Адам организмндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2014 в 20:47, реферат

Краткое описание

Соңғы жылдары халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлінуде. Табиғаттағы өзгерістер және қоршаған ортаның әсері жайлы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Химиялық элементтердің табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50%-ын оттек, 25%-дан астамын кремний құрайды. Он сегіз элемент — оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий – жер массасының 99,8%-ын құраса, ал қалған 0,2%-ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Адам орган-дегі хим-лық э.б.р..doc

— 57.00 Кб (Скачать файл)

             Адам организмндегі химиялық элементтердің

                                биологиялық рөлі

    Соңғы жылдары халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлінуде. Табиғаттағы өзгерістер және қоршаған ортаның әсері жайлы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Химиялық элементтердің табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50%-ын оттек, 25%-дан астамын кремний құрайды. Он сегіз элемент  — оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий – жер массасының 99,8%-ын құраса, ал қалған  0,2%-ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді.

 

     Әр түрлі жасушалар мен ағзалардың түзілуі мен өмір сүруі үшін  қажетті элементтер биогенді элементтер болып табылады.Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:

1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді : H(сутек), O(оттек), Ca(кальций), N(азот), K(калий), P(фосфор), Na(натрий), S(күкірт), Mg(магний), Cl(хлор), C(көміртек), I(йод), Mn(марганец), Cu(мыс), Co(кобальт), Fe(темір), Zn(мырыш), Mo(молибден), V(ванадий). Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.

2.Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық  зерттелмеген.

3.Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.

      Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі :

1.Макроэлементтер (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, кальциий, магний, натрий және хлор);  ағзадағы мөлшері 10% — дан жоғары болады.

2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% — дан төмен.

 

      Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Қаңқаның мықтылығы оның құрамындағы элементтер фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-тендік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ Д витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор нерв клеткаларының қызметі үшін де керек, сондай-ақ ол — күш-қуат көзі. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді. Адам ағзасында 250 – 300 г NaCl болады, тамақпен 10 – 15 г күнделікті қайта толықтырылып отырады. Натрий хлоридінің артық мөлшері ішкі ағзаларға (бауыр, бүйрек) әсер ететіндігі зерттелген. Ал, Жамбыл облысындағы тұз бассейндері кендерінің (Ресей ғалымдарының зерттеулері бойынша барлығы 54 тұз бассейндері бар екендігі келтірілген) осы уақытқа дейін ашық болуы, желдің әсерінен тозаң түрінде аймаққа таралуы экологиялық  ахуалының нашарлығын көрсетеді деуге болады.

      Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл клеткасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға  дүрыс сіңбеуі асқазандагы түз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің белокпен байланысының нашарлауынан болады. Ал, тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тастар түрінде жиналады. 

Микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары. Мыс — денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші-адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады.

 

                                            Тест

1)Әр түрлі жасушалар мен ағзалардың түзілуі мен өмір сүруі үшін  қажетті элементтер калай аталады?

А) Макроэлементтер

Б) Биогенді элементтер.

С) Микроэлементтер

 

2) Магний қандай қызмет атқарады?

А) Жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысады.

Б) Қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді

С) Ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады

3) Жердің массасының шамамен 50%-ын қай химиялық элемент құрайды?

А)Темір

Б)Кремний

С)Оттек.

 

4) Микроэлементтердің ағзадағы мөлшері қанша?

А)10-11%

Б)8-9%

С)10-15%.

 

5)Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай нешеге бөлінеді?

А)бір

Б)үш.

С)төрт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Ағзаға қажетті негізгі қоректік заттар

 

Негізгі қоректік заттар

Тәуліктің мөлшері

Негізгі қоректік заттар

Тәуліктің мөлшері

Белоктар

Майлар

85г

102г

Көмірсулар

380-400г

Минералды заттар

 

Кальций

Марганец

Молибден

Магний

Темір

Мыс

800 мг

5-10 мг

0,5 мг

400 мг

14 мг

2 мг

Кобальт

Фосфор

Хром

Фторидтер

Йодтар

0,1-0,2 мг

1200 мг

2-2,5 мг

0,5-1,0 мг

0,0-0,2 мг

Витаминдер

 

В1 (тиамин)

В2 (рибофлавин)

В6 (пиридоксин)

В9 (фолацин)

В12 (цианкобаламин)

1,7 мг

2,0 мг

2,0 мг

200 мкг

3 мкг

С (аскорбин қышқылы)

А (ретинол)

Е (токоферол)

Д (кальцийферол)

РР (ниацин)

70 мг

1000мкг

10 мг

2,5 мкг

19 мг


 

 

 

 

 


Информация о работе Адам организмндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі