Қауіпсіздік
ережелері
Жоспар:
1.Сел дегеніміз не?
2.Найзағай дегеніміз не?
3.Торнадо дегеніміз не?
4.Қар және мұз көшкіні
дегеніміз не?
1. Сел - (арабша сайль — жойқын
тасқын) — таулы аудандарда мұздықтардың,
қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі
жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау
өзендерінің арнасынан асып тасуынан
пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.
Тас аралас саз-балшықтардың
таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын,
кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін
мейлінше залалды құбылыс; әдетте нөсер
жауындар әсерінен, кейде тау шатқалдарындағы
қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап,
шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын
қуалай құлайды.
Сел тасқыны құрамына
қарай саз-балшықты,
тастыбалшықты және сулы-тасты селдер
болып үш түрге бөлінеді.
Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді
шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды
түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық
үйтастарды ағызып әкетеді. Сел Қазақстанның Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұрады.
Сел болған жылдар
1887 жылы жер сілкіну әсерінен
Алматы қаласында нда көлемі 440 млн. м3 болатын ірі тастарды
ағызып әкелген күшті, лайлы сел болды.
1928 жылы қатты нөсер жауын
салдарынан Іле Алатауының терістік беткейінде
20-дан астам сел болып өтті.
Нөсер жауындардан соң 1921 жылы, 1941 жылы Кіші Алматы, 1950 жылы Үлкен Алматы, 1959 жылы.
Сел алдын алу
1963 жылы шілде айында
бірнеше тәулікке созылған ыстық аптаптың
әсерінен мұздық пен қардың мол еруінен
Жарсай мұздығындағы көл суы ернеуінен
асып, жарты сағат шамасында Есік көліне шамамен 6 млн. м3 лай мен тасты ағызып
әкелді.
Сел қаупі күшті өзендерге
бөгеттер салу, каналдар қазу, ағаштар
отырғызу және алдын-ала болжау, халыққа
хабарлау жұмыстарын ұйымдастыру сел
апатының зардабын кемітетін шаралар. Алматы қаласын сел апатынан
қорғау үшін 1966 жылыМедеу шатқалында дүние жүзінде алғаш
рет тауды бағыттап қопару әдісімен Медеу бөгеті салынды. Ауданы 40 мың
км2 жерге селге
қарсы ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкциялық
жұмыстар кешені жүргізілді. Селдің алдын
алу мақсатында Қазақстанда “Қазселденқорғау”
мекемесі құрылып, сел мониторингі ұйымдастырылған.
2. Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында
болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі
ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған
үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды
разряд. Найзағай
- кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс
кезінде қалың будақ-жаңбырлы бұлттарда
және бұлттар мен жер арасында көп еселі
электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді.
Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ
аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды
шептік және масса ішіндегі деп ажыратады.
Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі
найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан
пайда болады.
Қаупі
Найзағай жарқылы үлкен
разрядты тоқпен тең, ал оның температурасы
300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы
температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың
орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай
түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін.
Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін
алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан
3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші
биік затқа (талға т.б.) түседі.
Найзағайға қалай дайындалу керек
Найзағайдың түсу қаупінен
қорғану үшін, оған қарсы жерасты орасты
орнатқаштарын орнату қажет. Табиғатқа шығу алдында ауа райы
болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады
деп болжаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс
болады.
Егер сіз найзағай
болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте
оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз
және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын
қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне
тездігіне байланысты (300000км/с) онда
найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз.
Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық
пен оның тездігіне байланысты анықталады.
Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға
5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с
= 1700м.
Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын
жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған
жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап
отырыңыз. Егер найзағай дауылы сіз спортпен
айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз.
Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және20-30 м алыс тұрыңыз.
Егер найзағай сіз
көліктің ішінде отырған кезде болса,
машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың
антеннасын төмен түсіріңіз.
Найзағай
болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға,
терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің
төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз,
сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды
қоспаңыз.
Пеш жақпаңыз,
себебі пеш трубасынан шығатын жоғары
температуралы газда қарсыласа алмаушылық
болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде
найзағай столбылардың арасында тартылған
сымдарға түседі.
3. Торнадо — диаметрі 75 м, ала
жел жылдамдығы 64-177 км/сағ болатындай,
жер беті мен бұлттар тобы арасын қосатын
құйын, ауа ұрасы. Антарктикадан басқа
барлық құрлықтарда кездескенімен басым
бөлігі АҚШ-та орын Алады. АҚШ-тың шығыс
жартысында, әсіресе Миссисипидің орта
ағысында көбінесе көктем мен жаз айларында
жиі болып тұратын көлемі кіші, бірақ әжептәуір
күші бар дауыл.АҚШ-та бұдан
бірнеше күн бұрын 13 адамның өмірін қиған
қуатты торнадодан есін жия алмастан елге
табиғи апаттың жаңа толқыны бас алды.Алабама,Теннеси,Кентукки,Индина
штаттары зардар шекті.Мэрисвилд қаласы(Индиана
штаты) түгелдей жермен жексен болған.Көптеген
қалаларда мектептер мен университеттер
жабылған.2011 жылы рекордтық дерлік – 1709
торнадо болса,метереологтардың ескертуінше,
биыл оданда көп болуы мүмкін.Ғалымдар
табиғаттың тосын мінезін ғаламшардағы
климаттың жаһандық жылынуымен және Мексик
шығанағының бетінде су температурасының
көтерілуімен байланысты деп санайды.
4. Қар және мұз көшкіні– тау шыңдары мен құлама беткейлеріндегі қозғалысқа түскен
және төмен қарай құлаған қармассасы. Қар көшкінінің құлау себебі
беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде
жатқан қар алаңыныңтемпературалық қысылуынан және қар
қайтадан кристалданғанда, қар кабатының
ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан
туады.
Түрлері
Қар және мұз көшкіні беткейлермен
сырғанау сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:
беткейдің бетін түгелдей ала арнасыз сырғитын қар сырғымалар;
жыра, жылғалармен қозғалатын астаулы қар және мұз көшкіні;
ақпа, яғни еркін құлайтын қар және мұз көшкіні;
тау беткейінен құлайтын немесе
сырғитын, жолында тұрған кез келген нысандарды
өзімен бірге ала кететін қар массасы.
Құрамындағы материалдардың сипатына қарай екіге
бөлінеді:
ұсақ кристалды шашпа қардан
тұратын немесе шаң сипатты қар және мұз
көшкіні (әдетте, қыста болады);
тығыз әрі ауыр жабысқақ қардан
тұратын, тұтас тақта түрінде төмен құлайтын
жылбысқы қар және мұз көшкіні (әдетте, көктемде болады).
Сипаты
Қар және мұз көшкіні қозғалысының
орташа жылдамдығы 20-30 м/с.
Қар көшкіні көлемі бірнеше
млн.м³-ге, соққы күші 1м²-ге
60— 100 тоннаға жетіп, жойқын апаттарға әкеліп соқтырады.
Құрғақ (қыстағы) қар және мұз
көшкінінің жылдамдығы 80-100 м/с.
Ылғал (көктемде) қар және мұз
көшкінінің 10-20 м/с.
Зерттеу және қорғану шаралары[
Қар және мұз көшкінін бақылайтын
арнаулы стансалар жұмыс істейді, онда
қар және мұз көшкіні үнемі зерттеледі:
қар және мұз көшкінінің қалыптасу
жағдайы мен олардың таралуының негізгі
заңдылықтары, қар жамылғысының режимі мен физикалық-механикалық қасиеттерінің құбылу ерекшеліктері анықталады;
қар қатқабаты күйінің алмағайып
жағдайлары анықталып, көшкінді болжаудың тәсілдері жасалады;
қар көшкіндерінің гидрологиялық мәнінің есептік сипаттамалары
жасалады;
көшкіндердің тасқын сулар мен селдердің қалыптасу режиміне тигізетін әсері анықталады;
қар өлшеу маршруттары бойынша қар және мұз
көшкіндері картаға түсіріледі.
Қорытынды
Әр апаттың алдын алуға болады.Тек
оны мұқият тыңдап,сақтану шараларын жүзеге
асыру қажет.Сол кезде ғана,біздің өмірімізге
зияны тимеиді.