Экология және оның даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 12:48, реферат

Краткое описание

Экология терминін ғылымға енгізген Э. Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді.
Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін организмдер қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887).

Вложенные файлы: 1 файл

Экология және оның даму тарихы.docx

— 36.30 Кб (Скачать файл)

Экология ағымы ежелгі кезеңнен басталған. Организмнің ортамен байланыстары туралы және олардың  қоршаған ортаның жағдайларына тәуелділігі туралы айтқандары антикалық философтар  еңбегінде кездеседі . Осындай жоспарда өсімдіктер туралы Эмпедокл (б.э.д.IVғ.) жазған , Теофраст (IIIғ.б.э.д.) , ал жануарлар туралы Аристотель (IVғ.б.э.д.) жазған.

Экологияның дамуына үлкен үлес қосқан А. Гумбольдтың, Ч.Дарвиннің, К.Ф. Рульенің , А. Северцовтың және т.б. еңбектері болды.

Өз уақытында Александр Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері елеулісі болды. Ол Оңтүстік және Солтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібір, Алтай, Қытай жерлерін зерттеп, Өсімдіктер географиясын жасады. Ол оны жер бетіндегі өсімдіктердің таралу заңдылықтары туралы ерекше ғылым ретінде қарастырып, өсімдіктер тіршілігін зерттеуде өсімдіктер географиясында экологиялық бағыттың негізін салды.

XIXғ. ортасында Ресейде  биологиялық  ғылымның экологиялық  бағытының дамуына үлкен үлес қосқан К.Ф.Рулье(1814-1858) болды. Осы ғалымның еңбектері арқасында зоологиядағы экологиялық бөлім қалыптасқан.

XIXғ. соңында Ч.Дарвиннің  ілімі негізінде  экология – организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналған .

Дарвиннің анықтамасы бойынша , экология- тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар ретінде , табиғаттағы барлық күрделі қарым- қатынастарды зерттейтін ғылым дейді.   XXғ. 60-жылдарының басында,  экология дамуында жаңа кезең басталды ,  ол барлық  елдерде  экологиялық  зерттеулердің жылдам өсуімен  сипатталады.

Әртүрлі экологиялық мәселелер бойынша ақпараттар саны өсе бастады, мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы өте көп  фактілерді , өсімдіктерді қорғау саласында эклогтар өз зерттеулерінде жазды.         

 Сонымен , қазіргі заманғы  экология адамзат үшін биосфераның  бетбұрысын ғылыми негіздеуге  ұмтылады. Ол табиғи ресурстарға  тұтынушылық қатынасты жоюға  мүмкіндік беретін , ойлаудың ерекше  түрін қалыптастырады.        

 Қазіргі кезде экология  тек биологиялық ғылым ғана  емес , ол білімнің интеграциялық  саласы, яғни адам мен қоғамның  табиғатпен өзара әсері туралы  ғылыми жаратылыстану , әлеуметтік  және технологиялық кзқарастардан  тұрады.

 

4. Экология бөлімдері.

Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.

1.Аутэкология  - особьтар экологиясы.           

  Аутэкология  бір түрдің  өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.

Қоршаған орта факторларына :

а.) Абиотикалық  факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

в.)  Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің  әсерлері.

2.  Демэкология - популяциялық экология.

Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.           

 Демэкология популяцияның  қалыптасу жағдайәларын , құрылымы  мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.

3.  Синэкология  - қауымдастық экологиясы.           

 Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда  мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған,  тірі  организмдер жиынтығы.           

 Синэкология организмдердің  тіршілік жағдайларын , өзара және  қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын  зерттейді. Синэкология экожүйелердің  шекараларын салумен айналысады, сондықтан  оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

 

Экологияның негізгі бағыттары

Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар:

1. Классикалық   экология - биологиялық   жүйелердің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.

2. Глобалъды   экология - биосфераның   бірлігін   және тұтастығын зерттейді.

3. Қоғамдық   экология - қоғам   мен   қоршаған   орта жүйесіндегі байланыс

пен тәуелділікті қарастырады.

4.  Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға 
антропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді.

5.  Адам экологиясы - адамның табиғи мәнін, оның тіршілік 
ортасының экологиялық факторларының денсаулыққа әсерін зерттейді.

6.   Қолданбалы экология -агрожүйе байланыстарын, қала экожүйесін,   техносфераның   қоршаған   ортамен   байланысын зерттейді.

7.   Экологиялық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі.

 

5. Экологияның  зерттеу обьектілерінің сатылама  деңгейлері.

Тірі материяның ұйымдастырылуына келесі деңгейлер жатады: Молекулалық  -Жасушалық деңгей - Ұлпалар мен мүшелер деңгейі–Организмдік (Особь) деңгей - Популяциялық (түрлік) деңгей - Экожүйелік деңгей - Биосфералық деңгей.

 

6. Экологиялық  зерттеу әдістері.

Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар.

Далалық зерттеу әдісі – далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері – особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т.б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т.б. обьектілерінің жәйі, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар  мен материалдар жинақталады. Материлдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы жүргізіледі.

Лабораториялық зерттеу әдісінде – далалық материалдар  лабораториялық жағдайда өңделеді. Дүниежүзілік стандартқа сай лабораториялар қазіргі заманғы – климекамералар, видеоаппаратуралар, оптикалық құралдар, анатикалақ таразылар, топографиялық құралдар, термостаттар, хромотография, электронды микроскоптар, компьютерлік т.б. керекті құралдармен жабдықталуы тиіс.

Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі.

Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу қолданылып жүр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

 
1. Ж. Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы:

2. А. Көшербаев.Тау –кен және байыту өндіріс экологиясы.

3. Е. Шілдебаев. Қызық экология. Әдебиет Оспанова. Экология негіздері. Алматы: 2002ж. 

 

 


Информация о работе Экология және оның даму тарихы