Қорықты территориялар табиғатты қорғаудың бір түрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2015 в 19:46, реферат

Краткое описание

Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера ” атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарың қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.

Содержание

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Табиғатты қорғау мәселелері.
Ерекше қорғалатын территориялар
III Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Қорықты территориялар табиғатты қорғаудың бір.docx

— 144.53 Кб (Скачать файл)

·    зерттеу жұмыстарын қолдау үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету функциясы. Сонымен қатар, білім беру, мамандарды дайындау, жергілікті, ұлттық және ғаламдық сипаттағы іс-шараларға байланысты мониторингті жүзеге асыру.

Әрбір биосфералық қорық үш элементтен тұруы қажет.

1.Қорықтық белдеу. Биологиялық  алуантүрлілікті сақтау мақсатында  ұзақ уақыттық қорғауға алынған  территория. Онда ең аз бұзылуға  ұшыраған экожүйелерді бақылау, ғылыми-зерттеулер, зиян келтірмейтін  қызмет, мысалы білім беру саласында  жүргізіледі.

2.Буферлі белдеу. Әдетте, қорықтық белдеудің айналасында, шектесіп жатады. Ол экологиялық  қауіпсіз қызмет жүргізуге, соның  ішінде экологиялық білім беру, демалу, экотуризм, қолданбалы және  фундаменталды зерттеулер жүргізу  үшін қолданылады.

3.Өтпелі белдеу. Мұнда  ауыл шаруашылық жұмыстарының  кейбір түрлері, тұрғын жерлер, осы  территорияның ресурстарын ттұрақты  игеру мен тиімді пайдалану  мақсатындағы әр түрлі кәсіпорындардың  өзара бірлескен жұмысы жүргізілуі  мүмкін.

1996 жылдың мамыр айында  Алматыда биосфералық резерваттар  туралы Халықаралық конференция  өтті. Жоспар бойынша Қазақстандағы  бірінші биорезерват Қорғалжын  қорығының негізінде түзілді. Олай  болса, биосфералық қорықтар жаңа  рөл атқара бастайды. Олар тек  осы аудандарда өмір сүретін  халыққа табиғатпен тепе-теңдікте  болатын ортамен дамуға мүмкіндік  беріп қана қоймай, қоғамның қажеттіліктерін  қамтамасыз етуге де жағдай  жасайды. Яғни, олар болашақтағы  тұрақты дамудың мүмкіндігін  көрсетеді.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады. Табиғат ескерткіштеріне, сонымен қатар, жасанды шығу  тегі бар табиғат объектілері - ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б. жатқызуға болады.

Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгерулерін, астрофизиктер - жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер - жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды.

Алып ағаштар да табиғат ескерткіштеріне жатады. Африкада биіктігі 189 м, диаметрі 44 м болатын баобаб табылған. Секвойялардың биіктігі 100 – 110 м, жасы 3 – 3,5 мың жылға дейін жетеді.

Беловеж нуында биіктігі 42 м, диаметрі 9 м болатын емен ағашы өсіп тұр. Ұзақ өмір сүретін ағаштарға арша жатады. Жекеленген ағаштардың жасы 2000 жылдан асады.

Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында 39 табиғат ескерткіштері орналасқан. Палеолит пен неолиттің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері - үңгірлер. Оларда адамдар орта ғасырларға дейін тұрып келген. Дәубаба шатқалындағы үңгірлердің бірінде Қазақстандағы ең бірінші жер асты мешіті орналасқан. Сонымен қатар, «Қараүңгір», «Көкбұлақ» (Түлкібас  ауданы), «Жылауықата» (Төлеби ауданы) және  т.б. үңгірлерді атауға болады.

Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құрылады.Қорғалымдар ландшафттық, биологиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы  мүмкін.

 

Қорытынды.Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.

Өсімдіктер тіршіліктің тірегі, әрі айналамызды қоршап тұрған табиғаттың бір бөлімі болғандықтан олардың табиғаттағы түрлерін азайтпай, қамқорлық жасап, молайту және қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайынан жойылып кетуге жақын тұрған түрін сақтап қалудың бірден –бір тиімді жолы мемлекеттік Қызыл кітапты шығару болып отыр.

1978 жылы КСРО-ның Қызыл  кітабы басылып шықты, онда өсімдіктердің 450-ге жуық түрі енгізілді, соның 5600-ден астам түрі Қазақстанда  өседі, оның 760-тан астам түрі республикамыздың  жерінде ғана болатын, басқа жерде  кездеспейтін эндемикалық өсімдіктер, бұлардың 1500 түрі пайдалы өсімдіктер қатарына жатады.

Өсімдіктер дүниесі - биосфераның негізгі компоненттері, ауаның құрамын реттеуші, табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Өсімдіктің табиғатта, адам өмірінде алатын орнының зор екендігі аян.

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.

Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Қазақстанның Қызыл кітабы — Қазақстанда жойылу қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар түрлерінің тізімі кірген құжат.

1997 жылы Қызыл кітаптың  омыртқалы жануарларға арналған  үшінші басылымы жарық көрді.

Қазіргі Қызыл кітапта:

·                     Омыртқалы жануарлардың 128 түрі, оның ішінде:

o                  18 балық және дөңгелек ауыздылар түрі

o                  3 қос мекенділер түрі

o                  10 бауырымен жорғалаушылар

o                  57 құстар

o                  40 сүт қоректілер түрі енгізілген.

Жануарлардың Қызыл кітаптағы категориялары келесі:

I категория – жойылу қаупі бар немесе жойылуы мүмкін;

II категория – апатты қысқарған;

III категория – сирек аз кездесетін;

IV категория – анықталмаған (жеткіліксіз зерттелген);

V категория – қалпына келген, үздіксіз бақылауды қажет ететін түрлер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

«Жалпы экология» ,Қуатбаев

Ғаламтор жүйесі


Информация о работе Қорықты территориялар табиғатты қорғаудың бір түрі