Арал проблемасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 20:04, реферат

Краткое описание

Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті.

Содержание

1.Кіріспе. Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны.
2.Негізгі бөлім. Аралдың экологиялық проблемасы.
3.Қорытынды. Арал теңізін құтқару мәселелері.

Вложенные файлы: 1 файл

реферат арал.docx

— 81.47 Кб (Скачать файл)

                                      Жоспар:

 

1.Кіріспе. Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны.

2.Негізгі бөлім. Аралдың экологиялық проблемасы.

3.Қорытынды. Арал теңізін құтқару мәселелері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей  қасіреттері еске түседі. 
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.  
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның  негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара). 
Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: 
-    жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; 
-    ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; 
-    суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп жіберу; 
-    жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалнбау; 
-    табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. 
Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды. 
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. 
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. 
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. 
Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның  біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалар, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.  
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 
1.   Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 
2.    Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 
3.    Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 
4.    Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 
5.    Жер асты суларын пайдалану. 
6.    Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. 
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.  
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры  - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

Аралдың экологиялық проблемасы


Арал теңізі деңгейінің төмендеуі(1960-2010 жж.)

Бұл проблеманың тууына себепші  болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдін табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландиямұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км² (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км² болған. Алабындағы шаруашылык мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А. Стрельбицкий анықтады. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі теренд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауданы шамамен 2235 км² (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлықка қосылған. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғак, ауаның орташа темпрасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жь\ылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су тендестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап келге құятын өзен ағыңдысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теніз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбьшмалылық болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%о-ге дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі терендікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балыктан арал шоқы-ры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы А. т. Аталып, кейін теңіз түгелімен Арал аталған. Арал теңізінің экологиясы.

 
Арал теңізінің  алабы өзендері сирек, шөлді аймақта  орналасқан. Теңізге Қазақстан аумағы арқылы ағып өтетін Сырдария өзені құяды. Сырдария өзені деп орталық Тян – Шянь тауларынан Нарын мен Қарадария өзендері қосылған жерінің бастауы аталады. Оның жоғарғы ағысына бірнеше сала қосылса, ал республика жерінде Арыс және Келес өзендері құяды. өзеннің жалпы ұзындығы 2212 км, оның 1400 км құмды аңғармен ағып өтеді. Арналары иір – иір, жарқабақты келеді, лессты - саздақты жыныстарды шайып әкетеді. Ағын судың тау жыныстарын шайып, ағызып әкету проццесін өзен эрозиясы деп атайды. Тау өзендерінің ағысы қатты, арнасы терең болады, оның орта және төменгі ағыстарының арнасының табанына су ағызып әкелген малта тастар, құм, тұнба шөге бастайды. Бұл тасқындарды аллювий деп атайды. Уақыт ұза келе өзен арнасы тереңдей түсетіндіктен, өзен суы тасыған кезде өзінің бұрынғы арнасына көтеріле алмай қалады. Өзеннің су көтерілмеген ескі арнасын терраса деп атайды. Өзенмен ағып келетін қатты заттың бәрі қатты ағын деп атайды. Сырдария өзенінің қатты ағыны жылына 100 млн тонна шамасында шөгіндіні ағызып алып келеді. Республикадағы суы ең лайлы өзен.  
Өзендердің қатты ағынын зерттеудің практикалық маңызы бар. Өзен тасқындары суару каналдарын бітеп, су турбиналарының жұмысын қиындатады. Соңғы жылдары Сырдария суын толық дерлік шаруашылық пен егістіктің әртүрлі салаларына пайдалануға байланысты суы Арал теңізіне жетпей тартылып қалады. Қазақстан жеріндегі Сырдария өзені бойында Шардара су қоймасы, Қызылорда бөгеті, Қызылқұм, Қазалы суару жүйелері салынған. 
Шу, Сарысу, Торғай және Ырғыз өзендері кішігірім көлдерге құяды, кейбір қуаңшылық жылдары да оолардың арналары кеуіп қалады.  
 
