Мұнай өндіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:28, дипломная работа

Краткое описание

Мұнай-газ өндірісіндегі материалдық шығындар мұнай мен газды өндіру процестері бойынша нормативтердің көмегімен есептеледі.Шикізат пен негізгі материалдар мұнай газ өнеркәсібіндегі қолданылмайды. Материалдық шығындарда меншікті салмаққа қосалқы материалдар мен энергия ие болады.
Шығындарды жоспарлаудың негізгі міндеті кәсіпорынның келешек кезеңде күтіліп отырған іс-әрекетінің экономикалық нәтижелерін белгілеуге негізделген.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӨМІРСУТЕГІЛІК ШИКІЗАТТЫ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНИКО-
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Мұнайды өндіру іс-шараларын ұйымдастыру
және жоспарлау
1.2 Мұнай кеніштеріндегі қолданыстағы мұнай
өндіру әдістері ШТС, атқыламалану
1.3 Өндірістің тиімділігін энергияны үнемдеуші технологияларды
енгізудің барысында арттыру
2 МҰНАЙ ӨНДІРУ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК
ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1 Мұнай және газ өнеркәсіп кәсіпорындағы өнімнің өзіндік
құнын құрылым ерекшеліктері мен шығындарының топтамасы
2.2 Технико-технологиялық шараларды жүзеге асыруға кететін
өндірістік және пайдалану шығындарының ерекшеліктері
2.3 Мұнай өндіру бойынша көмекші бөлімшелерінің шығындарын
талдау
2.4 Мұнайды жинау мен дайындауға кететін шығындардың
ерекшеліктері
2.5 Қабат қысымын ұстап тұру шараларына жұмсалатын
шығындарының ерекшеліктері
3 КӨМІРСУТЕК ШИКІЗАТЫН ӨНДІРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ПАЙДАЛАНУ ШЫҒЫНДАРЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Өндіріс шығындарының азайтылуын жоспарлау және
олардың экономикалық ынталандыруы
3.2 Мұнай өндірісі өсімінің барысында іс-шаралардың тиімділігін
экономикалық бағалау
3.3 Шығындарды азайту барысында шаралардың экономикалық
тиімі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-мұнай-өндіру-өнеркәсіптің-көмірсутек-шикізатын-өндіруге-жұмсалатын-пайдалану-шығындарын-азай.doc

— 1.09 Мб (Скачать файл)

Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының (мұнай, газ және газконденсат) негізгі өнімін шығару мен өткізу жоспарына ең алдымен  өнім көлемдерінің көрсеткіштері кіреді, бұл ретте кәсіпорынның тек дайын өнімді ғана беретіндігі ескеріледі (аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттар жоқ). Өндірістік қуаттылықты ұңғымалар құрайды, олар мұнай-газ өндіру кәсіпорнының негізгі өндірістік қорларының басым бөлігін құрайды. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік бағдарламасы өнім көлемінің көрсеткіштерімен қатар, пайдаланудағы ұңғымалардың саны мен олардың уақыт бойынша қолданылуын сипаттайтын ұңғыма-айлар түріндегі жұмыс көлемінің көрсекіштерін көрсетеді. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының билігіндегі ұңғымалар қорын саны бойынша, сондай-ақ уақыты мен өнімділігі бойынша аса толық және дұрыс пайдалану — мұнай мен газды өндіру жөніндегі тапсырманы орындауға бағытталуы тиіс болатын негізгі мәселелердің бірі. Сол себептен мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік бағдарламасында ұңғымалар қорын пайдалану мен қолданудағы коэффициенттер түріндегі ұңғымалар қорын қолданудың көрсеткіштері көрсетіледі.Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік қуаттылығы сонымен қатар ұңғымалардың өнімділігімен белгіленеді, ол кең ауқымдарда тербеледі:  тәулігіне бірнеше ондаған килограмм мен бірнеше жүз тоннаға дейін. Ұңғымалардың орташа жылдық өнімділігін мұнайды өндіру ісін қарқындандыру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық шараларды жүргізумен арттыру — мұнай-газ өндіру кәсіпорындары қызметкерлерінің алғашқы кезектегі жұмысы. Сондықтан бұл кәсіпорындардың өндірістік бағдарламасында сонымен қатар ұңғымалар өнімділігінің көрсеткіштері де көрсетілген.

Өндірістік бірлестік пен МГӨМ-нің (мұнай-газды өндіру мекемесі) өнімінің көлеміне мұнайдың, газ конденсатының, мұнай және табиғи газдың және т.б. өндірісі кіреді. Ол төмендегілерге негізделумен белгіленеді:

  • мұнай кеніштері мен ұңғымалардың категориясы бойынша мұнай

  өндірісінің жоспары;

  • ұңғымаларды пайдалану әдістері бойынша мұнайды өндіру мен     орташа өнімділік жоспары;
  • өндіруші ұңғымалар қорын пайдалану көрсеткіштері;
  • кеніштер бойынша газ конденсатын, табиғи және мұнай газын өндіру жоспарлары;
  • мұнайды тұрақтандырудан алынған кең ауқымды фракцияны алу мен үлестіру;
  • мұнай және газ ұңғымаларын пайдалануға енгізу жоспары;
  • ұңғымалардың пайдалану қорының қозғалуы;
  • жұмыстық агентті мұнай қаттарына айдау жоспары.

Мұнай-газ өндірісінің  ерекшелігі сол, ол тек дайын өнімді – мұнай мен газды береді. Мұнда  аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттар жо. Мұнай мен газды өндірудің технологиялық процесі бөлек сатыларға (фазаларға) бөлінбейді. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік бағдарламасына  жоғарыда аталған барлық көрсеткіштермен қатар ұңғымалар өнімділігінің көрсеткіштері кіреді.Өнім көлемінің көрсеткіштері және оларды жоспарлау.Мұнай-газ өндіру кәсіпорны өнімі көлемінің көрсеткіштері екі топқа бөлінеді:

            1. Өнімді өткізу бойынша - өткізілетін өнімнің көлемі;
  1. Өнімді өндіру бойынша - өндірілетін өнімнің көлемі.

Өнімді өндіру мен өткізу жоспарының, сондай-ақ тұтастай кәсіпорынның бүкіл жоспарының негізгі көрсеткіштерінің біріне өткізілетін өнімнің көрсеткіші жатады. Ол кәсіпорынның жұмыс нәтижелерін ақша түрінде аса толық түрде сипаттайды. Өткізілген деп тұтынушы өзінің ақысын төлеген өнім саналады. Шығарылатын өнімнің көлемі.

1 Өнім көлемінің табиғи  түрде көрсетілген көрсеткіштері:

            а) мұнайдың тоннамен көрсетілген өндірісі;

             ә) газ өндірісі, мың м ;

            б) мұнай мен газдың тоннамен көрсетілген жалпы өндірісі;

          в) мұнай мен газдың тоннамен көрсетілген тауарлық өндірісі.

          2 Өнім көлемінің ақшалай түрдегі көрсеткіштері (мың ақш.бірлік):

           а) тауарлық өнім, соның ішінде мұнай мен газ өндірісі;

           ә) жалпы өнім, соның ішінде мұнай мен газ өндірісі.

Өнім көлемінің табиғи түрде көрсетілген көрсеткіштері  төмендегідей:

1 Мұнай өндірісі Qн, т, жоспарланатын және есепке алынатын, ол ұңғымадан белгілі уақыт мерзімі аралығында алынған барлық мұнайды көрсетеді.

2 Газ конденсатын өндіру Qгк, мың м3, жоспарланатын және есепке алынатын, ол ұңғымадан белгілі уақыт мерзімі аралығында алынған барлық газ конденсатын көрсетеді.

3 Газ өндірісі Qг, мың м3, жоспарланатын және есепке алынатын, ол  газ-мұнай және таза газ ұңғымаларынан алынған белгілі уақыт мерзімі аралығында пайдаланылуы (кәдеге жаратылуы) тиіс болатын газдың бөлігі болып табылады, себебі газдың қалған бөлігі пайдаланылмайды (шырақтар түрінде жанып кетеді) және есепке алынбайтын шығындар болып келеді.

4 Мұнай, газ  бен газ конденсатының жалпы өндірісі Qв, т, жоспарланатын және есепке алынатын, — бұл белгілі уақыт мерзімі аралығында шығарылған мұнайдың, пайдаланылған газ бен газ конденсатының бүкіл өндірісі. Газ өндірісінің өлшем бірлігін мұнайдың өлшем бірлігімен бір эквивалентке келтіру үшін газдың көлемді мөлшері шартты газдың салмақтың мөлшеріне қайта есептеледі. Бұл ретте өлшем бірлігі ретінде белгілі бір жылу шығару қабілетіне ие шартты газдың мұнайдың 1 тоннасына эквивалент болатын өлшем бірлігі қабылданады. Қайта есептеуді k ауыстыру коэффициентінің көмегімен жүргізеді, оны газдың мөлшеріне байланысты әр жағдайда есептеп отырады.

Бұл ретте өлшем бірлігі ретінде  жылу шығару қабілеті 10 000 кал/кг және мұнайдың 1т-на эквивалент болатын шартты газ  қабылданады. Қайта есептеу k ауыстыру коэффициентінің көмегімен жүргізеді, оны газдың мөлшеріне байланысты әр жағдайда есептеп отырады.

Осылайша, газдың тоннамен көрсетілген  эквиваленттік мөлшері келесіге тең:

                      Qг= Qг/k                                                 (1)

 

мұндағы,  Qг- жоспарланған және есепке алынатын газдың мөлшері;

                           k - ауыстыру коэффициенті.

Онда мұнай мен газдың жалпы  өндірісі берілген анықтамаға сәйкес келесіге тең болады:        

                           Qв-Qн+Qг                                                                                             (2)

 

5 Мұнайдың, газ бен газ конденсатының  тауарлық өндірісі Qт, т, жоспарланып және есепке алынып отырған, өнімнің жалпы өндірісі одан алынған оның мұнай-газ өндіру кәсіпорнының меншікті өндірістік қажеттеріне жұмсалу мөлшері, былайша айтқанда, Qжте өнімнің тауарлық емес жұмсалу мөлшері - осы шамаға сәйкес келеді. Осылайша, мұнайды, газ бен газ конденсатын тауарлық өндіру деп тұтынушыға өткізілген өнім саналады, атап айтсақ:

           а) өндірістік-тауарлық (мұнай құбырлық) кеңселерге немесе тікелей мұнай     өңдеу зауыттарына, бұл былайша айтқанда, Qө тауарлық мұнайды өткізу;

ә) басқа кәсіпорындарға, мысалы, бұрғылау жұмыстарының басқармаларына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен басқа да тұтынушыларға - Qгш мұнай мен газдың тауарлық шығыны.

   Сонымен қатар, Qок мұнайдың жыл соңына қатысты қалдықтарының Qон жыл басындағы қалдықтарына қарсы мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының өткізу сыйымдылықтарымен көрсетілген өзгеруі ескеріледі.Мұнай мен газдың тауарлық өндірісі келесіге тең болады:

 

Qт=Qв-Qр.нт+(Qо.н-Qо.к)                                         (3)

                                                     

мұндағы ,   Qт  —  мұнай мен газдың тауарлық өндірісі;

                             Qв  — мұнай мен газдың жалпы өндірісі;

                      Qон  — мұнайдың жыл басына қатысты қалдықтары;

                               Qок — мұнайдың жылдың соңына қатысты қалдықтары;

немесе                                                     Qт= Qс+Qр.т                                                                       (4)

                                                                                                                  

мұндағы , Qс — тауарлық мұнайды өткізу;

                             Qр.т — мұнай мен газдың тауарлық шығыны.

Өнім көлемінің ақша түріндегі көрсеткіштері.

Табиғи түрінде көрсетілген  жалпы және тауарлық өнім мұнай-газ  өндіру кәсіпорны өнімінің көлемі туралы толықтай сипаттама бермейді, себебі ол басқа кәсіпорындарға арнап өндірістік қызметтерді ұсынады және өнеркәсіп жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ өзінің күрделі жөндеуі мен құрылыс бойынша жұмыстарды орындайды. Өндірістік қызметтер қосалқы цехтардың дайын өнімі болып табылады. Оларға электр қуаты, бу, су және т.б. жатады. Өндірістік қызметтер өз кәсіпорнының негізгі және қосалқы цехтарына қызмет көрсетуге ғана емес,  сондай-ақ күрделі жөндеуді, меншікті күрделі құрылысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнеркәсіптік емес шаруашылығына (тұрғын үй-коммуналдық кеңсе, авто-көліктік кеңсе және т.б.) арналған. Қосалқы цехтардың шектес тыс қуаттылығы кезінде олардың өнімі бөгде тұтынушыларға (қалаға, көлікке, іргелес кәсіпорындарға немесе ұйымдарға) сатылады. Өнеркәсіптік жұмыстар — бөгде тапсырыс берушілердің өнеркәсіптік бұйымдары мен құрал-жабдығының бөлшектерін өңдеу (ажарлау, никельдеу және т.б.) мен жөндеу жөніндегі жекелеген әрекеттер. Сонымен қатар, мұнда мұнай-газ өндіру кәсіпорнының негізгі қорларының құрамына кіретін құрал-жабдықты, көліктік құралдарды және керек-жарақты күрделі жөндеу жатады.Ақшалай түрдегі тауар өнімі дегеніміз – бұл мұнай мен газдың тауарлық өндірісінің ақшалай түрдегі сомасы Qт.д оған қосу шетке арнап жүргізілген өнеркәсіптік жұмыстар мен өндірістік қызмет көрсетулердің құны Су, б.а.:

Т= Qт.ду                                                                            (5)

                                                     

мұндағы , Т — ақшалай түрде көрсетілген тауарлық өнім;

                          Qт.д— мұнай мен газдың тауарлық өндірісінің ақшалай түрдегі сомасы;

                           Су— шетке арнап жүргізілген өнеркәсіптік жұмыстар мен өндірістік қызмет көрсетулердің құны.

Мұнай мен газдың тауарлық өндірісі кәсіпорынның жоспарын немесе есебін құрастыру сәтіндегі әрекетте болған көтерме бағалармен бағаланады. Осы арқылы өндірістің көлемі өндіріске жұмсалған шығындармен және кәсіпорын өндірісінің қаржылық көрсеткіштерімен байланыстырылады.Тауар өнімінің бағасына қарағанда жалпы өнімнің бағасы өзгеріссіз бағалармен көрсетіледі, себебі ол тұтастай алғанда өнеркәсіптік өнімді шығаруға жұмсалған қоғамдық шығындардың бүкіл көлемін (өткендегі және тірі еңбек) көрсетеді. Ол халық шаруашылық жоспарының бірқатар көрсеткіштерін анықтаудың базасы болып табылады және халық шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда елдің ұлттық табысын белгілеуге арналған база болып келетін қоғамдық өнімді құрайды.

Осылайша, ақшалй түрдегі жалпы өнім – мұнай  мен газды жалпы өндірудің  ақшалай түрдегі сомасы Qв.д оған қосу шетке арнап орындалатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің бағасы Су, б.а.:

 

                                       В= Qв.ду                                                                                 (6)

                                                                                      

мұндағы , В — жалпы өнім

                              Су— шетке арнап орындалатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің бағасы.

        Осылайша, мұнай-газ өндіру кәсіпорнының жалпы өнімі негізгі, қосалқы және қосымша цехтар мен өндірістердің белгілі бір уақыт кезеңі аралығында шығарған (өз материалдарынан болсын, тапсырыс берушінің материалынан болсын) бүкіл өнімінің (бұйымдарының, қызметтерінің) бағасын құрайды. Өндірістік аймақтық бірлестіктердің жалпы өнімі былайша атағанда зауыттың әдіс бойынша жоспарланып және есепке алынып отырады. Ол аймақтық бірлестіктің барлық кәсіпорындары шығаратын жалпы өнімнің сомасы болып табылады.Сатылатын өнімнің көлемі Тр – бұл сатып алушылар өзінің ақысын төлеген мұнайды, газ бен қызметтердің құны. Өткізу сәтіне сатып алушыға тиеліп жіберілген жіне тапсырылған өнімді сатудан түсімнің түсуі жатады.Өткізілген өнімнің көлемі тауарлық өнімнің жылдың басы мен соңына қатысты ыдыстардағы, кәсіптік коммуникациялардағы және жерасты қоймаларындағы (газ) қалдықтарын, төлеу мерзімі әлі басталмаған тиеліп жөнелтілген және өткізілген жұмыстардың тауарларын, сондай-ақ жөнелтілген, алайда ақысы мерзімінде төленбеген тауарлардың, және акцептіден бас тартуға орай сатып алушының жауапты сақтауында жатқан тауарларды ескерумен жоспарланады. Кейінгі екі жағдайда тиісті өнім жоспарланып отырған кезеңнің басына қатысты ғана ескеріледі.

Мұнай мен газдың өткізілген өнімінің жылдық көлемі келесі формула бойынша  анықталады:

Тр=31+ Т12 + Т3-324                                             (7)

                                                                                         

мұндағы , 31 — МГӨК-тың жоспарланған жылдың басына қатысты сол жылдың бағасымен көрсетілгендегі қоры;

                               Т1— сатып алушыларға сол күнге арнап өткізілген, алайда ақшасы бекітілген ақысын төлеу мерзімінің басталмауына орай төленбеген мұнайдың, газ бен қызметтердің (тиеліп жіберілген тауарлардың) алдыңғы жоспарланып отырған (былтырғы) жылдың көтерме бағаларымен көрсетілген құны;

Информация о работе Мұнай өндіру