Шаруашылық жүргізуші субъект

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 11:01, курс лекций

Краткое описание

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Содержание

І Кіріспе
І тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының
жұмыс істеу негіздері.
1.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жұмыс
істеу негіздері
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының
бақылау функциясы
ІІ тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
2.1 Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны
2.2 Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық
жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
ІІІ тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің каржысын
басқару
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Шаруашылық+жүргізуші+субъектілердің+сыныптамасы+18.doc

— 114.00 Кб (Скачать файл)

Шаруашылық  жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметтің сан алуан сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.

Кәсіпорын өндіретін  тауарлардың (атқарылатын жұмыстардың  көрсетілетін қызметтердің) бағалары кәсіпорынның оларды өндіруге кеткен шығындарды толық өтеуге, оның қызметін шығынсыз етуге өз кіріс есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Мемлекеттік тапсырысты орындау есебіне кәсіпорын өндіретін  және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын уәкілді органның келісуі бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып белгілейді.

Кәсіпорын мемлекеттік  тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын өзі дербес белгілейді.

Кәсіпорын өз қызметінен алған меншікті табыстар есебінен ұсталады. Мемлекеттік кәсіпорынға қаражат заңнамада көзделген тәртіппен беріледі.

Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс табыстың (пайданың) үлесі жыл  сайын уәкілді орган Қаржы министрлігінің (тиісінше — оның жергілікті органдарымен) келісімі бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде көрсетіледі және тиісті бюджеттердің кірісіне аударылады.

Жедел басқару  құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық болып табылады.

Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)  төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару және өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа сұрапыл апаттардан қорғау;

2) заңнамада қаржыландырудың арнайы тәртібі белгіленген мемлекеттік автомобиль жолдарының жөне басқа инфрақұрылым объектілерінің жүйесін ұстау мен дамыту;

3) пошта байланысы мен телекоммуникация, жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс желісін пайдалану саласындағы қызмет;

4) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу;

5) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым және мәдениет сферасында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін құрыла алады. Қазыналық кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (атқаратын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын уәкілді орган белгілейді. Қазыналық кәсіпорындардың қызметі уәкілді орган бекітетін смета бойынша өз табысының есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорынның меншікті табыстары оның шығындарын жабуға жеткіліксіз болған жағдайда қажетті жетпеген қаражаттар тиісті бюджеттен бөлінеді.

Қазыналық кәсіпорынның сметадан тыс алған табыстары тиісті бюджетке аударылуға жатады.

Еншілес кәсіпорын — өз мүлкінің есебінен басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған заңи тұлға. Еншілес кәсіпорындар құру құқығын шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар ғана пайдалана алады.

Еншілес кәсіпорындар негізгі  кәсіпорынды, соның ішінде монополияға  қарсы заң талабы күшіндегі кәсіпорынды  ықшамдау, негізгі кәсіпорынның филиалдарын  дербес заңи тұлға етіп қайта құру, негізгі өндірістің тиімділігін арттыру үшін қосымша және мамандандырылған өндіріс құру, негізгі өндірісті оған тән емес қызмет пен функция түрлерінен босату мақсатында құрылады.

Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының бірі шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындар болып табылады. Бірлескен кәсіпорындардың мүлкі шартта анықталған мөлшерде қатысушылардың салымдары (жарналары) есебінен құрылады. Бірлескен кәсіпорындар заңнамамен белгіленген салықтарды төлейді, бірлескен кәсіпорын жойылғанда оның резервтік капиталының пайдаланылмаған сомасына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша салық салынады. Республикада шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындарды құрудың және олардың іс-әрекет етуінің тәртібі заңнамамен белгіленген. Кәсіпорын капиталындағы үлес уағдаластық бойынша анықталады. Әріптестерге қажетті кепілдіктер, соның ішінде олардың салықтарды төлегеннен кейін қалған табысының (пайдасының) бір бөлігін валюта түрінде шет жаққа аударуға, ұлғаймалы өндіріске жұмсалымға салу мүмкіндігіне, басқаруға қатысуға, республика аумағында олардың меншігін құқықтық қорғауға кепілдіктер беріледі.

Экономиканың кооперативтік секторы бірыңғай ұлттық шаруашылық кешені буындарының бірі болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында меншік нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылықты жүргізудің бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлі салаларда оның кеңеюіне кең жол ашты.

Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің екі негізгі тұрпаты — өндірістік және тұтыну кооперативтері жұмыс істейді.

