Түйелерді сауу және қырқу гигенасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 20:17, доклад

Краткое описание

Қоректілігі мен дәмділігі жағынан түйе сиыр сүтінен анағұрлым артық, әрі құрамындағы май, белок және қанттылығының жоғарлығымен ерекшелінеді. Ал, екі өркешті түйелердің бір өркештіге қарағанда сүттілігі төмен болыпкеледі.
Түйелердің сүт беру кезеңі 12 – 20 ай құрайды. Сүт берудің мұндай ұзақтығы негізінде түйелердің екі жылда бір рет шағылысуымен байланысты. Жайылым жағдайында дромедарларда орташа сүттілік 12 ай ішінде 2000 л жоғары болса, ал қазақ бактриандарында 700 л шамасында. Оның үстіне сүт өнімділігі негізінде азықтандыру мен күтіп – бағу жағдайларына тәуелді болып келеді. « Агромеркур » шаруашылығы (Алматы облысы) сауын түйелерді жыл бойы қолда ұстап, жеткілікті түрде азықтандырып (жоңышқа, құрама жем) аналықтардың сүттілігі 4000 л дейін жеткізуде

Вложенные файлы: 1 файл

Түйелерді сауу және қырқу гигенасы.docx

— 19.89 Кб (Скачать файл)

                          Түйелерді сауу және қырқу гигенасы

     Қоректілігі мен дәмділігі жағынан түйе сиыр сүтінен анағұрлым артық, әрі құрамындағы май, белок және қанттылығының жоғарлығымен ерекшелінеді. Ал, екі өркешті түйелердің бір өркештіге қарағанда сүттілігі төмен болыпкеледі.

     Түйелердің сүт беру кезеңі 12 – 20 ай құрайды. Сүт берудің мұндай ұзақтығы негізінде түйелердің екі жылда бір рет шағылысуымен байланысты. Жайылым жағдайында дромедарларда орташа сүттілік 12 ай ішінде 2000 л жоғары болса, ал қазақ бактриандарында 700 л шамасында. Оның үстіне сүт өнімділігі негізінде азықтандыру мен күтіп – бағу жағдайларына тәуелді болып келеді. « Агромеркур » шаруашылығы (Алматы облысы) сауын түйелерді жыл бойы қолда ұстап, жеткілікті түрде азықтандырып (жоңышқа, құрама жем) аналықтардың сүттілігі 4000 л дейін жеткізуде

     Сүттіліктің ең жоғарғы мөлшері сүт берудің алғашқы 6 ай мезгілінде байқалып, малды жайылымда бағу мерзіміне сәйкес келеді (көктем, жаз және күз басы). Түйелерді жазда жаюды дұрыс ұйымдастыру және қолда ұстағанда жақсы азықтандыру олардың сүттілігін жоғарылатудың бірден – бір кепілі.

     Түйелердің желіндері шығын болуына қарамастан, оның безді ұлпаларға бай болып келуі желінде сүттің көп өндірілуінің негізгі себебі. Сондықтан алғашқы сүт беру айларында інгендер әр 3 – 4 сағат сайын сауылуы керек. Ал аса сүтті  түйелер жаз мезгілінде 5 – 6 рет сауылса, орташа сүті барлар 3 – 4 рет сауылады.

     Аналық түйенің желінін сауынға дейін сиыр желінін тазартқандай тазартады.

     Аналық түйені сауу қыйынға соғады, себебі оның сүті тек ботасы емген кезде ғана ииді. Сүттің берілуі тек емген кезде ғана жүреді. Желіннен сүт бөлінісімен ботаны жібінен тартып тұрып, сауыншы 4 емшегін де шелекке сауып алады. Егер сүт бөлінбеген жағдайда онда емізумен қатар сүтті сауып алады, яғни желіннің жарты бөлігін ботасы емеді, ал жарты бөлігін сауыншы сауып алады.

     Түйе желіні жерден 1,05 – 1,10 см  жоғары орналасқандықтан түйені  түрігеп тұрып сауады. Сауыншы  оң жақ аяғымен тұрып, сол  жақ тізесін сәл бүгіп үстіне шелек қояды, шелектің сабын сол қолына киеді, екі қолмен бірге немесе оң қолымен сауады.

     Түйелерді машинамен сауу арнайы сауу алаңымен, сауу станоктарымен жабдықталған мал бөлектейтін құрылымдарда (раскол) жүргізеді. Түйені саууға арналған станоктардың құрылысы басқа малдарды саууға арналған станоктардан өзгеше болып келеді. Бұл ретте сауу станоктары түйені сауумен қатар, оларды саууға дайындау, үйрету үшін де жасалып, мықтылап құрастырылды. Сауыншылардың қауіпсіздігін сақтау үшін станоктар түйенің бекем ұсталуын қамтамасыз ету керек.

     Станок тіркеу бағаналардан тұрып,  оларға төрт жағынан ағаштан  жасалған қалқандар және екі  көлденең штангалар бекітіледі. Станоктың ұзындығы 1,5 метрден кем  емес, биіктігі 2,4 және ені 0,7 –  0,75 метр болуы керек. Төменгі  қалқалардың биіктігі 1 метр шамасында  болу керек. Жоғарғы және төменгі  қалқалардың арасында көлденеңі  30 см дейін желінді бақылайтын  саңылау қалдырады.

     Машинамен сауу үшін ДА – ЗМ сериялық аппаратын қолданады (Қазіргі уақытта шет ел аппараттарын қолдануға болады). Бұл аппараттар аналық түйенің желінінің анатомиялық құрылысындағы ерекшеліктерге байланысты шамалы өзгерістерге ұшыраған. 1 түйені сауу 4 мин созылады. Сауыншы көмекшісімен 1 сағат орташа 50 – 60 түйені сауады. Түйелерді сауу 0,7 кг/м2 вакумда және 60 пульсацияда жүреді.

     Сауын кезінде сақтық шараларын қадағалау керек. Аналық, түйе артқы аяғымен тебуі мүмкін. Керек жағдайда малдың аяғын арнайы жіппен тұзақтап бекітеді. Түйені сауынға жас кезінен бастап үйретеді.

     Түйелерді жылына 1 рет қырқады. Егер көктемде қырықпаса жүні түсіп қалып, жануар жазда жүнсіз қалады.

     Наурыздан  бастап түйе жүні босап, теріден ажырайды, оны тек кейбір жерлерінің жүні ғана ұстап тұрады. Егер жүні босай бастаған кезде күнделікті оны жинамаса, онда көп мамығы орташа 10 пайызға дейін (3-18 пайыз) жоғалады, бірақ наурыз айында қырқуға болмайды, себебі төменгі температура нәтижесінде түйеге суық тиюі мүмкін.

     Түйелерді қырқу жылудың тұрақты кезінде басталады. Қырқу үшін арнайы қора – жай және жабдықталған алаң болуы керек. Қырықтық жақындағанда оларды жүн артық былғанбау үшін 10 – 15 сағатқа дейін азықтандырмайды.

     Түйелерді қолмен (қайшымен) немесе машинамен (қой қырқуға раналған электр қырқу аппараты) қырқады. Қолмен қырқу үшін 5 – 6 түйені ашық алаңда таза, құрғақ жерде жайғастырды. Машинамен қырыққан кезде ұзындығы 20 метр дейін, ені 70 см болатын арнайы өткелекке (тар ауызды шарбақ) малды байлайды, мұндай жағдайда малды тұрғызып жүнін қырқуға болады.

     Түйе жүні қой жүніне тәнақауларды  иемденбейді (голодная, тонина, перехват). Таза қылшығы шығысымен түйе  жүні қой жүніне құсас болады. Бактрина түйесінің орташа қырқымы  3 – 4 жасында жоғарылап, ал 5 жасынан  бастап 6,6 – 6,8 кг деңгейінде тұрақталады.

                       Түйелерді жұмысқа дайындау гигиенасы

     Түйені аштыққа және төзімділігі, олардың сусыз, жолсыз жерлерде ыңғайлы көліктік қасиеттері адамзат тіршілігінде көп замандар бойы пайдаланып келеді. Басқа малдармен салыстырғанда аша тұяқтылығы, табанының, тілерсегінің мықтылығы – түйені сусыған құмда, қалың қарда жырылмай өтуіне үлкен себеп. Ұзақ жолда ащы шөпті, ащы – тұзды суды керек етпей керек етпей жүре беруі түйенің басқа малдарға қарағанда артықшылығы болып табылады. Сонымен қатар көлік ретінде оның бірқатар ерекшеліктері де бар.  Атап айтқанда, олардың денесінің қысқалығы мен биік, ұзын аяғы жүкпен тік қырдан, жардан түскенде кедергі және өте қауіпті. Табанының жұмсақтылығы құмда жүруге өте жақсы болғанымен батпақта, мұзда қолайсыз. Тасты жерде жүру табанға жарақат әкеліп, түйені жұмысқа жарамсыз етеді. Сондықтан тасты жолдарда жұмыс істегенде түйе табанын жарақаттан сақтау үшін, олардың табанына құрға, жұмсақ теріден жасалған арнайы кебіс кигізеді.

     Шаруашылықта түйені көлік ретінде жүк тасуға, арбаға,. Шанаға жегуге, міну және басқа  да жұмыстарға пайдалануға болады. Түйеге жүкті шөгіп жатқанда артатындықтан, ол тұрған кезде аяғы қатты жерге тиіп табанын немесе тізесін жарақаттап алмауына қатты назар аудару керек. Жүк тиеу барысында терісінің зақымдалған жері байқалса жұмыс күші ретінде атандар пайдалынады. Інгендерді пайдалануға болғанымен, боталауға бір ай қалғанда буаздарын жұмыстан босатады. Емізіп жүрген інгендерді орташа жұмысқа боталағаннан кейін 2 айдан соң пайдалануға болады. Боталарын өріс маңына ұстап, 3 сағат сайын енелерін емізуге жібереді. Ауыр жұмыстан буаз түйелер мен інгендер босатылады. Буралар да жұмыстық қасиеті жағынан атандардан кем түспейді.

     Түйелерді тиімді пайдалану – оларды күштеріне сай жұмыспен қамтамасыз ету, тез істен шықпауын сақтау. Мұндай жағдайға қарапайым гигиеналық ережелер сақтап отырып, яғни құрал – жабдықтарды дұрыс пайдаланып жетуге болады. Ең қауіптісі жас түйелерді (2 – 3 жастағы) ұтымды әрі зарықтырмай пайдалану. Түйелерді дұрыс пайдалану – оларды жұмыс күші ретінде ұзақ уақыт бойы (25 – 30 жыл) қызмет етуіне мүмкіндік береді.

     Тайлақтарды 3 жастан бастап жұмысқа жегуге, мінуге және аздап жук артуға ұйрете бастайды. Алғашқы жүк көлемі 50 кг аспауы керек. Бір ай бойына жас түйелерді орнынан тұруға, дүрыс жүруге, жүргізушінің даусына тоқтауға, бұрылуға үйретеді.

     Түйе әбзелдері (құйысқаны және т.б.) дұрыс болғаны, теріні ысып – жара қылмауын қадағалаған жөн. Алғашқы үйреткенде жануарларды тегіс жолмен жүргізеді әрі жас түйені шаршатпаған тиімді. Түйе үйретуші қатты ауыздақтамай, қамшыламай, қорқытпай, еркінжайылуна мүмкіндік берген орынды. Түйе үйретудің өте тыныш және қалыпты жағдайда өтуі түйенің адамға тез үйреніп, ыңғайлы жұмыс күші болуының тетігі.

     Түйеге дұрыс күтім болса, жем-су уақытымен берілсе, жаттығып, шыңданып, жұмыс қабілеті артады. Түйеге 4 жасынан жүкті аздап, 6 жасқа келгенде оның күшін толық пайдаланған орынды. Қалыпты жағдайда түйенің үстіндегі жүгі оның салмағының 50 пайызына сәйкес болғаны дұрыс. Кейбір жануарларға 740 кг дейін жүк артуға болатындығын дәлелденген. Түйенің қалыпты жүк тарту шамасы (жүк қозғалуына кететін күш) тірі салмағының 10-12 пайызын құрауы керек. Түйенің жұмыстық қабілеті жүгінің салмағы мен жүк таситын ара-қашықтыққа байланысты. Қабылданған гигиеналық норма бойынша ара-қашықтығы 30-35 шақырым жерге түйе салмағының 45-50 пайызына дейін жүк артып, сағатына 4-4,5 км жылдамдықпен жүру белгіленген. Сонымен бірге мұндай түйелерді демалту немесе оларды жүктерін босатып, арту қарастырылмайды.

     Түйенің жұмыс уақыты 8-10 сағаттан  аспауы қажет, ал тәуліктің  қалған уақытында оны жаяды  немесе демалдырады.

     Жұмыстан кейін түйені 2-3 сағат  суытқан жөн. Осы аралықта түйе  дем алып, ішкі қызуы, тынысы  қалыпты жағдайға келеді.

     Жұмысқа пайдаланатын түйелерді  күніне 2 рет суғарады. Түйе 15-20 минут  аралығында 3-4 шелек суды асықпай  іше алады.

     Қоңды түйе жұмысқа жарамды келеді, өркештегі майы ашыққанда, шөлдегенде қорегі болып есептеледі. Арық түйені жұмысқа пайдалануға болмайды.

 


Информация о работе Түйелерді сауу және қырқу гигенасы