Арал теңізінің зерттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 16:05, курсовая работа

Краткое описание

АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 - 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд.

Содержание

І Тарау
1. Арал теңізінің зерттелуі
1.1 Арал теңізінің зерттелу тарихы
1.2 Арал маңы табиғи ресурстарын және оны тиімді пайдалану жолдары

ІІ Тарау
2. Арал теңізінің экологиялық мәселелері
2.1 Арал теңізінің экологиялық мәселесі
2.2 Арал теңіз мәселесі жөніндегі іс-шаралар
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Арал теңізінің зерттелуі.doc

— 116.00 Кб (Скачать файл)

Арал аймағының экологиялық  жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына   әкеліп,   бірқатар   әлеуметтік    және    саяси мәселелерді  туғызады.

Қоршаған   ортаны   бұза   отырып,   кез   келген   қазіргі   заманғы   қоғам   өзінің   болашағын   жояды.   Болашақ  ұрпақтардың   дамуы  үшін   экологиялық   тұрақты   сақтап   қалу   қажет.   Экологиялық   тұрақты болашақты   сақтау    үшін   табиғи   ортаның   жағдайын бақылап,    өнеркәсіптік    қалдықтарды    нормалау  алдын   алу,  қалдықсыз  және  ресурстарды   тиімді  пайдаланатын  технологияларды  жасап,  іске  қосу  керек.

Аралды    сақтап   қалу    мүмкін    бе?    30    жылдың ішінде   Арал   теңізі   640   км3   судан   айрылды,   судың тұздылығы   26-27  г/литрге   (бұрын   11-12)   жетті.   Судың    деңгейі    13    метрге    төмендеп,    су    жағалаудан жүздеген    километрге    шегінді.    Кеуіп    қалған    теңіз түбінен құмды-тұзды  дауылдар  көтерілуде.

Арал   теңізі   Орта   Азияның   шөлді   белдеуінде   oрналасқан.  Көлемі  бойынша   Арал   дүние  жүзінде   ішкі су  қоймаларының  ішінде  төртінші  орында  болған.  Теңіз   Тұран   ойпатында   орналасқан.   Қарақұм   және   Қызылқұм   шөлдері   Аралды   оңтүстік   және   шығыс жағынан   қоршап   жатыр.   Судың   орташа   көлемі   -1 шамамен    1000    км.    Тереңдігі 20-25    м.    ең    үлкен тереңдігі - 67  м.  Жаздағы   орташа   температура   24- 26°С,   қыста – 7-13,5°С.    Жылдың    жауын-шашын мөлшері шамамен   100  мм.

Арал   теңізінің  су  балансы   бұрын  жауын-шашынмен  -  5,9  км,  өзен   ағысымен  - 54,8  км  қамтамасыз    етіліп  отырды.  Орташа    булану    - 60,7    км. Теңіз   деңгейінің   маусымдың   ауытқуы - 25   см,   ал ғасырлың  - 3   м-ден   артпаған.  Дүние  жүзінің   ірі   тау жүйелері   бұл   орасан   үлкен   аумақтық  өзендерінің сұлылығын қамтамасыз   еткен.  Аралдың су  балансын Орта  Азияның  ірі  өзендері  - Амудария  мен Сырдария ұстап  тұрған.

60-жылдардан бастап  суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35,2 км, ал 1980 жылы  - 10   км.   1986   жылы   Амудария   мен Сырдария    өзендері   теңізге    жетпеген.   Барлық   су суармалы  жерлерге  жұмсалды.

Арал   теңізі  табиғи   температура   реттеуші   ретінде ауа   райына   үнемі   әсер   етіп   отырады.   Теңіздің   қолайлы  әсері   300-400   км   ара   қашықтықта   байқалды. Бұл   Хорезм   облысында   мақта   өсірудің   ең   солтүстік белдеуін   жасауға   мүмкіндік   берді.   Қазір   ауа   райының   континенталдылығы    артты.   Ең   салқын   айдың орташа    айлық    температурасы    1,5-2°С-ға    төмендесе, маусымда    2°С-қа    артқан.    Ауа    райынық    қаталдығы Арал  теңізінің  тартылуына  байланысты  одан  да  қаталдана   береді   Аязсыз   кезеңнің   170-180   күнге   қысқаруы мақта   өсіруді   қиындатады   (мақтаның   өсуіне   200-220 күн    оң    температура    қажет).    Бұрын    өзен    суының минералдығы 0,3-0,5  г/л болса, қазір ол  2,5 r/л жеткен. Судың   сапасының  нашарлауы   мен   оның   жетіспеуі   өсімдіктер   жабынына   ерекше   әсер   етті.   Бағалы орман,   қамыс,   өнімді   жайылымдар   мен   шалғындықтар   жойыла   бастады.   Олар   сортаң   жерлерге   айналған.   50   көл   кеуіп   кеткен.   Сырдария   грунт   суларының деңгейі  төмендеп  кеткен.