"Өндірістік кооператив туралы" заңда өндірістік кооператив азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар, өнімдер өндіріп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және халыққа қызмет көрсетеді.

Өндірістік кооператив коммерциялық ұйым және заңи тұлға болып табылады. Ол жеке кәсіпкерлік үшін заңнамалық актілермен тиым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқығы бар.

Өндірістік кооператив мүлкін жарғы салымдары, оның қызметінен алынған табыстар, заңнамамен тыйым салынбаған өзге де көздер құрайды.

Кооператив жыл сайынғы пайдасынан аударымдар жасаудың есебінен резервтік капитал құра алады, ол кооперативтің несие берушілер алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген шығыстарды өтеуге арналады.

Өндірістік кооперативтің пайдасы жыл қорытындысы бойынша анықталады. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленгеннен кейін қалған пайда кооперативтің толық қарамағында қалады және оның мүшелерінің жалпы жиналысы мен кооперативтің құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға бөлінеді. 

Тұтыну кооперативі сауда-саттық және тұрмыстық қызмет көрсету арқылы өзінің мүшелерін және басқа азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырып отырады.

Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес селолық тұтыну кооперативі  мүшелік негізде оның мүшелерінің (пайшыларының) материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі деп танылады.

Заңи тұлға да селолық тұүтыну кооперативіне мүше бола алады.

Селолық тұтыну кооперативтері коммерциялық емес ұйымдар болып  табылады және кәсіпкерлік қызметпен  өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей дәрежеде ғана айналыса алады.

Селолық тұтыну кооперативтері сауда, дайындау, өткізу, өңдеу, қызмет көрсету, жабдықтау қызметін және заңнамаларда тиым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру үшін "мүліктік (үлестік) жарналар есебінен құрылады.

Пәтерлер иелерінің  тұтыну кооперативтері — ПИК өзгеше ұйымдық-құқықтық түр болып табылады, олар тұрғын үй қорын ұстаумен, оған қызмет көрсетумен және пайдаланумен байланысты болатын өзара қатынастарды реттеп отыруы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару

Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бөлімдері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады. Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.

Министрліктер мен басқа  жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.

Қаржы жүйесінің бұл  буынында нарық жағдайында басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.

Кәсіпорындарда қаржы  менеджментінің объектілері мыналар  болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар. жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер. Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредит және есеп айырысу операцияларының (акциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады. Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруда басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар — олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган — басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті (басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне — қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметкерлер — шаруашылық жүргізуші субьектісінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.

 

Қорытынды

Қаржы бөлімінің құрылымы әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік - қаржылық жұмыстың бағыттарына негізделеді.

Қаржы-өтім бөлімдері  бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі, кассатық сияқты топтарға бөлінеді.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржы службаларының  маңызды міндеттері мыналар болып табылады: табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздестіру және рентабельділікті арттыру; өндіріс, күрделі қаржылар, жаңа техниканы ендіру және басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау; есеп айырысуларды ұйымдастыру;

өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымды тиімді пайдалануға жәрдемдесу; қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражаттарының сақталымдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және басқалары.

Қаржыны оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға деген уақытша қажеттіліктерді несиелендіреді.  Шаруашылықты жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы көздерін, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржы менеджментінің басқа мәселелері нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         П а й д а л а н ғ а н  ә д е б и е т т е р

 

1 Ақша Несие Банк.   Оқулық   Алматы  2001 жыл.

2  Қаржы.  Ілиясов.  Оқулық    Алматы 2000 жыл.

3    Егемен Қазақстан.  13 Сәуір  2005 жыл.   

4    Қаржы . Ілиясов  II бөлім Алматы  2001 жыл.

5   Кәсіпорындағы  қаржы саясаты. Оқулық  Алматы 2003 жыл.

6    Ақиқат газеті.  21 Қаңтар 2005 жыл. 

7.“Қаржы ” Ғ.С.Сейтқасымов.  Алматы.1998.

8. “Финансы “ 3 том.  Р.Р. Сапин.

9. “Финансы и его  функции ” В.П. Воронин, Москва. 2005.

10. “ Қаржы есеп ”  Г.Б. Бахаев. Алматы. 1998.

11.“ Денги и прогрес “ А.С. Марш. Москва. 2004.

12.“ Қаржы негiзi “  Ы.Ә. Әмiров. 1994.

13.“Қаржы”  Қ.Iлясов.  Алматы. 2003.

 


Информация о работе Шаруашылық жүргізуші субъект