Коммерциялық банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 17:00, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Вложенные файлы: 1 файл

Коммерциялық банктерБД.docx

— 36.84 Кб (Скачать файл)

Коммерциялық банктер

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.  
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.  
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.  
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.  
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.  
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.  
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.

Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын  
жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.  
Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп,барлық тақырыпшаларға жеке – жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары – біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.  
Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:  
- Коммерциялық банктің мәнін ашу;  
- Коммерциялық банктердің фукнцияларын талдау;  
- Банктің активті және пассивті операцияларын қарастыру;  
- Банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;  
- Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.  
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

І. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы.  
Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.  
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.  
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған сондықтан «коммерциялық банк» деген атауға ие болды. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономикалық өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан, да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсету олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.  
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200 – ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.  
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездей-соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.  
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық  
банктер қаржы делдары ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да  
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскелік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.  
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады. Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмай қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.  
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақша жасауы мен жоюында б.т. Бұл жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақаш қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.

2. Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы.  
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.  
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін – Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.  
Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегіде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.  
Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.  
Еншілес банк – жарғылық қордың 50% - нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.  
Қазақстан бұрынғы КСРО – ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалыға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т.б.)  
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы – олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.  
Бірақ, жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан,  
оған облыстық басқармалар бағанса, ал соңғысына аудандағы бөлімшілер бағынышты болып келді.  
Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға мамандандырылған.  
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.  
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір – екі бөлімшесі болатын болса, онда орталақтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліссіз болмауға тиіс. Банктің ұйымдастырылуы құрылымы басты екі әдіспен анықталады – банктің басқарылуы құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.  
Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.  
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым – қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.  
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрінде шешуге құқығы бар.  
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.  
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындақтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғарғы басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды. Яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.  
Басқарма (банк кеңесі) – банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды. Басқарманың ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиеттерінің мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.  
Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк – күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.  
Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитет құрылады: әкімшілік (ағымдағы сұрақтарды), есеп-қарыздық ( несие беру инвестициялау), ревизиялық (қаржылық жағдайын тексеру).  
Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды. 


Информация о работе Коммерциялық банктер