Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июня 2014 в 06:58, дипломная работа
Табиғатта гумин қышқылдары кең тараған, олар торфтың (50-60%),, қоңыр көмірдің (60% дейін), тотыққан көмірдің ( жел әсерінен үгілу дәрежесіне орай 0 - ден 100% дейін), қара топырақтың (10%) құрамында кездеседі.
Қоршаған орта бұл мәселеде бір жағынан шикізат көзі болса, бір жағынан зардап шегетін негізгі нысан болып табылады, ал осыған байланысты қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі яғни ауаның, топырақтың, судың құрамы бұзылады, ендеше адам денсаулығына қауіп төнеді.
Гумин қышқылдары дегеніміз - торф, топырақ, қоңыр көмірден және тағы да басқа нысандардан сілті көмегімен алынатын, генетикалық белгілері яғни шығу тегінің біркелкілігі арқылы біріктірілген, заттар тобы.
Уақытқа байланысты алынған сорбенте Cd және Zn ауыр металл иондарының 180 минут уақыт аралығында, ал Cu, Pb металл иондарының 240 минут уақыт аралығында сорбенттімізде сорбциялануы жақсы жүрген. Активтелген көмірде уақытқа байланысты Pb ауыр металл иондарының 180 минут уақыт аралығында, Cd ауыр металл иондарының 240 минут уақыт аралығында, ал Cu ауыр металл иондарының 300 минут уақыт аралығында сорбциялануы жақсы жүрген. Салыстырмалы түрде алынған мәліметтерді сараптай келе сорбентіміздің және активтелген көмірдің ауыр металл иондарын собциялау мүмкіндігі жақын екендігін көрсетті.
Қолданылған әдебиеттер