Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 19:04, реферат

Краткое описание

Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.

Вложенные файлы: 1 файл

Экологиялық мәселелердің экономикалық аспектісі. 23..doc

— 143.00 Кб (Скачать файл)

 

 

                                 ЖОСПАР:

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды  орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен  бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк  жүйелерiн басқару да бой көтерiп  келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.

Елiмiзде экологиялық  қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң  Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.

Экологиялық қауіпсiздiк  бағытында Мемлекеттiк саясаттың  мақсаты, ол - табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ.

Экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ететін технологиясы бар  мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президент Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп былай деді: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс.

Экономика және экология проблемаларына, соның ішінде экологиялық  қауіпсіздік туралы теориялық ізденістер туралы айтар болсақ, онда отандық  ғалым М.С.Тонкопийдің «Экономика и экология» еңбегін атап өтуге тура келеді.

 

 

 

 

 

 

 

  Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі

 

Әлемде адамзат тіршілігі  бар ортаға біздің білуімізше әзірше тек Жер ғана жатады. Табиғатпен оның байлықтары адамдардың өмірі мен  қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы әл-қуатын арттырудың негізі болып саналады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманның маңызды, қажетті мәселелерінің бірі.

Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның  өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік-құқықтық актілермен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекеттік және мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады.

Қазақстанда «Қоршаған  ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы қабылданған. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

1998 жылғы 26 маусымда  күшіне енген Қазақстан Республикасының  "Қазақстан Республикасының Ұлттық  қауіпсіздігі туралы" Заңында  "экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі" деп анықтама берілген.

Сонымен экологиялық  қауіпсіздік дегеніміз не? Шамамен экологиялық қауіпсіздіктің 500-ге тарта анықтамасы бар екен. Бірақ кәдімгі қарапайым деңгейдегі түсінікке аударсақ, онда бұл дегеніміз халықтың антропогенді және табиғи факторлардан тұратын теріс мәнді биологиялық жүйеден қорғалуы.

Жалпылама шама ретінде қазіргі таңда экологиялық тәуекелді атап отыр, ол организмнің немесе популяцияның, бір сөзбен айтқанда биологиялық жүйенің күйреуінің ықтималдығы болып табылады. Осы шама қазіргі таңда БҰҰ-ның қарамағындағы ұйымдарда, атап айтсақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында да ресми шама болып табылады

Қазақстан егемендік  алған соң көптеген экологиялық  проблемалармен бетпе-бет қалғанын айтты. Көз алдымызда жоғалып  бара жатқан Арал мәселелері, ядролық  сынақтар шарпыған кең байтақ елді мекендер, мұнай-газ секторындағы және басқа да өндіріс орындарының зиянды қалдықтармен күресу кеңес өкіметінің Қазақстанға мұраға қалдырған еншісінің бірі болды. «Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына зиянды мәселелердің басым бөлігі құпия түрде сақталып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі күні Арал, Каспий маңы және еліміздегі сынақ алаңдарының зардаптарын ғаламдық проблемаларға жатқызуға толық қақымыз бар», деді экология министрі. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен 2003 жылы қауіпсіздік кеңес отырысында алғаш рет экологиялық қауіпсіздік мәселесі көтеріліп, ол бойынша маңызды шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасын Елбасы мақұлдады.

"Елің сенің ертегі, жерің сенің ертегі!" деп "Қыз Жібек" жырында Шеге ақын суреттейтін еліміздің сұлу табиғатын сақтап қалу мәселесі енді қандай маңызға ие болатындығын мына жайт жақсы аңғартады: жақында ғана Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі болған Нұрлан Әбділдаұлы Исқақовтың мәлімдеуінше, Қауіпсіздік Кеңесінің күздегі отырысының күн тәртібіне экология мәселесі шығарылмақ. Таяуда елді елең еткізерлік тағы бір жаңалық естідік: "Биыл біз тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш "экологиялық атласын" жасауды аяқтап оны басып шығарды. Бұған дейін мемлекет сонау 1983 жылғы мәліметтерге құрылған Қазақ ССР-нің атласын пайдаланып келген болатын". Осылайша, жыл соңында әр қазақстандық көсілген кең-байтақ қазақ даласының өзі тұратын атырабында экологиялық ахуал дәл қазір қандай деңгейде екендігін, сондай-ақ Қазақстанның қай аймақтары тіршілік етуге мейлінше қолайлы болатындығын нақты біле алады.

Нұрлан Исқақов бұдан  былай экологиялық талаптар жоғарылайтынын нықтайды. Мысалға, егер өзен-көл тазаланатын  болса, түпкі нәтиже – сондағы  су сапасын «таза ауыз су» дәрежесіне жеткізу болмақ. «Біз өзендерді таза ауыз су сапасына дейін тазартуға тиіспіз, – дейді қоршаған ортаны қорғау министрі. – Мысалға, қазір Нұра өзенін улы сынаптан арылту жобасы даярлануда, соған қатысқан жапондық делегация озық дамыған Еуропа елдерінде дәл осы мақсатты көрсеткіш нысанға алынатынын мәлім етті. Ол нақты айқындалған, осыған біз ұмтылатын боламыз, осыны біз инвестициялық қаржымен қамтимыз». Әйткенмен, Қазақ жерінің табиғатын бір демде жаппай түлетіп жіберуге ел қазынасының қауқары әзірге жетпесі анық. Оған, тіпті дәулетті елдер де батылы жетіп, бара алмауда. Сондықтан Қазақстан Германияның тәжірибесін әжетке жаратпақ. – Германияда «таза зоналар» әдісі қолданылады, – деп баяндайды Нұрлан Әбділдаұлы. – Мысалға, Рейн кезінде әлемдегі ең лас өзендердің бірі болғанын білесіздер, қазір ол әлемдегі ең таза өзенге айналды/7/. Немістер алдымен өзеннің флора және фаунаның тіршілік кешуі үшін қолайлы, ең таза бөліктерін таңдап алған және сол тұстардан тазалықты ақырын-ақырын өзеннің бүкіл бойына жайған. Қазір біздің осы бағытта жоспарлаған қадамдарымыз бар.

«Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі кезеңдегі даму жағдайында экономикалық қауіпсіздікпен қатар  экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың  маңызы ерекше. Егер экологиялық қауіпсіздік  тұрғысынан қарасақ, Қазақстанның дамуында төмендегідей экономикалық өзгешеліктер және әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады:

- табиғи ресурстарды біржақты пайдалана отырып, шикізаттарды есепсіз, орасан зор көлемде шығару және сату, тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын өңдеу жүйесінің жоқтығына қарамастан, ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлердің тозғанын айналымнан шығарып тастап, тек қана жаңа жерлерді игеру арқылы экономиканы экстенсивті өркендету;

- экологиялық жүйеге үнемі кері әсер ететін табиғи өндіріс орындарын пайдалануға басымдық беру арқылы халық шаруашылығының құрылымын өзгерістерге ұшырату;

- экономиканы милитаризациялау;

- техникалық жүйенің  осалдығы және экологиялық қауіп-қатері  жоғары кәсіпорындардағы кадрлар  мамандығының жетімсіздігі;

- өндіріс орындарында  технологиялық процестерде қолданылатын  табиғат қорғау жабдықтарының  ескіруі және тиімсіздігі;

- қала халқының өсуі, табиғи ресурстарды пайдалану  есебінен экономиканың мемлекеттік  және жекеменшік секторларында  тауарларға және қызметке сұраныстың өсуі;

- стихиялық және антропогендік  апаттар, апатты жағдайлар және  түрлі бақытсыздықтар».

Адамның бірінші байлығы  – денсаулық. Демек, қоршаған ортаның  экологиялық дағдарысқа ұшырауы  адам денсаулығына орасан зиян келтіретіні  анық. Қазақстан аумағында жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, біздің азаматтардың денсаулығына кері әсер ететін ең зиянды факторлардың арасынан ерекше алаңдататыны экологиялық фактор (42,1 пайыз) болып отыр.

Адамзаттың, әсіресе, планетаның биосфера региондарындағы экологиялық жағдайы қиын мемлекет халықтарының (оның ішінде Қазақстан да бар) экологиялық қауіпсіздігіне төнген жалпы қауіп-қатерін ғаламдандыру, сондай-ақ соғыс қауіпсіздігі қатерін бәсеңдетуді ескере отырып, реформалардың экономикалық мүдде пирамидасын және иерархиялық әлеуметтік басымдыктарын пайдалы қазбалар игерудің ақылға қонымды, табиғи-тарихи және экологиялық негіздерді сактай отырып, тиімді бағыттарын талдап жасау керек. Еліміздің мемлекеттік институттары мен субъектілері және объектілерінің қандай экологиялық жағдайда екендігін есепке алу қажет.

Қауіпсіздікті өлшеудің негізгі критерийлеріне қауіпті  алдын-ала сезу, оның қазір және келешекке  келтіретін әлеуметтік және табиғи зияндарын  анықтау мүмкіндігі және алдын алу  шаралары жатады.

Қауіпсіздіктің объектілері мен субъектілерін анықтауда тек әлеуметтік саламен шектеліп, адам мен табиғатты екіге бөліп қарастыруға болмайды, ол табиғаттың, қоғам мен адамның жүйеленген бірлігін бұзады.

Экологиялық қауіпсіздік  Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жүйесінің құрамдас бөлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздік жүйесіне қатысуының маңызды мәселесі болып табылады. Қоршаған ортаның сапасының төмендеуі, ірі техногенді апаттардың салдары, климат пен табиғи ортаның ғаламдық өзгеріске ұшырауы Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығының төмендеуіне, экономикалық шығындарға және табиғаттың құруына әкеліп соғады. Экологиялық қауіп еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты кедергі жасап отыр.

 

 

 

1.2 Нарық жағдайында экологияның  экономикалық-құқықтық мазмұны әр түрлі нысандары

 

Қозғалыс табиғатты  қорғау жөнінен әлемдік ауқымда  қаралатын, кейінге қалдыруға болмайтын  және жоғары имандылықты талап ететін мәселе болып табылады. Адам мен  табиғаттың қарым — қатынасы экологиялық-экономикалық қатынас ретінде қарала бастады.

Біздің республикамыздың территориясы көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынға ие. Менделеев таблицасындағы 105 элементтің Қазақстан қойнауынан 99-ы табылды, 70-інің қоры зерттелді, өндірісте 60-тан пайдаланылуда.

Қазақстанда отын өндірісі: көмір өндіру, мұнай және газ өндіру, түрлі — түсті металлургия; мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және титан - магний өндірісі, қара металлургия: сапалы қара металлургия өндірісі дамыған. Осы өндірістер суды, ауаны, жерді, жер қойнауын бүлдіріп қана қоймай, барлық тіршілік дүниесіне әсерін тигізеді.

Климатологтардың пікірі бойынша, республика территориясында  климаттық антропогендік өзгерістері  бар екендігі дәлелденген. Өлім деңгейі  бұрынғы КСРО елдерімен салыстырғанда  екі есе көп, ал балалар өлімі жағынан әлемде ең арттағылардың қатарында.

Экология ең негізгі  саяси проблемаларға айналды. Қазақстан  экологиялық жағдайының мұншама  қайғылы болуының ең басты себептерінің бірі өнеркәсіп орындары мен ведомстволарға табиғатты қорғау қазіргі кезде  экономикалық жағынан тиімді болып отырғанында. Экономикалық реформа ғана бұл жағдайды түпкілікті өзгерте алады. Барлық табиғи байлықтардың құны мен қожайыны болуы керек. Табиғатты пайдаланудағы бейбастықты тек қана экономикалық жағынан мүдделі субъект тоқтата алады.

Табиғаттың жалпы күйзеліске ұшырауына кінәлілердің бірі ғылыми-техникалық прогресс.

Ертеңгі күннің технологиясы қандай болуы қажет? Экологиялық  тұрғыдан қарағанда, табиғатты пайдалану  технологиясын табиғатпен бірлесе  қызмет технологиясына көшу бағыты дұрыс деп есептеледі.

Әлемнің ірі-ірі қалаларында  ауаны ластаудың 2/3 бөлігі автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Табиғатты  бүлдіруге ат салысып жүрген негізгі  он бүлдірушінің ішінде, БҰҰ-ның таблицасы  бойынша, автомобильден бөлінетін  көміртегі екінші орында жүр.

Егеменді ел болдық деп  бөркімізді аспанға атып жүрміз. Бірақ  табиғатымыз күн санап азып барады. Бұрын бұған орталықты кінәләдік, ал бүгінгі таңдағы туған жерге  табиғатқа деген немқұрайдылыққа  ертең кімді кінәлар екенбіз? Қазір өзіміз би, өзіміз қожа емеспіз бе? Ел аман жұрт тынышта «жау шапты, от қашты» деуімнің ең басты себебі экономика көлеңкесінде қалып отырған экология мәселесі. Бұл сөзімнің айғағына күнделікті баспасөз беттерінде кездестіріп жүргеннен байлықтары, мұнай өндірісі сияқты табиғатқа пайдасы мен зияны бірдей кен ошақтары туралы мәліметтердің біржақтылығын айтар едім. Мысалы соңғы кездері өндіріс ошақтарын жекешелендіру жөніндегі табыстан бас айналып, көз қарауытардай тапқанымызбен тарих алдындағы жауапкершілігімізді де ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда табиғатты пайдалану экономиканы пайдалану экономиканың жүйесі анықталып келеді, нарықтың өзара қатынастық құқықтық базасы жасалды. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмін экономикалық мәселелерге жеке бөліммен бөліп береді.

Информация о работе Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі