Микробтарға қарсы заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 13:46, реферат

Краткое описание

Химиялық таза иммуномодуляторларды екі топқа бөлуге болады: төменмолекулалы және жоғарғымолекулалы. Біріншісіне иммунотропты белсенділікке ие белгілі дәрілік заттар жатады. Олардың алғашқысы левамизол (Декарис) – фенилимидотиазол құртқа қарсы, кейін құрамында иммуностимулдеуші заттар табылған белгілі препараттар. Төменмолекулалыға жататын дәрілік заттардың бірі фталгидразидтің өнімі – Галавит. Бұл препараттың ерекшелігі құрамында иммуномодулирлеушімен қатар қабынуға қарсы қабілетінің болуы.

Вложенные файлы: 1 файл

Химиялық таза иммуномодуляторларды.docx

— 14.35 Кб (Скачать файл)

Химиялық таза иммуномодуляторларды  екі топқа бөлуге болады: төменмолекулалы және жоғарғымолекулалы. Біріншісіне иммунотропты белсенділікке ие белгілі дәрілік заттар жатады. Олардың алғашқысы левамизол (Декарис) – фенилимидотиазол құртқа қарсы, кейін құрамында иммуностимулдеуші заттар табылған белгілі препараттар. Төменмолекулалыға жататын дәрілік заттардың бірі фталгидразидтің өнімі – Галавит. Бұл препараттың ерекшелігі құрамында иммуномодулирлеушімен қатар қабынуға қарсы қабілетінің болуы. Төменмолекулалы иммуномодуляторлардың қатарына үш синтетикалық олигопептид : гепон, Глутоксим және Аллоферон жатады. Жоғары молекулалы химиялық таза иммуномодуляторларға химиялық синтез арқылы алынған Полиоксидоний препараты жатады, оның құрамында молекулалық массасы полиэтиленпиперазиннің өнімі оксидирленген N болады. Препарат организмге кең спектрлі фармакологиялық әсер етеді: иммуномодулирлеуші, детоксицирлеуші, антиоксидантты және мембранопротекторлы.

Иммуномодулирлеуші қасиетке ие дәрілік заттарға интерферон мен интерферон индукторларын жатқызуға болады. Бұл препараттардың бөлек топқа жатқызылу себебі, олардың негізгі фармакологиялық қасиеті – вирусқа қарсы әсері. Бірақ интерферондар организмнің цитокиндік торының құрам бөлігі болғандықтан, иммунореттегіш молекуласы бар және иммундық жүйенің барлық клеткаларына әсер етеді.

Иммуномодуляторлардың  клиникалық қолданылуы.

Иммуномодуляторларды көбінесе жоғарғы инфекционды ауруларда яғни иммунодефицитте қолданылады. Иммуномодуляторлы препараттардың басты мақсаты емделуі қиын барлық локализация мен барлық этиологиядағы инфекционды-қабыну ауруларын жою болып табылады. Әрбір инфекциялы- қабыну процессінің негізінде, осы процесстің персистенциясына алып келетін иммундық жүйенің парметрлерін зерттеу арқылы әрқашан табыла бермейді. Сондықтан инфекционды қабыну аурулары кезінде, иммуномодулирлеуші препараттарды иммундық жүйеде ауытқулар болмаса да қолдана береді. Мамандардың пікірінше, екіншілік иммунологиялық жетіспеушілікте микробқа қарсы заттар қолданылса, сонымен бірге иммуномодулирлеуші препараттар пайдаланған жөн.

Иммунотропты препараттарға қойылатын негізгі талаптар:

  • Иммуномодулирлеуші қасиет;
  • Жоғарғы тиімділігі;
  • Шығу тегі табиғи;
  • Қауіпсіздігі мен зиянсыздығы;
  • Қарсы көрсеткіштері болмауы;
  • Жанама әсерлер болмауы;
  • Үйренгіштіктің болмауы;
  • Концерогенді әсердің болмауы;
  • Иммунопатологиялық реакцияларының индукциясының болмауы;
  • Артық сенсибилизация тудрырмау керек және оны басқа медикаменттерден потенцирлеу керек;
  • Оңай метаболизирленіп және организмнен оңай шығуы керек;
  • Басқа препараттармен әсерлеспеуі керек;
  • Олармен жоғары үйлесімділікте болу керек;
  • Енгізу жолдары парентеральді емес болу керек.

Қазіргі таңда иммунотерапияның негізгі принциптері жасалып, бекітілген:

  1. Иммунотерапияны жүргізер алдында міндетті түрде иммундық статусты анықтап алу керек.
  2. Иммундық жүйенің зақымдану дәрежесі мен деңгейін анықтау.
  3. Иммунотерапия кезінде иммундық статустың динамикасын бақылау.
  4. Иммуномодуляторларды тек айқын клиникалық белгілері және иммундық статустың көрсеткіштері өзгерсе ғана тағайындау керек.
  5. Иммуномодуляторларды иммундық статусты бірқалыпты деңгейде ұстап тұру үшін, алдын алу мақсатында қолдану керек.

 


Информация о работе Микробтарға қарсы заттар