Лизингтің пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 08:26, курсовая работа

Краткое описание

Ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен өндірістің қайта ұйымдастырылуы, шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының түбірімен өзгеруі еліміз үшін материалдық-техникалық базаны жаңартудың және әртүрлі меншік нысанындағы субъектілердің негізгі құрал-жабдықтарын жетілдіру үшін дәстүрлі емес әдістерді іздестіру және ендіру қажет болып отыр. Осындай әдістердің бірі лизинг. Кәсіпкерлік саласындағы лизингтік бизнестің орны ең алдымен лизингтің объектісіне орай айқындалады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3

I.Лизингтің пайда болуы......................................................................................5
1.1.Лизингтің экономикалық мәні.........................................................................5
1.2. Лизингтің түрлері.............................................................................................9
II. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ......................11
2.1. Банктердің лизингтік операциялары………………………………..….… 11
2.2. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау................................16
III. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы...............................................................................................................22
3.1.Лизингтің Қазақстандағы дамуы...................................................................22
Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................26

Вложенные файлы: 1 файл

kyrsovoy.docx

— 70.10 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

Кіріспе .....................................................................................................................3 
 

I.Лизингтің пайда болуы......................................................................................5

1.1.Лизингтің экономикалық мәні.........................................................................5 
1.2. Лизингтің түрлері.............................................................................................9 
 
II. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ......................11

2.1. Банктердің лизингтік операциялары………………………………..….… 11 
2.2. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау................................16

 

III. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы...............................................................................................................22 
3.1.Лизингтің Қазақстандағы дамуы...................................................................22

 
Қорытынды..........................................................................................................25 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Кіріспе

 
      Ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен өндірістің қайта ұйымдастырылуы, шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының түбірімен өзгеруі еліміз үшін материалдық-техникалық базаны жаңартудың және әртүрлі меншік нысанындағы субъектілердің негізгі құрал-жабдықтарын жетілдіру үшін дәстүрлі емес әдістерді іздестіру және ендіру қажет болып отыр. Осындай әдістердің бірі лизинг. Кәсіпкерлік саласындағы лизингтік бизнестің орны ең алдымен лизингтің объектісіне орай айқындалады.  
      Лизингтің инвестицияның басқа тәсілдерімен салыстырғанда артықшылығы мынада. Ол кәсіпкердің үй-жай және жабдық сатып алуға бүкіл қаражатын жұмсамай, оның бір бөлігін ғана пайдалана отырып, өз бизнесін дамытуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде лизингке, әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері айрықша қызығушылық танытады. Қомақты қаражатың болмаса да өндірісте озық технологияларды пайдалануға жол ашылады. Сонымен лизинг шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды құралы  
       Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылығы салалары кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне, осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі. 
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастарының жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өрши түсуінің салдарынан инвестициялық белсенділік күрт төмендеді. 
      Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басым салдарындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы болды. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары. 
     Лизингті жіктеудің принциптері мен критерийлері шетелдік және отандық ғалымдар тарапынан біршама мол қарастырылған. Бұл мәселе әсіресе, В. Белов, Е. Кабатова, В. Анташов, Г. Уварова, Е. Чекмарева, В. Бочаров, В. Часовой, С. Медведков, В. Голощапов, В. Евстратов, Л. Гехт, А. Смирнов, К. Сусанян еңбектерінде кеңінен зерттелген. Алайда айтылған ғалымдардың еңбектерінде лизингтік келісімнің мерзімі, объектісі мен субъектісі, т. б. мәселелер туралы көзқарастар біркелкі емес.  
      Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басым шараларының бірі ретінде инвестицияларды пайдалануды атады. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналды. Сондықтан да лизингтің табиғатын, пайда болу тарихын, шетелдік және отандық тәжірибелерді, елімізде даму келешегін талдаудың маңызы зор. Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға біріншіден, Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілмеуі; екіншіден, лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп есептейтінім негіз болып  тақырыптың өзектілігін дәлелдейді. 
       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Лизингтің пайда болуы

1.1Лизингтің экономикалық мәні

 

Лизингтің идеясы жас емес. Берілген деректер бойынша адамзатқа лизингтің ертеден болуы белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизинтік келісім-шарттар б.э.д. Шумер мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің (б.э.д. 384 / 383 - 322 ж.ж.) "Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности” атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды.

Венецияда 11 ғасырда лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер жасалынды: венециандықтар сол уақытта өте қымбат болған якорьларды саудагерлер мен сауда қайықтарын жалға берді. Жүзі аяқталғаннан соң якорьлар өз иелеріне қайтарылған және қайтадан жалға берілді.     Ұлыбританияда лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін алғашқы нормативтік акт болған 1284 жылы Уэльс заңы болды (Statute of Wales). 

1572 жылы Ұлыбританияда  тек қана нақты лизингті қолдануға  рұқсат беретін заң актісі  шығарылды. Осы заңның мәні: осы  уақытта келісім-шарт жасасқан  жақтардың мүліктің нақты иесі  кім екені жасырылды, ол несие  берушілерді адастыру мақсатында  жүргізілді, сондықтан оны реттеу  үшін қолданылды.  

