Қазақстандағы тікелей инвестициялар олардың эканомикадағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 20:23, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялық саясат, экономикалық өрістер мен салалардағы күрделі қаржылыардың пайдалануының негізгі бағыттарын сипаттайтын,халық шаруашылықтың әдістер мен шешімдердің жиынтығын білдіреді. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары ресурс өндіруші және тұтұнушы салалар арасындағы күрделі қаржыландыру қатынастарын оңтайландыру, күрделі қаржыларды қайта бөлістіруде халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтушы ғылыми-техникалық прогересті жеделдету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытушы салалар пайдасына жұмсау.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................3 1КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ.
1.1Инвеститциялардың маңызы,мәні және түрлері...................................4
1.2Қаржы инвеститциялары ...................................................................6
1.3Инвестициялардың тиімділігін бағалау...............................................8
2ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ.
2.1Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау...................................................................................................11
2.2Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және
оның маңызды мәселелері......................................................................12
3РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ
БАСҚАРУ
3.1Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері.........................14
3.2Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік
басқару жүйесі......................................................................................15
3.3 Мемлекттің құрылымдық инвестициялық саясатын
қалыптастыру негіздері.........................................................................17
ҚОРТЫНДЫ.......................................................................................21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................22

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстандағы тікелей инвестициялар олардың эканомикадағы рөлі.doc

— 156.00 Кб (Скачать файл)

     Сертификаттың бір түріне –жамбо –сертификат немесе номиналдық құны өте жоғары аса ірі сертификат жатады. Мысалы:Швеицарлық жамбо –сертификат аса ірі акцияларды (1000 дана ) біріктіреді де, сомасы  наминал бойынша 100 мың швейцарлық франк болады.

      Ақшаларды акцияларға, облигацияларға және басқада да бағалы қағаздарға айналдыру қаржылық инвестициялар деп аталады. Кәсіпорын активтерінде ұзақ мерзімді (1 жылдан көп), қысқа мерзімді(1 жылдан аз)қаржылық инвестициялар болады.Көрсетілген активтерге қаражат құюшылар –инвестролар,ал бағалы қағаздар шығарушылар –элименттер деп аталады.

Инвесторлардың негізгі мақсаттарына жататындар:

Салымдардың қауіпсіздігі;

Салымдардың табыстылығы;

Салымдардың өсуі;

Салымдардың өтімділігі.

Инвестициялық жобаларды орындап,есептеп,олардың тиімділігі жобаға кеткен шығындар мен жобаның іске асу нәтижелерін салыстыра отырып,талдау нәтижелерін салыстыра отырып,талдау нәтиежесінде анықтау қажет.

       Жобалық талдау дегеніміз капиталдық жобаның табыстылығын талдау процесі.Басқаша айтқанда, инвестициялық жобаға кеткен шығындар мен осы жобадан түскен табысты салыстыру.Ол үшін инвестициялық жобаның барлық сатылары мен аспектілеріне ұзақ талдау жасалынады: Негізгі талдау аспектілері:

 Техникалық талдау.Инвестициялық  жобаға неғұрлым дәл келетін техника мен технологияны анықтау.

  Коммерциялық талдау (маркетингтік) Инвестицилық жобаны іске асырғаннан кейін,шығарылған өнімнің сатылу нарығын талдау, яғни қаншалықты көлемде өнім шығарылуы қажеттігін талдау, жобаға қажетті өнім нарығын талдау.

 Институционалдық талдау –жобаны іске асырудың ұйымдық –құқықтық, әкімшілік және саяси ортасын бағалау . Осы ортаны мемлекеттік  ұйымдардың талабына сай келтіру; тағы бір басты жай –фирманың ұйымдық құрылымын жобаға сай келтіру.

  Әлеуметтік (әлеуметтік –мәдени) талдау жобаның жергілікті тұрғындарға әсерін зерттеу.

  Қоршаған ортаны талдау –жобаның қоршаған ротаға тигізген кері әсерін экспертиза арқылы анықтау және ондай кері әсерлерді болғызбау әдістерін қарастыру.

  Қаржылық талдау.

  Экономикалық талдау.

                               

 

 

       1.3 Инвестициялардың  тиімділігін  бағалау

      Осы методикалық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда: коммерциялық (қаржылық) тиімділік –қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтиежелерін; бюджеттік тиімділік –жобаны  іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін; Экономикалық тиімділік –жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтиежелерді анықтауда қолданылады.

       Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:

  таза дисконтталған құн (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ).

  инвестициялардың рентабельділігі (ИР)

  табыстың ішкі нормасы(ТІН);

  қайтарым уақыты (Т қай).

     Осы көрсеткіштермен –пайданың жай нормасы, капитал беру, шығындардың интегралдық тиімділігі  көрсеткіштері де қолданылады.

     Инвестициялық жобаның коммерциялық (қаржылық) тиімділігі табыс нормасын қаржы шығындармен толтыратын нәтиежелердің арақатынасымен анықталады және жоба бойынша толық түрде немесе жобаны инвестициялау үлесіне байланысты жеке қатысушылар үшін де есептелінеді.

      Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін есептегенде инвестордың    инвестициялық ,операциялық, қаржылық  іс -әрекеті қаралып, есепке алынады.Мұнда нақты ақшалардың ағыны мен сальдосы анықталып, талданады.

    Нақты ақшалардың ағыны –инвестициялық жобаны орындау барысындағы, инвестициялық және операциялық іс -әрекеттен болған, ақша қаражатының құйылымы мен шығысының арасындағы айырма.

   Нақты ақшалардың сальдосы (қалдығы) –инвестициялық жобаны іске асыру уақытындағы, барлық үш бірдей (инвестициялық, операциялық, қаржылық) іс -әрекеттен болған ақша қаражаттарының құйылуы мен шығуының арасындағы айырма. Инвестициялық жобаны қабылдаудың қажетті критерий ретінде нақты ақшалардың жағымды сальдосы (қалдығы) есептеледі.Ал егер сальдо (қалдығы) –жағымсыз болған жағдайда инвесторлар өз қаражаттарынан қосымша қаражат алуы тиесілі.Инвестицицялық жобаның коммерциялық тиімділігін қосымша бағалау үшін, қарызды толық өтеу  уақыты және инвестицияның жалпы көлеміндегі инвестициялық жобаға қатысушылардың үлесі есептелінеді.

Қарызды толық өтеу уақыты, инвестициялық жобаны іске асыруда несие және қарызға алған қаржаттар болған жағдайда ғана  анықталады.

        Инвестициялық  жобалардың коммерциялық тиімділігіне  әсер ететіндер:

 Жалпы инфляция –экономикадағы өндіріс ресурстарына (шикізат, капитал,қызмет, еңбек т.б және шығарылатын өнімге бағаның жалпы деңгейінің өсуі;

  Инфляцияның әртектес болуы (яғни оның әртүрлі көлемі) -өнім түрлері және өндіріс ресурстары бойынша;

  Инфляция деңгейінің шетел валютасының курсынан жоғары болуы.

Бюджеттік тиімділіктің көрсеткіштері –жобаны іске асырудың нәтижелерінің жергілікті және аймақтық бюджеттің кірісі мен шығысына әсерін анықтайды.

Бюджеттік тиімділіктің негізгі көрсеткіші болып –бюджеттік әсер (эффект) есептелінеді.

          Интегралдық  бюджеттік әсер –жылдық дисконтталған  бюджеттік әсерлердің қосындысы  түрінде еспетелінеді немесе  бюджеттің интегралдық шығыстарынан асып түсуі түрінде қарастырылады.

           Бюджеттің  шығыстарының құрамына кіретіндер:

 жобаны бюджеттік қаражаттандыруға тікелей бөлінген қаражаттар;

ұлттық, аймақтық және басқа да банкілердің жобаны іске асыруға жеке қатысушыларға  берген несиесі.Олар қарызға беріледі де бюджет арқылы жабылады;

отын мен энергия тасмалдаушылардың нарықтық бағасына қосымшаға бөлінген тікелей бюджеттік ассигновациялар;

жобаны іске асыру барысында жұмыссыз қалған адамдарға жәрдемақылар төлеу;

мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша төлемдер;

   шетелдік және өз еліміздің қатысушыланрына, инвестициялық тәуекелшілдіктен мемлекеттік, аймақтық кепілділік;

  жобаны іске асыру барысында туындауы мүмкін қатерлердің әсерлерін кетіруге бюджеттен бөлінген қаражаттар .

         Бюджеттің кірістерінің құрамына кіретнідер:

    қосымша құн салығы, жобаны іске асыратын шетел және Қазақстан кәсіпорындарының бюджетке төлейтін арнайы салығы мен басқа да салық төлемдері;

    жобаны іске асырудың  барысында қаржылық жағдайында  әсер еткен басқада кәсіпорындардан түскен салықтық түсімдердің көбеюі;

   жоба бойынша шығарылған өнімдерден бюджетке түскен кедендік баж алымы мен акциздер;

   Жобаны орындауға шығарылған бағалы қағаздардан иүскен эмиссиялық табыс;

   Жобаны қаржыландыру үшін шығарылған акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан түскен дивиденд;

   Қазақстан және шетел жүмысшыларының жоба бойынша орындағаны үшін алған еңбекақысынан бюджетке түскен табыс салығы;

   Жер, су және басқа да табиғат ресурстарын қолданғаны үшін;жобаны орындау барысында геологиялық –барлау жұмыстарын жүргізуге берілген лицензия үшін бюджетке түскен төлемдер;

  Жоба бойынша объектілер салып, іске қосуға, барлауға конкурстар мен тендерлер өткізуден түскен табыс;

Жобаны орындауға бюджеттен бөлінген несиеге қайтару;

       Жобаға байланысты,материалдық,отын-энергия табиғи ресурстарды дұрыс қолданбағаны үшін салынған айыптар мен санкциялар.

     Бюджеттің кірістеріне-зейнеткерлік қорға,жұмыспен қамтамассыз ету қорына және т.б. бюджеттік емес қорларға түскен түсімдері де жатады.

     Халық шаруашылық экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері жобаның тиімділігін бүкіл халық шаруашылығы бойынша және жобаны іске асыруға қатысқан аймақтар,салалар,ұйымдармен кәсіпорындар бойынша көрсетеді.

    Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін халық шаруашылығы бойынша есептегенде жобаның нәтижелеріне мыналар кіреді.

 Соңғы өндірістік нәтижелер(барлық шығарылған өнімді сыртқы және ішкі нарықта сатудан түскен түсім);Жобалау барысында қатысушылар жасаған мүліктермен интеллектуалдық меншікті сатудан түскен түсімде;

 Әлеуметтік және экологиялық нәтижелер(жобаның халықтың денсаулығына,аймақтағы әлеуметтік және экологиялық жағдайға әсерін есептегенде);

 Тікелей қаржылық нәтижелер;Шетелдердің,банкілер мен фирмалардың қарыздар мен несиелері.

Құндық өлшемге келмейтін әлеуметтік,экономикалық саяси және басқа да нәтижелер халық шаруашылығы тиімділігінің қосымша көрсеткіштері ретінде қарастырылады және жобаны қабылдау жайлы шешім қабылдағанда есепке алынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

    2ҚАЗАҚСТАН  ТІКЕЛЕЙ  ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ  МЕМЛЕКЕТТІК                         

 ҚОЛДАУ

 2.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау

 

Қазақстандағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заң (28 ақпан 1997ж) қабылданған. Онда инвестицияның қызметі –инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен кемсілерден тұрады:

-инвестициялық қызметті қамтамасыз  етудің заң шығарушы кепілдері;

-жеңілдіктері мен артықшылықтары жүйесін белгілеу;

-Қазақстан Республикасының мүддесін  инвесторлар алдында көрсетуге  өкілетті, біріңғай мемлекеттік  органның болуы.Заңда тікелей  инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың  мақсаттары мен міндеттері белгіленген.

     Бұл қолдаудың мақсаты-экономиканың басым секторларында тауар өндірісін,жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамассыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады.

     Мемлекеттік тікелей  қолдаудың ортақ мақсатына жету  үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

   жаңа технологияларды,алдыңғы қатарлы техника мен ноу-хау енгізу;

   жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;

   отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру;

   экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

   ҚР-ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану.

   менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу;

   жаңа жұмыс орындарын құру;

   жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың,олардың мамандық деңгейін жоғарылатудың жүйесін енгізу.

   өндірісті күшейтуді қамтамассыз ету.

   қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

      Басқарупроцесі үшін  инвестициялық жобаларды жүзеге  асыруды ынталандырудың шаралар  жүйесі басты мәнге ие.

     Соның ішінде,жеңілдіктер  жүйесі:бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша Қазақстан Республикасының берген кепілдері,сондай-ақ,келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.

    Тікелей инвестицияларды  қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік  орган,инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады.Ол Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру;инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамассыз ету;инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

    «Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы»заңды  дамытуға байланысты ҚР Президенті 1997ж сәуір айының 5-ші жұлдызында  тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ҚР экономикасын басым секторларының тізімі жөнінде жарлық шығарды.Бұл секторларға жататындар:

    өндірістік инфрақұрылым (жолдар,көлік,көпірлер,электр және жылу станциялары,телебайланыс топтары)

    өңдеуші өнеркәсіп (халық тұтынатын тауарларды,өндіріс құралдарын өндіру)

    Астана қаласының объектілері;

    тұрғын үй,әлеуметтік сала мен туризм объектілері(денсаулық сақтау,білім беру,спорт,мәлениет,туризм объектісі).

    ауыл шаруашылығы;

Инвестициялар бойынша ҚР-ның мемлекеттік комитеті белгілеген,ең маңызды өндірістерге салынатын инвестициялар,инвестициялық жобаны жүзеге асырудың бүкіл кезеңінде мемлекет тарапынан ынталандырылатындығы мен қолданатындығы жарлықта бекітілген.

 

 

 

        2.2. Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру  

және оның маңызды мәселелері

Инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең Инвестициялық қызмет –дегеніміз  «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс -әрекеттерінің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей инвестициялық сфераларды жүзеге асырады: а)күрделі құрылыс; ә)иновациялық сфера; б) қаржы капиталын пайдалану сферасы; в)қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік  құқықтарды жүзеге асыру сферасында (кепілдік құқық пен ипотекалық несиені қоса есептегенде).

Информация о работе Қазақстандағы тікелей инвестициялар олардың эканомикадағы рөлі