Сәулені шығаруға негізделген әдістердің теориялық негіздері: атомды-адсорбциялық спектрометрия.Қондырғының құрылысы, фармацевтикалық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 22:47, практическая работа

Краткое описание

Атомдық-абсорбциялық талдау еркін (қоздырылмаған) атомдардың жарықты жұта сәлеленуіне негізделген – элементтерді анықтаудың аналитикалық әдісі. Атомды қоздырғанда оның энергетикалық күйінің ықтималды өзгеруі – негізгі энергетикалық күйге ең жақын деңгейге ауысуы, басқаша сөзбен айтқанда резонанстық ауысу деп аталады. Егер еркін атомға жиілігі резонанстық ауысу жиілігіне тең сәуле түсірсе, жарық кванттары атомдармен жұтылып, сәулелену қарқыны бәсеңдейді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Атомдық-абсорбциялық спектроскопия.
Атомды спектрлік талдау.
Атомдық-абсорбциялық талдауға арналған аспаптардың негізгі бөліктері.
Атомды-абсорбциялық талдау ерекшелігі.
Атомды-абсорбционды анализ.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Аманкелді Ә.Н..docx

— 226.36 Кб (Скачать файл)

                Ii0 = Ni Ai0 hvi0

Мұндағы - Ii0 – спектр жолағының  интенсивтілігі;

Ai0 – электронның i деңгейден  нөл деңгейге ауысу мүмкіншілігі (Эйнштейн коэффициенті);

h – Планк тұрақтысы;

v – сәулелену жиілігі  с^-1.

Спектр жолағы интенсивтілігінің  үлгідегі элемент концентрациясына тәуелділігі:

                                    теңдеуімен анықталады.

 

 Мұндағы а – сәуле көзі мен үлгінің қасиетіне тәуелді коэффициент; b – плазмадағы сәулені өздігінен сіңіруді сипаттайтын коэффициент. Атомды-эмиссиялық спектралды анализ 3 сатыдан тұрады: 1) аналитикалық сигнал алу; 2) сигналды кодтау (кілттеу); 3) сигнал кодын ашу.

                                     Қорытынды

Абсорбциялық әдіс көбінесе сұйықтықтардағы салыстырмалы ауыр қоспаларды анықтауда қолданылады. Сұйықтықтарды рентгендік сәулелерді төмен жұтылу коэффициентті материалдан  жасалған ойларға орналастырады (мысалы, плегсигланнан). Ой арқылы өткен рентгендік сәулелер  шоқтарын спектрге ыдыратады. Талдау кезінде зат арқылы сәулелер өткендегі спектрдегі интенсивтіліктің өзгерісі зерттеледі. Талдаудың екі  түрі бар: үзіліссіз спектрді жұтылу және сипаттамалы спектрді жұтылу әдісі. Абсорбциялық әдіс салыстырмалы төмен  сезімталдыққа - 0,5-0,15%  ие. Сандық талдаудың  қателігі 10-5% құрайды. Зерттеудің спектралды әдістері (ЗСӘ) – зерттелетін зат молекуласының немесе атомының шығарған электромагнит сәулесінің затпен әрекеттесу құбылысын қолдануға негізделген. Зерттелетін заттың сәуле шығаруы немесе электромагнит тербеліс кванттарын сіңіруі, сол заттың сандық және сапалық қасиеті жайында ақпарат беретін спектр бөлу немесе сіңіру арқылы байқалатын арнайы сигнал беру арқылы сипатталады. Аналитикалық сигнал интенсивтілігі, оның пайда болуын қамтамасыз ететін бөлшек мөлшерін, яғни үлгідегі анықталатын зат концентрациясына тура пропорционал болады. Спектралды әдістер –электромагниттік сәуле спектрінің әр түрлі саласындағы аналитикалық сигнал алуға мүмкіндік береді. Оған γ-сәуле, рентген, ультракүлгін (ук), инфрақызыл (ИҚ) және микротолқын мен радиотолқын жатады.Атомды спектралды анализ – заттың элементтік құрамын анықтауға негізделген. Егер атомдық жүйеге қажетті энергияны жеткізсе, атом электрондары қозған күйге ауысып, 10^8екундтан кейін төменгі энергетикалық деңгейге әрбір атомның өзіне тән электромагниттік сәулелену кванты түрінде артық энергияны шығару , яғни эмиссиясы арқылы ауысады. Егер бос атомның сыртқы – валенттік электрондары қозса – сәуле сызықтары спектрдің көрінетін және ҮК саласында орналасады. Атом орбиталінің ішкі жағында оранласқан электрондар қозған жағдайда – рентген сәулесі шығады. Тәжірибе техникасы мен қондырғы түрі бойынша эмиссиялық спектралды анализге атомды-абсорбциялық спектрофотометрия жақын. Атомды-абсорбциялық талдау әдісі сол сияқты бірқатар физикалық жэне физика-химиялық шамаларды - газдағы атомдар диффузиясы коэффициенттерін, газды ортаның температурасын, элементтердің булану жылуын және т.с.с. анықтау үшін, молекуланың спектрлерін, қосылыстардың булануы мен диссоциациялануына байланысты процестерді зерттеу үшін қолданылады.Атомдық-абсорбциялық спектроскопия клиникалық және биологиялық талдауда (қан) қорғасын, сынап, висмут т.б. элементтерді анықтайды.Бұл әдістің артықшылығы – аналитикалық белгінің қозбаған атомдар санына тәуелділігі. Ал ол сан температура ауытқығанда өзгере қоймайды. Және де спектрдегі сызықтар саны аз болғандықтан, олардың қабысуы да аз.Әдістің кемшілігі – резонанстық сызықтары алыс ультракүлгін аумағында жатқан элементтерді: көміртегіні, фосфорды анықтай алмайтындығы. Тағы бұл әдіспен бірнеше элементті қатарынан анықтауға болмайды. Жоғары сезімталдығы мен таңдағыштығының арқасында бұл әдіс заттың өте аз мөлшерлерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

     

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Пайдаланылған әдебиеттер

  • Б. Я. Пинес. Лекции   по  структурному  анализу : учебное посо-

бие.  – Харьков: Изд-во Харьк. Ун-та., 1967. – С. 9-82.

  • Зайдель А. Н., Островская Г. В., Островский  Ю. И.   Техника   и

практика спектроскопии. Серия Физика и техника спектрального  анализа. - М : Наука, 1976. – 373 c.

  • Малышев В. И. Введение в экспериментальную спектроскопию.

- М. : Наука, 1979. – 300 с.

  • Рентгенофлуоресцентный анализ. Применение в заводских ла-

бораториях. Сб. науч.трудов / под ред. Х. Эрхардта. – М. : Металлургия, 1985. – 187 с.

  • Спектральный анализ. – М. : Высшая школа, 1967. – 241 с.

 

  •  Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том. Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. - 464 б. ISBN

 


Информация о работе Сәулені шығаруға негізделген әдістердің теориялық негіздері: атомды-адсорбциялық спектрометрия.Қондырғының құрылысы, фармацевтикалық