Арал теңізі 
 
Қазақстанның оңтүстік аймағындағы Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазаншұңқырында жатыр. Ол дүние жүзілік мұхит деңгейінен 53 метр биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 64,5 мың шаршы шақырым, ұзындығы 428 км, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді. Арал теңізінің түбі тегіс, тұнба шөгінділі.  
Арал теңізі көне заманнан бері әлемнің көптеген саяхатшылары мен ғалымдарының назарын өзіне аударды, Арал туралы алғашқы деректер Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде ұшырасады. Грек ғалымы Птоломей теңіздің географиялық орнын дұрыс анықтап жазған. Арал теңізінің суын, табығатын жан – жақты зерттеуге орыс ғалымдарының сіңірген еңбегі зор. Академик Л.С. Бергтің 1908 жылы «Арал теңізі» деген үлкен еңбегі жарық көрді.  
Арал теңізі аймағының қатаң контенетті, құрғақ. Жылдық жауын – шашының орташа мөлшері 100 мм. Жылдық булану мөлшері түскен жауын – шашыннан бірнеше есе көп. 
Теңіз бетіндегі ауаның жаз айындағы орташа температурасы + 24 С, + 26 С, қыста – 7 С, - 13 С-ге дейін төмендейді. Қыста теңіз бетіне мұз қатады. Суының тұздылығы 14 %- промиль, соңғы жылдары теңіз суының қатты тартылып, таяздануына байланысты тұздылығы қалыпты мөлшерден артқан. 
Арал теңізінің табиғи байлықтары. Теңізде балықтың 30 - дан аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа сияқты балықтар ауланады. Соңғы уақытқа дейін Аралдан балықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап келді. Аралға құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету салдарынан теңіз суы тартылып, айдыны тарылып барады.  
Теңіздің солтүстігіндегі Барсакелмес аралында Барсакелмес қорығы құрылып, бөкен, құлан, жайран, қырғауыл т.б. аң құс түрлері қорғауға алынған. 
Қазір теңіз деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты олар басқа жаққа көшірілді.  
Аралдың экологиясы. Арал теңізінің тартылып, теңіз маңайындағы аудандардың экологиялық жағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең басты себеп Аралға құятын Сырдария мен Амудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режимін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортандануына алып келеді. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14, 7 м-ге дейін төмендеді. Көлдің 26 мың шаршы шақырым су табаны құрғап, орнына 2 мың гектардай жерде тұзды сортаң шөл пайда болды. Аралдың табанынан жел көтерген тұзды шаң жүздеген мың шаршы шақырым аумаққа таралуда. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда тартылған теңіз табанының 1 шаршы шақырым жерінен 8 мың тоннаға жуық тұзды шаң көтеріліп, қоршаған ортаға таралады екен. Шаңмен көтеріліп шөккен тұз топырақтың құнарын азайтып, егіс өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиян тигізіп отыр. 
Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында атмосфераға ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Теңіз маңында жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттану басым. Әсіресе, тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан т.б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар, ішек аурулары, сары ауру қатерлі ісік, кемсі болып туылу соңғы кезде көбейіп кеткен. Байырғы тұрғындар ата – баба жерінен амалсыз қоныс аударды. Қазір Арал теңізінің эклогиялық жағдай шетел ғалымдарын да алаңдатып отыр. Арал проблемасына арналаған бірнеше халықаралық конференциялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде. 1988 жылы «ХХ ғ: бейбітшілік және экология» атты ақындардың халықаралық қозғалысы өткізілді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдарын қарастыруда. Бұл шараларға шет мемлекеттер де ат салысуда. Өйткені бұл ғаламдық проблема.

Арал тенізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір  көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км², тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы  кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол  кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-эконо-микалық  тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген  тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық  өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты  тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан  бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер  көлемі бұрынгыдан Өзбекстан мен  Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық  санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік  факторлар еді. Екі өзен бойындағы  суды мол қажет ететін күріш пен  мақта өсіру ісі қаркындап  дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: - жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялык апаттар нышаны жыл өтксн сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы түрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінсн көтерілгсн улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтар бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жүмыссыз қалған балықшылар әлеуметгік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бүл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, буйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүнис жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген ШЫРЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шелге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Арал теңізін құтқару  жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар  мен жобалар бар. Олар: Сібір өзендерін  Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен  Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер  асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің  өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар  болашақтың ісі болғанымен, уақыт  талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа  тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат  кауымының білімі мен біліктілігіне  байланысты екені анық. Қазіргі кезде  Аралды құтқару бағытында батыл  да жоспарлы түрде ғылыми негізде  жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу. 

Арал теңiзi үшiн де, төменгi жағының табиғи кешенi де өзеннiң дельтасы реттейтiн мәнін  жоғалтты. Шөлдену процессі 2 миллион  гектар аумақты қамтыды. Коллекторлы - дренажды және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын Сырдарияға тастау оның химиялық және бактериялық ластануына және тұрғындардың денсаулығына үлкен әсер етті. Өлкедегi су мәселесi шешiмiнiң күрделiлiгi сол, жалпы бассейін бойынша жер беті су қорының толық игерілгендігінде. 
Бұл дефицитті жоюдың бірден-бір жолы, қазiргi деңгейде шаруашылық құрылымдарда су сақтайтын және үнемдейтін шараларды енгізу, суды көп шығындататын және пайдалануы мүмкiн шараларды қысқарту. Ол үшiн негiзiнен.экономика, бастысы егiн шаруашылығында принципті өзгеріс енгізу және мемлекетаралық кооперацияны күшейту керек болады. 

Атмосфераға зиянды заттардың  шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында  атмосфера ғана емес, су мен топырақ  та ластанған. Теңіз шыңындағы ауылдарда  жас балалар өлімі көп, ересектер  арасында сырқаттану басым. Әсіресе  тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан т. б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы  аурулар (ішек және сары ауру), қатерлі  ісік, кеміс боп туушылық соңғы  кезде көптеп кездесуде. Арал маңының  экологиялық жағдайының бұзылуы  жергілікті халықтың әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайына да қатты әсер етіп отыр. Байырғы тұрғындар ата-баба жерінен  амалсыз қоныс аударуда Арал проблемасына арналған бірнеше халықаралық конференциялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде 1988 жылы ХХ ғасыр «Бейбітшілік және экология» атты ақындардың халықаралық  Арал қозғалысы өткізілді. Соңғы  жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдарын қарастыруда. Бұл  шаралардан шет мемлекеттер де сырт қалуда. Өйткені бұл ғаламдық проблема. 
Ғалымдардың есептеуінше Арал теңізінің экологиялық дағдарысы бұрынғы Кеңестер Одағындағы «Чернобыль» апатынан кейінгі екінші орында. Қазіргі Арал теңізінің экологиялық жағдайы шет ғалымдарын да алаңдатып отыр. Қазіргі заман экологиялық тауқыметтерді адам қолымен жасап, бүкіл тіршілікке қауіп төндіріп келеді. Еліміздің Арал теңізі мен семей полигонының қасіретін айта-айта шаршадық. Арал маңындағы экологиялық апат аймағында, әсіресе әйелдермен балалардың арасында асқазан-ішек ауралары мен қаны аздық, сәби өлімімен туа біткен ауытқулар жиі кездесуде. Мұнымен қатар Арал теңізінің Возрождение аралындағы бұрынғы биологиялық полигонның қызметінен бактериологиялық жұқпалы аурулар тарау қауіпі де бар. Өйткені онда әі де болса оба, күйдіргі секілді аса қауіпті жұқпалы аурулардың табиғи ошақтары сақталуы мүмкін. Ойландыратын тағы бір жайт жылына 200 млн.тонна пайдаланылған сарқынды су табиғи су көздерін ластайды екен. 
Арал теңізінің мәселесі жөніндегі іс-шаралар 
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия Елбасыларының 1993 жылдың каңтарында Ташкентте қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қ-нда өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференциада жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мөселелерін, экология-лық сауыкхыруды, аймақгың әлеум.-экон. дамуьш қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім деп аталды. Келісімге Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғызстан Президенті А. Ақаев, Тәжікстан Жоғ. Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президеиті С.А. Ниязов қол қойды. 
Келісімнің арнайы баптарында Арал т. бассейніндегі экол. дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағынын, әлеум.-экон. дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі метекетаралық Кеңес құрылды, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас Хатшысына Орталық Азия Елбасыларының атынан үндеу-хат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүн. жүз. қауымдастықтың назары аударылды. 
Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары Кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қ-нда құрылған (қ. Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім). Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 кісі және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемл-аралық Кеңесті әр жылда Орталық Азия елдері кезекпен баскаратын болып шешілді. Алғашқы кезек Өзбек Респ-на берілді. Кеңес өзінің атқарушы к-тін, су мәселелері жөніндегі, әлеум.-экон., ғыл.-тех. және экол. даму жөніндегі комиссияларын бекітті. «Сырдария» және «Әмудария» бассейндік су ш. басқармаларын Кеңестің су мәселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын Халықаралық Арап қорымен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді. 
Арал anaтынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықар. келісім. 1990 жылдың 24 — 26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды. Бұл халықар. құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындықка қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11 — 12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғыл.-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. «Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қ-нда бекітілді, оған ҚР атынан Ү. Қараманов, К. Салықов, Н. Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және Халықаралық Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек Бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.

Информация о работе Арал проблемасы