Алғашқы адамның қалай пайда болғаны туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2015 в 09:23, реферат

Краткое описание

Қазақстан жерінің, оны өте көне замандарда мекендеген адам баласының, адамзат қоғамының тарихы дүние жүзіндегі адамзаттың дамуы тарихымен тығыз байланысты. Адамзат баласының шығу тегі мен қалыптасуының ортақ тарихы заңдылықтары бар. Сондықтан қай елдің, қай жердің болсын көне тарихын дұрыс түсіну үшін оның ең көне замандағы тарихына шолу жасау кажет.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Алғашқы адамның қалай пайда болғаны туралы
2.Ежелгі Қазақстан тарихы.
3.Қазақстан тарихының кезеңделуі
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Срс тарих.docx

— 30.69 Кб (Скачать файл)

РМҚҚ <<МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ>>

 

 

 

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Мамандығы: Мейірбике ісі

Пән: Қазақстан тарихы

Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық-гуманитарлық пәндер

Курс: 1

Топ: 101

Тақырыбы: Ежелгі Қазақстан тарихы.

                            Қазақстан тарихынын кезеңделуі.

Орындалу түрі: Реферат

 

 

 

 

                                                                                              Орындаған: Турганбаева Мөлдір

                                                                                              Бағасы:

                                                                                               Қолы:

 

 

 

                                                         Ақтөбе, 2015жыл

 

 Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

              1.Алғашқы адамның қалай пайда болғаны туралы

              2.Ежелгі Қазақстан тарихы.

             3.Қазақстан тарихының кезеңделуі

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

 

                                                      Кіріспе

Қазақстан жерінің, оны өте көне замандарда мекендеген адам баласының, адамзат қоғамының тарихы дүние жүзіндегі  адамзаттың дамуы тарихымен тығыз байланысты. Адамзат баласының шығу тегі  мен қалыптасуының ортақ тарихы заңдылықтары бар. Сондықтан қай елдің, қай жердің болсын көне тарихын дұрыс түсіну үшін оның ең көне замандағы тарихына шолу жасау кажет.

 

Алғашқы адамның пайда болуы туралы

Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарау ғана болып табылады.

Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ, түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған. Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болған ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис – «шебер адам» (презинджантроп) болып есептелінеді. Оның сүйек қалдықтары далбарлап жасалған шапқы құралдармен (чопперлермен) бірге 1959-1963 жылдары Олдувэй шатқалынан (Шығыс Африка - Кения) табылды. Ол 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Хомо хабилистің мыйының көлемі (652 см3) австралопитек маймылдарының мыйынан біраз асады. Бірқатар басқа ерешеліктері болған, мәселен, түргеліп жүргендікті аңғартатын, айқын білінетін табан имектігі.

Алғашқы адамдардың (олдувэйлік) еңбек құралдары: қырын өткірлеу үшін ұрып жұқартылған малта тастар мен дөрекі ауыр тас сынықтары (чопперлер) болды.

Адамның эволюциясындағы одан кейінгі қадам хомо эректус – «тік жүретін адам» сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың өкілдері тас дәуірінің Шелль-ашель мәдениетінің иелері питекантроп пен синантроп болды.

Питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Ол бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрді. Питекантроп Хомо хабилиспен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Мый көлемі үлкейді (950 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейді, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерді.

Тік жүретін адамның екінші бір түрі синантроп болды; ол бірінші рет 1927 жылы Чжоу–коу –дянь үнгірінен табылды. Синантроптың сыртқы бейнесінен дамудың неғұрлым процестік белгілері байқалады. Бұл белгілір: мый қабығының көлемі үлкен (1075 см3) , мандайының тайқылығы азырақ, қабағы жатық, иегі ықшам.

Чжоу-коу-дяньда табылған қазбалардың айтарлықтай ерекшелегі сол, синантроптың сүйектерімен бірге онда әр түрлі формадағы дөрекі тас құралдар, отта көп жатқан тастар және төмеңгі палеолит жануарлараның көп сүйектері табылды. Демек, синантроптар сол кездің өзіңде отты пайданала білген.

Адамның эволюциясындағы келесі қадам Хомо Сапиенс саналы адамның пайда болуымен байланысты. Тарихта бұл кезеңдегі адамды (орта палеолит) неандерталь деп атайды. Тік жүретін адамға қарағанда, неандерталь адамның өмірінде мәнді-мәнді өзгерістер болды. Осы кезде ежелгі адамдардың дене бітімінің өзгершіліктері біржолата қалыптасты. Олардың бойы аласа келді (150-160 млн), мый қауағының көлемі енді 1300-1400 см3 болды.

Неандертальдың өзгеше белгілірі: қас сүйегі шығыңқы, тайқы маңдай, бас сүйегі жайпақ, тістері ірі, иегінің шығыңқылығы аз. Омыртқа жотасының тіктігі, тізе буынының жазылмайтын қисықтығы неандертальдардың жүрісінің ебедейсіз болғанын көрсетеді.

Дене бітімі қазіргі кездегідей адамның (Хомо Сапиенс) пайда болуы соңғы палеолит дәуірімен байланысты. Осы уақыттан бастап адамдардың эволюциясында шешуші өзгеріс болады және нағыз адамзат тарихына біржолата көшу басталады.

Алғашқы Хомо Сапиенс өкілдерінің пайда болуы әдетте б.з. 50-45 мың жыл бұрын болған делінеді. Оған тән белгілер 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон үнгірінде табылған бес қанқаны зерттеу негізінде аңықталды.

Кроманьондық адамның тұрпатында, осы заманғы адамдарға тән ерекшеліктер айқын білінеді. Оларға тән нәрсе – басының сопақтығына қарай маңдайы кең, беті өте жалпақ, тікше және мый қауағы кең (1500-1800 см3), бойы биік (168-194 см), сүйектердегі бұлшық ет бедері айқын көрінеді.

Сойтіп, адамның шығуы, оның дамуы негізінен үш сатыдан өтіп, еңбек процестің нәтежесімен байланысты болғанын көреміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ежелгі Қазақстан

Тас дәуірі – адамның және адам болмысы басты қасиеттерінің қалыптасу кезеңі.

Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды:шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар.

Тас дәуірі


Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады. ОларҚаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар - ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклевстар. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника "малта тас мәдениеті" (өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады. Мұны тапқан археолог халел Алпысбаев. Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысай тұрақтары, Батыс Қазақстанда – Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас.[1]

Мустье кезінде тас өңдеудің жаңа техникасы табылды. Ол оңтүстік Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ деп аталынады. Адамдар бизон, жылқы аулаған.

Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық даму жағынан хомо сапиенс (саналы адам) сатысына сай келеді.

Палеолит


Соңғы палеолит – б.з.б. 40-35 мың жылдық аяқталады. Адамдар жер бетінің барлық аймағында өмір сүрді. Ру пайда болды. Ана жағынан (экзогамия-аналық ру). Дүниетанымы өсті. Өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда болды.

О дүниеге сену болды. Мәдениеті – Шығыс Қазақстанда - Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбі тұрақтары.

Мезолит


Мезолит – Қазақстанда аз зерттелді. Тек 80-90 жылдары Батыс және оңтүстік Қазақстанда археологиялық жұмыстар жүргізілді. Мезолит (орта) кезінде садақ пен жебе пайда болды. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары – Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная,Маңғыстауда – Қызылсу және т. б.

Неолит


Жаңа тас ғасыры – неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық - 2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Қыш құмыра, тоқымашылық пайда болды. Қазақстанда 600-ден астам неолиттік, энеолиттік ескерткіш бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік болып 4-ке бөлінеді. Бұлақтық тұрақ көп тарады. Үй малдары пайда болды. Жылқы. От жағу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).

Энеолит


Энеолит - адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті (Көкшетау облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б.з.б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В.В. (Энеолит. Урало-Иртышского междуречья, Петропавл,1993). Қазір 158 тұрғын үй жұрты табылды, сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70.000 жылқының сүйегі табылды. Маңғыстауда ең елеулі тұрақ Бозащыда, Шебірде табылды. Шақпақ тас, керамика, кішкене метал, біз табылды. Жылжымалы мал шаруашылығы пайда болды.

Қола дәуіріндегі тайпалар


Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.В.Грязнов ашты. Ғылымда шартты түрде қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды.1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібірден табылып отыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан тарихының кезеңдері

Халқымыздың тарихи кезеңдерін, оның көне және орта ғасырлардағы тарихын білу үшін көп жағдайда археологиялық зерттеулер қажет. Археология- тарих ғылымының көне дәуірлерін, оның ескерткіштерін зерттейтін басты бір саласы. Ол қандай ескерткіштер: алғашқы адамдардың тастан құрал-сайман жасайтын жерлері немесе олар тұрған үңгірлер, қоныстар, зираттар, орта ғасыр дәуіріндегі қыстақ-кенттер, қалалар, қорғандар, қыстаулар, т.б. Археологиялық зерттеулерге қарағанда планетамызда адамдық ғұмыр б.д.б. 2,5 – 1 млн. жылдар арасында басталған. Оның басты дәлелі сол алғашқы адамдардың тастан жасаған құралдарының табылуы. Археолог ғалымдар осы тастан жасалған құралдарды зерттеп, ежелгі адамдардың тас дәуірін басынан өткізгендіктерін дәлелдеген. Ежелгі адамдардың сүйек қалдықтары Африканың оңтүстік шығысынан, Қытай, Индонезия, жерлерінен табылған. Сондықтанда бұл жерлер алғашқы адамдардың пайда болған Отаны болып табылады. Әзірше біздің жерімізден алғашқы адамдардың қаңқалары табылған жоқ. Бірақ та бұған қарап жерімізде алғашқы адамдар өмір сүрмеді деген ой тумауы керек..

 

     Археология ғылымының зерттеуі бойынша ежелгі адамдар алғашқы кезде тастан құралдар жасаған. Тастан жасалынған құралдардың біртіндеп жақсаруына қарағанда, тас дәіріндегі адамдар өздерінің бастарынан ұзақ екі кезеңді өткізген.

 

            Қазақстан жеріне ертеде өмір сүрген ру-тайпалар мен соңғы кездегі қазақ халқының ою-өрнектеріндегі ұқсастықтардың болуын жай ғана кездейсоқ ұқсастық   деп қарауға болмайтындығы, ол ұқсастықтардың арасында белгілі бір ертеден келе жатқан байланыстың барлығында деп ұғынған дұрыс. Ұқсастықтар тек үлгі өрнектерде ғана емес діни нанымдардың қалдықтарында болғандығын да байқауға болады. Мәселен, казақта келін түскенде отқа өлі-тірі риза болсын деп май тамызу, өлген адамның жатқан жеріне шығарып салған соң үш күнге дейін шырақ жағу сияқты діни әдет-ғұрыптар. Мұндай діни нанымдар қазақ халқында осы күнге дейін кездеседі. Әдет-ғұрыптардың сонау ерте кезден бүгінгі таңдағы қазақ  халқының арасында этникалық байланыстың барлығына күмәндану мүмкін емес. Археологиялық зерттеулерден қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың әдет-ғұрып, салт-санасынан бүгінгі күнге дейін жеткен әдет-ғұрыптарды көптеп келтіруге болады.

 

       

 

 

                                                            Қорытынды

Тарих – ол халықтың жады, ол біздің рухымызды көтеріп, болашаққа жол сілтейді. Отанымыздың тарихын оқу, зерттеу, бізге қай жерде туғанымызды, туған еліміздің қандай екенін, біздің туған жерге деген қатынасымызды, отанымыздың кешегісі мен бүгінгісіне көз жіберуімізге мүмкіндік туғызады.Қателіктер жібермеу үшін өз еліңнің тарихын білу керек. Тарихи оқиғалар тізбесін ғана емес, әкелер жерінің тарихының негізін, негізгі мағынасын білу керек.

Қазақстан тарихы- бүкіл әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылады. Оның еуроазия мәдениеті мен тарихына жататындығына көңіл аударуымыз маңызды. Еуропа мен Азияның тоғысуында жатқан Қазақстан аймағы әрқилы халықтар, өркениеттер, мәдениеттерді байланыстыратын “көпір” болды. Тағы да айтатын жайтты ескерсек, Қазақстан тарихы дуние тарихтың бір бөлігі. Міне, сондықтан ежелгі дуние тарих пен қазақстан тарихы бір бірімен айырмашылыңғы жоқ деугеде болады.Яғни дуние тарихын қалай топтастырсақ, қазақстан тарихында солай кезеңдерге бөлеміз.Алайда Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу әлі де тиянақты және дәлелді түрде іске асқан жоқ. Ол мәселе болашақта тарихтың сүбелі кезеңдері монографиялық тұрғыдан зерттеліп, жеке құбылыстарға ғылыми баға берілгенде шешілмек.  
Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы 3 кезеңге бөліп қарастырылады:  

 
I кезең- көне дәуір. Оның шекарасы 2,5 млн жылдан бастап  б.з V ғасырға дейін, яғни адамзат  жаратылысынан бастап Рим империясының  құлауы, ғұндар бастаған ұлы қоныс  аударумен қатар сәйкесті; 

 
II кезең - орта ғасырлар. Оның шекарасы ұлы қоныс аударудан  бастап Еуропада капитализмнің  дамуы,қазақ жерінде Қазақ хандығының  пайда болуымен аяқталады; 

 
III кезең -қазақ мемлекетінің  құрылуынан қазіргі күндерге  дейінгі уақытты қамтиды. 

 
Сонымен тәуелсіз Қазақстан тарихы осындай 3 ірі кезеңдерден тұрады. 

Қорыта айтқанда, Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор. Қазақстан тарихы пән ретінде студенттердін дүниетанымдарын, азаматтық позицияларының қалыптасуына зор ықпал етеді, яғни өз елінің, өз халқының тарихын білу патриоттық сезімдерді туғызады. 
                            Пайдаланған әдебиеттер

 

  • Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы,2014ж. 7-12бет.

Информация о работе Алғашқы адамның қалай пайда болғаны туралы