Қор биржасы
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 10:20, доклад
Краткое описание
Қор биржасы – нарықтың ауыстырылмайтын қаржылық делдалы болып табылады, өйткені қаржылық құралдардың негізгі үлес салмағы сонда айналыста болады және ол ресурстардың бір субъектіден екіншісіне қозғалысын реттейді.
"Биржа" терминінің пайда болуы жайлы 2 түрлі тусінік қалыптаскан.
Біріншісі жаңа латынның "bursa", яғни әмиян деген сөзіне негізделеді.
Вложенные файлы: 1 файл
Тақырып
9.
Қор биржасы
- Қор биржасы – нарықтың ауыстырылмайтын қаржылық делдалы болып табылады, өйткені қаржылық құралдардың негізгі үлес салмағы сонда айналыста болады және ол ресурстардың бір субъектіден екіншісіне қозғалысын реттейді.
- "Биржа" терминінің пайда болуы жайлы 2 түрлі тусінік қалыптаскан.
- Біріншісі жаңа латынның "bursa", яғни әмиян деген сөзіне негізделеді.
- Екіншісі белгиялық Брюгге қаласында тұрған Вандер Бурсе атты голландық көпестің атынан пайда болды делінеді.
- Егер заң тұрғысынан қарайтын болсақ, биржадағы операциялар қомақты табыс көзін әкеледі, бірақ ол өз клиенттеріне ғимараттар мен қызметтер ұсына отырып, тек қана өзін-өзі қаржыландыра алатын, шығынсыз мекеме болып қана отыр.
- Құқықтық қатынастардың тәуелсіз агенті бола отырып, биржа барлық түсімдерін қызметшілер жалақысына жібереді.
- Биржаның табысы мен мүлігі листингтегі бағалы кағаздарды оны қалыпты ұстап тұру және тағы басқа қызмет көрсетуден түсетін түсімдерді қоспағанда, Есептік палатаға түсiп тұратын көлемдерден, пайлық қабылдау және жыл сайынғы биржа мүшелерінің төлемдерінен, биржалық операциядар алымдарынан, көрсетілетін кызметтер үшін төлемдерден, сауда ережесі бұзылғандығы үшін төленетін айыппұлдардан қалыптасады.
- ҚР-сы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес қор биржасы — акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларымен құрылған және қызметі өзін-өзі қаржыландыру қағидасына негізделген коммерциялық емес ұйым.
- Қор биржасы ҚР-сының мемлекеттік органдарына тәуелді емес.
- Оның қызметі ерекше болып саналады және басқа қызметтің түрлеріне сәйкес келмейді.
- Ол лицензия негізінде әрекет етеді және басқа биржалар қызметін атқара алмайды.
- Қор биржасы бағалы қағаздармен операциялар жүргізе алатын қосымша құрылымдық бөлімшелерді ашуға құқығы бар, сонымен қатар, филиалдар мен өкілдіктер аша алады.
- Ұйымдастырушылық тұрғыдан қор биржасы төмендегілермен айналыса алады:
- бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге арнайы құрылған сауда алаңын өз клиенттеріне ұсыну;
- бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру;
- бағалы қағаздарға баға белгілеу;
- өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық кеңес беруші қызметті көрсету;
- жеке талдаулық зерттеулерді жургізу;
- құқықтық-қатынастар субъектілері арасында клиринг жүргізу.
- Экономикалық тұрғыда қор биржасы мына функцияларды аткарады:
- баға белгілеуші - биржа экономикалық негізделген бағаны белгілеуге мүмкіндік береді;
- бағаны болжау және ақпараттық-талдаулық - биржа мүмкін болатын сұраныс пен ұсыныстың даму үрдісін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады;
- тәуекелді сақтандыру (мерзімді биржа мәмілелеріне ғана топ);
- бағаны тұрақтандырушы функция — биржада бағаның ауытқу амплитудасы ескеріле отырып, күн сайынғы баға тербелісі анықталады.
- қор биржасы кез келген заңды тұлға ретінде өз клиенттері алдында белгілі бір жауапкершілікте болады.
- 1997 жылдың басында Казакстанда 3 қор биржасы болғaн: Орталық Азия қор биржасы, Қазақстан қор биржасы, Қазақстандық Банкаралық қор биржасы. 1996 жылдың желтоқсанында жарияланған модельді қор биржасын таңдағанда Қазакстан қор биржасы мен КБҚБ-сы женген болатын, бірақ соңғысы кейінірек өз әрекетін тоқтатты.
- Қор биржасының мүшелері ұйымдар бола алады. Оның ішінде "С" санатты биржа мүшелерін қоспағанда. ҚР-сының шегінен тыс жерлерде заңды тұлға ретінде тіркелген, қаржы нарықтарында кәсіби қызметтерін жүзеге асыру құқығына ие ұйымдар да болуы мүмкін.
- KASE мүшелері қаржылык құралдардың түрлеріне қарай келесідей санаттарға бөлінеді:
- "Р" — ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен саудаға қатысу құқығы бар санат;
- "Н" — қор биржасының сауда жүйесінің "листингтік емес бағалы қағаздар" секторындағы айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен саудаға және жеке меншік ұйымдардың мемлекеттік акция пакеттерімен саудаға қатысу құқығы бар;
- "К" — қор биржасында айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздармен саудаға қатысу құқығы бар;
- "С" — қор биржасында айналыстағы мерзімді мәмілелермен саудаға қатысу құқығы бар;
- "В"'— шетел валютасымен саудаға қатысу құқығы бар.
- Бүгінгі күні Қазақстан қор биржасында мынадай қаржылық құралдар айналыста:
- шетел валюталары: АҚШ доллары, Еуропалық Одактың валютасы (еуро);
- мерзімді өзара келісім: АҚШ долларына стандартталған жеткізілімсіздік фьючерсі:
- ҚР-сының қаржы министрлігінің шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары;
- ҚР-сының ұлттық Банкі шығарған бағалы қағаздары;
- жергілікті атқарушы органның облигациялары;
- ҚР-сының қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру туралы Департаментімен саудаға койылған мемлекеттік акция пакеттері;
- екінші деңгейлі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары;
- мемлекеттік емес бағалы қағаздар: облигациялар, АҚ-ның жай, атаулы, артықшылықты акциялары.
- Қазақстан қор биржасы бағалы қағаздардың сатушысы және сатып алушысы қызметтерін атқаратын брокерлермен өзара қызметтеседі. Саудаға қатысатын брокерлердің сәйкес лицензиясы болуы керек, демек, біліктілік, қаржылық және басқада талаптарға сай келуі керек.
- Осыдан, қор биржасы бұл брокерлердің клиенттеріне сенімділі қызмет көрсетуіне кепілдік береді. Бұдан басқа, жасалып жатқан мәмілелерді аяқтау үшін биржаның есептеу органымен және Орталық депозитарийдің өзара арақатынасы қажет.
Информация о работе Қор биржасы