1930 жылдары Генри Форд  өз автокөліктерін өткізу мақсатында  жалға беруді кеңінен қолданды. Бірақ автокөліктік лизингтік  бизнестің бастамашысы ретінде  Золли Фрэнкті есептейді. Ол 1940 жылдары  алғаш рет автокөліктерді ұзақ  мерзімді жалға беруді ұсынушы  сауда агенті болды. 

Жалға беру қатынастарында болатын құбылысты Америкада 1950 жылы революция деп атауға болады. Осы уақытта өндірістің көптеген құралдары жалға берілді: технологиялық құрылғылар, машиналар мен механизмдер, кемелер, ұшақтар, т.б.. АҚШ Үкіметі осы құбылысты бағалап, оны ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаны жедел түрде әзірледі және жүзеге асырды. Экономикалық лексикалық терминологияға жаңа "лизинг” терминінің енгізілуін (ағыл.lease – жалға беру) "Белл” телефон компаниясының операцияларымен  байланыстырады. Осы компанияның басқармасы 1877 жылы өз телефон аппараттарын сатпайтыны туралы, оны жалға беру туралы шешім қабылдады.

Сан-Францискода белгілі болған "United States Leasing Corporation” американ компаниясы 1952 жылы лизингтік операциялар іскерліктің негізгі болған алғашқы акционерлік қоғам болып саналады. Сонымен, АҚШ жаңа бизнестің отаны болды. 60 жылдардың ортасында лизингтік операциялар 1 млрд.$, ал 80 жылдары олар110 млрд.$-дан асып түсті. Осындай жоғары қарқынды темптің болу себебі лизингтік мәміле бойынша серіктестктер ала алатын артықшылықтарға байланысты болды. Лизингтік операциялар өте тез АҚШ шекарасынан өтіп, халықаралық лизингке айналды.

АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз қызметтерінің кең спектрін ұсынған жаңа лизингтік компания- лар санының өсуі, және лизингтік келісім-шарттарының үлкен модифи- кациясы экономиканың әртүрлі сфераларында кәсіпкерлердің инвестициялық қаражаттарын алудың әртүрлі нұсқаларын анықтады. Кейіннен лизингтік компаниялар "қаржы-лизингтік қоғамдар” деген атқа ие болды.

Батыс Еуропада алғашқы алғашқы қаржы-лизингтік қоғамдар 50-60 ж.ж. пайда болды. Бірақ та лизингтік операциялардың дамуына көптеген факторлар әсер етті, т.қ. салықтық заңнамада лизингтік келісім-шарттардың заңды түрде қабылдауы көптеген қиыншылықтардан шығуға мүмкіндік берді.

Мысалы, алғашқы француз лизингті компания "Локафранс” 1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжыйтын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар саны 57 тең  болды. Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары "Локафранс”, "Слибай”, "Локабай”, "Софимобай”, "Слиминико”, т.б..

Италияда алғашқы лизингтік компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж.ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар "Ассима” ұлттық ассоциациясының мүшелері болып табылады. осы уақытта он ірі лизингтік компаниялардыңлизингтік операциялар санының жалпы үлесі 80%-ға тең болды.60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады.

Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерің негізгі бөлігі "АҚШ – Батыс Еуропа - Жапония” мемлекеттерінде шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды.  Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан "қызметтер пакетіне” дейін ұлғайтты.

КСРО-да лизингтік бизнестің дамуы 1989 жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы ережелерінің белгілі құбылысы ретінде жалға беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы № 810-1 КСРО заңнаманың және 16 ақпанның 1990 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген № 270 "бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары” КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі болды.

1991 жылдың маусым айында  халықаралық кеңес-неміс лизингтік  компания "Евролизинг”құрылып, ал  желтоқсан айынан бастап өз  қызметін жүзеге асырды. Оның  құрылтайшылары болып, кеңес жағынан  КСРО-ның Сыртқы экономикалық  банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның  Госснаб болды, ал француз жағынан  – Еуропаның бір ірі лизингтік  компаниясы " Насиональ де Пари Банкісі”, ал неміс жағынан – Батыс Германияның ірі лизингтік компания - "Митфинанц ГмбХ” болды.  

          Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

          Машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімге жалдаған жалға алушы мүліктерді пайдалану шамасы бойынша борыштарын бірте-бірте өтеуі; лизингтік келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша: жалға алушы қалдық құны бойынша құрал-жабдықтарды сатып алуы, мерзімін ұзартуы, материалдық құндылықтарды қайтаруы мүмкін

           Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады

            Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары: 
-лизинг беруші(жалға беруші); 
-лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі.

           Лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына жәнекәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;

         Лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.

          Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.

         Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда «жалға беру» беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады. Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:

         Қайтарылатын лизинг – лизингтің бұл түрі, онда сатушы осы бұйымды кері қайтарыпала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;

         Банк лизингі – лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады;

         Толық лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады;

         Таза лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2Лизингтің негізгі түрлері

      Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

      1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

      2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

        Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

       Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

      Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

       Банктердің лизингтік операциясы несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

       Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:

- лизинг беруші(жалға  беруші);

Информация о работе Лизингтің пайда болуы