Экология ғылымының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2014 в 21:52, реферат

Краткое описание

Экология мәселесі - үлкен тақырып, кең ұғым. Туған жеріміздің табиғатына жанашырлық жасап аялау және оны қорғау барлығымыздың міндетіміз, келешек ұрпақ алдындағы парызымыз. Өмірлік маңызы бар осынау мәселені қалың жұртшылыққа түсіндіру, әсіресе жас жеткіншектерді оқытып-тәрбиелеу әрқашан күн тәртібінен түспеуі тиіс.
Табиғат пен адам -- бір-бірімен өзектес, тағдыры тамырлас, үйлесімі бір үндес үғымдар. Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты аялап қорғай алатын, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеудің маңызы үлкен.

Вложенные файлы: 1 файл

Экология ғылымының дамуы.doc

— 496.11 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Экология мәселесі - үлкен тақырып, кең ұғым. Туған жеріміздің табиғатына жанашырлық жасап аялау және оны қорғау барлығымыздың міндетіміз, келешек ұрпақ алдындағы парызымыз. Өмірлік маңызы бар осынау мәселені қалың жұртшылыққа түсіндіру, әсіресе жас жеткіншектерді оқытып-тәрбиелеу әрқашан күн тәртібінен түспеуі тиіс.

Табиғат пен адам -- бір-бірімен өзектес, тағдыры тамырлас, үйлесімі бір үндес үғымдар. Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты аялап қорғай алатын, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеудің маңызы үлкен. Экологиялық дағдарыстың үлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау жолдарын жастарға үғындыру экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асырылмақ.

Қоғамымызда түбегейлі рухани жөне экономикалық өзгерістер орнатып, ерекше қарқынмен дамып келе жатқан және шикізат көзі мол республикамыз үшін қоршаған ортаны қорғау, сақтау саясаты маңызды қажеттіліктердің бірі. Соңғы онжылдықта, планетамыздың тіршілік белгісі бар бөлігіне төнген қауіп, көптеген өнеркөсібі дамыған елдерді экологиялық проблемаларға алаңдауға мәжбүр етгі. Табиғатқа келтірген шығынның орнын толтыру, қоршаған ортаны сақтау шаралары үшін үлкен қаржы бөлу күнделікті құбылысқа айналды. Бірақ, мұның бәрі жартымсыз шаралар, өйткені табиғи объектілерге деген өндірістік, индустриадцық негативті әсерлердің жаппай етек алуы, өлгі шаралардың нөтижесіне сапалық та, сандық та көрініс бере алмайды. Қазірдің өзінде, экологиялық зардаптардың әсерінен, жер бетіндегі адамдардың - үшінші, төртінші буындағы ұрпақтары биологиялық тұрғысынан әлсіз болып келе жатыр. Ал экологиялық жағдайдың бұдан әрі қарай нашарлауынан -- адамдардың генетикалық түрғыдан жарамсыз, келешексіз ұрпақтары болуы тіпген мүмкін. Егер, осындай экологиялық жағдай мұнан әрі осы бағытта өріс алған жағдайда, кеш қалған дұрыс саясат пен қуатты экономиканың өзі де болашақта ешқандай жәрдемін тигізе алмайтындай дәрежеге жетпек. Ол үшін, біз қоршаған ортаға деген бұрыннан қалыптасқан үйреншікті стандарттар мен көзқарасымызды түбірімен өзгертуіміз қажет.

Қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары адамзатты терең толғандырып отырғаны бәрімізге аян. Қазақстандағы "Экология жөне табиғи ресурстар-2030" стратегиясының бірінші кезеңінде еліміздегі қоршаған ортаны сауықтыру мақсаты тұр. Табиғат ресурстарын пайдаланудың жаңа жобалары жасалынып, оған экологиялық түрғыдан анализ

жасалғанда ғана қоршаған орта - ауа, жер және судың пайдалануына жарамсыздануына жол берілмей, табиғи шикізаттарды пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізуге болады. Басқаша айтқанда, еліміздің экономикасын экологиялық зардаптарды жоюға бағытталған ғылыми жүйеге сүйене отырып көтеру - негізгі жөне аса маңызды экологиялық проблемалардың бірі болып табылады. Бүл аталған жүмыстардың барлығы ғылыми негізде, қоғамның экономикалық жөне экологиялық мүдделерін үйлесімді тепе-тендікте ұстау арқылы шешілуі тиіс.

Экология мәселесі - бүгін және келешекте маңызы жоғары өзекті проблемалардың бірі, себебі қоршаған ортаны қорғау жене сақтау адамзаттың тағдыры және болашағы. Табиғат тазалығына байланысты Мұхаммед пайғамбардың 190-хадисінде: "Алла тағала саулықты, тазалықты ұнатады. Қораңызды, аулаңызды, үйіңіздің маңын таза үстаңыз. Кір-қоқыстан аулақ болыңыз" - делінген. Ал, салауатты өмір салтының уағыздаушысы Порфири Корнеевич Ивановтың он екі өсиеттерінің 6-шы өсиетінде "Айналанды, қоршаған табиғатты сүй"- деп жазылған. Бұл жөнінде жазушы Шыңғыс Айтматов өз ойын былай түйіндейді: Жаратқан ием пендесіне -"Жер бетіңд барша тіршілік иесін қолыңа беремін. Мә, саған жазық дала, тау-тас, шалкыған теңіз, айдын көл, ну орман. Қаптаған жануарларға да өзің иелік ет. Мен кейінгі жауапты - сенсің. Жер бетіндегі өмір жақсы қалыптаса ма, әлде бүлік ойраны шыға ма - ол саған байланысты. Түбі сенен сұраймын"- деп аса міндет артьш, шексіз билікті еркіне берсе керек.

Табиғат - бізге ата-бабамыздан мұраға қалған ең қасиетті дүниеміз. Табиғат адамзатсыз-ақ өмір сүре алады, ал адамдар одан тыс өмір сүре алмақ. Ендеше Табиғат пен қоғам арасындағы гармоникалық байланыстарды дұрыс шешім жоғары білімді эколог мамандардың жауапкершілігінде. Әрине, қоғам мүшелерінің интелектуалды дөрежесі жоғары болған сайын, қазіргі күнгі экологиялық проблемаларьш шешу айтарлықтай ауыр болмайтындығы айқын. Ол үшін экологиялық білім беру мен ғылыми ізденістер аясын барынша кеңейте түсу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Экология ғылымының даму тарихы

 

Адамзат - табиғат туындысы. Адам өз тіршілінің алғашқы күнінен бастап-ақ өзін қоршағн табиғи ортамен тікелей қатынаста болып келеді. Экологияға соңғы он жылға дейін көңіл бөлгеніміз жоқ. Табиғатымыз әбден азып-тозғанда ғана қоршаған органы сауықтыру бағытында біршама бетбұрыс қадамдар жасалынуда.

Қазақ халқы тумысынан табиғатты сүйіп өскен - эколог халық. Бүған  куні кешеге дейін туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті. Біздің ұрпақ экология деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Қазіргі урпақты кезінде "Адамзат табиғатган рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алу керек", - деген сарында оқытты. Рас, қаһарман халқымыз тауды, тасты жарып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Кезіңде мүның қызығын да көрді. Бірақ ғылым мен техниканың ғаламат шапшандықпен дамуы, адамзатгың барған сайын ашкөздікпен табиғатты тонауы  жаратылыстың тепе-тендік заңын бұзды. Еліміздің ауасы тарылып, өзен-көлі  бүлініп, жайылымдарының топырағы тілініп, табиғаты көз алдымызда азып- тоза бастады. Мүның соңы азынаған желге, ащы, улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына әкеліп соқты. Өтіп бара жатқан ғасырдың екінші жартысында планетамыздың жалпы жағдайы өте нашарлап кетті. Мамандардың мәліметтері бойынша, адамда кездесетін науқас түрлерінің 50%-дан артығы қоршаған ортаның ластануына тікелей байланысты. Дегенмен, экологиялық, медициналық жөне биологиялық, өлеуметтік-экономикалық, санитарлық-гигиеналық шараларды кең көлемде жүргізу арқылы, жеріміздегі зардап ізін жөне өзек өртейтін қасірет мөлшерін едөуір азайтуға болады. Жаратылыс құбылыстарының ықпалымен, адамзаттың іс-қарекетінің, тіршілігінің салдарынан қоршаған табиғи ортаның өзгеру зандылықтарьш қарастырып, оған тәуелді және байланысты заттар мен қүбылыстарды анықтайтын жаратылыстану ғылымының бір бөлігі - экология деп аталады. Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900 жылдары қалыптасты

Экология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаганымен, қоршаған ортаны танып-білуге деген құштарлық сонау адамзат дамуы кезінен басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қогамның өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың карсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып аулағанда ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздеріне азық етулеріне болатындығьша көздері жетті. Осылай қандай анды, қандай уақытта, қандай жерде қолдарына түсіре алатындығьш түсіне бастады. Олардың бұл эрекеттерін біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен жане археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштаң, т.б. жасаган қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ, мұндай деректер ежелгі Египет, Үнді, Қытай, т.б. мәдениет ескерткіштерінде, қолжазбаларында сақталғаны мәлім.

Қоршаған орта туралы мәліметтер ежелден келе жатқан халық-тардың эпикалық шығармаларында да кездеседі. Мысалы, үнділердің «Махабхарата» жырында (б.э.д. VI-IV гасырлар) табиғаттьщ дұлей күштері -- су тасқыны мен жер сілкінісі туралы деректер келтіріліп, 50-ден астам жан-жануарлардың аттары аталып, олардың тіршілік етуі сипатталады. Тіпті кейбіреулерінің санының артуы және кемуі туралы мәліметтер де келтірілген.

Вавилонның қолжазбалық кітаптарында жерді өндеудің әртүрлі әдістері мен тэсілдері келтіріліп, кейбір мәдени өсімдіктерді егу жолдары көрсетіледі. Ал Қытайдың б.э.д. IV-I1 ғг. жылнамаларында бірқатар өсімдіктер туралы сад қозғалып, олардың пісш-жетілу мерзімдері де айтылады. Дәл осындай мәліметтер ежелгі дүние ғалымдары Геракшғпің (бэ.д. 530-470 жылдар), Гиппократтың (бэ.д. 460-370 жылдар), Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жылдар) еңбектерінде келтіріліп, талданады. Эмпедокл (б.з.б.490-430 жылдар) өсімдіктердін коршаған ортамен байланысты екенін, ал Гиппократ өзжұмыстарын-да орта факторларынын адам денсаулығына әсері туралы аз ойларын айтады.

Аристотель «Жануарлар тарихы» еңбегівде езі бметш 500-ден астам жануарлардын атын сипаттама беріп, оларды қоректенуі жәнс тіршілік етуі бойынша топтарга беледімысалы, балықтар миграциясы мен қысқы ұйқыға кетуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі,жануарлардың інін, құстардың ұÿ салуы және ғылымды дамытудың алғашқы алғышарттары -- накты материалдар жинау мен оны жүйелендірудің тұңғыш тәжірибесі осылай жүзеге асады. Аристотелдің шәкірті, «ботаника атасы» Теофраст Эрезийсісий (б.э.д. 371-280 жылдар) қазіргі Жерорта тенізінің жағалауларындагы кең ауқымды кеңістікте өзі байқаған өсімдіктерге топырактын және ауа райының тигізетін әсерлерін баяндайды. Философтыи бұл еңбегінде, сонымен қатар эртүрлі ағаштардың, бұталардың, жартьишй бұталардың да қандай топырақга жақсы өсетіні туралы бірінші реі деректер келтіріледі.

Орта ғасырлар дэуірінде табиғатты зерттеу жөнінде жұмыстар жүргізу біршама тоқырап қалды. Бұл кезде құдайға құлшылык етуге баса назар аударылғандықтан, жаратушыға қарсы шығуға, ол туралы өздерінің ой-пікірлерін білдіруге көпшіліктің батылы жете бермеді. Жалпы қоршаған орта мен тіршілік иелерінің байланысы бар екендігін ешкім ашып айта алмады. Барлық нэрсе «тек құдайдын жаратушьшык құдіретімен жасалған» деген ұғым көптеген көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың өзінің «қол-аяғын байлап» тастаған болатьш. Баскдшаой ойлау, өзге идеяны насихаттау былай тұрсын, тііггі ежелгі философ ғалымдардың еңбектерін оқығаны үшін кейбір адамдарды тірідей отқа өртеудің көптеп орын алғаны белгілі.

Сол кездері саусақпен санарлықтай ғана ғылымдык мәні бар еңбектер жазылды. Олардың да басым көпшілігі Разестің (850-923 жылдар), Әбу Әли Ибн Синаның (980-1037 жылдар) дэрілік шөптердін қасиеттері туралы айтылған еңбектеріне, Афанасий Никитиннін (XV ғ.), Марко Полоның (XIII ғ.) алыс елдердің табиғаты, мэдени өсімдіктері, жан-жануарлары туралы жазбаларында көрсетілген тусініктемелеріне, танымдық материалдарына сүйеніп жазылды. Орта ғасырлар дэуірінің соңғы кезеңінде ғана ғылымға жаңа серпін, тың бетбұрыс жасауға Альберт фон Болынтедтің (Альберт Великий, 1193-1280 жылдар) еңбектері қозғау салды. Ол өзінін кітабында өсімдіктердің өсуінде топырақган баска «күн жылуыньш» да әсері ерекше рөл атқаратынын жэне олардың «қысқы ұйқыға» кетуі өсімдіктердің өсіп-өнуіне, көбеюіне ықпал ететінін жэне бұл құбылыстардың бір-бірімен өте тығыз байланыстары бар екендігін ашып көрсетіп берді.

Қайта өрлеу дэуіріндегі географиялық жаңальіқгардьщ ашылуы жэне бұрын белгісіз болып келген жаңа жерлерге қоныстану. биологиялық ғылымның күрт дамуына кең жол ашты. Накты материалдарды жинақтау мен жүйелеп, сұрыптап көрсету сол кезеңдегі жаратылыстану ғылымдарының басты шартына айналды Алайда, соған қарамастан табиғаттанушылардың еңбектеріндетаби-ғат гуралы прогрессивті көзқарастар да басым болды. Бұл еңбектерде Өсімдіктер мен кейбір жан-жануарлардың ортаға бейімделуі, жерсіну ерекшеліктсрі, су тасқынының орын алу себептері туралы ой-шкірлер кеңінен сөз болды. Олар бұл еңбектерін сол аймақтағы «жан-жану арл а рдың тарихы» деп атады. Танымал ағылшын химигі Р. Бойль (1627-1691 жылдар) тұңғыш рет экологиялық жағдайларға байла-нысты тэжірибелерді жүзеге асырды. Ол әртүрлі жануарларға төменгі атмосфералық қысымның әрқалай эсер ететіндігін салыстырмалы көрсеткіштер арқылы дәлелдеп берді.

Сыртқы орта жағдайларының жануарлардың кұрылысына әсері туралы мәселвлерді XVIII ғ. екінші жартысында француз жаратылыстанушысы Ж. Бюффон өз зерттеулерінде карастырды. Оның ойынша, бір түрдің екінші түрге айналуының себебі - «орта температурасы, қорек сапасы жэне қолға үйрету», - деп санады.

Алғашқы эволюциялық ілімнің авторы Жан Батист Ламарк (1744-1829 жж.) «сыртқы жағдайлардың» әсері - өсімдіктер мен жануарлар эволюциясында, органшмдердің бейімделуге өзгергіштігінің басты себебі деп есептеді.

Жер шарындағы ауа райының өзгеруі ондағы тіршілік ететін жануарлар жэне өсімдіктер элеміне әсер ететінін, бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортадағы жансыз жэне жанды компоненттердің өзаратығыз байланыста болатынын XVIII ғ. Ресей ғалымдары да өз еңбектерінде көрсетті. Мысалы, орыстың атақты ғалымы М. В. Ломоносов «Жер қыртысы туралы» трактатында «... адамдардың көбісінін табигатта көргенінің бэрі жаратушыньщ қ^діретімен жасалған деп ойлаулары бекер...» деп атап көрсетті. Ол табиғаттағы өзгерістер тек өсімдіктер мен жануарлар элемінің тікелей қатысуының нәтижесі деп санады. Әр кезеңдегі жануарлар дың өлі сүйектерін зерттей отырып, олардың тіршілік еткен табиғи жағдайлары туралы тұжырым жасады.

XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында қоршаған орта құбылысын зерттеушілердің саны бірте-бірте арта түсті. Экология ғылымы дамуының екінші кезеңі ботаникалық-географиялық ірі-ірі көлемді зерттеулерге ұласты. Өсімдіктер экологиясының негізін қалау мәртебесі неміс ғалымы А. Гумбольдтің (1769-1859 жж..) еншісіне тиді. Ол 1807 жылы Орталық жэне Оңтүстік Америкада жүргізген көпжылдық зерттеуі негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» деген еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа райьшың жағдайына, әсіресе температура-лық факторға байланысты екендігін түсіндірді. Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымдары К. Ф. Рульенің (1814-1858 жж.), Н. А. Северцовтың (1827-1885 жж.), А. Н. Бекетовтың (1825-1902 жж.) еңбектерінде одан әрі жетілдіріліп, тереңдетіле түсті.

Экология, жалпы бүкіл биология ғылымының одан әрі дамуында эволюциялык ілімінің негізін салушы ағылшын ғалымы Ч.Дарвин (1809-1882 жж.) зерттеулерінің маңызы зор. 1859 жылы Ч. Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу және түрлердің шығу тегі» еңбегінде, табиғатта «тіршілік үшін күрес», ягни қоршаған ортамен қарама-қайшылыгы көп байланыстар табиғи сұрыпталуға алып келеді, эволюцияның қозғау-шы күші болып табылады, - деп атап өтгі. Ғылымның дамуына атақгы орыс ғалымдары В. В. Докучаев (1846-1903 жж.), В.И.Вернадский (1863-1945 жж.), В. Н. Сукачев (1880-1967 жж.), Н. Ф. Реймерс (1931-1993 жж.) те үлкен үлес қосты. Олардың ішінен В. И. Вернадскийдің еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Ол биосфера туралы ілімнің негізін қалап, қазіргі замандағы ғылымның болашағын күні бұрын көре білді. Биосфераны «элемдік экожүйе» деп танып, оның тұрақтылығы мен дамуы экологиялық заңдылықтарға негізделетінін, заттар мен энергия тепе-теңдігіне байланысты екенін тұнгыш рет ашып көрсетті. Сонымен қатар В. И. Вернадский «ноосфера» концепциясыныңнегізгі қағидаларын да тұжырымдады.

 

 

 

 

Информация о работе Экология ғылымының дамуы