Ақаба сулары туралы жалпы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 17:22, курсовая работа

Краткое описание

Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% — ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 2
АҚАБА СУЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН НЕГІЗДЕУ
Ақаба сулары туралы жалпы...................................................................... 5
Ақаба суларын механикалық тазалау
Ақаба суларын билогиялық тазалау.......................................... ................ 6
Ақаба суларды электрохимиялық жолмен тазалау........................ ........ 8
Су шаруашылығы құрылыстарын қорғау жөнiндегi шаралар ескертуі........................................................................................................ 11
ДИСПЕРСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Дисперсиялық талдау………......................…………………………..... 15
2.1 Өндірістік- тәжірбие танаптарының мәліметтеріне сүйеніп, зерттеу нысандарындағы топырақтардың үйлемсімділігін анықтау……………… 17
ҚОРТЫНДЫ.................................................................................................. 19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................... 21

Вложенные файлы: 1 файл

акаба сулар курсовой.doc

— 328.50 Кб (Скачать файл)

                                                            Жоспар

 

     КІРІСПЕ..........................................................................................................   2

АҚАБА СУЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ТҰРҒЫДАН НЕГІЗДЕУ

    1. Ақаба сулары туралы жалпы......................................................................     5
    2. Ақаба суларын механикалық тазалау
    3. Ақаба суларын билогиялық тазалау.......................................... ................  6
    4. Ақаба суларды электрохимиялық  жолмен тазалау........................ ........   8
    5. Су шаруашылығы құрылыстарын қорғау жөнiндегi шаралар ескертуі........................................................................................................   11 

ДИСПЕРСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

   2.1 Дисперсиялық талдау………......................………………………….....   15

   2.1  Өндірістік- тәжірбие  танаптарының мәліметтеріне сүйеніп, зерттеу нысандарындағы топырақтардың үйлемсімділігін анықтау………………    17

   ҚОРТЫНДЫ..................................................................................................    19

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................     21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        КІРІСПЕ

 

  Жұмыстың өзектілігі : Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% — ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% — ын, ал оттегінің 50% — дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.

 Су қоры – халық  байлығы, өкінішке орай жер  бетіндегі тұщы судың қоры  өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті.

 Қоршаған ортаны  қоғау шаралары маңыздылығы мен  көлемі жылдан- жылға артып келеді. Осындай шаралардың бірі, ақаба суларын тазалау болып табылады. Таза суды тұтынудың өсуіне орай соның нәтижесінде пайда болатын ақаба сулар мөлшері де өседі.

 Кәсіпорынның ақаба  суларының физикалық-химиялық құрамында  кейбір ластаушы зат концентрациялары шектеулі рауалы концентрациялардан артық мөлшерде екені белгілі, осылайша, төгілетін ақаба суларда мұнай өнімдерінің артық концентрациялары байқалады. Мұнай өнімдерінің қоршаған ортаға зиянды әсерін ескерсек, ақаба суларды бұл заттардан тазалау қажеттігі туады.

  Қоршаған ортаны  қорғау, су ресурстарын тиімді  пайдалану, ТМД елдердің ішінде  су ресурстарымен ең аз қамтылған  ел ретінде, Қазақстан үшін ерекше маңызға ие болып отыр.

  Жұмыстың  мақсаты:

Су қорларын пайдалунады  кезекті түрде алдымызға үлкен мақсат қойып су қорларын қамтмыздап тұру қажет. Ақаба су -  өндірісте, тұрмыста және ауыл шаруашылғында пайдаланған кезекті түрде лас аймақтырын болдырмау.

