Қаржының пайда болу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 13:26, реферат

Краткое описание

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.

Вложенные файлы: 1 файл

баяндама.doc

— 58.50 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ  Ш. УӘЛИХАНОВ атындағы КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

 

Қаржы кафедрасы

 

 

СӨЖ №1

 

 

                                                     Тақырыбы: «Қаржының пайда болу тарихы»

                                                      Орындаған: қаржы-21 тобының студенті 

                                                                     Сапарбекова Е.Е.                        

      

 

                                                  Тексерген: аға оқыт., э.м. Кусаинова А.А.

                                                

 

                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КӨКШЕТАУ 2012

 

Қаржының  пайда болу тарихы

Қаржы қоғамда  нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.

     Қаржының пайда  болуының бастапқы шарты ақша  қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.

Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың  әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.

Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі  өндіру, бәлу, айырбастау және тутыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын тауарлар ретіңде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді.

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдык арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

     Қаржы термині  латын тілінен аударғанда ақша  төлемі деген сөзді білдіреді.  Ал, мемлекет өзінің қызметін  атқаруға арналған қаржыларды мемлекеттік қаржы деп атаймыз. Мемлекеттік қаржының көлемі мемлекеттің қоғамдағы өзінің орны мен рөліне байланысты өзгереді. Мемлекеттік қаржының келесідей функцияларын атап өтуге болады: экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық. Әрқайсысына қаншалықты көңіл бөлуге әрбір мемлекеттің ерекшелігіне байланысты.

    Мемлекеттік қаржыны  қаншалықты дұрыс жұмылдыру және  оны тиімді бөлу мемлекеттің  қаржы саясатының негізгі міндетіне  әкелді. Қаржы саясаты мемлекеттің  экономикалық саясатының негізгі бөлігі болып табылады. Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бойынша міндеттерді шешуге арналған мемлекеттің қаржыны пайдалану қызметі. Қаржы саясатты жүзеге асыру негізінде мемлекет әр түрлі процестерге әсер ете алады.

      Қаржы қоғамда  нақты өмір сүретін, объективті  сипаты мен айрықша қоғамдық  арналымы бар өндірістік қатынастарды  білдіретін ақшалай қаржы ресурстары  мен қорларды жасау және пайдалану  процесіндегі экономикалық қатынастарды  қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.

     Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.

Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы  оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.

Қаржының мәні, оның даму зандылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

        Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:

-әр түрлі  қоғамдық формацияға қоғамның  өзіне меншікті таптық құрылымы  сай келеді. Сонымен бірге қаржы  ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына  қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке  алады;

      -кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;

     -өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды.         Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;

    -егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міңдеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.

     Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан - кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.

Қаржының пайда  болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.

Тауар өндірісінің  негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың  әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.

       Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бәлу, айырбастау және тутыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын тауарлар ретіңде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтріжелерімен, әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды беліілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі (табысы) жасалады.

Жасалынған  игіліктер мен құндылықтарды  өлшеу құн өлшемі мен жалпыға  ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер, қызметтердің өндірілген массасы - қоғамдық өнімнің - натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның ақшалай кәрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.

 Қоғамдық  өнімнің нақтылы іске асырылуының  екі нысанының болуы қоғамдық  өндірістің әрбір қатысушыларының  қажеттіліктеріне сәйкес оны  түпкілікті тұтынуға жеткізуге  мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит жоне басқалары пайдаланылады.

 Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

 Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады. "Қаржы" ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын — ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. «http://www.yandex.kz/» сайты
  2. «http://www.google.kz/» сайты
  3. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы» Жоғарғы оқу орындарына арналған  оқулық.

Информация о работе Қаржының пайда болу тарихы