Топинамбур гүлінің құрамынның химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2015 в 14:49, дипломная работа

Краткое описание

Цель исследования: Выделение биологических активных веществ из цветков
топинамбура, исследование структуру и состава физико – химическими способами;
Задачи исследования:
 Исследовать химический состав цветка топинамбура ;
 Определить содержание макро и микро элементов;
 Определить аминокислотный состав из цветков тапинамбура;
 Биологические активные вещи выявлять и делить;
 Выделенный состав эфирного масла, исследовать физико - химическими способами;

Содержание

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………....7
I. ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1. Топинамбурға жалпы сипаттама.....................................................................8
1.2. Эфир майларына жалпы сипаттама...............................................................10
1.3.Эфир майларын қасиеттері және химиялық құрамы...................................13
1.4. Эфир майларын алу әдістері, емдік қасиеттері, қолдану аясы........ ..........15
II.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1. Жұмыстың нысаны және бастапқы заттарға сипаттама..............................19
2.2. Топинамбур гүлінің сулы және спиртті ерітінділерінің рН-ын, сыну көрсеткішін, тығыздығын анықтау.......................................................................22
2.3. Топинамбур гүлінің қышқылдылығын, С дәруменін, пектинді және илегіш заттарды титриметриялық әдіспен анықтау.........................................................26
2.4 Топинамбур гүлінің құрамындағы антоциандар, полифенолдар, фенол қышқылдары, каротин мен флаваноид мөлшерін фотоколориметрлік әдіспен анықтау.....................................................................................................................34
2.5. Топинамбур гүлінің құрамындағы белок мөлшерін Къельдаль әдісімен анықтау.....................................................................................................................40
2.6. Топинамбур гүлінің құрамындағы амин қышқылдарын анықтау……....42
III.ТӘЖІРИБЕНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1. Топинамбур гүлінің құрамынның химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау ..................................................... 44
3.2. Топинамбур гүлінің құрамындағы макро және микро элементтерді анықтау нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау .......................................51
3.3. Топинамбур гүлінің құрамындағы амин қышқылдарын талдау....... ....53 3.4 Эфир майын топинамбур гүлінен бөліп, құрылысын, құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау...........................................................57
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………........ ........69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................70

Вложенные файлы: 1 файл

Илигай диплом.docx

— 1.94 Мб (Скачать файл)

Энергетикалық қызметі. Жасушадағы белок тотығып, оның мономерлері аминқышқылдарына дейін, ал аминқышқылдары өз кезегінде одан әрі қарапайым заттарға-көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдырайды. Нәтижесінде ыдыраған 1г белоктардан 17,6 кДж энергия бөлінеді. Белоктың осыншама алуан түрлі қызмет атқаруы, олардың тіршілік үшін аса маңызды органикалық қосылыс екенін дәлелдейді. Белок құнарлы қоректік зат, оның организмде жетіспеуі адамды қауіпті ауруларға ұшыратады. Сондықтан денсаулық сақтау үшін сапалы белок қажет. Құрамында аса құнды аминқышқылдары болатын белоктар сапалы белок деп аталады. Адам организмінде кейбір белоктар синтезделмейді, оларды дайын күйінде өсімдік және жануартекті азық-түліктердің құрамынан қабылдаймыз[59].

Фенол қышқылдары өсімдіктерде ароматты сипатта көп топты болып келеді. Оның құрамында гидроксил тобының санына байланысты бір атомды, екі атомды және т.б ароматты сақинаның санына байланысты олар әр түрлі болуы мүмкін. Бос күйіндегі фенол қосылыстары кристалл, аморфты заттар түрінде, түсті немесе түссіз болуы мүмкін. Суда және спиртте ериді. Өсімдіктерде фенол қосылыстары мономер, димерлер, олигомерлер (алмасу процесіне активті түрде қатысады) және полимерлер (лигниннің қабырғаларына жинақталады) түрінде бос күйінде немесе гликозидтер түрінде кездеседі. Фенол қосылыстары негізгі көміртек қаңқалары бойынша жіктеледі:

-жай  фенолдар (окси-, ди-, триоксибензолдар) 

-С6-С1-фенолқышқылдары;

-С6-С2-фенолспирттер, ацетофенондар, фенилсіркеқышқылы;

- С6-С3-оксикаричқышқылдары, кумариндер, хромомдар;

- (С6-С3)n-лигнандар;

- С6-С1-С6-ксантондар;

-С6-С2-С6-антрацендер;

-С6-С3-С6-әр түрлі тобы бар флаваноидтар;

-(С6-С3-С6)n-конденсирленген илегіш заттар;

-(С6-С3 С3-С6)-лигнандар;

Ең қарапайым қосылыстар бір бензол сақинасы бар жай фенолдар болып табылады. Олар:бензой қышқылдары, фенол спирттері, фенилсірке қышқылдары және оның туындылары. Құрамындағы ОН тобына байланысты бір, екі және үш атомды фенолдар және оның туындылары болып бөлінеді. Көп жағдайда олар күрделі эфирлер, гликозидтер немесе гидролизденген илегіш заттар түрінде кездеседі. Қарапайым фенилпропаноидтарға гидроксикарич қышқылдары, оның күрделі эфирлері және гликозидтер, сонымен қатар фенилпропандар және циннамоиламидтер жатады. Фенилпропаноидтардың биогенетикалық туыстары кумариндер, хромомдар, флавоноидтар, халкондар, аурондар, антоциандар, катехиндер, лейкоантацианидтер және басқа да көміртек қаңқалары мынадай болатын қосылыстар жатады: С6-С3 және С6-С3-С6. Олар барлық өсімдікте және 70%-дан астам дәрілік өсімдікте кездеседі [60].




 

 

1- диаграмма. Топинамбур гүлінің химиялық құрамының мөлшері

 




 

2-диаграмма .Топинамбур гүлінің химиялық құрамының мөлшері.

 

3.2 Топинамбур гүлінің құрамындағы макро және микро элементтерді анықтау нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау

 

            Топинамбур гүлінің құрамындағы макро және микро элементтердің мөлшері атом-эмиссионды жартылай сандық спектрлік анализ әдісімен АAnalyst 400 приборында анықталды. Нәтижесі 4-кестеде және 3- ші диаграммада көрсетілген.

 

4-кесте. Топинамбур гүлінің құрамындағы макро және микро элементтердің мөлшері

                                                                                                          

Элементтер атауы

              

            

           

 

         Шикізат

               атауы

Сu,

Мг/100г

Zn, Мг/100г

Mn, Мг/100г

Fe

Мг/100г

Co

Мг/100г

Cd

Мг/100г

Ca, %

Mg, %

K, %

Na, %

 

Алматы топинамбур  гүлі

 6,85

6,87

20,5

482

0,13

<0,02

1,24

0,59

2,19

0,80

 

Ташкент топинамбур  гүлі

6,80

6,84

20,5

320

0,13

--

1,24

0,59

2,12

--




 

Макро және микроэлементтердің адам ағзасында алатын орны ерекше.

           Мыс. Макро және микроэлементтердің адам ағзасында алатын орны ерекше. Мысалы, егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші -адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Организмінде өте аз кездеседі. Бірақ оның маңызы ерекше зор. Мыстың аса маңызды қызметінің бірі – қан түзуге қатысады. Бұл ретте мысты басқа элементтердің ешқайсысы ауыстыра алмайды. Мыс темірдің жілік майына алмасуына көмектеседі.

              Мырыш. Жануарлар мен өсімдіктердің дамуы, өсіп-жетілуіне қажет элементтердің бірі. Ол тотығу-тотықсыздану процесіне негізгі қатысушы. Хлорофилл синтезіне қатысады. Ал хлорофилл дәндерінсіз жасыл өсімдіктер болмайды. Өсімдіктер бойындағы азоттың ассимиляциясына да қатысады.

Калий су алмасуын реттейді. Натрий организмде судың ұсталып тұруына көмектеседі, ал калий оның бөлініп шығуына себепкер. Азықта натрий жетіспеген жағдайда ұлпалар суын жоғалтады. Сусыздық салдарынан малдың азыққа деген тәбеті нашарлайды. Организмде натрий артылып кетсе, оның иондарының гидраттануы салдарынан ұлпалар кеуіп, ісіне бастайды.

Өсімдік тектес қоректе калий тұздары көп. Сондықтан қалыпты жағдайда калий тапшылығы сезілмейді дерліктей.  Нерв талшықтары мен бұлшық ет талшықтары арқылы қозудың берілуінде натрий мен калий иондары үлкен қызмет атқарады. Ал, жүрек бұлшықеттері жұмысының реттелуінде К+ ионының маңызы зор. Ұзақ уақыт калий жетіспеу салдарынан организм миокарда инфарктіне ұшырауы мүмкін.

Темір. Темір аса бағалы биоэлементке жатады. Ол алуан түрлі қызмет атқарады. Омыртқалы жануарлар организмдегі темірдің 70 пайыздайы эритроцит құрамында болады. Эритроциттегі темірдің концентрациясы 20 ммоль мөлшерінде, ал мал қанының плазмасындағы мөлшері 11,10-30,10 ммоль/л. Организмде темір жетіспесе қан түзілу процесі бұзылады да, қан аздық ауруы пайда болады. Құрамында темір бар белоктар жасушада оттегін, көмірқышқыл газды ауыстырып жеткізеді және көптеген тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейді.

Марганец. Организмде өте аз мөлшерде кездеседі. Жас ұлпаларда оның мөлшері 0,01 ммоль шамасындай. Марганец- көптеген ферменттердің жұмысын күшейтуші активатор. Организмде марганецтің жетіспеуі салдарынан ұрықтың ұлпасы бүлінеді, жануарлардың ұрықтану қабілеті жойылады және тіршілікке қабілетсіз төл туады. Марганец жетіспеген кезде сүйекте және шеміршекте органикалық матрикс мөлшері азаяды. Соның салдарынан қаңқаның қалыпты пішіні өзгереді.

Магний. Магний биологиялық активті элементтердің бірі. Организмде магнийдің 60% шамасындай сүйек құрамында, оның қан сарысуындағы концентрациясы 0,85 ммоль/л шамасында. Шамамен 1моль Mg+2 организмде бос күйінде, оның қалған басқа бөлігі белоктармен және басқа органикалық қосылыстармен байланысқан түрде кездеседі. Mg+2 рибосоманың жасушада ақуызды синтездейтін апарат екені белгілі. Көбінесе магний ионын марганец ионы алмастыруы мүмкін [61].

 

 



 

3-диаграмма. Топинамбур гүлінің құрамындағы макро – микро элементтер мөлшері

 

3.3 Топинамбур гүлінің құрамындағы  аминқышқылын анықтау

         

           Топинамбур гүлінің құрамындағы аминқышқылы мөлшері "Карло – Эрба - 4200" (Италия - АҚШ) газды – сұйықтық храматографында анықталынды.

 

5-кесте. Топинамбур гүлінің құрамындағы амин қышқылдарының мөлшері, мг/100 кг

амин қышқылдарының атауы  

Шикізат       

Аланин

Глицин

Лейцин

Изолейцин

Валин

Глютамат

Треонин

Пролин

Метионин

Серин

Аспаратат

Цистин

Оксипролин

Фенилаланин

Тирозин

Гистидин

Орнитин

Аргинин

Лизин

Триптофан

Алматы

(мг/100кг)

1550

502

813

546

408

2001

422

1248

220

910

1654

102

6

625

596

480

6

612

440

225

Тәшкент

(мг/100кг)

1675

544

883

578

450

2194

448

1295

298

978

1820

121

7

652

685

503

7

638

462

244





          

             5 – кестеден корип тұрғанымыздай Алматы топинамбур гүлінен қарағанда Ташкент  топинамбур гүлінің құрамында аланин, глютамат, аспаратат, метионин,тирозин және аргинин  көп  кездеседі.

       Амин қышқылдарының адам ағзасында алатын орны ерекше. Мысалы, Белок молекуласындағы ең алғаш өндірілген — глютамин. Ол тамақ өнеркәсібінде азық-түлікке қосылады, оның сапасын жақсартады. Медицинада глютамин кышқылын нервтік ауруларды емдеуге де қолданады.

    Амин қышқылдарының ішінде маңызды амин қышкылдарының бірі — лизин. Бұл амин қышқылы рационнын ең құнды, қажетті құрам бөлігі болып есептеледі. Нанның кұнарлылығы лизинді қосқанда артады.

          Адам организміне қажетті амин кышқылдары азықпен бірге қабылданады. Олардың ішінде изолейцин, валин, лейцин, метионии, треонин, фенилаланин, лизин, гистидин, аргинин, триптофан ерекше қажет. Осы амин қышқылдарының азық-түліктің құрамында болуы азық-түліктің қоректік құндылығын арттыра түседі. Сонымен қатар осы жиырма шақты аминқышқылдары белок биосинтезіне қатысады.

        Барлық ағзалардың зат алмасу процесіне амин қышқылдары қатысып витаминдер, гормондар, мидиаторлар, пуринді, пиримидинді азоттық негіздердің алқолоидтердің т. б. гормондар биосинтезінің негізгі қосылыстарын түзу қызметін атқарады.

 

 

1-сурет. Алматы обылысы Топинамбур гүлінің құрамындағы амин қышқылдарының хроматограммасы

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет. Ташкент обылысы Топинамбур гүлінің құрамындағы амин қышқылдарының хроматограммасы

 

3.4 Эфир майын топинамбур гүлінен бөліп, құрылысын, құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау

 

1. Алматы  обылысы топинамбур гүлінде гексанмен бөлінген эфир майының мөлшері 2,33% құрайды. Эфир майының тығыздығы 0,950 г/см3, сыну көрсеткіші  1,2090 болды. Эфир майының компоненттік құрамы Қызылорда қаласында Agilent 7890 ⁄ 5975 (АҚШ) газды – хромотографиялық әдіспен анықталды.

3-сурет. Алматы обылысы Топинамбур гүліндегі эфир майының химиялық құрамының хроматограммасы

           Бөлінген эфир майының химиялық құрамында 14 компонент бар екені анықталды.Оның негізгі компоненттер құрамына:  1,5 – дифенил -2Н-1,2,4-триазолин – 3 – тион, Фталь  қышқылы, ди (3,4-диметилфенил) эфирі, Саркозин, N- (3 – метлксибензоил) – дедоксил эфирі, дифенилдиметилсилан, 2,4- диметилпиримидо [1,2 - а] бензимидазола. Құрылыс формулалары 6 –кестеде көрсетілген.

 

 

 

 

 

6-кесте. Алматы обылысы топинамбур гүлінен алынған эфир майының компененттік құрамы

 

Ұстау уақыты,

TR мин

Мөлшері,

%

Компененттің атауы

Құрылысы

Брутто формуласы

 

1

 

7.388

 

9.08

 

Бензол, 1,3 - диметил

C8H10

 

2

 

 

 

р- Ксилол

C8H10

 

3

 

 

 

о- Ксилол

C8H10

4

31.866

9.73

1,3-дифенил-2Н-1,2,4-үшазолин-3 тион

C14H11N3S

5

   

Фталь қышқылы, ди (3,4-диметилфенил) эфирі

C24H22O4

6

 

 

 

Кис-3,4,5-үшметокси-.бета.-метил-.бета.-нитростирол

C12H15NO5

7

32.839

  7.56

Силан,диметил (1-фенилпропокси) гексадецилокси

C27H50O2Si

8

   

2-(4-йод-фенил) – 6 – пентил -5,6,7,8 - төртгидро  хинолин

С20H24IN

9

   

6-хлор – 4 – 2 – (3,4,5 – үшметокси фенил) хинолин

C24H20Cl  NO3

10

35.242

30.49

н – Гексадекан қышқылы

C16H32O2

11

   

Үшдекан қышқылы

CH3(CH2)12COOH

12

   

Саркозин,N – (3 - метоксибензоил)-, дедоксил эфирі

C23H37NO4

13

40.381

43.14

Дифенил диметил силан

C14H16Si

14

   

2,4 – диметилпиримидо [1,2-а] бензимидазола 

C12H11N3

Информация о работе Топинамбур гүлінің құрамынның химиялық құрамын зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау