Бастапқы химиялық түсініктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 09:23, аттестационная работа

Краткое описание

Білімділік: алғашқы химиялық ұғымдар туралы түсініктерін бекіту, химиялық формулалар құра білуге, химия пәнінің мазмұның, ғылыми негізін меңгере білуге , заттардың құрамы мен қасиеттерін салыстырып, ортақ қасиеттерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: теориялық алған білімдерін іс жүзінде қолдана алу дағдыларын және тақырып мазмұны негізінде оқушылардың пікірін қалыптастыру, ой өрісін дамыту.

Вложенные файлы: 1 файл

Бастапқы химиялық түсініктер ашық сабақ.doc

— 480.50 Кб (Скачать файл)


Пән: Химия                                                                                

Сынып: 8 «ә»

Химия пәнінің мұғалімі:Смагулова Р.С.

Сабақтың тақырыбы: «Бастапқы химиялық түсініктер» тақырыбын қорытындылау

Сабақтың типі: кешенді қайталау сабақ

Сабақтың түрі: топтық жұмыс, практикалық-демонстрациялық жұмыс, салыстыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: алғашқы химиялық ұғымдар туралы түсініктерін бекіту, химиялық формулалар құра білуге, химия пәнінің мазмұның, ғылыми негізін меңгере білуге , заттардың құрамы мен қасиеттерін салыстырып, ортақ қасиеттерін ажырата білуге  үйрету.

Дамытушылық: теориялық алған білімдерін іс жүзінде қолдана алу дағдыларын және тақырып мазмұны негізінде оқушылардың пікірін қалыптастыру, ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың өз пікірін ортаға салу қабілеттерін дамыту, топпен жұмыс істеуге, салыстыра алуға, қорытындылай алуға тәрбиелеу.Қазіргі кездегі ең өзекті мәселе экологиямен байланыстыра  отырып, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың өткізілу технологиясы: АКТ, СТО.

Күтілетін нәтижелер:

  • химиялық және физикалық құбылыстарды, таза зат және қоспаларды, жай зат пен химиялық элементті бір бірінен ажырата алу керек;
  • қоспалардың бөлу әдістерін іс жүзінде асыра алу;

Пәнаралық байланыс: физика, биология, география.

Көрнекілік: интерактивті тақта, тапсырмалары бар карточкалар, колбалар, сүзгі қағазы, спирт шамы, құм, темір және ағаш ұнтақтары, натрий хлориді, заттық шыны.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру – 1-2 мин.

ІІ. Ширату: - 7 мин.

Оқушылар алдарына таратылған бетке аты-жөнін жазып, қысқаша жауап беріп, бір-бірінің жауаптарын тексереді.

№ 1. Физикалық (Ф) және химиялық (Х) ұғым

1. судың булануы

2. көмірқышқыл газы әсерінен  ізбес суының лайлануы

3. майшамның жануы

4. металдың балқуы

5. шегенің таттануы

6. көмірдің жануы

Жауабы: ф,х,х,ф,х,х

№2. Таза (Т) және қоспалар (Қ)

1. дистельденген су

2. мыс

3. топырақ

4. қант

5. ауа

6. фосфор

Жауабы: т,т,қ,қ,қ,т

№3. Қай сөйлемде химиялық элемент (Э), қайсысында зат (З)

1. Мыс купоросынның құрамына  мыс кіреді

2. балықтар суда еріген оттекпен тыныс алады

3. таттың құрамына темір кіреді

4. темір ылғал ауада таттанады

5. темір мен күкірттің қоспасы

6. мыс оксиді мыс пен оттектен  тұрады

Жауабы: э,з,э,з,э,э

ІІІ. Эстафета: Кім жылдам?” (10 мин)

1 тапсырма: Оқушылар берілген заттың физикалық қасиеттерін жазып, қатармен жібереді (соңынан алдыға қарай).

№1. Судың физикалық қасиеті

№2. Ас тұзының физикалық қасиеті

№3. Алюминийдің физикалық қасиеті

2 тапсырма: Мына заттардың салыстырмалы молекулалық массаларын табындар:

     

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

CO2

H2SO4

CuCl2

FeCl3

ZnO

FeS


 

IV. Практикалық жұмыс: «Қоспаларды бөлу» (демонстрациялық столға әр қатардан 1-2 оқушы шығады) – 15 мин

№1. Тұз бен құмның қоспасы  берілген. Бұл қандай қоспа? Қандай қоспаларды білесің? Қоспаларды бөл.

№2. Ағаштың ұнтағы мен құм берілген. Бұл қандай қоспа? Қандай қоспаларды білесің? Қоспаларды бөл.

№3. Тұз ерітіндісі. Бұл қандай қоспа? Қандай қоспаларды білесің? Қоспаларды бөл.

 V. Жұмыс дәптермен жұмыс. «Химиялық реакция типтері бойынша есептер мен жаттығулар» №77 а,б,в;(тәжірибе)

VІ. Бекіту. Теориялық сұрақтарға жауап беру.

1. Молекуланың құрамына кіретін  ең ұсақ бөлінбейтін бөлшек (атом)

2. Заттардың бір бірінен айырмашылығын не, олардың өзара ұқсастығын айтатын белгілер (қасиеттері)

3. Құмды судан қандай әдістермен бөлуге болады (тұндыру, сүзу)

4. Заттарды, олардың қасиеттерін және өзара айналуын зерттейтін ғылым (химия)

5. Заттың қасиетін сақтайтын ең ұсақ бөлшек (молекула)

6. Таңбалар мен индекстердің көмегімен жазылған шартты белгі (химиялық формула)

7. Өзгеріске ұшағанда заттардың өзара айналулары жүрмейтін құбылыс (физикалық)

8. Біреуі оттегі болатын екі химиялық элементтен тұратын зат (оксид)

9. Атом массасының көміртек атомының 1/12 массасына қатынасын көрсететін  шама (салыстырмалы атомдық масса)

10.  Молекула массасының көміртек  атомының 1/12 массасына қатынасын  көрсететін шама (салыстырмалы молекулалық  масса)

11. Денені құраушылар (зат)

12. Химиялық реакцияларының белгілері (тұнбаның түзілуі, газдың бөлінуі, түстің өзгеруі)

VІІ. Бағалау,қорытындылау.

VIII.Үйге тапсырма: қайталау, жұмыс дәптері №78

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Бастапқы химиялық түсініктер