Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2014 в 14:19, лекция
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
Кіріспе..................................................................................................................... 3-6
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері...................................................................................................................... 7
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты....................... 7-16
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі................................................................................................. 17-31
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері......................................................... 32-38
2- бөлім. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау.................................................................................................... 39
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының
жалпы сипаттамасы............................................................................................. 39-40
2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау................................................. 41-45
2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау............................................... 46-51
2.4. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................... 52-59
2.5. Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 60-64
2.6. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 65-70
3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары........................................................................................................... 71-75
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру.............................................................................. 76-79
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру.......................................................................... 80-83
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................... 84-85
Қорытынды........................................................................................................ 86-88
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 89-94
Қосымшалар......................................................................................................... 91-9
•баланстың өтімділігін, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің
абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстырмалы
көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың дең-гейінің
өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп
шығару;
• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін
анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзім-ді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық қызметін талдау-дың қор ытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды:
жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы
коммерциялық, өндірістік және қаржылық
қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық
қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде
меншікті және тартылған капиталдың көлемі
мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі
болып табылады. Ол қаржы ресурстарының
жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына,
есеп және несие тәртібін сақ-тауға, меншікті
және қарыз қаражаттарының арасындағы
арақатынастың рацио-налдылығына, сондай-ақ
кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында
қаржы-лық тұрақтылыққа қол жеткізуге
бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің
қар-жылық, өндірістік және коммерциялық
жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара
тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің
жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату
көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның
өзі алатын төлем-дерді және ақша қаражаттарын
алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарасты-рылған
сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының
қажетті деңгейге сәй-кестігіне және оны
бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты
болады.
Жоғары сапалы өнімді
үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның
қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс
процесінде өнім сапа-сының төмендеуі
және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын
шотына ақша қа-ражаттарының келіп түсуіне
кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс
та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы
материалдық ресурстардың келіп түсуінің
іркілісіне, демек өндіріс процесінің
тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының норма-сының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөл-шерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қара-жаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қоры-тылады.
Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс та-бады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан
бастаған жөн және
оған мыналар жатады:
• кәсіпорын активтерінің
құрылымдық және құрамдық динамикасын
талдау;
• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
• баланс өтімділігін талдау;
• кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы
№2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң
күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан
бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады,
сондай-ақ қаржылық есеп беру-ге негізделген
немесе қаржылық есептен алынған материалдармен
толықты-рылуы мүмкін және бұл материалдар
солармен бірге оқылады. Түсіндірме хат-та,
берілген субъектінің есеп және есеп берудің
қандай саясатын ұстап отырған-дығы және
каржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына
сай басқа да ақ-параттар жазылуы тиіс.
Мысалы, оған: субъектіге әсер етуші тәуекел
мен белгі-сіздік туралы, қаржылық есепте
жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді
жазуға болады. Нарықтағы географиялық
сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет
түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің
әсері туралы мәлімдемелер және басқалары
қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа
әлеуметтік төлемдерді есептеу, сон-дай-ақ
жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000
есе есептік көрсеткіштен аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен
аспайды. Қазіргі кезде бізде қолданылып
жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары
бо-йынша халықаралық есеп стандартының
талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы
жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық
тәжірибеге бейімдей отырып реформалау
процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден,
негізін құраушы нарық-тық қатынастар
болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің
қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің
әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен
байла-нысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау
процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына
жаңа көзқарастар пайда болды және оның
бағыты өзгерді. «Қар-жылық есептің мақсаты
- бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік
баланс және қаржылық есептегі негізгі
ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей,
бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық
жағдайы және оның қызметінің нәти-желері
мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында
болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды
әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету
болып табылады[12]. Қаржылық есеп негізінен
өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін
және де кәсіпорын үшін инвестициялық
шешімдер мен несие беру бойынша шешім-дерді
шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы
ақша ағьгмдарын және осы субъектіге сеніп
тапсырылған ресурстар мен басқарушы
органдардың жұ-мыстарымен байланысты
ресурстар мен міндеттемелерді бағалау
үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды.
Алайда қаржылық есеп қолданушыларға
экономикалық шешімдерді қабылдау үшін
қажетті барлық ақпараттарды қамты-майды.
Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын
экономикалық шешімдер субъектінің ақша
қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды,
сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу
және нәтижеге сенімді болуын талап етеді.
Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына
және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды
төлеу, несиені қайтару және табысты тарату
қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар
тек қана субъектінің қаржылық жағдайын,
қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі
қаржылық есебінің өзгерісін сипат-тайтын
ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық
қажетті ақпараттармен жаб-дықталған
болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша
қаражаттарының айнал-дыру мүмкіндігін
одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық
құпияны қор-ғау туралы заң қолданушылар
алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды,
деген-мен олардың ішінде кейбіреулері
(тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар)
өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте
көрсетілген ақпараттарға косымша ақпараттарды
талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі
қаржылық есепке қаржылық ақпараттың
басты көзі ретінде сенуі тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп
шаруашылық субъектіле-рінің қызметі
жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген
бірден-бір кө-зіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық
нысандардағы шаруашылық субъектілерінің
өзара негізгі байланысына және басқару
шешімдерін қабылдауға қажетті анали-тикалық
есептердің ақпараттық базасына айналды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда
негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік
баланс атқарады.
Баланс - есепті жылдың басындағы және
соңындағы кәсіпорынның қаржы-лық жағдайын
сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады.
Біріншіден, ба-ланс меншік иелерін шаруашылық
субъектісінің мүліктік жағдайымен таныс-тырады.
Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді,
материалдық құралдар-дың сандық және
сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын
арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін
ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден,
басшы-лар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар
жүйесіндегі өз орны, таңдап алын-ған стратегиялық
бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды
пайдалану тиім-ділігінің салыстырмалы
сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша
әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау
туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың
мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты
сыртқы қолданушыларға да пайда-лануға
мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар
жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау
үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда,
сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі
есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі
жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер
аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін
көмек ала-ды, ал талдаушылар қаржылық
талдаудың бағытын анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудін мақсатқа сәйкестігі және оның шарт-тары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тә-уекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылы-ғын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды.
Бухгалтерлік баланс
қаржылық есептің негізгі түрі бола
отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын
мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы
мен өтімділігін, меншікті капитал мен
міндеттеменің қолда барын, дебиторлық
және кредиторлық борыштың динамикасы
мен жағдайын және кәсіпорынның несие
қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін
анықтауға мүм-кіндік береді. Баланс көрсеткіштері
кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін,
оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруащылық
қызметке же-туі, қарыз көздерінің көлемі
мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру
тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Осылайша, бухгалтерлік балансты тал-дау
үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын
бағалауда ақпараттың ең қа-жетті түрі
болып табылады.
1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұ-ратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық күқық құны ре-тінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері