Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 13:19, реферат
ҚР «Халық Банкі» АҚ құрылымы
8.1 Қазақстан «Халық Банкі» АҚ даму тарихы
Халық Банкінің тарихы — бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған. Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінен, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды.
Коммерциялық
банктердің қызметтері. Коммерциялық
банктердің қызметтері. |
Fitch агенттігі Қазақстан Халық
банкінің рейтингін «C/D»
Бүгін мәлім болғанындай,
Fitch Ratings халықаралық агенттігі Халық
банкінің жеке рейтингін «D» деңгейінен
«C/D» деңгейіне дейін өсірді.
Мұнымен қатар агенттік банктің басқа
да рейтингтерін: «BB» ұзақ мерзімдік, «Тұрлаулы»
болжамдық, «B» қысқа мерзімдік және «3»
— қолдау рейтингін растап берді.
Банктің жеке рейтингінің көтерілуі оның
2004 жылғы қаржылық көрсеткіштерінің бұрынғысынша
айтарлықтай жоғары деңгейде екендігін
дәлелдейді (орташа активтердің табыстылығы
2,5 пайызды құрайды).
Ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік рейтингтер
мен жеке рейтингтер сонымен қатар банктің
клиенттер базасының ауқымды көлемін,
әсіресе жеке тұлғалар мен орта және шағын
бизнес кәсіпорындарына банктік қызмет
көрсету секторындағы базаның ауқымдылығын
көрсетеді. Сонымен қатар бұл рейтинг
көрсеткішінде банктің кредит портфелінің
жедел өсімімен байланысты тәуекелдер
(олар 2004 жылы 55 пайызға жуықтаған болатын),
кредит портфелінің біршама төмендесе
де, әлі де айтарлықтай деңгейі (2004 жылдың
аяғында меншікті капиталдың 1,8х 20 ірі
қарызгердің үлесінде болды) және резервілеудің
жеткіліксіз консервативтік саясаты ескеріледі
(стандарттық кредиттер бойынша мүмкін
болатын жоғалтулар резерві құрылмаған).
Банкті капиталдандыру деңгейі орташа
мәнді деп есептеледі, меншікті қаржының
активтерге қатынасы 2004 жылдың аяғында
9 пайызды құрады, ал капиталдандыру коэффициентін
(2004 жылдың аяғында 14,3 пайыз болды) субординациялық
қарыздық міндеттемелерді айтарлықтай
көлемде шығару арқылы тиісті деңгейде
ұстап отыру мүмкін болды.
Қазақстан Халық Банкі активтер көлемі
жағынан еліміздегі аса ірі банктердің
ішіндегі үшінші банк болып табылады.
Банктің республика аумағындағы филиалдар
желісі өте кең таралған, бұл оның ұзақ
уақыт бойы мемлекеттік жинақ банк болып
келген тарихымен байланысты. Банк акцияларының
бақылау пакеті қазір Қазақстанның саяси
топтарымен жақсы байланысқан ірі жеке
тұлғаның қолында. 2005 жылдың басында Халық
банкі Басқармасының төрағасы болып бұрын
Ұлттық банкті бірнеше жыл басқарған Григорий
Марченко тағайындалды.
Fitch Ratings агенттігінің жеке рейтингтері
егер банк толық мәнді тәуелсіз болса
және сыртқы қолдауға сүйене алмаса беріледі.
Қолдау рейтингі қиындық жағдай туындағанда
банктің өз иелерінен немесе мемлекеттен
қолдау алу мүмкіндігінің көрсеткіші
болып табылады. Аталған рейтингтер борыштық
міндеттемелер рейтингі бола алмайды,
шын мәнінде, бұл банктің ішкі мүмкіндігін
және тиісінше сыртқы қолдаудың деңгейін
көрсетеді, ал банк сыртқы қолдауға әрқашан
қол жеткізе алмауы да мүмкін.
«Эксперт РА Казахстан»
«Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ»
АҚ-ның сенімділік рейтингін А++ деңгейінде
растады
«Эксперт РА Казахстан» рейтинг агенттігі 01.01.2012ж. жағдай бойынша мониторинг аясында «Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ» АҚ-ның сенімділік рейтингін «Сенімділіктің айрықша жоғары (ең жоғары) деңгейі» А++ деңгейінде растады.
Меншікті капитал
Валюталық тәуекелдің жоғары деңгейі, сондай-ақ ЖЗҚ кірістілігінің төмендеуіне (01.01.2012 жылы К212 1,8% дейін төмендеді) және теріс комиссиялық сыйақы бойынша кредиторлық берешек түріндегі міндеттемелердің туындауына (01.01.2012 жылы 5,16 млрд теңге) алып келген қор нарықтарындағы жоғары құбылмалылықтың әсерінен 2011 жылдың екінші жартысындағы қордың таза инвестициялық кірісінің төмендеуі (01.08.2011 - 01.01.2012 аралығында ТИК 31,1 млрд теңгеге қысқарды) рейтинг бағасының деңгейіне тежеушілік ықпалын тигізді.
«Жалпы біз инвестициялық кірістің қысқаруына байланысты қордың қаржы көрсеткіштерінің төмендегенін бақылап отырамыз, бірақ ЖЗҚ-ның жоғары деңгейде капиталдандыруы рейтингтің ағымдағы деңгейін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Алайда алдағы уақытта инвестициялық қызметтің көрсеткіштері төмендеген жағдайда, қор рейтингі де төмендеуі мүмкін», - деп түсіндірді «Эксперт РА Казахстан» бас директорының орынбасары Арман Жахин.
Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ зейнетақы қызметтерінің нарығында 1998 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істеп келеді, қызметінің таралу шегі елдің барлық облыстарын қамтиды. ҚҚК-нің деректері бойынша 01.01.2012ж. қордың жинақталған зейнетақы қаражаты 877,5 млрд теңге, зейнетақы жарналары – 665,3 млрд теңге, «таза» инвестициялық кіріс сомасы – 178,0 млрд теңге, меншікті капитал мөлшері – 27,3 млрд теңге болды.
Бəсекелестер туралы мəлімет. 2005 ж. 01 қаңтарындағы жағдай бойынша банк
секторындағы активтер жиынтығындағы үш ірі банктің үлесі2004 жылдың қазан
айымен салыстырғанда61 пайыздан62 пайызға дейін, ал банк секторының
міндеттемелер жиынтығындағы үш ірі банктің үлесі62,0 пайыздан63,0 пайызға
дейін өсті. Несиелік портфельдер жиынтығы бойынша аталған үш банктің үлесі
2005 жылдың қаңтарында65 пайызды құрады.
2005 жылдың01 қаңтарындағы жағдайға сəйкес қалыптасқан екінші деңгейлі
банктер бойынша мəліметтер:
Екінші деңгейлі банктер бойынша жинақталған баланста3 ірі банктің үлесі2005
жылғы01 қаңтардағы жағдайға сəйкес- 49 пайыз, жарғылық капитал үлесі34
пайыз деңгейінде болды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның осы аталған
баланстағы үлесі13 пайызды құрады, ал жарғылық капиталдағы үлесі10 пайызға
тең болды.
Айта кететін бір жағдай, клиенттер міндеттемелерінің63 пайызы мен депозиттер
көлемінің66 пайызы Қазақстанның ірі банктерінің үштігінде шоғырланған. Ал
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның бұл көрсеткіштер бойынша үлесі
міндеттемелер жиынтығында- 15 пайыз, клиенттер депозиттерінде14 пайыз
болып отыр.
Үш ірі банктің субординациялық борыш бойынша баланстық жиынтықтағы үлесі
62 пайызды құрады, оның ішінде«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның аталған
борыш құрамындағы үлесі- 14 пайыз.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ берген кредиттерінің көлемі(нетто) мен
депозит базасының көрсеткіштері мен орташа көрсеткіштерге жасалған
салыстырмалы талдау нəтижесі
Банктің аталған қаржы
орындарда келе жатқандығын көрсетіп отыр. Банк активтерінің құрылымында
табысты активтердің орташа үлес салмағы жоғары болумен қатар, басқа
банктермен салыстырғанда, өтімді активтердің үлес салмағы да айтарлықтай
жоғары деңгейде сақталып отыр.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның таза табысының қарқынды өсімі,
активтер табыстылығы мен меншікті капиталдың көрсеткіш мəнінің жоғары
болуы тəуекелдік қаражат салымын сақтай отырып, Банк акционерлеріне нарық
талаптарына сəйкес табыс алуды қамтамасыз етуге мүмкіндігін туғызады. Жалпы
алғанда, Банк қызметінің салалық орташа көрсеткіштерге қатысты алғандағы
салыстырмалы сипаттамасы Банктің бəсеке қабілетін, клиенттер қажеттігін
барынша қанағаттандыру үшін банк өнімдері мен қызметтерінің барлық спектрін
дамыту əлеуетінің жеткілікті екендігін көрсетеді.