Арал теңізінің тартылып, теңіздің маңайындағы аудандардың экологиялық жағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең басты себеп Аралға құятын Сырдария мен Әмудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режимін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортаңдануына алып келді. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14,7 метрге дейін төмендеді. Көлдің 26 мың км2 су табаны құрғап, орнына 2 мың гектардай жерде тұзды сортаң шөл пайда болды.

ХХ-ғасырдың 70-жылдарынан бастап, ғарыштан (космостан) түсірген суреттерде Арал маңынан орасан зор шаңды дауылдар тіркеле бастаған. Шаңды дауылдардың ошағы Арал теңізінің солтүстік шығыс және шығыс жағалауындағы суы кепкен аймақта болды. Аралдың табанынан желмен көтерілген тұзды шаң жүздеген мың шаршы километр аумаққа таралуда. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда тартылған теңіз табанының 1 км2 жерінен 8000 тоннаға жуық тұзды шаң көтеріліп, қоршаған ортаға таралады екен. Шаңмен көтеріліп, шөккен тұз топырақтың құнарлылығын азайтып, eгic өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр. Тұзды шанның -шөгуінің зиянды әсері тұрмыста пайданатын ауыз судың сапасын, халықтың денсаулығы нашарлатуда.

Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында атмосфера ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Теңіз шыңындағы ауылдарда жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттану басым. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан т. б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар (ішек және сары ауру), қатерлі ісік, кеміс боп туушылық соңғы кезде көптеп кездесуде. Арал маңының экологиялық жағдайының бұзылуы жергілікті халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да қатты әсер етіп отыр. Байырғы тұрғындар ата-баба жерінен амалсыз қоныс аударуда Арал проблемасына арналған бірнеше халықаралық конференциялар өтіп,  Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде 1988  жылы ХХ ғасыр «Бейбітшілік және экология» атты ақындардың халықаралық Арал қозғалысы өткізілді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдарын қарастыруда. Бұл шаралардан шет мемлекеттер де сырт қалуда. Өйткені бұл ғаламдық проблема.

Ғалымдардың есептеуінше  Арал теңізінің экологиялық дағдарысы  бұрынғы Кеңестер Одағындағы «Чернобыль»  апатынан кейінгі екінші орында. Қазіргі  Арал теңізінің экологиялық жағдайы шет ғалымдарын да алаңдатып отыр. Қазіргі заман экологиялық тауқыметтерді адам қолымен жасап, бүкіл тіршілікке қауіп төндіріп келеді. Еліміздің Арал теңізі мен семей полигонының қасіретін айта-айта шаршадық. Арал маңындағы экологиялық апат аймағында, әсіресе әйелдермен балалардың арасында асқазан-ішек ауралары мен қаны аздық, сәби өлімімен туа біткен ауытқулар жиі кездесуде. Мұнымен қатар Арал теңізінің Возрождение аралындағы бұрынғы биологиялық полигонның қызметінен бактериологиялық жұқпалы аурулар тарау қауіпі де бар. Өйткені онда әі де болса оба, күйдіргі секілді аса қауіпті жұқпалы аурулардың табиғи ошақтары сақталуы мүмкін. Ойландыратын тағы бір жайт жылына 200 млн.тонна пайдаланылған сарқынды су табиғи су көздерін ластайды екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Арал теңізінің  мәселесі жөніндегі іс-шаралар

Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия Елбасыларының 1993 жылдың каңтарында Ташкентте қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференциада жасалған келісім. Ол "Арал теңізі және Арал аймағы мөселелерін, экология-лық сауыкхыруды, аймақгың әлеум.-экон. дамуьш қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім деп аталды. Келісімге Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғызстан Президенті А. Ақаев, Тәжікстан Жоғ. Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президеиті С.А. Ниязов қол қойды.

Келісімнің арнайы баптарында Арал т. бассейніндегі экол. дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағынын, әлеум.-экон. дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі метекетаралық Кеңес құрылды, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас Хатшысына Орталық Азия Елбасыларының атынан үндеу-хат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүн. жүз. қауымдастықтың назары аударылды.      

Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары Кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қ-нда құрылған (қ. Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім). Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 кісі және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемл-аралық Кеңесті әр жылда Орталық Азия елдері кезекпен баскаратын болып шешілді. Алғашқы кезек Өзбек Респ-на берілді. Кеңес өзінің атқарушы к-тін, су мәселелері жөніндегі, әлеум.-экон., ғыл.-тех. және экол. даму жөніндегі комиссияларын бекітті. "Сырдария" және "Әмудария" бассейндік су ш. басқармаларын Кеңестің су мәселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын Халықаралық Арап қорымен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.

Арал anaтынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықар. келісім. 1990 жылдың 24 — 26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды. Бұл халықар. құжат "Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындықка қатысу" деп аталды. 1990 жылғы 11 — 12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен "Диагностикалық құжат" жасалды. Бұл үлкен ғыл.-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. "Диагностикалық құжат" 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қ-нда бекітілді, оған ҚР атынан Ү. Қараманов, К. Салықов, Н. Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және Халықаралық Арал қорының басшылығымен "Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек Бағдарламасын" іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

    1. Қазақстан ұлттық жэнциклопедиясы. Алматы 1998 ж.
    2. Г.С. Оспанова., Г.Т. Бозшатаева «Экология» Алматы 2002.
    3. Есназарова Ұ.А. Темірбеков А.Т. «Түркі тілдес елдер географиясы» Анкара -1999 ж.
    4. Қ.Н. Жалмишова «Экологиялық білім және тәрбие» Шымкент 2006.
    5. Сағымбаев Ғ. «Экология негіздері», Алматылық баспа кабинеті 1995 ж.
    6. Орынбаева Ғ «Оқушыларға экологиялық тәрбие беру» Алматы Рауан, 1998 ж.
    7. Ю.П.  Одум «экология» Мәскеу 1986 ж.
    8. П. Аресс «Экология кілттері» санкт-петербург 1982 ж.
    9. А.Ш. Алматьев «табиғи ортаның дамуы, өзгеруін және қорғалуы». Санкт-Петербург. 1983 ж.
    10. И.Д. Лаптев «Экологиялық проблемалар» Мәскеу 1982 ж.
    11. П. Бердокс, Д. Родд «Қоршаған ортаны ластанудан қорғау стратегиясы. Мәскеу 1979 ж.
    12. «Егемен Қзақастан», 2005 жыл 30 қараша
    13. «Отырар алқабы», 2002 жыл 15 наурыз.
    14. Фейзуллах Будан, «Қазақстан: өткені, бүгіні мен ертеңі». Анкара 2000 жыл.
    15. Қазақстан Республикасы: Энциклопедиялық анықтамалық «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы 2001 ж.

 

АРАЛ ТЕҢІЗІ —Қаз. ССР-інің оңт.-батысындағы ағынсыз тұзды көл. Үлкендігі жағынан дүние жүзінде 4-орын алады. Солт.-шығыс жартысы Қаз. ССР-нде, оңт.-батыс болігі Қарақалпақ АССР-нде. Әбул-Ғазының жазбасында (1630) А. т. аталуы Амударияның құйылысын мекендеген арал еліне байланысты делінеді; араб зерттеушілерінің «Үлкен сызба кітабында» (1600) Ховарезм (Хиуа) немесе Сырдарияның құйылысындағы Жанкент (Женді) қ-сының атауымен Женді аталған. Ер.- те замандағы географтар мен қытайлардың А. т. жайындағы білігі бұлдыр, тұспал болған. «А.. т.» деп алғаш рет араб жазушысы ибн-Русте (910) атайды, ал араб географтары әл-Истахри (920), Идриси (1154), Әбу-л-Фида (14 ғ.) нақтылы мәліметтер береді. Кене заманда Каспий мен Аралдың қосылып жатқаны, бір кезде Амударияның Каспинге құйылраны жайында бір түйінге келмеген шашыранды пікірлер де бар. 1417 ж. Хафизи Абру Хорезм (Арал) көлі құрыды, Жайхунның арнасы ауып, Хозарға (Каспий) құйды десе, 1570 ж. Әб;у-л-Ғазы  Аму қайтадан Аралға құйылды дейді. Орыс географтарынан А. т-н алғані рет зерттегендер Муравьев пен Бутаков (18-19 ғ.). 1848—49 ж. А. И. Бутаков А. т-н тұңғыш рет картаға түсірді. Аралдың теңіз деңгейінен биікт. 53 м. Ауд. 64,5 мың км2, (оның 2,3 мың км2 аралдар). Теңізддң ең ұзын жері 428 км, ені 235 км, алабы 690 мың км2, суының орташа көл. 1000 кле3, шамасында. А. т-нің ойысы жер қабығының плиоценде майысуынан пайда болып, суға толған. Теңіз түбінің бедері тегіс. Орташа тереңд. 20-25 м, ең терең жері 67 м. Теңіздің оңт.-батыс жағалауын жүздеген   ұсақ   аралдардан   тұратын.

Ақпекті архипелагы алып жатыр. Жалпы А. т-зде 300-ден астам арал бар, ол теңіз аумағының 3,5%-і. Ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение. Солт. жағасы биік жар. Аласа жері қүрлыққа сұғына кіріп жатқан шығанақтармен (Құмсуат, Тұщыбас, Шевченко, Бутаков, Сарышығанақ, Ақкөл, Бозкөл, Қашқансу, Қаратума, Жалтырбас, Мойнақ т. б.) тілімделіп, бірнеше түбек (Қуланды, Қаратүп, Көктырнақ, Мойнақ) пайда болған. ІІІығ. жағасы ойпат, құмды және көптеген саяз шығанақтармен ұсақ аралдардан тұрады. Батиақты, ойпат болып келген оңт. жағасы Амударияның атырауымен тілімделген. Бат. жағасы аз тілімделген, бпікт. 190 м-гe жететін үстірттің жарлауыттары қоршап тұрады. А. т-не Орта Азияның үлкен 2 өзені Амудария мен Сырдария құяды. Ауаның жазғы орта темп-расы 24, 26° С, қыста — 7°-тан — 13,5° С-қа дейін жетеді. Жылдың 120—170 күні ашық, 70—90 күні бұлыңғыр. Қар солтүстігінде 3 айдан, оңтүстігіиде 1,5 айдан артық жатады. Жылдық жауын-шашып мөлшері 100 мм. А. т-ндегі су балансы: жауын 5,9 км3, құрлықтық ағыс 54,8 км3, булану 60,7 км3.,' Маусымдық су деңгейінің орта ауытқуы 25 см, көп жылдығы (ғасырлық) 3 м-дей. 1960 жылға дейін А. т-нің абс. биікт. 53,4 л-ден 1967 ж. 51,66 м дейін төмендеді. Өзен суының 90%-1н суландыруға пайдаламғанда, теңіз деңгейі 12 м-гe төмендейді.

Қыста теңіз бетінің темп-расы 0° С-тан төмен, жазда 26, 30° С. Қыста теңіз түгелдей қатады, оңтүстігінің мұзы жұқа болғандықтан, бұзылып тұрады. Тұздылығы өзендердің құяр жерінде 10-11 %о, оңт.-шығ. жағасында 14 %о. Теңіз суының азаюына байланысты тұздылық артып келеді (хлорлы 59,1%, күкірт қышқылы 40,9%). Судың түсі қара көк, мөлдірлігі 15- 25 м. А. т-не құятын Сырдария және Амудария өзендері теңізде сағат тілінің айналу бағытына сәйнес ағын туғызады. Теңіз көбінесе тынық. Толқын  күші көбіне  2 балдан аспайды.

Оқта-текте болатын теңіз дауылының толқын күші 6 балға, ұз. 120 м-те жетеді. Балықтардан бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады. Бейімделген балықтан шоқыр, салақа т. б. бар. Теңізде жылына 7 ай кеме жүзеді. Басты лорттары - Арал және Мойнақ. А. т. т-жағалауында халық аз қоныстанған. Жергілікті тұрғындарының айналысатын кәсібі - балық аулау, мал шаруашылығы, ондатра есіру және овощ-бақша шаруашылығы. Арал балық аулау ауданынық құрамында А. т-нің алабы мен оған құятын өзендердің сағасы кіреді. Теңіздің солтүстігінен РСФСР мен Орта Азия және Қазақстанды жалғастыратын темір жол өтеді. Негізгі экономик, орталықтары - көптеген балық колхоздары мен балық кәсіпшіліктері қарайтын солтүстігіндегі Арал және оңтүстігіндегі Мойнақ қалалары. бұлардың арасында майдан ноябрьге дейін жүк және жолаушы таситын кемелер қатынайды. Солтүстіктен өнеркәсіп товарлары, оңтүстіктен а. ш. товарлары тасылады. Балық тұздау з-дтары Амудария өзенінің атырауында, Көкаралдағы Аван пос-сінде, Бөгенде (шығ. жагасы), Ұялы, Ұзыиқайыр аралдарында. Теңіздің солтүстігінен жылына орта есеппен 114000 ц балық ауланады. Сібір өзендерінің суын А. т-не бұру жобаланады.

Информация о работе Арал теңізінің зерттелуі