және қазына жинау құралы;
5. дүниежүзілік ақша.

Вложенные файлы: 1 файл

ақша қызметі......doc

— 37.00 Кб (Скачать файл)

       Ақшаның  әрбір қызметі тауар айырбастау  процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің  өзара байланысының формасы ретіндегі  әлеуметтік-экономикалық маңызының  белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады:

  1. құн өлшемі;
  2. айналыс құралы;
  3. төлем құралы;
  4. қор және қазына жинау құралы;
  5. дүниежүзілік ақша.

       Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндірілуіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

       Ақша құн өлшемі  қызметін идеалды, оймен ойлау  арқылы орындайды. Яғни, тауардың  құның өлшеу ақшаға айырбасталғанына  дейін орындалады, сонымен құнның  тауар формасынан ақша формасына  айналуы үшін тауардың бағасын  белгілесек жеткілікті.

       Тауар бағасын  өлшеу үшін қолма-қол ақшаның  болуы қажет емес, себебі еңбек  өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен  өлшеуге болады, өйткені олар  адам еңбегінің өнімі. 

       Ақша түрінде  көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.

       Құн өлшеу қызметі  жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның  тауарға деген қатынасын көрсетеді.  Бірақ тауардың бағасын анықтау  үшін баға масштабы қажет. Металл  ақша айналысында мемлекет заңды  түрде баға масштабын тұрақты  етіп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда, баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келді. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістің фунты есебінде пайда болды.

       Құн өлшемі  және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі – мемлекетке тәуелді емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңымене анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.

       Арнайы баға  масштабы алтын құны мен оның  мемлекеттік тұрақты бағасының  арасы алшақ болып кетуіне  байланысты өзінің экономикалық  бағасын жоғалтты.

       Қазіргі уақытта  алтын тауарға тікелей айырбасталмайды  және бағалар алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар тікелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие ақшалар тауардың құның өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.

       Сонымен алтын  белгілерінің, яғни толық құнды  емес және қағаз ақшалардың  пайда болуы, ақша формаларының  олардың алтындық мазмұнынан  ажырауына алып келді.

       Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

       Тауарлар бір  қолдан екінші қолға ауыса  отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға  дейін ақша үздіксіз қозғалыста  болады.

       Тауар  айналысы кезінде, ақша делдал рөлін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

       Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

       Біздерге  ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шетелдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпорациялардың және т.б. қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.

       Айналыс  құралы ретінде ақша қызметтерінің  ерекшеліктері мыналар:

  • тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
  • оны идеалды ақшалар емес, нақты ақшалар орындайды;
  • ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес, оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.

       Бірақ,  бұл несие және қағаз ақшалар  ақшалы тауармен байланысты емес  деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуымен түсіндіріледі.

       Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір – несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.

       Егер ақшаның  айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.

       Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

       Егер тауар  мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы  болмаса, яғни тауар төлем ақы  түскенге дейін сатып алынған  немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

       Ақшалар төлем  құралы ретінде тек қана тауар  айналысына ғана емес, сонымен  бірге қаржы-несие қатынастарына  да қызмет етеді. Барлық ақшалай  төлемдерді төмендегідей етіп  топтауға болады:

  • тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
  • еңбекақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
  • мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
  • банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттемелер;
  • сақтандыру міндеттемелері;
  • әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.

       Ақшалар  төлем құралы ретінде айналыс  құралынан өзара айырмашылықтары  бар. Бұл қызметте ақшалар делдал  болып есептелмейді, ол тек қана  сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде  тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.

      Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар, ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.

       Төлем құралы  ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған қызметтерінен айырмашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені анық. 


Информация о работе Ақша қозғалысы