Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2012 в 17:34, курсовая работа
Пайда мен залал туралы есеп беру кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық нәтижелері, шығындары мен табыстары туралы ақпараттан тұрады. Әр елде ол әр түрлі аттарға ие. Мысалы: Пайда мен залал туралы есеп беру; Пайда туралы есеп беру; Операциялар туралы есеп беру. Бірақ атына қарамай ол пайдаланушыларына, яғни салымшылары мен кредиторларына кәсіпорынның бұрынғы іс әрекетін және күтілетін нәтижелерді орындалмау тәуекелдігін бағалау үшін қолданылатын керекті қаржылық ақпараттан тұрады. Пайда мен залал туралы есеп берудің негізгі элементтері табыс және шығын, пайда мен залал.
Кіріспе...................................................................................................................
1-тарау Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері........................................................................................................
1.1. Пайда мен залалдарды есепке алудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.
1.2. Пайда мен залалдар туралы есептілік құрылымы және құрудың әдістемелік негіздері
1.3. Пайда мен залал туралы есеп беруідің нормативтік құқықтық реттелуі
2-тарау ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының қаржылық есептілікті ұйымдастыру ерекшеліктері.
2.1. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшеліктері.
2.2. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының табыс, шығын есебі мен растау.
2.3. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының пайда мен залал туралы есеп беруінің қаржылық есептіліктегі орны.
3-тарау Пайда мен залал туралы есеп беруді талдау мен оны жетілдіру жолдары.
3.1. Кәсіпорындағы пайда мен залал туралы есеп беруді талдау.
3.2. ХҚЕС-ке сәйкес пайда мен залалдар туралы есептілікті жетілдіру жолдары
Концепция бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрудың теоретикалық негіздірен анықтайды.
Қаржылық есептіліктің құрамында «Баланс», «Пайда мен зиян» есептілігі (қазақстандық стандарттар бойынша табыстар мен шығындар), «Қаржылық жағдайдың өзгеруі» туралы есептілік (ақша қаражаттарының қозғалысы немесе қордың қозғалысы түрінде тапсырылады), қосымшалар және басқа да мәліметтер кіреді. Қаржылық есептіліктің форматына директорлардың есептері, анализдер және басқа да есептіліктер кігрізілуі мүмкін. Біздің бухгалтерлік тәжірибеде қаржылық және бухгалтерлік есеп №1 форма «Баланстан», №2 форма «Табыстар мен шығындар есептілігінен», №3 форма «Ақша қаражаттарының қозғалысы есептілігінен», №4 форма «Жеке капиталдың қозғалысы туралы есептіліктен» тұрады және де есептілікке ақпаратты қолданушыларға қажетті мәліметтер қосылуы мүмкін.
БЕҚС – на сәйкес қаржылық есептілікті тапсыратын салық төлеушілер форма №2 «Пайда мен залалдар» есептілігін тапсыратын болса, ал ХҚЕС-на негізделіп қаржылық есептілікті жүргізушілер «Пайда мен зиян » есептілігін тапсырады. ХҚЕС - ры бойынша қаржылық есептілікті тапсырушылар «Пайда мен зиян» есептілігінде көрсетілетін ақпараттарға қойылатын талаптар БЕҚС бойынша жасалған қаржылық есептілікке қойылатын талаптарға қарағанда өзгеше.
БЕҚС бойынша форма №2 «Пайда мен залал» есептілігі кәсіпорынның есептік мерзіміндегі ағымдағы қаржылық жағдайы жайлы мәліметтерді қамтиды. Бұл формада жалпы табыс пен зиян туралы көрсеткіштер белгіленген:
- негізгі қызметтен түскен табыс;
- қосымша қызметтен түскен табыс;
- өзге де өткізуге қатысты емес табыстар мен шығындар (штрафтар, күмәнді қарыздардан шеккен зияндар және басқалары);
Бұл формада сонымен қатар кәсіпорынның толық немесе өндірістік өзіндік құны бойынша өткізілген өнімді (тауар, қызметті) өндіруге кеткен шығындар, коммерциялық шығындар, басқарушылық шығындар, өнімді, тауарды, қызметті өткізуден түскен нетто түсім, табысқа салынатын салық сомасы, өзге де мәліметтер көрсетілген.
№ 1 бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарындағы минималды талаптарда «Пайда мен зиян» есептілігінің міндетті баптарында табыстар мен шығындарды негізгі және қосымша қызметі бойынша бөлу талаптары көрсетілмеген. № 1 бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарындағы минималды талаптарда «Пайда мен зиян» есептілігінің міндетті баптарында табыстар мен шығындарды негізгі және қосымша қызметі бойынша бөлу талаптары көрсетілмеген. Негізгі және қосымша өндірістен түскен табыстар мен шығындардың ерекшеліктері тек кәсіпорынның қызметіне байланысты.
Егер шығындар мен табыстар баптары қомақты болса, онда олардың сипаттамасы мен көлемі жеке – жеке көрсетілуі тиіс. Бұл келесі баптарға қатысты:
1. өнімді өткізудің таза құны немесе негізгі қорды ауыстыру сомасына дейін қорлар құнын шығыстау;
2. ұйымның қызметін қайта құрылымдандыру;
3. негізгі қорлар объектілерінің шығуы;
4. инвестициялардың шығуы;
5. аяқталуға жақын қызмет;
6. соттық дауларды реттеу.
1-кесте
ХҚЕС №18 «Түсім» мен БЕС №5 «Табыс», БЕС №5 –ке Әдістемелік нұсқаулар арасындағы айырмашылықтар
ХҚЕС №18 «Түсім» | БЕС №5 «Табыс», БЕС №5 –ке Әдістемелік нұсқаулар |
Стандарт өнімді өткізуден, қызмет көрсетуден түскен және басқа да роялти, дивидент, пайыз түріндегі табыстарды есептеу тәртібін анықтайды. Түсімді табыс құрамынан бөліп алынған. ХҚЕС түсімді растау критерийлерін анықтайды және түсім сомасын түсім деп тану белгілерін көрсетеді. Ақпаратты ашып көрсетуді басқаратын қағидаларды анықтайды. ХҚЕС-ты қолдану тауарды сатудан түскен түсімді, қызмет көрсетуді, пайыз ретінде табыс әкелетін басқа субъектілердің активтерді қолдануды, лицензиялық төлемдерді және дивиденттерді есептеу кезінде іске асады. Түсімді растау ережелері мынадай: жеңілдіктерді ескеретін келісімдер бойынша нақты құн; ақша түскенге дейін уақыт үзілісі үлкен болғанда түсімді дисконттау; қомақты тәуекелділіктердің сатып алушыға өтуі және меншік құқығына негізделген сыйақылар; сатуға, қосымша құнға,тауарға, қызметке салық түсімінен ерекшелеп алу; қызметті көрсету дәрежесі бойынша қызметтен түскен түсімді растау; шығыстар мен түсімді сенімді түрде бағалау; Табыс тек экономикалық пайда нақты алынатын кезде расталады. Ертеректе табыс болып есептелген сомаларды алу күмәнді болған мезетте шығыстарға жіберу белгіленген. ХҚЕС түсімді тану мысалдарын көрсетеді. | Тауарлық материалдық қорлардан, қызмет көрсету мен пайыздар, роялти, дивиденттер әкелетін активтерді беруден түскен табыстарды есептеу әдістері көрсетіледі. Негізгі және қосымша табыстан түскен табыстар жалпы табысты құрайды. БЕС қаржылық есептілікке түсіндірме хатында табысты танудың маңызды аспектілерін қарастыра отырып, тану шарттарын анықтайды, табысты бағалауды іске асырады. Табыс келесі шарттарда расталады: - табыс сомасын есептеудегі үлкен шынайылық; - келісім бойынша экономикалық пайданың орындалу дәрежесі жоғары. Осыдан басқа, тауарды, қызметті, жұмысты өткізу барысында пайда болатын табысты растаудың қосымша шарттары белгіленген. Тауарды өткізуден түскен табыс келесі жағдайда расталады: - сатып алушыға меншік құқының берілуі; - өндіріске байланысты нақты немесе күтулі шығындар сомасын жоғары ақиқаттылықпен болжау. Әдістемелік нұсқаулар нақты оқиғалар мен стандарттарды қолдану жағдайын көрсетеді, сонымен қатар күмәнді берешектер бойынша резервті құру кезеңдерін бекітеді. |
№ 1 бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарында аяқталмаған және аяқталған қызметтен түскен табыстар мен шығындарды бөліп көрсетуді міндеттейді. Мұндай талаптың мақсаты мынада: аяқталған өндіріс нәтижесінен пайда болған кәсіпорынның қаржылық жағдайын ақпаратты қолданушылардың анықтай алуы. [10]
«Сатуға алынған ұзақмерзімді активтер мен аяқталған қызмет» деп аталатын №5 ХҚЕС сәйкес аяқталған қызмет кәсіпорынның шығып кеткен немесе сатылуғы мақсатталған компоненттерін көрсетеді:
1. жеке жағрафиялық аймақты немесе қызметтің өзге ірі бағытын көрсететін қызмет етуші, әлде жағрафиялық аймақтың, өызметтің жоспарлы шығуы;
2. қайта сату мақсатымен алынған еншілес ұйым.
«Пайда мен зиян» есептілігінің аяқталған қызметтен түскен пайда көлемі салық салғаннан кейін қандай болатынын нақтылап көрсетіп және бұл соманың әр бабы бойынша анализі берілуі тиіс: түсім, шығындар, салық салғанға дейінгі пайда, аяқталған қызметтен түскен пайдаға салық көлемі.
Осыдан пайда мен зиян есептілігінде аяқталған және аяқталмаған қызмет жағрафиялық аймақты тек түскен салық бойынша шығындар бөлек көрсетілуі тиіс.
ХҚЕС бойынша көрсетілген пайда мен зиян туралы есептілігінде және БЕҚС – ты бойынша анықталған табыстар мен шығындар есептілігінде көрсетілген пайда бойынша салық сомасы ерекшелікті жағдайларда ғана салықтық заңнамаға сәйкес есептелген корпоративті табыс салығы сомасына тең бола алады. Бұл БЕҚС №11 мен ХҚЕС №12 мен түсіндіріледі.
Пайда мен зиян есептілігін тапсыру бойынша минималды талаптарда қаржыландыруға кеткен шығындар бабы қарастырылған. «Займ бойынша шығыстар» ХҚЕС №23 сәйкес займдар бойынша шығыстарға төмендегілер кіреді:
- қысқа және ұзақ мерзімді ссудалар мен банктік овердрафт бойынша пайыздар;
- ссудалармен байланысты жеңілдіктер амортизациясы мен сыйақылар;
- ссуданы алуды ұйымдастыруға кеткен қосымша шығындарды амортизациялау;
- қаржылық лизингке байланысты төлемдер;
- шетел валютасында займ алу себебінен туындайтын бағам айырмашылығы.
«Есеп саясаты» деп аталынатын ХҚЕС №8 енгізілген өзгертулер қорытындысы бойынша келеңсіз жағдайлар әсерінен туындаған қаржылық нәтижелерді бөлек көрсету жойылған.
Кәсіпорын басшылығы ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті дайындау мен тапсыруға ғана жауапты емес, сонымен қатар өзінің де қаржылық есептіліктегі ақпаратқа қызығушылығы бар.
ХҚЕС қорытындылай, қаржылық есептіліктің құрамдас бөліктері өзара байланысты және әрқайсысы өз бойында ақпаратты қолданушыға нақты қаржылық жағдайды көрсетпейді, себебі есептіліктің бөліктері операциялар мен оқиғаларды әр аспектіде қарастырады. Сондықтан қаржылық ақпараттарды қолданушылар кәсіпорынның қаржылық жағдайын қарастыру үшін қаржылық есептілікті толық қарастырулары керек. [7]
Қазіргі кездегі экономикалық дамудың негізі‑пайда, кәсіпорынның қызметінің негізгі тиімділік көрсеткіші, оның бәсекелестікке қабілетінің негізгі кепілі. Пайданың өсуі кәсіпорынның өнім өнімдіруінің кеңеюінің, қызметк өрсетуінің жақсаруының қаржылық негізі және құрылтайшылар мен қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағатандырылуының негізгі мүмкіндігі. Пайда есебінің компанияның құрылтайшыларның, банктердің, бюджеттің алдындағы міндеттемелері орындалады. Қазіргі кезеңдегңі компанияның қызметінің қаржылық нәтижесінің негізгі көрсеткіші‑ жалпы пайда немесе залал.
Компания табысты бизнеске қол жеткізу үшін, инвесторларды тарту үшін, ғылыми негізделген, яғни сол «идеяның» өзі, оның қаржылық көрсеткіштері талданған бизнес жоспар жасауы қажет, ал егер ол өз қызметін жүзеге асырып жатқан болса, онда қаржылық көрсеткіштерді әр уақытта талдап отыру қажет.
Қазіргі кезеңде кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық мақсаттылығы табыс алумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және қатысты көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың қатысты көрсеткіші – бұл табыстар сомасы.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады: өнімді өткізуден түскен табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен түскен табыс; негізгі емес қызметтен түскен табыс; салыққа дейінгі табыс; салықтан кейінгі табыс; таза табыс.
Нарықтық экономика жағдайында табыс ролі 2 функцияны атқарады: мемлекеттік бюджет табыстарының көзі мен кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Табыс өз функцияларын тиімді орындауы үшін келесі негізгі шарттар қажет:
1. Өнімге баға еңбек өнімділігін үздіксіз жоғарылату мен өзіндік құнды төмендетуді ескере отырып, қоғамдық қажетті еңбек шығындарын анағұрлым дәлдікпен жақындатылып алынуы тиіс.
2. Өнімді калькуляциялау жүйесі мен өнімнің өзіндік құнын анықтау ғылыми негізделген болуы тиіс.
3. Табысты бөлу механизмі активті роль атқарып және өндіріс дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор ретінде қызмет атқаруы тиіс.
4. Табыстың тиімді пйдаланылуы тек қалған барлық қаржылық тұтқалар жүйесінде мүмкін болады.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне:
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
Таза табыстың құралуының құрамдас элементтерін зерттеу;
Табысқа әсер етуші факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
Табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын, тенденцияларын зерттеу;
Табысты арттыру резервтерін анықтау;
Табыстың әртүрлі көрсеткіштерін (коэффиценттерін) зерттеу.
Абсолютті көрсеткіштерді талдау. Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші - өнімді өткізуден түскен табыс. Ол қосымша құнға салынатын салық (ҚҚС), акциздер т.б. салықтар мен міндетті төлемдерді шегергендегі, сонымен қатар қайтарылған құнын, сатудан жеңілдіктерді және бағаға жеңілдіктерді шегергеннен кейінгі сома.
Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері жөніндегі есептің берілген статьясы бойынша негізгі қызметтен түскен табыс бейнеленеді. Ол тауарлы – материалдық запастарды өткізуден, қызмет көрсетуден алынған, сонымен қатар негізгі қызметке байланысты сыйақы, пайыздар, дивиденттер, қаламақы мен ренталар түрінде бейнеленеді.
Өнімді өткізуден түскен табыс құрылымында анағұрлым үлкен үлес салмақты дайын өнім мен тауарларды өткізуден түскен табыс алады. Оның шамасы өнім өндірісі деңгейімен анықталады.
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші ретінде жалпы табыс есептеледі. Ол өнімді өткізуден түскен қаржылық нәтиже болып табылады және өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер етуші маңызды фактор ретінде өндірістік өзіндік құн есептеледі, сондықтан оның төмендеуі жалпы табыс шамасына үлкен әсер етеді.
Өнімді өткізу көлемінің натуралдық мағынада артуы табыстың артуына әкеледі. Сұранысқа ие өнім өндірісі көлемінің артуы күрделі салымдар көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Ал бұл табысты анағұрлым өнімді жабдықты сатып алуға, жаңа технологияларды игеруге, өндірісті ұлғайтуға бағыттуды талап етеді.
Бұл жол қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін инфляция, бағалар өсуі мен ұзақ мерзімдік несие алу мүмкіндігінің болмауынан қиындық тудырады.
Кәсіпорын табыстары ең алдымен бағалар өсуі есебінен жоғарғы қарқынмен өседі. Бағалар өсуі негативті фактор болып есептелмейді, егер де ол негізделген болса, яғни өнім сұранысының өсуімен, шығарылатын өнімнің техника – экономикалық параметрлерінің жақсаруымен байланысты болса.
Информация о работе Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері