Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 19:57, лекция

Краткое описание

7.1 Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні
7.2 Кәсіпкерлік тәуекелдің негізгі түрлері
7.3 Кәсіпкерлік тәуекелдің жіктелуі.

Вложенные файлы: 1 файл

Лекция 7.doc

— 57.00 Кб (Скачать файл)

0

      Тақырып 7. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні

           7.1 Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні

           7.2 Кәсіпкерлік тәуекелдің негізгі  түрлері 

           7.3 Кәсіпкерлік тәуекелдің жіктелуі. 
 

    Қандай-да болмасын кәсіпорын белгілі бір  тәуекел жағдайында жұмыс атқарады. Ол тәуекелдерге мынлар жатады:

    1). Өндірістік.

    2). Қаржылық.

    3). Басқарушылық шешім қабылдау. 

    Сондықтанда тәуекел факторы – кәсіпкерлердің қаржылық материалдық ресурстарды  үнемдеуге, жаңа жобалардың есептеріне мұқият көңіл аударуды талап етеді.

    Кәсіпкерлік тәуекелдің факторы әсіресе тұрақсыз экономика жағдайында болатын құнсыздану процесі мен қымбат несиелер кезеңінде  өте жоғары болады.

    Кәсіпкерлік тәуекел – бұл белгілі-бір  іс-шара немесе басқарушылық шешу орындалмау нәтижесінде кәсіпкердің шығынының көлемі.

    Кәсіпкерлік тәуекелді мынадай 3 түрге бөлуге болады:

       І. Өндірістік тәуекел-бұл кәсіпорынның белгілі – бір келісім шарт бойынша белгіленген міндеттемелерін  орындай алмай қалу мүмкіндігі және баға саясатындағы қателіктерге байланысты пайда болатын тәуекел. Бұл тәуекелдің мынадай үш түрі бар:

    1). Өндірістік тәуекел - өндірістің  толық тоқтап қалу тәуекелі.

    2). Қажетті материалдардың елмей  қалу тәуекелі.

    3). Өндірілген өнімді сатуға келісім  шарт жасай алмау тәуекелі.

    4). Сатылған өнім үшін төленетін қаржы көлемін алалмай қалу немесе кешіктірмей алу.

    5). Сатылған өнімді қайтарып беру  тәуекелі.

    6). Келісілген несие – инвестиция  келісімдер ьуралы шарттардың  орындалмай қалу тәуекелі.

    7).  Баға тәуекелі

    8). Кәсіпорын немесе оның әріптесінің  банкрот болу тәуекелі. 

    ІІ. Қаржылық тәуекел – бұл қандай да болмасын қаржылық несиелік операцияларды  жүргізу нәтижесінде шығындану  ықтималдылығы тәуекелділігі. Оларға: 1). Несиелік

    2). Пайыздық

    3). Валюталық

    4). Пайда алу мүмкіндігінен айырылу  тәуекелі. 

    Инвестициялық салымдарды құнды қағаздарға салынған ақшалай қаражаттармен жаңа істі бастау.

    Жжаңа іс жүргіз тәуекелі өз үш түрге бөлінеді

    1). Техникалық жаңалықтарды енгізуге  байланысты пайда болатын тәуекел.

    2). Өндірістің ұйымдық немесе экономикалық  жұмысына байланысты пайда болатын тәуекел.

    3). Жаңадан құрылған кәсіпорын тәуекелі.

    Кәсіпкерлікте осы жоғарыда аталған тәуекедерді  төмендету үшін мынадай тәсілдер қолданылады:

    1). Диверсификация – бұл капиталды  бір-бірімен байланысты емес әр  түрлі жұмыс түрлеріне бөліп  орналастыру тәсілі.

    2). Сақтандыру тәсілі – бұл белгілі  бір тәуекелдерді сақтандыру  компаниясына өткізу тәсілі.

    3). Шек қою (лимит)  - бұл белгілі  бір шығындарға шек қою тәсілі.

    4). Жинақтау – бұл белгілі бір  шығындардың орнын жабуға қажетті  қаржы көлемін жинақтау.

    5). Тәуекелді тарату – бұл әр-түрлі  жобалар арасында тәуекелді бөлу  орналастыру тәсілі.

    Жалпы алғанда тәуекел деңгейін төмендетудің мынадай үш қағидасы бар:

    1). Қолда бар капиталдан артық  тәуекелге бармау.

    2). Қашанда болмасын тәуекелден келетін шығындарды ұмытпау.

    3). Аз нәрсеге бола көп капиталмен  тәуекелге бармау. 
 
 

Тақырып 7.Бағалы қағаздарды шығару және олардың  айналысы

     Бағалы  қағаздың эмиссиясыбұл эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару немесе орналастыру бойынша эмитент заңымен белгіленген тәртібі.

     Бағалы  қағаздың айналысы – бұл меншік иесінің бағалы қағазға  құқығын  беретін азаматтық құқықтық мәмілелер  жасау.

     Бағалы  қағаздар эмиссиясы клесі кезендерден  тұрады:

          1. Эмитенттің бағалы қағаз туралы  шешім қабылдауы.Бағалы қағаздарды шығару туралы шешімді, екі данадан жасайды. Егер бұл даналардың мазмұнында сәйкес келмейтін жерлері болса,онда тіркеуші органда сақталған дана дұрыс деп саналады.

          2. Бағалы қағаздардың шығуын тіркеу. Эмитент бағалы қағаз шығару  туралы шешім қабылдағаннан кейін  бағалы қағаздарды тіркеуші органда тіркейді. Тіркеуден бас тарту негізі:

  1. Эмитенттің Қазақстан Республикасының заң талаптарының бұзылуы.
  2. Ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі.
  3. Эмиссия проспектісінде жалған мәліметтерді енгізу және т.б.

    3.  Бағалы қағаздарды орналастыру. Тіркеуден өткеннен кейін бағалы қағаз нарықта орналастыру қажет.Орналасқан бағалы қағаздар саны, құрылтайлық құжатта немесе шығару проспектісінде көрсетілген саннан аспауы керек.

      4. Бағалы қағаздар шығару туралы  қорытынды есепті тіркеу.Эмитент бағалы қағаздар нарықта орналастырғаннан кейін, 30 күннен кешікпей тіркеуші органға есепті табыс етеді. 

                         Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Закон «О рынке ценных бумаг».
    2. Положение о лицензирование брокерской деятельности на рынке дилерской деятельности на рынке ценных бумаг.
    3. Иванов А.Н. «Обращение и регистрация ценных бумаг» Москва, 2002г.
    4. Кузнецов М.В. «Технический анализ рынка ценных бумаг» Москва, 2005 г.

    5.   Журнал «Рынок ценных бумаг  » / Алматы.

Информация о работе Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні