Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2015 в 20:36, курсовая работа
Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.
1) Стандартты несиелер –
2) Күмәнді несиелер – қайтарылу
мерзімі ұзартылған, қайтарылуында
күмән бар несиелер:
а) Күмәнді 1 категория – қайтарылу мерзімі 30 күнге дейін кешіктіріліп, қайтару мерзімі бір рет ұзартылған, банкке біршама тәуекел әкелетін несиені білдіреді. Мұндай несиенің түрі бойынша негізгі қарыз сомасынан 5% мөлшерінде провизия құрады.
б) Күмәнді 2 категория – қайтару мерзімі 30 – 60 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді. Мұндай несие бойынша негізгі қарыз сомасынан 20% провизия құралады.
с) Күмәнді 3 категория – қайтару мерзімі 60 – 90 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді. Мұндай несие бойынша негізгі қарыз сомасынан 20% провизия құрылады.
д) Күмәнді 4 категория – қайтару мерзімі 90 – 120 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел тудыратын несиені білдіреді. Мұндай несие бойынша негізгі қарыз сомасынан 25% провизия құрылады.
е) Күмәнді 5 категория – қайтару мерзімі 120 – 150 күнге дейін кешіктірілген, бір реттен жоғары мерзімге ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел әкелетін несиені білдіреді. Мұндай несие бойынша 50 % провизия құрылады.
3) Үмітсіз несиелер – қайтару мерзімі 180 күнге дейін және одан жоғары мерзімге кешіктірілген, банк үшін қауіпті, яғни пайдасы есебінен шегерімге жататын несиені білдіреді. Мұндай несие үшін 100% мөлшерінде провизия құрылады.
Қазақсатн Республикасының екінші деңгейдегі банктердің 2005 жылдағы берген несиелері бойынша нақты құрған провизиялары 1 – суретте көрсетілген:
4 кесте Екінші деңгейлі банктердің 2013
жылы құрған
Несиелердің жіктелуі |
Нақты қарыз |
Нақты құрылған провизиялар |
Нақты қарыз |
Нақты құрылған апровизиялар |
Нақты қарыз |
Нақты Қарыз провизиялар |
Барлығы |
01.05 |
01.05 |
03.05 |
03.05 |
06.05 |
06.05 |
7444432 |
43079 |
738053 |
41490 |
827117 |
43569 | |
1.Стандартты үлесі, % |
531013
71,3 |
1868
4,3 |
524580
71,1 |
1860
4,5 |
56756
68,6 |
182
0,4 |
2. Күмәнді үлесі, % |
200278 26,9 |
26554 61,7 |
201510 27,3 |
26217 63,2 |
241934 29,2 |
25555 58,7 |
1категория үлесі, % |
122286 61,0 |
6252 23,5 |
123344 61,2 |
6328 24,1 |
155117 64,1 |
7760 30,4 |
2катнгория үлесі, % |
21188 10,6 |
2137 8,1 |
24798 12,3 |
2498 9,5 |
31065 12,8 |
3107 12,2 |
3категория үлесі, % |
31994 16,0 |
6847 25,8 |
25470 12,7 |
5556 21,2 |
32858 13,6 |
6571 25,7 |
4категория үлесі, % |
7766 3,9 |
1971 7,4 |
11116 5,5 |
2872 11,0 |
23326 5,5 |
3332 13,0 |
5категория үлесі, % |
17044 8,5 |
9346 35,2 |
16.81 8,3 |
8962 34,2 |
9569 4,0 |
4786 18,7 |
3. Үмітсіз үлес, % |
13140 1,8 |
14658 34,0 |
11963 1,6 |
13413 32,3 |
17826 2,2 |
17831 40,9 |
3 Нарықтық экономика жағдайында банктік
тәуекелді басқару
3.1 Нарықтық экономика жағдайында
банктік тәуекелді басқару
Қарыз алушының сипаты бұл оның беделін, жауапкершілік дәрежесін, қарызды өтеуге дайындығын және қалуын білдіреді.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несие қайтару қабілетін сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығыстары және олардың алдағы уақыттардағы өзгеру перспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады.
