Альдегидтер және кетондар. Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 18:14, контрольная работа

Краткое описание

Мақсаты: Оксотобы бар қосылыстардың ағзада көп таралуана байланысты және зат алмасу процесстерін болжам жасау және химиялық қасиеттерін зерттеу. Оқыту мақсаты:
- Карбон қышқылдары қасиеттерінің олардың электрондық құрылысына тәуелділігің зерттеу.
- Биологиялық маңызды декарбоксилдену, фосфорлану, альдольдік конденсациялану реакцияларын зерттеу.

Вложенные файлы: 1 файл

7.doc

— 62.00 Кб (Скачать файл)

Ф КГМА 1-8-22/02

МУ «Организация

методической работы в

соответсвии с ГОСО 2006

года» от 04.07.2007г.

 

ҚАРАҒАНДЫ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы                                

 

 

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс

 

 

 

 

   Тақырыбы:     Альдегидтер және  кетондар.Карбон                                                 

                                                 қышқылдарының химиялық қасиеттері.

 

 

 

 Мамандығы:051102 Қоғамдық денсаулық сақтау.

 

  Пән: Химия

 

  Курс:  1

 

 

 

  Құрастырушы:  Тулегенова Ж.М.  

 

                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қараганды 2009ж.

 

 

Тақырыбы: Альдегидтер және  кетондар.Карбон                                      

                      қышқылдарының химиялық қасиеттері.

.Мақсаты:  Оксотобы бар қосылыстардың  ағзада көп  таралуана  байланысты  және зат алмасу процесстерін болжам жасау және химиялық қасиеттерін зерттеу

Оқыту мақсаты:

- Карбон қышқылдары  қасиеттерінің олардың электрондық құрылысына тәуелділігің зерттеу.

- Биологиялық маңызды  декарбоксилдену, фосфорлану, альдольдік  конденсациялану реакцияларын зерттеу.

      - оксоқосылыстар қасиеттерінің олардың электрондық құрылысына

       тәуелділігін зерттеу

      - SN реакцияларды қарастыру

      - тотығу және тотықсыздану реакцияларын қарастырып анықтау

Тақырып бойынша  негізгі сұрақтар:

1. Оксостоптың құрылысы

2. Карбон қышқылдары, олардың жіктелуі.

3. SN реакциялары

4. Органикалық қосылыстардың тотығуы мен тотықсыздануы.

5. Альдегидтер  мен кетондардың анықтамасы. Негізгі  өкілдер

6. Нуклеофильдік  қосып алу реакциялары.

7. Оксотоптың  құрылысы. Оксотоптағы реакциялық  орталықтар.

 

Білім берудің және оқытудың әдістері: семинар, демонстрационды эксперимент.

 

Әдебиеттер:

 

Негізгі:

  1. Патсаев Ә.Қ. Биоорганикалық  химия пәнінен тәжірибелік-зертханалық сабақтарына қолданба: Оқу-әдістемелік құрал- Шымкент: Б.и., 2006. -200 с;
  2. Сейтембетов Т.С. Химия:Оқулық- Алматы: Эверо, 2010.

 

Қосымша:

1. Тюкавкина Н.А., Бауков  Ю.И. Биоорганическая химия. М., Дрофа, 2005.

 

Бақылау.

 

Тесттік сұрақтар.

 

 

1.Альдегідтердің  функционалдық тобын көрсетіңіз.

  1. CHO
  2. COOH
  3. =C=O
  4. OH
  5. COO

2.Кетондардың  функционалдық тобын көрсетіңіз.

  1. CHO
  2. COOH
  3. =C=O
  4. OH
  5. COO

3.Кетондар мен  альдегидтердің функционалдық тобы қалай аталады?

  1. карбоксил
  2. карбонил
  3. гидроксил
  4. алкоксил
  5. карбонид

4.CH3CHO осы қосылыс қалай аталады?

  1. метаналь
  2. этаналь
  3. пропаналь
  4. пропанон
  5. этанон

5.CH3CH2CHO осы қосылыс қалай аталады?

  1. метаналь
  2. этаналь
  3. пропаналь
  4. пропанон
  5. этанон

6.Карбонил тобындағы  (-СНО) көміртегі атомының гибридизациялану түрін анықтаңыз?

  1. sp3
  2. sp2
  3. sp
  4. sp3d2
  5. sp3d

7.Этил спирті  тотыққанда қандай қышқыл түзіледі?

  1. құмырсқа
  2. сірке
  3. май
  4. стеарин
  5. пальмитин

8.CH3COCH3 - бұл ...

  1. этаналь
  2. метаналь
  3. пропаналь
  4. пропанон
  5. этанон

9.Карбонил тобының  геометриялық пішіні қандай?

  1. жазық
  2. тетраэдр
  3. актаэдр
  4. сызықтық
  5. ромб

10.Карбонил тобындағы  көміртегі мен оттегінің арасында  қандай байланыс болады?

  1. пи-байланыс
  2. сигма-байланыс
  3. дара байланыс
  4. бір сигма- және бір пи-байланыс
  5. бір сигма- және екі пи-байланыс

 

11.Альдегидтердің Ag2O және CuSO4  - пен тотығу өнімдері қалай аталады?

  1. Бірінші ретті спирттер
  2. екінші ретті спирттер
  3. үшінші ретті спирттер
  4. карбон қышқылдар ы
  5. кетондар

12.Кетондардың қатаң жағдайда тотығу өнімдері қалай аталады?

  1. Бірінші ретті спирттер
  2. екінші ретті спирттер
  3. үшінші ретті спирттер
  4. карбон қышқылдар ы
  5. Альдегидтер

13.Альдегидтердің тотықсыздану өнімдері қалай аталады?

  1. Бірінші ретті спирттер
  2. екінші ретті спирттер
  3. үшінші ретті спирттер
  4. карбон қышқылдар ы
  5. альдегидтер

14.Кетондардың тотықсыздану өнімдері қалай аталады?

  1. Бірінші ретті спирттер
  2. екінші ретті спирттер
  3. үшінші ретті спирттер
  4. карбон қышқылдар ы
  5. альдегидтер

5

17.Альдегидтердің конденсациялану өнімдері қалай аталады?

  1. спирт
  2. қышқыл
  3. йодоформ
  4. альдоль
  5. ацеталь

8

19.Альдегидтерді тотықсыздандыру үшін қолданылатын қосылысты көрсетіңіз.

  1. сутегі
  2. мыс (ІІ) гидроксиді
  3. ацетон
  4. қышқыл
  5. Толлепс реактиві

20.Аминдер қандай әрекеттесуге түседі?

  1. -нуклеофилдік орын басу
  2. элимерлену
  3. электрофилдік қосып алу
  4. электрофилдік орын басу
  5. радикалды орын басу

 

    

Зертханалық жұмыс

 

Альдегидтердің  тотығуы

 

а) Мыс (ІІ) гидроксидімен  тотықтыру.

      Орындалу тәртібі. Пробиркаға 5 тамшыдан 10% NaOH ерітіндісі және су құйылады, оған 1 тамшы 2%  CuSO4 мыс сульфаты ерітіндісі қосылады. Мыс (ІІ) гидроксидінің түскен тұнбасына 3 тамшы 40% формальдегид ерітіндісі (формалин) қосылады. Пробирканы абайлап қайнағанша қыздырады. Тұнба бірден сарыға, одан кейін қызыл түске боялады.  Пробирка таза болса, оның қабырғасында мыс металдық күйде бөлінуі мүмкін.

      Тұнба  түстерінің өзгеруі мыстың әр  түрлі тотығу дәрежелірімен түсіндеріледі

                        СuSO4 + 2 NaOH à  Cu(OH)2 + Na2SO4

 

                      O                                                O

        H – C           + 2 Cu(OH)2 à H – C              + 2 CuOH + H2O

                      H                                                OH

 

                         2 CuOH à Cu2O + H2O

 

   Cu(OH)2      à     Cu(OH)↓     à       Cu2O↓            à     Cu↓

көк түсті ер-ді       сары түсті             қызыл түсті         металдық мыс      

                               тұнба                      тұнба

 

б) күміс оксидімен  тотықтыру

      Орындалу тәртібі. Пробиркаға 8-10 тамшы 1% AgNO3 күміс нитраты ерітіндісі тамызылады және 2-3 тамшы 10% NaOH күйдіргіш натр ерітіндісі қосылады, оған шайқап отырып тамшылап 10 % NH3 аммиак ерітіндісін тұнба ерігенше қосады. [Ag(NH3)2]OH күміс гидроксидінің аммиакты ерітіндісі пайда болады. Пробиркадағы алынған ерітіндіге 2-3 тамшы 10%  НСНО формальдегид ерітіндісі қосылады, оны қолдың жылуымен ептеп қыздырады. Таза пробиркада  металды күміс жылтыр айна тәріздес тұнбаны немесе оның қара тұнбасын береді.                    О                                       O    

                                           Н – С            + Ag2O à  H – C               + 2 Ag↓

                                                          Н                                       OH

 

 

 

 


Информация о работе Альдегидтер және кетондар. Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері