Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 20:35, реферат
Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің барығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.
Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа банктердің барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.
Кіріспе ………………………………………………………………………..........….3
I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы……………………………………........…….4
1.2 Банк жүйесінің құрылымы ………………………………….………...……6
II Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
2.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау…………………….....….....8
2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау …………………...12
III Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және
жетілдіру жолдары…………………………..………………………………...…….17
Қорытынды ……………………………………………………………………....…..19
Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………………20
Активті операциялар (қаражаттарды орналастыру)
- банктердің өз шотына және пайдасына
жүргізілетін операциялар;
- клиенттердің шоттарына және олардың
қажеттіліктері бойынша жүргізілетін
операциялар.
Активті-пассивті операциялар (комиссиялық делдал)
- клиенттердің қажеттіліктері
бойынша және комиссиялық
Коммерциялық банктің кіріс алу және
өтімділікті қамтамасыз ету мақсатымен
банктің шоғырландырылған ресурстарын
орналастыру оның активті операцияларының
мазмұнын анықтайды. Яғни, банктік активті
операциялар – табыс алу және өзінің өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатында иелігінде
бар ресурстардың орналастыру жүзеге
асыратын операцияларды білдіреді. Бұл
екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық
кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды
пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан
пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне
қарағанда, қарыздарға біршама жоғары
пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс табады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған
қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін
өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде
ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы
пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда).
Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай
отырып, олардың ішінде берілетін қарыз
бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің
жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай
қаражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер
үкіметтің қажеттілігіне (Үкіметтің үкімі
бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге
және олардың акционерлеріне пайда әкелмек
түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай
қарыздардың ешкімге де пайдасы болған
жоқ. Коммерциялық банктер өз клиенттерінің
сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді
ұсыныды, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын
қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке
деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады.
Көптеген клиенттер үшін облигацияға
немесе акцияға жұмсағанға қарағанда,
мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып
табылады. Қазіргі комммерциялық банктер
туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің
басқа да буындары сияқты олардың үнемі
дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни
операциялар формасы, бәсеке әдістері,
бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы
қызметтері бар: депозиттер қабылдау,
ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды
жүзеге асыру, несие беру. Бұл банктердің
басқа қаржы институттарынан айырмашылығы
және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы
мен жоюында болып табылады. Бұл жерде
ақша деп, тек қолма – қол ақшалар ғана
емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар
түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау
мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды.
Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып,
экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады.
Банк несиелерінің жетіспеушілігі және
өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында
өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық
шаруашылығындағы осы сияқты іс – тәжірибелер
тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі
ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз
жататын болса, екінші жағынан, мұндай
ақшалар қажетті емес.
1985 жылы АҚШ-та 15 мыңнан астам коммерциялық
банктер қызмет еткен. Олардың 5 мыңға
жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен
чартер (рұқсат) алған банктер, 10 мыңнан
астамы штаттардың банктері (штаттардың
үкіметінен чартер алғандар). Ұлттық банктер
мен штаттық банктерінің қызмет етуі банк
жүйесінің қосарлы бағыныштылығын жасайды.
. АҚШ-тың несие жүйесінің жоғары органы
болып табылатын – Федералды резервті
жүйесінің (ФРЖ) мүшелерін – сенаттың
мақұлдауымен президент тағайындайды
және олардың қызметі келіспеушілік бойынша
қызметіне босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар
кеңесі конгрессі алдында есеп беріп отырады.
ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және
оған мүше болуға жіберілген коммерциялық
банк ФРЖ-нің мүше – банкі болып табылады.
Заң бойынша барлық Ұлттық банктер ФРЖ-ге
кіруге тиіс. Штат банктері өздерінің
қалаулары бойынша барлық және ФРЖ-нің
мүше – банктерге қоятын талаптарына
сәйкес келген жағдайда ғана жүйеге кіре
алады. Қазір штат банктердің 10%-ға жуығы
ФРЖ-ге мүше – банктер болып саналады.
ФРЖ-ге мүше – банктер жалпы коммерциялық
банктер қатарының 40%-ын құрайды. Депозиттік
мекемелерді реттеу және ақша айналысына
бақылау, банктерді ФРЖ-нің банктік резервтерге
қойылатын талаптарына бағындырды. Бұл
ФРЖ-ге мүше – банктер мен мүше емес банктердің
арасындағы басты айырмашылығын қалыпқа
келтіреді. АҚШ-тағы ең көп тараған банктер
типі – филиалсыз банктер.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-та
банктердің бөлімшелерін ашу кеңірек
қанат жайып, олар штаттар шегінде, сондай-ақ
одан тысқары және шетелдерде ашылған
болатын. Көптеген ірі банктер банктік
холдинг компаниялардың бір бөлігі болып
табылады. Банк ісінің бұл ұйымдастыру
формасы, тек қана банкі бөлімшелерінің
ашылуына жол беріп қоймай, сондай-ақ жаңа
қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ-та
холдинг- компаниялар 6 мыңға жуық, олар
8,6 мың банктерді және 35,6 мың олардың бөлімшелерін
бақылайды.
Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан
реттеу, сондай-ақ банктік холдинг – компаниялардың
қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік
жағдайды қолдап отыру мақсатын көздейді.
Соңғы кездері бұл аумақтағы бәсекенің
артуына чартер берудің қатаң саясатын
жүргізу, банктердің бөлімшелерінің ашылуын
кеңінен қолдану, электрондық терминалдардың
пайда болуы және АҚШ-та халықаралық банктік
операциялардың таралуы септігін тигізді.
Сонымен қатар бәсеке, басқа да қаржы институттардың
тез арада өсуіне байланысты күшейді (
мысалға жинақ коммерциялық банктерге
тән көптеген қызмет көрсететін мекемелер
және ақша нарығының өзара қорлары ).
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен
34 банк және олардың 783 бөлімшелері мен
филиалдары орналасқан. Бүкіл ақша айналымының
несие жүйесінде жинақталуы – несиелік
ресурстарды шоғырландыруға және оларды
елдің халық шаруашылығына ұғымды бағыттауға
мүмкіндік береді. Мемлекеттік валюталар
монополия принципіне ерекше маңыз береді.
Қазақстан Республикасының «Валюталық
реттеу туралы» заңында былай делінген:
«Қазақстан Республикасының Президенті
мен Министрлер кабинеті өз құзіреті шегінде
валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына
қайшы келмейтін нормативті актілерді
қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
– Қазақстан Республикасының валютасын
реттеудің негізгі органы болып табылады».
«Валюталық реттеу» түсінігіне нормативті
актілерді жасап шығару, ақпарат жинау,
валюталық заңдардың сақталуын бақылау
және оны бұзған тұлғаларға санкциялар
қолдану керек. Ұлттық банк валюталық
реттеу функцияларын жүзеге асырады. Бұл
принцип – ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының
бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы
және ақша айналысын басқа елдер валюталарының
ықпалынан сенімді қорғау жолы. Орталық
банк елдегі ақша – несие саясатының жүргізілуіне
толық жауап береді. Өз кезегінде ақша
– несие саясаты экономиканы мемлекеттік
реттеудің негізін құрайды. Сондықтан
ақша – несие саясатын автономды түрде
жүргізбейінше, республикадағы нарықтық
экономиканың тиімділігі туралы сөз қозғауға
да болмайды.
Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің
капиталы мемлекет игілігінде, алайда
акционерлер ретінде коммерциялық банктер
бола алады. Оларда да орталық банктер
атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке
есеп береді. Орталық банктердің автономиясы
Батыс Германияда, АҚШ – та заң жүзінде
бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі
туралы заңында, Орталық банк өз саясатын
үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда
оның тұрақты ақша айналысын сақтау мақсаттарына
қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті
емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация
министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк
туралы заңға ғана бағынады.
Біздің еліміз бен шет елдердегі несие
жүйесінің автономдылығының елеулі дәрежесі
– экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз
ету мақсатында ақша – несие және валюталық
тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты
болып келеді. Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің біршама тәуелсіздігінің
негізгі жағдайы бюджетке қатысты мәселенің
шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар
және банктік жүйелерді заңмен шектеу,
яғни үкіметтің Ұлттық банк қаражаттарын
пайдалануына шек қоюдың принципиалдық
мәні бар.
Президенттің «Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі туралы» заң күші бар жарлығында
былай деп жазылған: «Жүргізіліп отырған
мемлекеттік ақша-несие саясатының және
оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы
қаржы жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін
қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк:
а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне
заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне
келісімді шарттармен қысқа мерзімді
несиелер береді;
б) осы шарттар бойынша үкімет жәрдемімен
ашылған Қазақстанның халықаралық ұйымдарда
мүшелігімен байланысты жазылымдар мен
басқа да төлемдерге қатысты өзара келісілген
шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігіне қосымша несиелер береді».
Осылайша Үкімет, Ұлттық банктің басқа
да клиенттері тәрізді әрбір несие бойынша
қайтарымдылық, мақсатты-сипатының мерзімділігі
және төлемдік шарттарына сәйкес келетін
келісім негізінде қарыз алады. АҚШ, Жапония,
Англия, Канада және басқа елдерде іс жүзінде
үкіметті тікелей несиелендіру жоқ; Германия,
Голландия, Францияда заңмен шектелген,
Австрияда үкіметтік несиеден заң алтын
және конвертацияланатын валютамен 100%
қамтамасыз етілуі талап етіледі.
Бөлімді қорытындылай келе, қазіргі тұрақтандырылған
экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық
банктер халыққа көптеген операцияларды
жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі
банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын
ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай,
сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру,
сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды
сатып алу-сату, қаржылық операциялардың
барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда
делдалдық келісімдер және мүлікті басқару
операцияларын жүргізеді.
III Қазақстан Республикасындағы
банк жүйесіндегі мәселелер
жетілдіру жолдары
2003 жылы Қазақстанның қаржы
2003 жылы акша несие саясатын жүргізу қаржы
рыногында тұрақтылықты қамтамасыз етті,
сонымен қатар елде жоғарғы экономикалық
өсуді сақтауға белгілі бір дәрежеде ықпалын
тигізді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
2006 жылы номиналы 200 теңгеден 10000 теңгеге
дейінгі жаңа дизайндағы банкноталарды
айналысқа шығарды. Бұл шараға бірқатар
факторлар себепші болды және ұлттық валютаны
қолдан жасаудан қорғауды күшейтуге бағытталған.
2006 жылы жалпы инфляция денгейі 5.4пайызды
құрады. Жыл бойы валюта рыногындағы жағдай
тенгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша
нығаю үрдісімен сипатталады. Тенгенің
нығаюы ішкі валюта рыногына шетел валютасының
едәуір әкелуіне ықпалын тигізеді.
2006 жылы Ұлттық банктің таза халықаралық
резервтері 58 пайызды 4958,9 млн. долл. Дейін
ұлғайды, бұл 4,8 айдан астам тауарлар мен
қызмет көрсету импортының орнын жабуды
қамтамасыз етеді. Елдің халықаралық резервтері
тұтастай алғанда 69,3 пайызға 8565,2 млн.долл.
дейін өсті.
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің
өсуі ақша агрегаттарының кеңеюіне алып
келеді: ақша базасы 52,2% ға 316,9 млрд. Тенгеге
дейін, қолма қол ақша 47,6% ға дейін 238,7 млрд,
тнгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде 2006
жылы экономиканы модернизациялау 17,3
% дан 22%ға дейін өсті.
2006 жылы екінші денгейдегі
Барлық қадағалау қызметтерінің 2004 жылы
1қаңтарда құрылған Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттікке берілуіне байланысты
Ұлттық банк өз қызметін сапалы дамытудың
келесі сапасына өтті. Енді негізгі күш
жігер өз ақша несие саясатын және валюталық
реттеуді дамытуға шоғырландыратын болады.
Таяу жылдардағы басым бағыт ретінде ақша
несие саясатын Еуропалық Одақ стандарттарына
барынша жақындату айқындалды.
2006 жылдан бастап Ұлттық банктің негізгі
мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын
қамтамасыз ету ақша несие саясатындағы
мүлдем жаңа айқындама болып табылады.
Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық
банкке келесідей міндеттер жүктелген:
- мемлекеттің ақша несие саясатын әзірлеу;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз
ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды
жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтыығын қамтамасыз
етуге ықпал ету.
Ұлттық банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін
осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты
көрсеткіштер үшін Ұлттық банктің жауапкершілігін
күшейтеді және ұлттық банк жариялаған
Еуроодақ стандартына және инфляциялық
таргеттеу принциптерін пайдаланатын
көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған
мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін
күшейту жағдайларында инфляция бойынша
бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының
индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына
инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын
көрсететін баға индекстерін қарастырады
және монетарлық емес тұрғыдағы түрлі
дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз
етуге ықпал ету бұрынғыдай Ұлттық банктің
құзырында қалады. Осы міндетті шешуде
Ұлттық банк өз қызметін Қазақстан Республикасының
Қарды нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау жөніндегі агенттігімен
тығыз үйлестіріп отырады.
2007 жылы Америкадан басталған қаржы дағдарысы
әлемнің көптеген мемлекеттерінде өз
әсерін тигізіп отырғаны анық. Соған орай
барлық елдер өздерінің қаржы жүйесін
қорғап қалу мақсатында іс шаралар жасап
жатыр. Біздің Үкімет те қаржы тұрақтылығын
қорғау үшін банктерге қолдау жасауда.
Альянс Банк, БТА Банк, Халық Банкі және
Казкомерцбанк Үкіметтің қолдауына ие
болды.
Жалпы, банктердің қаржы айналымын тұрақты
жүргізудегі қызметтері алуан түрлі болатыны
анық. Атап айтқанда, өнеркәсіп орындарына,
шағын кәсіпкерлік иелеріне, жеке тұлғалардың
үй алуына және басқа да жобалар бойынша
несиелер береді. Банктердің қызметі сонысымен
қарқынды жүргізіледі. Алайда, ондай қызметтерді
кең көлемде жүргізуге қазіргі таңда банктердің
қаражаты жетпей жатыр. Сондықтан Үкімет
төрт банкке қолдау жасап отыр. Берілген
қаражатты банктер тиімді пайдалануы
қажет. Яғни, ел азаматтарының сұранысын
қамтамасыз етіп, шағын кәсіпкерлерге,
басқа да жобаларды жүзеге асыруға, құрылысы
жүріп жатқан ірі нысандардың жұмысы тоқтап
қалмауы үшін несие беруі керек.
Үкіметтің «Қазақстанның Халық банкі»
АҚ және «Казкомерцбанктерінің» несиелік
саясатындағы ең басты артықшылықтардың
бірі Қазақстанның барлық аумағындағы
нақты секторлар жобаларын қаржыландыру
болып табылады. Мәселен, биылғы 2008 жылдың
1 қазанындағы банк жүйесінің активтерінің
үлесі -34,8 пайыз, займда -36,9 пайыз, жеке
тұлғалардың депозиттерінде -41,6 пайыз
және заңды тұлғалардың депозиттерінде
42,6 пайызды құрайды. 2007 жылы бұл екі банк
өз акциялары мен депозитерлық қолхаттарын
Лондон қор биржасында орналастырған
атты белгі банктер блып саналатындықтан
көп нәрседен хабар болып отыр. Үкімет
атынан келісімге қол жеткізген «Самұрық
-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры «Халық банк»,
«Казкомға» акционерлік капиталдың 25
пайызы көлеміндегі жай акциялардың қосымша
эмиссиясына өз қатысуын шектейді. Қаржы
саласын басқару тетіктері бақылауды
тұр. Қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты сақтау
үшін Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары
көлеміндегі қаражат бөлінді.
«Самұрық -Қазына» ұлттық әл ауқат қоры
рыноктық қағидаларды басшылыққа ала
отырып, инвестор ретінде қызмет етпек.
Банктердің корпоративті органдары өз
жұмыстарын қазіргі заңнамаға сәйкес
жүргізіп, акционерлік капитал мен акцияны
сатып алуды ұлғайту жұмыстары «Акционерлік
қоғамдар туралы» заңға сәйкес жүргізілмек.
Қаржы дағдарысын болдырмау жөніндегі
іс шараларды жүргізу бірінші кезектегі
мәселе.
Қорытынды
Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік
емес мекемелермен үйлестіре отырып, көп
деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша-несие
және делдалдық қызметінің формалары
мен түрлері бойынша көп түрлілігінің,
орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер
(екінші деңгей) арасындағы функцияларды
заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
(бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының
орталық банкі болып табылады және Қазақстан
Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін
құрайды.
Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп
отырғандай, барлық елдердегі несиелік
институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік
жүйесін басқаруда басты роль атқаратын
орталық банктер бөлініп шығатын болды.Ал
олардың басшылық ролі мемлекет берген
кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты.
Коммерциялық банктер несиелік саясат
жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен
дербес әртүрлі қызметтер көрсетуде.
Нарықтық экономикада арнайы банктік
емес институттар құрылмаған жағдайда
кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай
қалады. Халық салымдарын толығымен тарту
мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық
экономика талаптарын толық қанағаттандыру
бұл институттардың құрылуын талап етеді,
ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады,
экономикадағы өзгерістерді икемді және
сезімтал ете түседі. Мемлекет, экономикаға
жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк
арқылы бірегей ақша – несие саясатын
жүргізеді.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика
жағдайында Орталық банкінің жұмысын
ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары
бар:
• оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің
қаражаты есебінен болатын унитарлық
банк;
• акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі
(немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік
қоғам;
• бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің
қатысуымен немесе қатысуынсыз);
• Орталық банкінің қызметін бірігіп
атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына
мемлекет қатыспайды, олардың капиталы
Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше
банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып
табылады. Мемлекет – жарғылық қордың
жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан,
құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан
тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге
тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық
банк резервтік және басқа қорлар құрады.
Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып,
ол өзіндік табыс есебінен толтырылады
және осы қорға байланысты нормаларға
сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша
шығындарды жабуға арналады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің
негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының
ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылады.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы
институттарынан айырмашылығы және ерекше
бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында
болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек
қолма – қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ
талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі.
Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика
үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін
іске асыра отырып, экономиканың өсуіне
қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің
жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз
мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту
мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы
сияқты іс – тәжірибелер тиімсіз, себебі
бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз
уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші
жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Қолданылған әдебеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының
2. «Қазақстан Республикасындағы банктер
және банктік қызмет туралы» заң күші
бар Жарлығы
3. 1 наурыз 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Қазақстан халқына арнаған
өзінің кезекті Жолдауы//Егемен Қазақстан,
2 наурыз
4. ҚР-сы Президентінің № 1720 «ҚР – ң мемлекеттік
басқару жүйесін одан ары жетілдіру туралы»
жарлығы
5. Кушербаев Б.П. «Банктер және несие алушылар
қарым – қатынастарын реттеу», Қарағанды
– 2002
6. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов
Ү. «Нарықтық экономика негіздері» / Алматы
«Экономика»-2000ж /
7. Шаяхметова К.О. «ҚР-ның екінші деңгейлі
банктеріндегі шағын және орта бизнесті
несиелеу жағдайы», Хабаршы-2005, N 1
8. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта
қатынастары»
/ Алматы «Экономика»-2000ж /
9. Мәдешев Б. «Нарықтық экономика теориясына
кіріспе»
/ Алматы «Экономика»-1998ж /
10. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие»,
Алматы – 2000 ж.
11. Общая теория денег и кредита: Учебник
/ Под ред. Е.Ф. Жукова-
М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998
12. Сейітқасымов Ғ. С. «Ақша, Несие, Банк»
/Алматы «Экономика» -2001/