Ақшалай қаражаты. Жалпы қарыз алушының алған несиені қайтаруын үш көзі болады:
Көрсетілген көздердің кез келген несиені қайтаруға арналған қаражаттың қалдық сомасын қамтамасыз ете алады. Бірақ та банктер несиені қайтарудың негізгі көзі ретінде нақты ақшалар тасқынын маңызды санайды, себебі активтерді сату қарыз алушының баланстын нашарлатып жіберуі мүмкін деп санаса, ал қосымша қаражат тарту банктің кредитор ретіндегі позициясын бәсеңдетеді.
Нақты ақшалардың жетіспеуі қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлығын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады.
Нақты ақшалар тасқыны мынадай түрде анықталады:
Нақты ақшалар тасқыны = Таза пайда + Амортизация + Кредиторлық қарыз – Тауарлы – материалды құндылықтар қоры және дебиторлық қарыз.
Бұл формуланын артықшылығы – оның көмегімен несиелік қызметкер қарыз алушының менеджерлерінің біліктілігін және тәжірибесін, сол сияқты қарыз алушының жұмыс жасайтын нарығының жағдайын анықтай алады.
Қамтамасыз етуі. Сондай – ақ банк қарыздың қамтамасыз етілуі яғни, оның жеткіліктілігіне, сапасына және қарыздың қайтарылмау жағдайында оның өтімділік дәрежесіне мән береді.
Экономикалық жағдай. Несиеге деген өтінішті қарау барысында банк жалпы шарт ретінде елдегі іскерлік жағдай және оның банк жұмысына, сол сияқты қарыз алушының жағдайына тигізер ықпалын сипаттайтын экономикалық коньюктуралық жағдай, бәсекелестерінің болуы, салық, баға, және т.б. қарастырылады.[21]
Бақылау. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы соңғы факторға бақылау жатады.
Әлемдік банктік тәжірибеде несиелік тәуекелді бағалауда мынадай көрсеткіштер қолданылады:
1. Активтер сапасындағы
а) К1 = Несие бойынша зияндар / Несие бойынша қарыздың орташа сомасы.
б) К2 = Несие бойынша зияндар / Несиелердің жалпы сомасы.
Екі коэффициент те (К1 және К2) банктердегі активтердің сапасын бағалау үшін пайдалынады. К1 – дің критериалды деңгейі Солтүстік Американың банктері үшін 0,5 – 1,0%, ал К2 – кі 0,7 – 1,5%. Оңтүстік Американың банктерінде (үмітсіз қарыздар бар болса) К1 коэффициентінің деңгейі 1,5 – 2,0%. Солтүстік Америкада 1980 жылдардың басы мен ортасында жылжымайтын мүлікті несилеу сферасындағы дағдарысқа байланысты ипотекалық несилер бойынша көптеп шығындауы кезеңінде К1 – дің мәні 1% - ке жуық болған. Ал қазіргі кезде американдық банктерінде К1 шамамен 0,45 – 0,6 % - ті құрады.
1. Тәуекелге, шағылған Таза пайыздық табыс – Несие бойынша зиян
маржа = Активтер
Тәуекелге шағылған маржа (RAM – risk adjusted margin), - бұл несиелік тәуекелге шағылған жалпы пайыздық маржа (GIM – gross interest nargin). Халықаралық деңгейде танылған нормалар қатарында RAM көрсеткіші болмағанмен де шетелдік банктер оны несиелік тәуекел деңгейін бағалауда кеңірек қолданады. Бұл жерде статистикалық мәліметтер, оның оңтайлы мәнінің 3 – 3,5% - ды құрайтынын күәландырады.
Таза пайыздық маржа Таза пайыздық табыс (NII)
(NIM) = Активтер
Жалпы пайыздық Таза пайыздық табыс – Басқа да табыстар
маржа (GIM) = Активтер
2. Проблемалық несиелер / Несилердің жалпы сомасы.
3. Бір қарыз алушыға келетін несие / Банктің меншікті капиталы.
Халықаралық банктік тәжірибеде банктердің бір қарыз алушыға келетін несиенің сомасы банктің меншікті капиталының 25% - нан аспауы тиіс. Бұл әрине несиенің үлкен мөлшерін білдіреді.
4. Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға банктің құрылтайшыларын, директорларын акционерлерін және банкпен тікелей байланыста болып, несие алу барысындағы жеңілдіктерді пайдаланатын басқадай қарыз алушылар жатады.
Несиелерді сапасына қарай топтау және талдаудың маңызы бар.
Несиенің сапасы деп сол несиеге тиісті несиелік тәуекелдің дәрежесі айтылады. Несие сапасының көрсеткішінің деңгейі несиелік тәуекел деңгейіне кері пропорционал (несие сапасы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым оның қайтарылуын күмәнсіз, және керісінше) болып келеді. Бұл жерде несиелік тәуекелдің көрсеткіштерінен несие сапасының немесе банктік несиелік портфелінің көрсеткіштерінің айырмашылығы – бұл банктің берген несиелер бойынша анықталған нақты шамасында. Несиенің сапасының категорияларына байланысты несиелік портфель құрылымын және несиенің әр категориясы (соның ішінде, тұтыну, ипотекалық және басқа) бойынша проблемалық, мерзімі өткен, үмітсіз несиелерді біле отырып, банк несиелік операциялар бойынша зияндарды төмендетуге бағытталатын шаралар қатарын жүзеге асыруға мүмкіндікке қол жеткізеді.[22]
Қорытынды
Қазақстан экономикасы тұрақты, ірі, шоғырланған банктік жүйеге мұқтаж болуда, сондай – ақ, болашақта үлкен экономикасы күшті болуына уәде беретіндей өз алдына құралдарды дербес тартуға және перспективалы жобаларға салымдардың салынуын қажет етеді.
Яғни, банктік сектор, өзі көптеген макроэкономикалық факторларға тәуелді, бірақ тиімді банк жүйесі болып, маңызды компоненттермен және ұлттық экономиканы дамытудағы бірден бір қажетті шарттардың бар болуынан табылады.
Есте сақтап айтуға болады, бізбен қарастырылған банктің тәуекелділік басқаруы бойынша жұмыс аспектісі, кез келген банкке практикалық кең мағынада қолдануға болады.
Қазіргі банктік сектор тәуекелсіз болуы мүмкін емес, өйткені тәуекел әр банктік операцияда бар, бірақ белгілі бір тәуекелдің жіктелуі әр түрлі болуы мүмкін. Көрсетілген жіктеулер, банктік тәуекелдердің түрлерін ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір жүйеге сәйкес және ерекшеліктеріне байланысты тәуекелдер болады.
Осыдан келе көптеген банктік тәуекелдер түрлері бар және олар банктің жүргізетін операциялар есебі үшін өте маңызды. Бірақ біз ең маңызды тәуекелдерді қарастырамыз және мүмкін болатын тәуекел деңгейін, оларды басқарудың тиімді тәсілдерін ұсынамыз. Банктер өздерінің қызметтерін халықаралық деңгейде атқаратын кезде келесі сыртқы тәуекелдер: елдік, валюталық, форс – мажорлық міндеттемелер тәуекелдер кездеседі.
Несиелік тәуекелді бағалауда отандық банктің табыстылығын арттыруға мүмкіндік жасайды.
Несие мақсаттары мен жалпы қағидалары болып: банк үшін пайдалылық кәсіпкерлікті кеңейту қажет, сондай – ақ, әрбір несие мүмкін тәуекел шегінде пайда әкелуі тиіс, қайтарымдылық және толықтылық, несие мәлімдемелерін бағалау, қайтарымдылығы бойынша қауіп әкелетін несиелерді басқару, әртүрлі өнеркәсіп салалары бойынша несие топтарын шектеу, нарық қатынастарын құруда банк клиенттерінің қаржылық жағдайын және экономикалық жағдайын нығайтуға көмектесу болып табылады.
Пайыздық саясат банктік қызметте оның табыстылығының нәтижесі болып табылады. Пайыздық тәуекелді пайыз мөлшерлеменің деңгейдегі өзгерістерге қатысты табыстылықтың немесе қаржылық актілер бағамының өзгеруі ретінде анықталады.
Валюталық тәуекел – шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамның өзгерумен байланысты бағамдық қатері. Шетелдік валюталар бағамының артуын ұдайы бақылау (әртараптандыру), сақтандыру, форвардтық контрактіні бекіту банктердің іс – тәжірибесінде валюта қатерін кемітудің әдістері болып табылады. Мұндай шараларды жасау – тәуекел саласындағы банк стратегиясының маңызды компоненті болып табылады.
Мемлекеттік тәуекелдің болуына кінәлі болған мемлекет үшін банкрот түсінігі қолданылмайды, өйткені мемлекеттің өзі ұлттық территорияда заңды іс әрекеттерді жүзеге асырған кезде өзінің тәуелсіз екендігін көрсетеді. Оған қоса халықаралық құқық нормаларында халықаралық несиелеудің алудың негізгі принциптері болуы керек, өйткені оларды қайтаруда кредиторлардың да және несиелік процесті қаржыландыруды қамтамасыз етушілердің де тағдыры шешілмек.
Негізінен мемлекеттік тәуекелдер халықаралық кредиторлардың борышкерлерге әсер ету үшін шектелген шаруалардың нәтижесінде пайда болады. Алайда бұл осы қорларды инвестициялап отырған банктің еларалық тәуекелді алдын ала болжамауынан және де оларды басқара алмауын білдірмейді. Несиелік тәуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне – потенциалды қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақытылы қайтаруына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылады.
Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетуде басты шара болып табылады. Көптеген шет мемлекеттерінде несиелік тәуекелді реттеуге қатысатын арнайы орган бар. Ол – несиелік бюро.
Шетелдік банктерде қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалайтын PARSER немесе CAMPARI деген әдісін қолдану және американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білетін «алты си ережесі» қолданылады. Бұл қарыз алушының жауапкершілігін, қарызды өтеуге дайындығын көрсетеді.
Банктік тәуекелді басқаруда тәуекелді төмендету бойынша бағытталған іздестірулер мен жұмысшыларды ұйымдастыру, табыстылықпен тәуекелдің қарым – қатынасын, қаржылық жағдайдағы пайданы табу.
Қазақстанда заңды және жеке тұлғаларды несиелеудің дамуына байланысты банктерге қарыз алушылардың несиелік тәртібі және басқа несиелік ұйымдармен байланысы туралы ақпараттар өте маңызды болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл мәселені тек несие берушілер арасында қарыз алушылар туралы ақпарат алмасу үшін құрылған несиелік бюролар көмегімен шешуге болады. Несиелік бюролар: біріншіден, банктердің нарықтағы қарыз алушылар жайлы мәліметтердің деңгейін жоғарылатып, ссудалардың қайтарылуын нақты болжауға, несие берушілерге ссуданың мақсаты мен бағасын тиімді анықтауға мүмкіндік беред; екіншіден, банктерге өздерінің клиенттері тралы ақпаратты іздеуде шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды. Бұл несиелік нарық ішіндегі ақпараттарды теңестіруге және осы арқылы несие берушілерге несиелік ресурстар үшін тиімді бағаны анықтауға жағдай туғызады. Төменгі пайыздық мөлшерлемелер қарыз алушылардың таза табысын арттырып, нәтижесінде олардың қызметін ынталандырып; үшіншіден, қарыз алушыларды тәртәпке тәрбиелеу үшін тәртіптілік механизмін құрады. Әрқайсысы біледі, егер міндеттемесін орындамаса, оның оның несие берушілер алдындағы беделі түсіп, несиелік ресурстарды алу мүмкіндігі шектеледі және несиелік ресурстар ол үшін қымбаттайды. Сонымен қатар, бұл тәртіп қарыз алушының несиенің қайтаруына ықпал етеді.