Ресейдің «Протон-М» зымырантасымалдағышы құлаған аймақ зиянды заттардан тазартылды
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 21:52, доклад
Краткое описание
Еліміздің Төтенше жағдайлар министрі В.Храпунов екі күнге созылған аталмыш мәжілістен соң осылай айтты.
Ресейдің «Протон - М» зымырантасымалдағышының Қазақстан аймағында құлауына байланысты құрылған екі мемлекеттің Үкіметаралық комиссияларының бірлескен отырысында қарама-қарсы пікірлер немесе қандай да бір келіспеушіліктер болған жоқ. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов екі күнге созылған аталмыш мәжілістен соң осылай мәлім етті.
Вложенные файлы: 1 файл
Ресейдің «Протон-М»
зымырантасымалдағышы құлаған
аймақ зиянды заттардан тазартылды
Еліміздің
Төтенше жағдайлар министрі В.Храпунов
екі күнге созылған аталмыш мәжілістен
соң осылай айтты.
Ресейдің «Протон -
М» зымырантасымалдағышының Қазақстан
аймағында құлауына байланысты құрылған
екі мемлекеттің Үкіметаралық комиссияларының
бірлескен отырысында қарама-қарсы пікірлер
немесе қандай да бір келіспеушіліктер
болған жоқ. Еліміздің Төтенше жағдайлар
министрі Виктор Храпунов екі күнге созылған
аталмыш мәжілістен соң осылай мәлім етті.
«Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 6-сы
күні болған оқиғадан сіздер хабардарсыздар.
Сол уақыттан бастап, мәселенің мән-жайын
анықтау жөнінде елімізде арнайы комиссия
құрылып, жұмыс істей бастаған. Тап осындай
комиссия Ресей тарапынан да құрылды.
Осыған орай біз екі елдің комиссия өкілдерінен
бірлескен штаб құрдық. Бірлескен қимылдар
барысында Ресейдің де, Қазақстанның да
өкілдері ұйымдасқан түрде және жүйелі
жұмыс атқарды. «Протон» зымырантасымалдағышының
құлау себептері мен зардаптарын жою бағытындағы
жұмыстарға Қарағанда облысының басшылығы
да зор көмегін тигізді», деді министр.
Оның айтуынша, зымырантасымалдағыш құлаған
аймақтағы өсімдіктер мен жануарларға
тыңғылықты тексеру жұмыстары жүргізілген.
«Апат болған аймақта гиптилдің белгіленген
мөлшерден көп болған жағдайлары да кездесті.
Дегенмен біз екіжақты комиссия өкілдерінің
шешімімен сол жерді зарарсыздандырып,
қосымша талдау жұмыстарын жүргіздік.
Соңғы жүргізілген тексерулер аймақта
ешқандай да зиянды заттардың қалдықтарының
жоқ екендігін көрестіп отыр. Сондықтан
біз Жезқазған қаласының тұрғындарына
барлық су қоймалары таза және аталмыш
мәселеге байланысты алаңдауға негіз
жоқ екендігін мәлім еттік», деді В.Храпунов.
ҚазАқпарат
Информация о работе Ресейдің «Протон-М» зымырантасымалдағышы құлаған аймақ зиянды заттардан тазартылды