Жұмыстың міндетері

  • Су ресурстарын тиімді пайдалануға қол жеткізу
  • Ғылыми – техникалық прогресс дамуының казіргі кезеңінде  ең көкейкесті мәселесінің бірі – табиғатта ақаба суының қорғау болып табылады.
  • Су қоймаларының ластануымен күрес өндірісте тазалау ғимараттарын жетілдіру мен су айналыс жүйесімен қамтамасыз ету жолымен шешіледі. Сондықтан ақаба суларды тазалауды жоғары деңгейде, әрі барынша тиімді жүргізу қажет.
  • Ақаба суларды тиісті деңгейде тазалау, суды су қоймаларына немесе топыққа қайта тастағанға дейін қайтара пайдалану

Жұмыстың жаңалығы:

  Су қорларының ластануы халық шаруашылығына орны толмайтын зиян келтіреді. Ластанған сулар тұрғындарға, өндірістік және ауыл шаруашылық су тұтынушыларға, құрылымдардың су астындағы бөліктеріне, конструкциялар және жабдықтарға, зиянды әсер етуі мүмкін. Осы себептерден су қорлары қорғау және оны тиімді пайдалану мәселесіне қазіргі уақытта үлкен көңіл бөлуде. Біздің республикада су қорларын тиімді пайдалану жолдарын іздеуге және оларды ластанудан, сарқылудан қорғауға бағытталған бірқатар зерттеулер жүргізілген. Қазіргі уақытта су қорларын ластану мен сарқылудан қорғау мақсатындда ғылыми тұрғыда негізделген шараларды жасап және оны біртіндеп өндіріске енгізу басты міндет болып табылады

Жұмыстың әдістемелігі:

 Ақаба суларының  тазарту жұмыстарын атқару.

Жұмыстың тәжірбиелік  маңыздылығы

Тәжірбие ретінде ақаба  суларын пайдалунадағы ғылыми зерттеулер жүргізіп, болашаққа таза сумен қамтамасыз ету. Бұл әрекет келешекте үлкен маңызға ие болып, халық  экология тұрғысы жақсы қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚАБА СУЛАРДЫ  ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН  НЕГІЗДЕУ

                             1.1   Ақаба сулары туралы жалпы мәлімет

  Ақаба — суы ағып жатқан арық-атыз бен тоғанды байлағанда қалған сарқынды су. Ақаба суын арық арқылы ағызып, аумағы шағын егістіктерді суарады. Егер бұл суды дер кезінде пайдаланбаса, жерге сіңіп, буланып зая кетеді, немесе борсып шалшыққа айналады. Бұл атау Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында жиі қолданылады.

 Ақаба су - өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланған, сондай- ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен арқылы өткен су. Ақаба су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидті және еритін түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ақаба сулар үш негізгі бөлімге : шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Ақаба сулар шаруашылық- тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәр-нәжістік ластанған және шаруашылық ластанған болып ажыратылады. Негізінде минералды заттектермен қтар олардың құрамындағы органикалық заттар, бактериялар, микроорганиздер болады.

  Тұрмыстық қызмет  көрсету кәсіпорындарынан және  тұрғын үйлерден шығатын ағынды  сулар тұрмыстық ақаба сулар  тұрмыстық ақаба суларды құрайды. Бұл ақаба суларда өсімдіктерге пайдалы қоректік заттар бар. Сондықтан оның химилық құрамы өсімдіктерді суғаруға қолайлы деп саналады. 1 литр тұрмыстық ақаба суларының құрамындағы калий- 10…30 мг, фосфор – 10…20 мг, азот- 40…60 мг, және кальций – 50 …80 мг болуы, оларды минералдық қоректенудің көзі ретінде сипаттайды.

 Ақаба су тұнбасы — ақаба сулардың әуітте, сүзілу алаңында жиналатын, оның түбіне шөгетін әр түрлі тұнбалы заттар мен химиялық элементтердің жиынтығы. Ақаба су тұнбасы арнайы өңдеуден өткеннен кейін егістік жерлерді тыңайту үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

  Тұндырғыш – ақаба сулардан түпке тунатын не қалқыма салынды және майлы заттектерді гравитациялық жіктеп белуге арналған имарат. Тұндырғыш ақаба суды кейін биологиялық тазарту керек болатын жағдайда алдын ала тазарту үшін немесе ақаба судан механикалық қоспаларды ғана ажыратып алу санитариялық тұрғыдан жеткілікті болғанда дербес имарат ретінде қолданылады. Арналу мақсатына қарай тұндырғыштар бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Бірінші реттік тұндырғыштар ақаба суларды биологиялық тазарту имараттарына дейін, екінші реттіктері одан кейін орнатылады. Құрылымына байланысты тұндырғыштар горизонтальдық, вертикальдық, радиальдық және диагональдық болып сараланады. Вертикальдық және диагональдық тұндырғыштар тәулікте өнімділігі 1015 мың текше метрге дейінгі, ал горизонтальдық тұндырғыштар 10—15 мың текше метр, радиальдық тұндырғыштар тәуліктік өнімділігі 20 мың текше метрден астам тазарту станцияларында қолданылады

 

 

 Ақаба судың түрлері

1) суы ағып жатқан  арықатызбен тоғанды байлағанда  қалған сарқынды су. Акаба суын  арық арқылы ағызып, аумағы шағын  егістіктерді суарады. Егер бұл  суды дер кезінде пайдаланбаса, жерге сіңіп, буланып зая кетеді  немесе борсып шалшыққа айналады. Бұл атау Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын Қызылорда, Онтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында қолданылады;

2) тұрмыстық қоқыстар  мен өндірістік қалдықтармен  ластанып, елді мекендер аумағынан  арнайы канал жүйелері арқылы  сыртқа шығарылатын сулар. Ол тұрмыстық (аурухана, асхана, монша, жеке пәтерлерден және т.б. шығарылған сулар), өндірістік (кен казбаларын өндіру кезінде жер астынан айдап шығарылған, жылу агрегаттарын суыту кезінде пайдаланылған және т.б. сулар) және атмосфералық (жаңбыр және қар мен мұздан еріген, т.б. сулар) болып бөлінеді. Бұл атауға Алматы қалалық конгломератынан шыққан ақаба су жиналатын Сорбұлақ бөгені толық мысал болады.

  Ақаба  суларды еселеу— ақаба суларын шала тазарту арқылы оның химиялық құрамын шектелген мөлшерге жеткізіп, өзенге құю немесе егістікті суаруға пайдалану үшін және оны әр түрлі мөлшерде таза сумен араластыру. Мысалы, мал қорадан шығатын ақаба сулармен өсімдіктерді суаруға пайдалану үшін оларды таза сумен 1:5, 1:7 қатынасында аралыстырады.

  Ақаба  сумен суармалау— ақаба суларда болатын тыңайтқыш заттарды пайдалана отырып суармалау тәсілі. Агромелиорациялық, санитариялық талаптарға сай және арнайы өндеуден өткізілген коммуналдық, өндірістік (кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық кәсіпшіліктерінен), аралас және мал шаруашылығы ақаба суларын қолдана отырып арнайы жабдықталған аумақтарда — суармалау алаңдарында жүргізіледі. Мал шаруашылығы шикізаттарын өндеу кәсіпорындарының, инфекциялық ауруханалар мен санаторийлердің, қасапханалар мен ветеринариялық емханалардың ақаба суларын пайдалануға тыйым салынған. Ақаба сулармен суармаланатын аландарда белгілі бір техникалық, жемдік астық, жемдік дақылдар, ағаш бүталар өсіріледі. Алаңның 40—60%ында витаминді ұнтақтар, сүрлем, пішен дайындауға арналған жайылымдық және тұқымдық көпжылдык шөптер өсіріледі. Жер асты суларын ластамау үшін ақаба суларды тазарту шаралары жүргізіледі. Суармалау аумағынан тысқа ақаба суларын ағызуға қатаң тыйым салынған. Суармалау желісі жабық типте жасалады және талаптар мен ережелердің қатаң сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс, қажет болған жағдайда вегетациядан тыс суару камтамасыз етіледі. Санитариялық тұрғыдан алғанда ең тиімдісі ақаба сулармен топырақшілік суармалау болып табылады. Ірі қаралардың бір жерге шоғырлануы мен садыраны шаюда гидравликалык жүйені қолдану мүмкіндігі мол (толық зарарсыздандыру жағдайында) болатындықтан, көбінесе ақаба сумен суармалауға мал шаруашылығы кешендері мен фермаларының ағындылары пайдаланылады. Зарарсыздандырылған мал шаруашылы,қ ағындыларымен суару режімін жобалағанда олардың тыңайтқыштық бағалылығы есепке алынады және таза сумен дайындалған сұйық садыраның мөлшерлері белгіленеді.

  Ақаба сулар — тұрмыстық қоқыстар және өндірістік қалдықтармен ластанып, елді мекендер аумағынан арнаулы канал жүйелері арқылы сыртқа шығарылатын сулар.

Ол тұрмыстық (мысалы: аурухана, асхана, монша, жеке пәтерлерден  тағы басқа шығарылған сулар), өндірістік (мысалы: кен байлықтарын өндіру кезінде жер астынан айдап  шығарылған, жылу агрегаттарын суыту  кезінде пайдаланылған тағы басқа  сулар) және атмосфералық (жаңбыр және қар мен мұздан еріген тағы басқа сулар) болып бөлінеді. Қоршаған табиғи ортаны ластайтын болғандықтан мұндай суларды дер кезінде тазарту қажет. Ақаба суларды тазарту механикалық (судағы тез тұнатын немесе су бетіне қалқып шығатын заттарды техникалық құралдармен арылту, ол үшін көбіне қиыршық тасты, құмды сүзгіні пайдаланады), биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен органикалық заттарды суда жақсы еритін минералды не қарапайым затқа дейін ыдырату), физикалы-химиялық (ақаба суды ластағыш заттардан коагуляция, адсорбция және хлорлау арқылы тазарту) сияқты әдістермен жүзеге асырылады (1- Сурет)

. Табиғи көздерден  су алу – алдағы уақытта  суды пайдалану мақсатында жер  үсті су қоймалары және жер  асты қабаттарындағы су ресурстарын  алу көлемі. Бұл көрсеткішке электр энергиясын өндіру, кемелерді шлюз арқылы өткізу, балық өткізу, кеме жүретін тереңдікті сақтау үшін су тораптары арқылы өтетін су көлемі кірмейді.

  Халық санының  өсуіне байланымты көп елдерде  ауыз суға деген сұранысты  көбеюіне қарамастан, көлдердің және жерасты суларының ластануы болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мағлұматтары бойынша қоршаған ортада түсетін барлықхимиялық заттардың 80% - ті ерте ме кешпе таза су көздерімен қосылады. Жыл сайын бүіл әлемде 420 км3 қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7 мың км3 таза суларды бүлдіре алады. Су қоймаларының негізгі ластаушылары:

 Құрамында өнеркәсіптік тегі бар атмосфералық жауын – шашындар;

 қалның қалдықты  сулары (тұрмыстық, канализациондық  сулар);

 өнеркәсіптің қалдықты  сулары;

 ауылшаруашылығының  қалдықты сулары (үй жануарларының  кешендерінің нәжістері, егіс  далаларындағы тыңайтқыштар мен  пестициттердің жауын – шашынмен  және көктемгі қардың еріген  сулрымен шайылуы).

 Су қоймаларының  негізгі ластаушысына толық тазартылмайтын  өнеркәсіптің қалдықты сулар жатады. Сондықтан да көптеген өзен сулары мұнай өнімдерімен, ауыр металдармен, органикалық және минералды заттармен, местициттермеен ластанған. Қалдық сулардың тазартылмай су қоймаларына құйылуы ластаушы заттардың тұнба түрінде үлкен мөлшерде жинақталуына әкеледі. Мысалы, Қарағанды облысынадығы “Карбид” өнеркәсіптік өндірісінің көп жылдық қаодық суларының тазартылмауы нәтижесінді Саркканд су қоймасы мен Нұра өзенінің табанында көптеген улы сынап жиналып, қазір ол үлкен мәселеге айналып отыр.

Информация о работе Ақаба сулары туралы жалпы