Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:49, дипломная работа
Жұмыстың мақсатына жету үшін мынадай міндеттер жүзеге асырылды:
кәсіпкерліктің теориялық-әдістемелік негізіхн талдау.
Орта және шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауға баға беру.
Қазақстан Республикасындағы орта және шағын кәсіпкерліктің қалыптастырудағы әлеуметтік-экономикалық факторларды анықтау.
Кіріспе.........................................................................................................................3
1-Тарау.Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тұжырымдамасының теориялық негіздері
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің классикалық теориясы...........................6
1.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі мен қажеттілігі..................................................................................................................12
2-Тарау. Қазіргі кездегі шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизміне әлеуметтік талдау
21. Қ. Р. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен қазіргі жағдайына әлеуметтік талдау (соңғы бес жыл 2003-2007 жж. немесе 2002-2006 жж.).........22
2.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау іс шараларының барысына әлеуметтік талдау жасау........................................................................30
3-Тарау.Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау тұжырымдамасын аймақтарда жүзеге асыру механизмі
3.1. ОҚО шағын және орта кәсіпкерліктің алдыңғы жылдармен салыстырғандағы мемлекеттік қолдау тиімділігіне әлеуметтік талдау жасау. ........................................................................................................................38
3.2.ОҚО әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы атты социологиялық зерттеу..........54
Қорытынды......................................................................................................68
Пйдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................70
3.2. «Оңтүстік Қазақстан облысындағы әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы» атты социологиялық зерттеулер қорытындысының есебі
Зерттеулер нысандары бойынша:
№ |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Тіркелген субъектілер саны |
Онын ішінде жұмыс істейтіндері |
1 |
Шымкент қаласы |
23093 |
20829 |
2 |
Түркістан қаласы |
10937 |
10889 |
3 |
Сарыағаш ауданы |
12833 |
12569 |
4 |
Мақтаарал ауданы |
18964 |
18573 |
Оңтүстік Қазақстан облысында әйелдер кәсіпкерлігін зерделеу жөніндегі социологиялық зерттеулер 2008 жылғы5 ақпаннан 10 наурызға дейінгі аралықта жүргізілді. Социологиялық зерттеулерде іріктеліп сұралған адамдардың жалпы саны - 400 респондент. Зерттеулердің географиялық нысандары - Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Мақтаарал аудандары.
Респонденттердің әлеуметтік демографиялық сипаттамасы: сұрауға қатысқандардың жасына карай бөліну санаты: 17-ден 25 жасқа дейінгілер -11,0%, 26-дан 35 жасқа дейінгілер - 37,0%, 36-дан 45 жасқа дейінгілер - 38,2%, 46-дан 55 жасқа дейінгілер - 15,2%, 55-тен 62 жасқа дейінгілер - 0,5%.
Респондент әйелдердің ұлттық кұрамы - қазақтар (75,0%), орыстар (9,2%), өзбектер (8,7%), басқа ұлт өкілдері - татар, корей, түрік әйелдері (7,0%), Респонденттердің отбасы жағдайы - күйеуге шыққан әйелдер (73,7%), тұрмыс кұрмаған әйелдер (14,7%), ажырасқан әйелдер (11,5%).
Бизнестегі қызмет өтілі (стажы) шартты түрде екі кеісцге бөлінді 10 жылға дейін, 10 жыл және одан жоғары; 1-параметр Осылайша 5,2%, 2-параметр бойынша - 94,7%. Сонымен, сұрауға негізінен бизнес қызметінде «қомақты өтілі» бар респондент әйелдер қатысты.
Бизнес қызметінің жағдайлары туралы сауалін респондент әйелдер мынадай жауаптар берді:
• 47,0% - бизнеспен және үй шаруасымен айналысуға уақыттары бар (16,5% - Сарыағаш ауданы бойынша, 12,5% - Түркістан қаласы бойынша, 10,7% - Шымкент қаласы бойынша);
• 35,5% - бар уақытын бизнеске жұмсайды;
• 14,5%биз несті мемлекеттік мекемедегі жұмыспен ұштастыра жүргізеді. Әйелдің бизнесті үй шаруасымен және қоғамдық қызметпен ұштастыра алып жүруі әйел белсенділігіне ерекше өң-сипат береді - «уақыт тапшылығының» қарбалас жағдайында ұйымшылдық, мақсаттылық дағдылары шыңдалады
Бизнес қызметінің табысты болу шарттары отбасы мүшелерінің кәсіпкер әйелдерге белсенді қолдау көрсетулеріне тікелей байланысты: сұралғандардың жартысынан көбі (66,5%) бизнес ісінде өз отбасының қолдауына ие екен. Бұл жауапты Шымкент (16,5%), Түркістан қалаларындағы (18,7%), Мақтаарал (14,0%), Сарыағаш аудандарындағы (17,2%) респондент әйелдер атап көрсеткен.
Әйелдердің отбасын «асырауға» бағытталған жеке экономикалық қызмет аясы негізінен сауданың түр-түрімен, әйелдердің дәстүрлі қолөнер кәсібімен (тігін тігу, көкөніс пен жеміс-жидек дайындау және т.б.) айналысу болды. Бұл қызмет түрінің тартымды әрі қолжетімді болуы оның комақты бастапқы қаржыны, үлкен үй-жайлар мен өндірістік шығыстарды қажет етпейтіндігіне байланысты. Осы себепті респондентердің 41%-ынан астамы өз бизнесін қолда бар азын-аулақ «каражатпен» бастаған. Осы жауапты Шымкент (11,0%), Түркістан қалаларындағы (12,5%), Мақтаарал (9,5%), Сарыағаш (8,7%) аудандарындағы респондент эйелдер атап көрсеткен. Сұралғандардың 18,5%-ы ақшаны тума-туыстарынан қарызға алған; 16,7%-ы - банктен несие алған; 13,7%-ы - жора-жолдастарынан қарыз алса, 5,2%-ы - шағын несие алған.
Респонденттердің 43,5%-ы өз бизнесінің жай-күйін тұрақты орташа деңгейде деп бағалаған. Осы жауапты Түркістан қаласындағы (10,7%), Мақтаарал (7,2%), Сарыағаш (17,5%) аудандарындағы респонденттер атап көрсеткси. Әйелдердің 34,0%-ы бизнес аясының айтарлықтай кеңігенін атап айтқан, 12,5%-ы өз бизнесінің жайын бастапқы күйінде қалып отыр деп бағалаған, 7,0%-ы жаца бастап жүрген бизнес-ханымдар - өз ісінің даму келешетін оң бағаласа, 3,0%-ы бизнестен көңілдері қалып, бұл іске икемділігіміз жоқ деп кәсіпкерліктен бас тартуды жөн көріп отырған.
Әйелдердің бизнестегі өкілділігінін мәртебесі
• сұралғандардың 31,7-%-ы жеке дара басшылар мен тауар сатушылар болып табылады. Осы жауапты Шымкент (10,7%), Түркістан қалаларындағы (12,5%), Мақтаарал (7,2%), Сарыағаш (16,5%) аудандарындағы респондент әйелдер атап керсеткен;
• респондент әйелдердің 23,0%-ы жеке дара бизнес басқарушылар болып табылады;
• респондент
әйелдердің 21,7%-ы кәсіпкерлік қызметті
күйеуімен бірге
жүзеге асырады екен;
• респондент
әйелдердің 17,5%-ы отбасы бизнесіне
тума-туыстарымен
бірге қатысады екен;
• 6%-ы біріккен (үлестік) бизнеспен айналысады.
Осы мәселе бойынша қорытындылай келе, респондент әйелдердің 54%-дан астамы бизнесте басшылар болып табылады. Және бұл орайда қызмет түрлерінің жиынтығы өте-мөте әр алуан, ол көптеген әйелдердің осы саладағы шаруа-тірлікке ойдағыдай бейімделгенін аңғартады.
Желілік маркетинг - 3,0%.
Ателье, үйлену тойының жол-жоралары салонын, сурет салонын, дәріханаларды ұстау - 2,7%.
Айырбастау орындарын ұстау - 2,2%.
Саяхат бизнесі - 1,5%.
Өндірістік цехын ұстау - 1,2%.
Үйдегі бизнес (үйдегі өндіріс пен жұмыс) - 1,2%.
Бизнес қызметінің артышылығы бар салаларының бірі базарда тауар сату болып табылады - 44,0%. Осы жауапты Түркістан қаласындағы (17,0%), Мақтаарал (7,2%), Сарыағаш (15,5%) аудандарындағы респонденттер атап көрсеткен.
Дүкендер, кафе, шаштаразы, асхана, мейрамханаларды ұстау 19,5%.
¥сақ тауарларды өндіру және сату - 8,0%.
Өнеркәсіп өндірісі - 7,0%.
Косметикалық салондарды ұстау - 4,7%.
Ауылдағы бизнес: фермаларды ұстау және өнімді сату - 3,5%.
Тұтас алғанда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша әйелдердің бизнестегі өкілдігінің аясы тек маркетингті ғана емес, сонымен бірге өнеркәсіп пен өндіріс салаларын, фемерлік шаруашылықтарды ұстауды камтиды.
Респондент әйелдердің 52,5%-ы үшін бизнес кызметі отбасын асырау көзі болып калып отыр. Бұл жауапты іріктеп алынған барлық географиялық нысандар респонденттері атап көрсеткен: Шымкент (8,5%), Түркістан (16,5%) қалалары, Мақтаарал (11,5%), Сарыағаш (16,0%) аудандары. Сұралғандардың 15,5%-ы үшін бизнес өз таланттарын, қабілеттерін іске асырудың шарты болып табылады. 14,7%-ы - бизнес олардың мұраты, көңіл көншитін негізгі жұмысы болып табылады деп атап көрсеткен. 11,2%-ы - бизнесті отбасылық корпоративтік іс ретінде анықтаған. Тек 5,7%-ы ғана бизнес қызметі – мәжбүрлі шара, яғни бизнеспен айналысу өзінің материалдық және әлеуметтік мәртебесін тұрақты орнықтырғанға дейінгі уақытша күнкөріс көзі болын табылады деп санайды.
Табысты бизнес қызметінін негізгі факторларының бірі әйелдердін меншікке иелік етуі болып табылады. Бұл ретте олардың 38,2%-ы - меншік иелері. Осы жауапты Шымкент қаласындағы (12,2%), Мақтаарал (8,2%), Сарыағаш (9,7%) аудандарындағы респондент әйелдер атап көрссткеи. 31,0%-ы меншікке ішінара отбасымен, жұбайымен бірге иелік етеді, 30,7%-ы - меншікке ие еместер
Респондент әйелдердің 39,2%-ы бизнес қызметіндегі негізгі проблемалар қатарына ең алдымен бәсекелестіктің күшті болуын жатқызады. Осы жауапты Шымкент (13,0%), Түркістан қалаларындағы (8,5%), Мақтаарал (5,7%), Сарыағаш (12,0%) аудандарындағы респондент әйелдер атап көрсеткен. Кәсіпкер көзкарасымен алып қарағанда, бәсекелестік оның тұрақты жағдайының көрсеткіші, өз ісінің аясын кеңейту мен сапалы денгейде ұстап тұру қажеттілігі болып табылады.
Бизнестегі мақсаттары жүзеге асыру барысында әйелдер бірқатар қиыншылыктарға кезігеді. Респонденттердің 26 %-ы, әсіресе ауылда өмір сүретіндері, бизнес ісін кеңейтуге қажетті материалдық құралдардың жетіспеушілігін атап айтады. 18,0 %-ы - салық ставкалары жоғары, кәсіпкер әйелдер үшін оларды төмендету қажет десе, 15,5 %-ы – кәсіби білімнің жоқтығын немесе жетіспеушілігін атап көрсеткен. 15,50-ы ез бизнес ісінде проблемалар жоқ, бәрі де жақсы деп есептейді. 11,2 %-ы бизнес аясын кеңейтіп, шағыннан орта бизнеске көшу жоспарын құрып отыр. Кәсіпкер әйелдердің 10,0 %-ы үшін отбасындағы міндеттерді бизнеспен ұштастыра атқару негізгі проблема болып табылады деп санайды. 8,0 %-ы үлестік бизнесте шешім қабылдауда еріксі, тәуелді болу проблемасын көрсеткен. 6,2 %-ы үшін дербес бизнесті ашу проблема болып табылады екен. 4,0 %-ы - бизнестен көңілдері қалып, бұл саладағы істен бас тартуды жөн көреді.
Осы ретте респондент әйелдердің 22,7 %-ы бизнесті дамыту жолындағы барлық қиындықтарды жеңуге тырысатынын айтқан. Оның ішінде осы жауапты Түркістан қаласындағы кәсіпкер әйелдер (6,7 %) атап көрсеткен. 19,0 %-ы бизнеспен айналысу құқығына құжаттарды ресімдеуде қиындықтарға кездескен. Гендерологтардың пайымдауынша, бұл фактіден құжаттарды созудың әдеттегі мысалы ғана емес, сонымен бірге лицензия беруге уәкілетті адамдардың әйелдерге сенімсіздік білдіру ниеттері де байқалып тұр. Осы жауапты Шымкент қаласындағы (7,7 %), Мақтаарал (4,0 %), Сарыағаш (15,2 %) аудандарындағы респондент әйелдер атап көрсеткен. Олардың 12,2 %-ы ауыл тұрмысында орнығып қалған «әйел үй шаруасымен айналысуы керек, әйел үй тірлігі үшін жаралған» деген стереотипті көзқарастан туындайтын қиындықтар барын атап айтқан.
Істі табысты өрістетуде әйелдердің өзара іс-қимыл жасауға және тіл табыса білуге қабілеттері маңызды рөл аткарады: 45,0 %-ы бизнестегі бірлескен іс-қимылды жыныстық айырмашылығына қарай анықтап белмейді, 26,2 %-ы ұшін ерлермен де әйелдермен де бірлесіп жүмыс істеуге қызығады, 16,0 %-ы тек әйелдермен ғана өзара іс-қимыл жасаса, 12,7 %-ы ер адамдармен іскерлік байла-ныс орнатқан. Респонденттер бизнестегі өзара катынастардың тұйықты емес, «гендерлік баланс» қажет екенін дұрыс түсінеді.
Респонденттердің 42,7 %-ы бизнесті отбасы міндеттерімен, қоғамдық және саяси қызметпен қоса алып жүру осы заман әйелі үшін қалыпты процесс, тіпті оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін жай болып табылады деп есептейді. Осы мәселе турасында Мақтаарал (11,7 %) және Сарыағаш (10,2 %) аудандарының респонденттері осынлайша жауап берген. Кәсіпкер әйелдердің 19,2 %-ы бизнес ісін басқа тірлікпен ұштастырудың машақаты көп деп санайды. 17,5 %-ы қиындықтар отбасы қатынастарын реттеумен байланысты десе, 15,5%-ы осы заман әйелі міндетті түрде өз күш-жігерін саясат ісіне жұмсап көруі керек деп есептейді, ал 5,0 %-ы осы проблемаға байланысты бизнестен кету керек деп ойлайды.
Респонденттердің пікірінше, ОҚО-да
әйелдер кәсіпкерлігінің
ОҚО іскерлік клубтарында, бизнес орталықтарында бизнес бойынша эріптестермен жаһандасу мен қатынастарды кеңейту (12,7%); екінші арнайы білім алу (10,5%).
ОҚО кәсіпкер әйелдерін жоғарылатудағы мемлекеттік және жеке ұйымдардың, МЕҚ-дың атқарар рөлі
Жүргізілген сауалнама көрсеткендей, бастапқы бизнесте кәсіпкер әйелдерге іс жүзіндегі көмекті банктер, олардың жұмыс орындары бойынша жеке мекемелер мен облыстың үкіметтік емес ұйымдары көрсетеді екен. Атап айтқанда:
39,5% - банктер - Халық банкі, Каспий банкі, Нұрбанк, АТФ-банк, Тұранәлембанк, Банк Центркредит, Қазкоммерцбанк, Темірбанк, Валют-Транзит банк;
19,2% - жеке тұлғалар - күйеуінің жора-жолдастары, тума-туыстары;
13,7% - мемлекеттік мекемелер - әкімдіктер;
13,5% - жеке меншік мекемелер - база басқармасы, «Аделина» дәріханасы, целлофан оңдеу зауыты, «Орифлейм» компаниясы; 10,2%
өз варианты - жеке каражаттары, балаларының жәрдемі, бизнестегі эріптестерінің көмегі, мұрадан қалған қаржы-кұралдар; 3,7% - ҮЕҚ, коғамдық ұйымдар
Респонденттердің пікірінше, бизнесті дамыту үшін қажетті ресурстарға мыналар жатады: банк кредиттерін алу шарттарын оңайлату (31,7%) - істі жаңадан бастағандар, ауыл әйелдері үшін жеңілдіктер. Осы жауапты Түркістан қаласындағы (7,2%), Мақтаарал (7,5%) және Сарыағаш (12,7%) аудандарындағы респонденттер атап көрсеткен. Істің аясын кеңейту жөніндегі бизнес-жоспарды жасау бойынша үйрету (23,5%). Бизнес ісі бойынша заңгерлік кеңес беру (13,0%). Жер үлестерін жеке меншікке алуда кәсіпкер әйелдерге жеңілдіктер беру (9,0%). Ауылдық кәсіпкер әйелдер үшін салықтарды төмендету (8,0%). Бизнес-ханымдарға арналған лидерлік жоніндегі тренингтік бағдарламалар аясын кеңейту (8,0%). Бизнес-орталықтары, әйелдер ҮЕҚ жанында психологиялық кеңес беру (6,0%).
ОҚО кәсіпкер әйелдерінің ең жақсы қасиеттерінің рейтингі
Респонденттердің пікірінше, бизнес қызметі өз ісін табысты іске асыру
үшін мынадай жеке басы қасиеттерінің қалыптасуын айқындайды:
40,0% - жауапкершілік
34,7% - ұйымдастырушылық қабілеттері
Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмі