Мұнай өндірісіндегі құбырлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 23:49, реферат

Краткое описание

Бұрғылау құбырлар ұңғымаға тау-жыныстарды бұзатын аспапты көтеріп-түсіруге,аспапқа өстiк күш түсiруге, жуу сұйықтығы немесе қысылған ауаны түпке жеткізу үшiн қолданылады.
Бұл зерттеулер әдетте үш түрлі мақсатты көздейді: 1) тау жыныстарының, мұнай және газ қабаттарының, көмірдің басқа да пайдалы қазба түрлерінің физикалық сипаттарына тән айырмашылықтарды салыстыра зерттеу нәтижесінде құбыр қимасындағы кен қабаттарын оқшаулау; 2) бұрғылау құбырының техникалық жағдайын анықтау; 3) тереңдіктерден үлгілер алу.

Содержание

Ортадан тепкіш сораптар мен осьті сораптардың
Суйықтықтың жылжуы мен тоқтатылуы қалақшалы сораптарда
Ортадан тепкіш сораптың сулбасы: 1-жұмыс дөңгелегі;
Сорапты пайдалану

Вложенные файлы: 1 файл

құбырлар.ppt

— 5.92 Мб (Скачать файл)

Мұнай өндірісіндегі құбырлар

 

Орындаған : Құлсейтова А.А

  Тобы :        НДб - 08- 1 қ        

Тексерген :  Смайлова Г.Ж

 

2011 ж

Мұнай өндірісінде құбырларды  келесі жағдайлар үшін қолданады: ұңғы ішінде мұнай қозғалысы  орын алатын оқпанды жасау  үшін, ұңғы ішіндегі қоңдырғыларды  орналастыру үшін, өңдіріс территориясында  құбырларды жүргізу үшін. Қолданылатын  құбырлар әртүрлі болып келеді, сонымен бірге олардың негізгі 4 түрін атауға болады:    

        1) Бұрғылау;

        2) Шегендеу;

        3) Сорапты-компрессорлы ;

        4) Мұнай кәсіпшілігіндегі коммуникация құбырлары.

 

 

Бұрғылау құбырлар  ұңғымаға  тау-жыныстарды  бұзатын аспапты  көтеріп-түсіруге,аспапқа өстiк күш  түсiруге,   жуу сұйықтығы немесе  қысылған ауаны түпке жеткізу  үшiн қолданылады.

Бұл зерттеулер әдетте үш  түрлі мақсатты көздейді: 1) тау  жыныстарының, мұнай және газ  қабаттарының, көмірдің басқа да  пайдалы қазба түрлерінің физикалық  сипаттарына тән айырмашылықтарды  салыстыра зерттеу нәтижесінде  құбыр қимасындағы кен қабаттарын  оқшаулау; 2) бұрғылау құбырының техникалық  жағдайын анықтау; 3) тереңдіктерден  үлгілер алу.

Шегендеу құбырлар   мұнай және газды ұңғымаларды  пайдалану процессiнде оларды  бекiту  үшiн қолданылады.

Шегендеу құбырлар бір-бірімен  муфтамен немесе муфтасыз резьбалармен  жалғанады.

Қазіргі уақытта шет  елдерінің СКҚ-ры жиі қолданыс  табады. Бұл құбырлар API, SPEC стандарттары  бойынша жасалған.Соңғы жылдары  үзіліссіз орамды, иілгіш және  муфтасыз тегіс құбырлар (ұзындығы 2500 метр, кей жағдайларда 5500метр) жиі  қолданыс тауып жүр. Мұндай құбырлар  тізбегі арқылы құм тығындарын  жою үшін сұйық айдауға, жөндеу  және пайдалану жұмыстары үшін  қоңдырғыларды ұңғыға түсіру  жұмыстарын жүргізуге болады. Үзіліссіз  тегіс құбырларды  қолдану арқылы  түсіру-көтеру  жұмыстарының уақыты  азаяды, бұрандаларды бұрау-ажырату  жұмыстары жойылады. СКҚ төзімділікті болаттардан жасалынады.Мұнай кәсіпшілігінде, сонымен қатар  ішкі жағы шынымен қапталған, эпоксидті смола жағылған СКҚ жиі қолданады. Бұлардың ішінде ең аз қолданылатыны - эмальмен қапталған құбырлар, себебі олар қымбатқа түседі. Мұндай әдіс құбыр беттерін парафиннен және коррозиядан қорғау үшін қолданылады.

Кәсіпшілік коммуникациялық құбырлар  қалыпты жағдайда жалпы сортты  құбырлардан құралады. Бұл құбырлар  МЕСТ 3262 (газ құбырлары) және МЕСТ 8732(ыстықпен созылмалы)жасалынады. Олардың бұрандасы болмайды, ұзындығы 12 метрге дейін жетеді. Құбырлардың  диаметрлері әртүрлі болады.

  Мұнай кен орындарындағы алаңдарда  ұңғы өнімдерін  тасымалдайтын құбырларды   келесі  түрдегідей  жіктейді:     

  тағайындалуы бойынша - мұнай құбырлары, газ құбырлары, мұнай-газ-су құбырлары және су құбырлары;

арыны бойынша – арынды және арынсыз;

жұмыс қысымы бойынша – жоғарғы, орташа және төменгі қысымды;

төселу тәсілі бойынша - жерасты, жерүсті және су асты;

айдалатын өнімнің құрамы бойынша - мұнай, газ, мұнай-газ және су коллекторлары; тауарлық мұнай құбырлары.

жұмыстың  гидравликалық схемасы  бойынша - тармақталмаған қарапайым құбырлар, тармақталмаған күрделі құбырлар.

 

 

Үлкен диаметрлі  құбырлар магистралдi құбырлардың құрылысы үшiн қолданылады. Магистралдi құбыр – арақашықтығы  үлкен  ортада өнімді тасымалдау  үшiн қолданатын құбыр.Диаметрi 508-1420 мм құбырлар қалыпты жұмыс  қысымы  12,5МПа болатын мұнай  және газды тасымалдауда қолданады. Үлкен диаметрлі бір құбырды  бірнеше кіші диаметрлі құбырлармен  алмастыру мұнайды жинау және  тасымалдау жүйесінің сенімділігі  мен  икемділігін арттырады, себебі  апаттық жағдай бола қалған  кезде ұңғыны тоқтатпай  жөндеу  жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік  береді.

 

Диаметрi 114-530 мм(кіші диаметрлі)  құбырлар мұнай-газ құбыры, мұнай  құбыры, технологиялық және кәсiпшiлiк  құбырлар, су құбыры, жылытудың жүйелерiнiң  құрылысы және әр түрлi мақсаттың  конструкциялары үшiн қолданылады

 

 

 

 

Бұрын сырттан тасымалданып  келген полиетилен құбыры бұдан  былай өз елімізде шығарылуда. Коммуналдық сала мен өндірісте  жиі пайдаланылатын бұл материалдар  экологиялық жағынан өте сапалы.

  Ақтөбеде полиэтилен құбыр зауыты ашылды.Кәсіпорын   диаметрі  20 мм  мен  630 мм   аралығындағы    жоғары және орта  қысымды    полиэтилен   құбырларын  шығаратын    болады.   Мұндай   құбырлар    тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында,    мұнай-газ  саласында кеңінен  қолданылады.   Өндірісте   алдыңғы қатарлы  инновациялық    технологиялардың  қолданылуы мен  жоғары сапалы  шикізаттың   пайдаланылуының   арқасында,   зауыттың өнімі       халықаралық стандарттардың ең жоғары  талаптарына  жауап беретін болады. Зауыттың    жылдық қуаты  20 мың тонна полиэтилен құбырын     құрайтын болады.    

Темір құбырларын полиэтилен  алмастырып жатыр. Бұл құрастыру  жұмыстарын жеңілдетеді. Сонымен  қатар ұзақ мерзімге жарайды.

  Кәсіпорыннның ашылуы жаңа жұмыс орындарыменда қамтамасыз етіп отыр. Әсіресе, бұл ауыл тұрғындарына тиімді болды.

 

 

 

Үлкен диаметрлі спиральді  сваркіленген құбырлар магистральді  мұнай-газ құбырлары, кәсiпшiлiк мұнай  құбырларының құрылыстары үшiн  арналған.

Алюмин балқымасынан жасалған  бұрғылау құбырлар,салмағы жеңіл  таымалдауға ыңғайлы.

 

Полиэтиленді құбырлар

Ұзындығы 6м , үлкен, салмағы  ауыр және  сырғанақ болып келеді.

Атырау полиэтилен  құбырлары  зауытын іске қосу  отандық  тауар өндірушілерге шығарылатын  өнімдердің түрлерін кеңейтуге, жаңа өндіріс орындарын ашуға  және қосымша жұмыс орындарын  құруға жағдай жасайды.

Жаңа өндірістің жобалық қуаты  – жылына диаметрі 12-110 мм 2000 тонна  құбыр шығару. Металл пластикті  құбырларды тот баспайды және  қатаң ортаға төзімді әрі металл  құбырларын оңтайлы түрде алмастыра  алады. Есеппен алғанда жарамдылық  мерзімі – 50 жыл.

  Атырау полиэтилен құбырлары зауыты өндірісін жылына 17 тонна құбыр өндіруге дейін кеңейту осындай өнімдерді алыс шетелден  тасымалдауды азайтуға мүмкіндік береді.

 


Информация о работе Мұнай өндірісіндегі құбырлар