Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 13:42, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім “Лизингтің экономикадағы мәні және мазмұны” деп аталады. Осы бөлімде лизингтің даму тарихы, түсінігі мен операциялардың негізгі элементтерімен танысуғы болады. Екінші бөлімде, мен әртүрлі субъектілер үшін лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктеріне және Қазақстан Республикасындағы лизинтің дамуына әсер ететін факторларға тоқталдым. Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнес және оның дамуы мен қалыптасуын, мәселелерін қарастырдым.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................(03 - 05)
Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны.................…….....
1.1 Лизингтің даму тарихы…………………………………………….....(06 - 08)
1.2 Лизинг түсінігі мен лизинтік операциялардың негізгі элементтері.(09 - 15)
1.3 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері………….........(16 - 22)
Лизингтік операциялардың ұйымдастырылуы...........................
2.1 Лизингтік келісім-шарттың мазмұны .................................................(23- 27)
2.2 лизингтік операциялардың ұйымдастыруы және техникасы............(28 - 30)
2.3 Әртүрлі субъектілер үшін лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері ………………………………………………………………………………(31 -34)
Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнес және оның дамуы......................................................................................................................... 3.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің дамуы мен қалыптасуы....................................................................................................(35 -38)
3.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің дамуына әсер ететін факторлар.....................................................................................................(39 - 44)
Қорытынды………………………………………………........................(45 - 48)
Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………......................(49)

Вложенные файлы: 1 файл

лизинг.doc

— 284.50 Кб (Скачать файл)

Сонымен қатар, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті сатып  алатын және оған ұзақ мерзім периодына  беретін, мамандырылған (лизингтік) компанияның делдалдық қызметі арқылы негізгі қорларға салымдарды қаржыландырудың арнайы нысаны ретінде де қарастыруға болады. Яғни, лизингтік компания нақты түрде жалданушыны несиелендіреді. Сондықтан лизингті кейде “несие - аренда” деп атайды.

Сатып алу-сату келісім-шартында тауарға иелік ету құқығы сатушыдан сатып алушыға өтеді, ал лизингте аренда келісім шартын жасасқан кезінде, мүлікке ие болу құқығы жалға берушіде қалады. Лизингтік келісім шартының мерзімі аяқтаған соң, жалданушы лизингтік жабдықты келісілген бағада сатып алу, келісім шарт мерзімін ұзарту немесе жалға берушіге жабдықты қайтару мүмкіндігі болады.

Лизингтік қаржыландырудың  несиеден айырмашылығы:

Қазақстан Республикасында  лизингтік операцияларды реттеу 2000 жылдың шілде айында қабылданған  “Қаржы заңынан” кейін ғана қолға  алынған болатын. Бүгінде бұндай қаржылық қызмет көрсету түрі өзге елдердегідей қарқынды даму үстінде. Еліміз дамушы мемлекет болғандықтан, көптеген өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы техникалық жағынан жаңартуды, жаңа технологиялармен жабдықталуды қажет етеді. Алайда, барлық өндіріс көздерінің мұндай игі шараларға қорларындағы қаржылары жете бермейді және де барлығының да банктерге кепілдік қойып, несие алуға мүмкіндіктері жоқ. Осындай сәттерді ескере отырып, лизингтік компаниялар ашылып, жұмысы да сол бағыт бойынша жүргізіледі.

Қаржылық лизингте лизинг алушыдан ешқандай мүлікті кепілдікке қою талап етілмейді, тек қана алынған соманың жарты ақшасын құйса болды. Яғни, аздаған соманы кұю арқылы алушы өзінің қажеттіліктерін игере алады  және лизингтік қаржы операциялары кезінде екінші рет қосымша қаржы алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, лизинг алушыларға мемлекет тарапынан да бірқатар жеңілдіктер жасалған. Мәселен, лизинг алушылар кейбір салық төлемдерінен босатылған. Лизингтік операцияларда несиеге қарағанда пайыздық көрсеткіштері жоғары. Оны лизингтік компаниялардың керекті қаржыны банктерден қарызға алатындығымен түсіндіруге болады.

 

 

Лизингтік операциялардың негізгі элементтері. Лизингтік мәміленің негізін келесі элементтер құрайды:

    • Мәміле объектісі;
    • Мәміле субъектісі;
    • Лизингтік келісім шарттық мерзімі;
    • Лизингтік төлемдер немесе лизинг құны;
    • Лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер.

 

Лизинг объектісі

Лизингтік мәміленің  объектісі болып, егер өндірістік циклда жойылмаса,  кез келген материалды құндылықтар табылады. Соның ішінде:

  • кәсіпорындар және басқа да мүліктік кешендер;
  • ғимараттар;
  • байланыс жабдықтары (радиостанциялар, спутниктер, пошталық жабдықтар, т.б.);
  • құрылғылар;
  • құрылыс жабдықтары (крандар, экскаваторлар, т.б.);
  • ауыл шаруашылық жабдықтары (тракторлар, плугтар, т.б.);
  • транспорттық құралдар (транспорттық ұшақтар, автомобильдер, теңіз кемелері, темір жол вагондары, т.б.);
  • басқа да кәсіпкерлік іскерлікте пайдаланыла алатын жылжийтын және жылжымайтын мүлік.

 

Лизинг субъектісі

Лизингтік мәміленің  субъектісі, мәміленің объектісіне  қатысы бар тұлғалар болып табылады.

Мәмілеге қатысуына  байланысты:

    • Тікелей қатысушылар;
    • Жанама қатысушылар.

Лизингтік мәміленің  тікелей қатысушыларына:

  • лизингтік фирмалар мен компаниялар (лизинг беруші немесе жалға берушілер);
  • өндірістік (өндірістік және ауыл шаруашылықтық), сауда және транспорттық кәсіпорындар және халық (лизинг алушылар немесе жалға алушылар);
  • мәміле объектісінің жеткізушілері – өндірістік және сауда компаниялары.

Лизингтік мәміленің  тікелей қатысушыларына:

  • лизинг берушілерді несиелендіретін және мәміле кепілгері бола алатын коммерциялық және инвестициондық банктер;
  • сақтандыру компаниялары;
  • брокерлік және т.б. делдал фирмалар.

“Лизингтік” фирмалар деп, аренданың түріне (қысқа мерзімді,орта мерзімді, ұзақ мерзімді) тәуелді емес, арендалық қатынастарды жүзеге асыратын фирмалар.

Өзінің іскерлік сипатына байланысты:

  • әмбебап;
  • тар мамандырылған.

Тар мамандырылған компаниялар, көбінесе, тауардың бір түрімен (жеңіл автомобильдер, контейнерлер) немесе стандартты түрлі болып келетін бір топ тауарлармен (құрылыс жабдықтары, тігін кәсіпорындар үшін құрылғылар) жұмыс істейді. Бұл фирмалар, көбінесе, өзінің машиналар паркімен немесе жабдықтар қорымен және оларды тұтынушыларға олардың бірінші талабы бойынша ұсынайды. Лизингтік компаниялар негізінен техникалық қызмет көрсетеді және оның тиімді қолдану жағдайын қамтамасыз етуді  қадағалайды. 

Әмбебап лизингтік фирмалар арендаға әр түрлі машиналар мен жабдықтарды ұсынады. Олар жалға алушыларға жабдықтарды жектізушіні таңдауға өздеріне мүмкіндік береді. Лизинг беруші, осылайша, қаржы мәмілелерін ұйымдастыратын мекемелердің функцияларын өзіне алады.

Лизинг мерзімі

Лизинг мерзімі дегенде, лизингтік келісім шарттың мерзімін атайды. Лизингтің мерзімін анықтаған кезде лизинг беруші мен лизинг алушы келесі жағдайларды ескеру қажет:

  -  жабдықтың жұмыс істеу мерзімі, ол техника-экономикалық белгілермен анықталады. Келісім шарт мерзімі жабдықтың пайдалану мерзімінен  асып кетуі тиіс емес және жалға алушының қолдану жағдайларын ескере отыру қажет. 

  • жабдықтың амортизация периоды, ол мемлекеттік органдармен бекітіледі. Қаржы лизингі кезінде келісім шарт мерзімі амортизация периодына көбінесе сәйкес келеді.
  • мәміленің одан әрі өнімділігі жоғары және арзан аналогтың пайда болу циклі. Осы факторды қысқа мерзім ішінде өнім шығаратын салаларда жұмыс істейтін кәсіпорындар ескеру қажет.
  • инфляциялық процестердің динамикасы. Лизинг беруші үшін келісім шартты ұзақ мерзімге, бекітілген арендалық төлемдерді алу инфляцияның жоғары қарқыны уақытында келісу тиімсіз болады. Және де керісінше, бағалардың төмендеуі кезінде лизинг беруші үшін қысқа мерзімге келісу пайда әкелмейді, ол келісім шартты ұзақ мерзімге жасауға ұмтылады; 
  • ссудалық капитал нарығының конъюнктарусы және оның даму тенденциялары. Лизингтік компаниялар көбінесе банктік несиені пайдаланады, сондықтан ұзақ мерзімді несиелер бойынша проценттік ставкалар, лизингтік проценттің негізі болып табылатын, келісім шарттың мерзіміне әсер етеді. 

 

Лизинг құны

Төлемдер сомасын анықтау  өте күрделі процесс болып  табылады. Қысқа мерзімді және орта мерзімді аренда кезінде арендалық төлемдер сомасын арендаға алынатын тауарлар нарығының конъюнктурасымен анықталады. Ұзақ мерзімді аренда кезінде лизингтік төлемдерді есептеудің негізіне әдістемелік негізделген есептер алынады, ол мәміле объектісінің құнына және лизингтік келісім шарт мерзімінің ұзақтылығына байланысты болады.  

Әрбір лизингтік төлемнің негізіне келесі негізгі элементтер кіреді:

  • амортизация;
  • мәміле орындалу үшін лизинг берушінің ұсынылатын ресурстар үшін төлем;
  • лизинг берушінің көрсететін қызметтері үшін (1-3%) табысты өзіне қосатын, лизингтік маржа;
  • тәуекел сыйақысы, оның мөлшері лизинг беруші өзіне алатын, әртүрлі тәуекелдер деңгейіне байланысты болады.

Ресурстар үшін төлем, лизингтік маржа және тәуекел сыйақысы лизингтік процентті құрайды.

Арендалық төлемдер сомасы есептеу үшін аннуитет формуласын қолданады. Ол лизингтік келісімнің барлық шамаларының өзара байланысты іс-әрекеттігін білдіреді: келісім шарттың сомасы мен мерзімі, лизингтік проценттің деңгейі, төлемдердің мерзімділігі. Осы формуланың келісі түрі бар:

 

 

Р – арендалық төлемдер сомасы;

А – амортизация сомасы;

П – келісім шарттың мерзімі;

И – лизингтік процент;

Т – арендалық төлемдердің мерзімділігі.

 

Қалдықты құны бойынша  арендалық төлемдер сомасын анықтау үшін дисконттық көбейтікш формуласын пайдаланады:

ОС –қалдықты құн.

 

Лизинг бойынша  көрсетілетін қызметтер

Лизинг лизинг алушы ала алатын қызметтердің кең спектрімен сипатталады: Олар екі топқа бөлінеді:

  • техникалық қызметтер (пайдалану жеріне жеткізу, наладка және монтаж, техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеу);
  • кеңестік қызметтер (салық салу, мәмілені тіркеуге байланысты сұрақтар).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері

Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтік келісім шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен сипатталады. 

Лизингтің нысандары:

  1. қатысушылар құрамына байланысты:
    • тура лизинг, келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға беруші және жалға алушы арасында;
    • жанама лизинг, келісім шарт үш немесе одан да көп жақтар арасында жасалынады, яғни жалға беруші, жалға алушы және делдал арасында.
  2. мүлік нысанына  байланысты:
  • жылжитын мүлік лизингі ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер,ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар.
  • жылжымайтын мүлік лизингі ( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады).
  • қолданыста болған лизинг мүлігі.

3. мүліктің өтелімділігі бойынша:

  • толығымен өтелінетін лизинг, келісім шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
  • жартылай өтелінетін лизинг, бір келісім шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.

4. амортизация деңгейіне байланысты:

  • толық амортизация деңгейі;
  • толық емес амортизация деңгейі.

5. қызмет көрсету мөлшері бойынша:

  • таза, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
  • толық, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады.
  • жартылай, мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.

6. Нарық секторына байланысты:

  • ішкі, келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
  • халықаралық, келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда. Халықаралық лизинг:
  • импорттық – егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса.
  • экспорттық – егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса.  
  • транзиттік – егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса.  

7. лизингтік төлемдер сипатына байланысты:

  • ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);
  • өтемақы төлемді лизинг (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);
  • аралас төлемді лизинг.

8. Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты:

  • нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады.
      • жалған – мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.

Информация о работе Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны