Фреондардың қоршаған ортаға әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 20:28, реферат

Краткое описание

Фреондар (лат. frіgor-суық) — тоңазытқыш машиналарда суытқыш реагент ретінде қолданылатын құрамында фторы бар қаныққан көмірсутектердің қосылыстары. Фтор жер бетінде кең таралған электртерістігі жоғары элемент болып табылады. Фтордың химиялық активтілігі жоғары болғандықтан, ол кез келген жағдайда кез келген затпен химиялық реакцияға түсе алады. Фреондардың негізгі қасиеттері де осы фтор атомының химиялық қасиетіне байланысты болады. Фреондардың құрамында фтордан басқа хлор, бром да кездеседі. Фреондардың 40-тан астам түрі белгілі, олардың көпшілігі өндірістік жолмен алынады.

Вложенные файлы: 1 файл

Фреондардың әсері.docx

— 39.30 Кб (Скачать файл)

Озон қабатын бұзатын фреондар қатарына құрамында хлор және бромы бар R11, R12, R21, R22, R13, R113, R114, R115, R502, R142b, R12B2, R114B2, R141b тағы басқалары жатады. Бұл фреондардың озон қабатын бұзушы потенциалы жоғары(ODR).  R11 және  R12 ODR=1, R22  -   0.055. Бромдалған фреондардың озон қабатын бұзушы потенциалы 10-нан асады. Бір бром атомы озонның миллион атомын оттегіге айналдыра алады.

2-кесте. Озон қабатына  әсер ету деңгейі бойынша фреондарды  келесі топтарға бөледі:

Топ

Қосылыс кластары

Фреондар (хладондар)

Озон қабатына әсері

A

Хлорфторкөміртектер (CFC)

R-11, R-12, R-13, R-111,

R-112, R-113, R-113а, R-114, R-115

Озон қабатының жұқаруы

Бромфторкөміртектер

R-12B1, R-12B2, R-113B2, R-13B2,

R-13B1, R-21B1, R-22B1, R-114B2

B

Хлорфторкөмірсутектер (HCFC)

R-21, R-22, R-31, R-121, R-122, R-123, R-124,

R-131, R-132, R-133, R-141, R-142B, R-151, R-221,

R-222, R-223, R-224, R-225, R-231, R-232, R-233

Озон қабатының жұқаруына әлсіз күйде әсер етеді.

C

Фторкөмірсутектер (HFC)

R-23, R-32, R-41, R-125, R-134, R-143,

R-152, R-161,R-227, R-236, R-245, R-254

Озон қабаты үшін қауіпсіз фреондар (хладондар)

Фторкөміртектер (перфторкөмірсутектер)

(CF)

R-14, R-116, R-218, R-C318


 

 

Бұл экологиялық апатты болдырмау үшін қазіргі уақытта фреондарды -өндіруге және шығарып тастау шектеу қойылды. Сондықтан бірнеше халықаралық келісім  шарттар бойынша фреондар өндірісіне шектеу қойды:

1980 жылы – хлорфторкөмірсутектеді  өндіруді тоқтату туралы Вена  конвенциясы;

1987 жылы -  Монреаль протоколы;

1990 жылы -  2000 жылы фреондады  өндіруді толық тоқтату туралы  Лондон протоколы;

Қабылданған келісім шарт бойынша 1996 жылдан бастап фреон-12 өндірісі тоқтады.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Фреондардың қоршаған ортаға әсері